Қазақ тілінің

ұлттық корпусы

«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры»

"Көркем сөз – жанның сәулесі"
Ғ.Мүсірепов

Жазушылар Ішкорпусынан іздеу

Қажет сөзді ішкорпус базасынан іздеу үшін ұяшықтарды таңдап, сөзді енгізіп, іздеуді басыңыз
Жазушы мәтіні ішкорпусы – проза және драма жанрындағы көркем шығармалардың аннотацияланған электрондық қоры және жазушының көркем тілін танытатын көріктеуіш құралдардың базасы. Жазушы мәтіні ішкорпусы арқылы оқырман қазақтың роман, хикаят, повесть, әңгіме, мысал, новелла, пьеса жанрлық түріндегі көркем туынды жайында толық ақпараттануға және сол шығарманы онлайн оқуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ жазушы туралы толық мәлімет беріледі. Жазушы мәтіні ішкорпусына қазақтың 110 жазушысының көркем шығармалары енгізіліп, 1000 көркем туындыға метабелгіленім қойылды. Жазушы ішкорпусының мәтіндер базасында 10 миллион сөзқолданыс қамтылған. Жазушы мәтіні ішкорпусы қазақтың көркем сөз өнерінің әуесқойларына, қазақтың көркем прозасын оқитын көпшілік қауымға, жазушылар тілін зерттейтін ізденушілерге арналады. Ішкорпусты тұтынушылардың қызығушылығы мен іздеу мүддесін ескере отырып, көріктеуіш құралдар басты бетке орналастырылды. Қазақтың көркем әдебиет стилінде жиі кездесетін теңеу, бейнелі тіркестер мен тұрақты тіркестер, метафоралар мен эпитеттер, жазушының қолданысындағы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер оқырманның іздеуіне оңтайлы болу үшін жеке-жеке көрсетілді. Жазушы мәтіні ішкорпусы үш іздеу жүйесімен (автормен, кілт сөзбен, шығарма атауымен) әзірленді.