Қазақ тілінің Негізгі корпусы сайтына қош келдіңіз! Негізгі корпус – ғылыми зерттеу және оқыту IT-ресурсы ретіндегі қазақ тілінің 5 стилінен (көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ісқағаз стилі, сөйлеу стилі) алынған мәтіндердің электронды жиынтығы.Негізгі корпустың мақсаты – бір тілдің біртұтас бейнесін танытатын қазақ тіліндегі барлық стильдік қабаттарды қамтитын мәтіндер дереккөзі болу. Жалпы көлемі – 31 105 900 сөзқолданыс. Негізгі корпус сөз, сөзформа (сөз түрленімі) бойынша іздеу жүйесінен тұрады. Негізгі корпуста морфологиялық, семантикалық, лексикалық, фонетика-фонологиялық белгіленім түрлері жұмыс істейді. Бұл белгіленімдер іздеу жасалған сөз туралы тілдің барлық деңгейі бойынша ақпарат береді: Морфологиялық белгіленімде анализатор сөзді/сөзформаны автоматты түрде түбір мен қосымшаға бөліп (лемматизация), түбірге (леммаға) сөз табын қояды. Қосымшалардың грамматикалық сипаттамасын береді. Лексикалық белгіленім сөздердің түсіндірме сөздіктегі барлық мағынасын көрсетеді. Фонетикалық белгіленімде сөз орфоэпиясы беріліп, автоматты түрде буынға бөлінеді, буын түрлері сипатталады. Фонологиялық белгіленімде сөз құрамындағы дыбыстардың фонемалық сипаттамасы беріледі. Негізгі корпусқа енгізілген әрбір мәтіннің дереккөзі (метабелгіленімі) бар. Метабелгіленім терезесі курсорды авторға нұсқаған кезде екінші беттен ашылады. Корпусты пайдаланушы метабелгіленім түрлері (мәтін авторы, мәтін аты, автор жынысы, мәтін стилі, аудиториясы, таралым типі, мерзімі, тақырыбы, толық дереккөзі) бойынша қажетті сөзді іздей алады.


ТАРИХИ ІШКОРПУС ӘЗІРЛЕМЕШІЛЕРІ:



Фазылжан Анар Мұратқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, жоба жетекшісі

Сейітбекова Айнұр Аташбекқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, Тіл тарихы және түркітану бөлімінің меңгерушісі, Тарихи ішкорпустың жетекшісі

Малбақов Мырзаберген Малбақұлы

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Тіл тарихы және түркітану бөлімінің бас ғылыми қызметкері

Жақып Мақсұтхан Аманжанұлы

Тіл тарихы және түркітану бөлімінің ғылыми қызметкері

Төрәлі Қыдыр

Филология ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары (2021-2022 жж.)

Мамырбек Гүлфар Мәжитқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі

Көбденова Гүлжихан Байғазықызы

Филология ғылымдарының кандидаты, Тіл тарихы және түркітану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

Маралбек Ермұхамет Маралбекұлы

Философия ғылымдарының PhD докторы, Ахметтану бөлімінің меңгерушісі

Мурсал Айкерім

PhD докторант, Тіл тарихы және түркітану бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

Сейдамат Әсел Қазбекқызы

PhD докторант, Тіл тарихы және түркітану бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

Қайрат Асау Айниязұлы

PhD докторант, Тіл тарихы және түркітану бөлімінің аға лаборанты

Иманғазина Меруерт Ануарқызы

PhD докторант, Грамматика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

Дүйсен Қуатбек Қонысбайұлы

PhD докторант, Әлеуметтік лингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері

Елесбай Нұржұма

Педагогика ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және текстология бөлімінің ғылыми қызметкері

Оразбек Нұрсұлтан Қасымханұлы

Программист