Тарихи-поэтикалық ішкорпусқа қош келдіңіздер!
Тарихи-поэтикалық ішкорпус – қазақ халқының ертеден келе жатқан VI-XIX ғғ. аралығындағы жазба мұралар мәтіндерін іздеу жүйесі арқылы тауып, қазақ тілінің байырғы графикасынан, жазу ерекшелігінен, авторлардың қолтаңбасынан, лексикасынан, сөз саптауынан, өлең құрылысынан, сөз қолдану шеберлігінен, стилінен, тұрақты сөз орамдарынан тілтанымдық ақпарат беретін электронды база. Тарихи поэтикалық ішкорпусты жасаудың мақсаты – қазақ халқының ертеден келе жатқан әдеби, мәдени мұраларын сақтау және келешек ұрпаққа тарихи поэтикалық жазба мұралар мәтіндерін оңай тауып алуына мүмкіндік жасау, тарихи поэтикалық шығармалардың өлең құрылысының ерекшелігін салыстыруға, зерттеуге жағдай жасау. Қазіргі таңда тарихи-поэтикалық ішкорпус әзірлеудің алғашқы кезеңінде ішкорпус базасына XV-XIX ғғ. ескі қазақ поэтикалық мәтіндері, соның ішінде ауыз әдебиеті поэтикалық үлгілері (хикаялық дастандар, діни дастандар, батырлық жырлар, ғашықтық жырлар, қаһармандық дастандар, айтыстар, нақыл-өсиет өлеңдер т.б.) енді. Олардың басым көпшілігі араб графикасында хатқа түсіп, еліміздегі сирек қолжазбалар қорында сақталған. Қазір тарихи ішкорпус базасына 60-қа жуық ауыз әдебиеті поэтикалық үлгілері қолжазбаларының түпнұсқасы мен транслитерацияланған нұсқасы еніп, метабелгіленімі жасалып, поэтикалық белгіленім ерекшелігі көрсетілді. Болашақта ішкорпус базасы әрі қарай кеңейе түседі.