KZ | RU | EN
Қазақ тілінің Фразеологизм ішкорпусы сайтына қош келдіңіз! Фразеологизмдер ішкорпусы – қазақ тіліндегі қорланған фразеологизмдердің Іздеу жүйесіне бағындырылған, мағыналары ашылып, түсіндірмелері (дефиница) берілген электрондық база. Фразеологзмдер ішкорпусын жасаудың мақсаты – қазақ тіліндегі тұрақты тіркестерді цифрлық кеңістікте сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Сондай-ақ кез келген қолданушыға фразеологизмдерді тез әрі оңай тауып беру. Фразеологизмдер ішкорпусына онбестомдық «Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігіндегі» тұрақты тіркестер алынды. Фразеологиялық ішкорпусқа лексикалық мағынасы ашылған 58 070 тіркес енгізілген. Сонымен қатар қазақ дүниетанымында өзіндік мәдени ақпараты бар этнофразеологимдер берілген. Этнофразеологизмдердің мәдени-танымдық ақпараттары қазақ тілінің бестомдық этнографиялық энциклопедиясынан алынды және лингвомәдениеттану, этнолингвистика салаларының белгілі ғалымдары профессор Ж.Манкеева, Қ,Ғабитхан жазды. Сөзқолданыс саны – 667 300.


HTML tutorial  

HTML tutorial  


Loading...




×

Word data will appear here

×

Word data will appear here

×

Word data will appear here