Қазақ тілінің Мақал-мәтел ішкорпусы сайтына қош келдіңіз!
Мақал-мәтелдер ішкорпусы – қазақ тіліндегі қордаланған мақал-мәтелдердің Іздеу жүйесіне бағындырылған, лингвомәдени/этнолингвистикалық ақпарат (түсіндірме) беретін электрондық база. Мақал-мәтелдер ішкорпусын жасаудың мақсаты – мақал-мәтелдерді сақтау және жас ұрпаққа, мақал-мәтел іздеуші кез келген қолданушыға түсіндірмесі берілген мақал-мәтелдер легін тез әрі оңай тауып беру. Мақал-мәтелдер ішкорпусына академик Әбдуәли Қайдардың «Халық даналығы» еңбегіндегі және жүзтомдық «Бабалар сөзі» сериясының ішіндегі мақал-мәтелдер алынды.
Қазіргі кезде мақал-мәтелдер корпусында 3000-нан аса мақал-мәтел уәждік түсіндірмесімен енгізілген. Сөзқолданыс саны - 138 647.
ҚТҰК-ның негізін қалаушы — Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов
Қазақ тілінің ұлттық корпусының негізін қалаушы Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов (13 қараша 1937 – 11 маусым 2020) –
филология ғылымдарының докторы, өз өмірін математикалық лингвистикаға арнаған. Әкесі, Құдайберген Жұбанов – қазақ тілінің
ғылыми-теориялық негізін қалаушы, тіл білімінің тұңғыш профессоры.