Қазақ тілінің

ұлттық корпусы

«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры»

Жаңалықтар

29.05.2023 - 

Мәдени-семантикалық белгіленімдер Лингвомәдени корпус мәтіндеріне енгізілді, бейнежазбалар енгізу қызметі іске қосылды.

28.05.2023 - 

Лингвомәдени ішкорпус жасалып, онлайн қызметі іске асырылды.

20.05.2023 - 

Мақал-мәтелдер ішкорпусы жасалып, іске қосылды.

18.05.2023 - 

Ономастикалық корпус сайты жасалып, Ұлттық корпус базасына қосылды.

02.05.2023 - 

Ауызша корпус сайты жасалып, Қазақ тілінің ұлттық корпус құрамына енгізілді. Ауызша сөз мәтіндеріне просодикалық белгіленімдер жасалды.

10.10.2022 - 

Тарихи ішкорпус мәтіндері корпус базасына енгізілді.

05.05.2022 - 

Параллель ішкорпус жасалып, көркем әдебиет стилі бойынша корпус базасына енгізілді.

01.02.2022 - 

Диалектологиялық ішкорпус жасалды.

15.11.2021 - 

Қазақ тілінің ұлттық корпусы сайтының дизайны қолданушыларға тиімді интерфейске ауыстырылып, жаңартылды.

05.10.2021 - 

Корпус мәтіндерінің сөзформаларының реестр тізімі және реестр сөздер бойынша іздеу(поиск) жасалды.

28.09.2021 - 

Қазақ тілінің түрленім формалары бойынша іздеу(поиск) жасалды.

26.11.2020 - 

Корпусты жетілдіру мақсатында жасалып жатқан ағымдағы жұмыстар жаңалықтар ұяшығына жаңа бет болып енгізілді.

26.11.2020 - 

Пайдаланушыға қажетті сөзді іздеу бойынша мәтінді көшірудің программалық жолдары туралы нұсқаулыққа қосымша ақпарат енгізілді.

25.08.2020 - 

Корпустық лингвистика ұғымдарын сипаттайтын Глоссарий беті енгізілді.

25.08.2020 - 

Ізделген сөз бойынша табылған деректер статистикасын шығару мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

19.08.2020 - 

Компьютерлік бағдарламаның түбір сөздерді ғана емес, олардың түрленген формалары бойынша да мысал табу мүмкіндігі қарастырылып, сөзформадан іздеу ұяшығы қосылды.

16.08.2020 - 

Әрбір субкорпустан метабелгіленімдер бойынша іздеу жүйесі жетілдірілді.

15.08.2020 - 

Корпус базасына жинақталған қазақ тілінің бес стилі мәтіндері жеке дара субкорпустарға жіктеліп берілді және әрбір субкорпус бойынша іздеу мүмкіндігі жүзеге асырылды.

15.08.2020 - 

Корпустың орысша және ағылшынша интерфейсі іске қосылды.

01.08.2020 - 

Тіл білімі институтының директоры А.М.Фазылжанованың басшылығымен корпус сайтының дизайны мен интерфейсі жаңартылып, www.qazcorpus.kz домен атауымен қалың көпшілік пайдалануына ұсынылды.