Қазақ тілінің Негізгі корпусы сайтына қош келдіңіз! Негізгі корпус – ғылыми зерттеу және оқыту IT-ресурсы ретіндегі қазақ тілінің 5 стилінен (көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ісқағаз стилі, сөйлеу стилі) алынған мәтіндердің электронды жиынтығы.Негізгі корпустың мақсаты – бір тілдің біртұтас бейнесін танытатын қазақ тіліндегі барлық стильдік қабаттарды қамтитын мәтіндер дереккөзі болу. Жалпы көлемі – 31 105 900 сөзқолданыс. Негізгі корпус сөз, сөзформа (сөз түрленімі) бойынша іздеу жүйесінен тұрады. Негізгі корпуста морфологиялық, семантикалық, лексикалық, фонетика-фонологиялық белгіленім түрлері жұмыс істейді. Бұл белгіленімдер іздеу жасалған сөз туралы тілдің барлық деңгейі бойынша ақпарат береді: Морфологиялық белгіленімде анализатор сөзді/сөзформаны автоматты түрде түбір мен қосымшаға бөліп (лемматизация), түбірге (леммаға) сөз табын қояды. Қосымшалардың грамматикалық сипаттамасын береді. Лексикалық белгіленім сөздердің түсіндірме сөздіктегі барлық мағынасын көрсетеді. Фонетикалық белгіленімде сөз орфоэпиясы беріліп, автоматты түрде буынға бөлінеді, буын түрлері сипатталады. Фонологиялық белгіленімде сөз құрамындағы дыбыстардың фонемалық сипаттамасы беріледі. Негізгі корпусқа енгізілген әрбір мәтіннің дереккөзі (метабелгіленімі) бар. Метабелгіленім терезесі курсорды авторға нұсқаған кезде екінші беттен ашылады. Корпусты пайдаланушы метабелгіленім түрлері (мәтін авторы, мәтін аты, автор жынысы, мәтін стилі, аудиториясы, таралым типі, мерзімі, тақырыбы, толық дереккөзі) бойынша қажетті сөзді іздей алады.


ПАРАЛЛЕЛЬ ІШКОРПУС ӘЗІРЛЕМЕШІЛЕРІ:



Фазылжан Анар Мұратқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, жоба жетекшісі

Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы

Филология ғылымдарының кандидаты, Терминологиялық орталықтың меңгерушісі, Параллель ішкорпусының жетекшісі

Әшімбаева Нағима Мәсімақынқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, Терминологиялық орталықтың жетекші ғылыми қызметкері

Шүленбаев Нұрлан Құнпияұлы

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, Терминологиялық орталықтың аға ғылыми қызметкері

Рсалиева Нұрсәуле Мақсұтқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, Терминологиялық орталықтың жетекші ғылыми қызметкері

Бисенғали Ақмарал Зинол-Ғабиденқызы

Философия ғылымдарының PhD докторы, Терминологиялық орталықтың аға ғылыми қызметкері

Абаева Мадина Қабылқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Психолингвистика бөлімінің меңгерушісі

Омарова Аягүл Даниярқызы

PhD докторант, Терминологиялық орталықтың кіші ғылыми қызметкері

Ескендір Жарас Ертайұлы

PhD докторант, Тіл мәдениеті бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

Бесіров Еркін Бекжанұлы

PhD докторант, Қолданбалы лингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері

Қожахметова Ақтоты Қожахметқызы

PhD докторант, Қолданбалы лингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері

Тлегенова Гүлден Бақытқазықызы

PhD докторант, Қолданбалы лингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері

Нұрлан Меруерт Ерқанатқызы

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қолданбалы лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

Пірманова Күнсұлу

PhD докторант, Қолданбалы лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері