Қазақ тілінің ұлттық корпусы сайтының дизайны қолданушыларға тиімді интерфейске ауыстырылып, жаңартылды.
Корпус мәтіндерінің сөзформаларының реестр тізімі және реестр сөздер бойынша іздеу(поиск) жасалды.
Қазақ тілінің түрленім формалары бойынша іздеу(поиск) жасалды.
Корпусты жетілдіру мақсатында жасалып жатқан ағымдағы жұмыстар жаңалықтар ұяшығына жаңа бет болып енгізілді.
Пайдаланушыға қажетті сөзді іздеу бойынша мәтінді көшірудің программалық жолдары туралы нұсқаулыққа қосымша ақпарат енгізілді.
Корпустық лингвистика ұғымдарын сипаттайтын Глоссарий беті енгізілді.
Ізделген сөз бойынша табылған деректер статистикасын шығару мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
Компьютерлік бағдарламаның түбір сөздерді ғана емес, олардың түрленген формалары бойынша да мысал табу мүмкіндігі қарастырылып, сөзформадан іздеу ұяшығы қосылды.
Әрбір субкорпустан метабелгіленімдер бойынша іздеу жүйесі жетілдірілді.
Корпус базасына жинақталған қазақ тілінің бес стилі мәтіндері жеке дара субкорпустарға жіктеліп берілді және әрбір субкорпус бойынша іздеу мүмкіндігі жүзеге асырылды.
Корпустың орысша және ағылшынша интерфейсі іске қосылды.
Тіл білімі институтының директоры А.М.Фазылжанованың басшылығымен корпус сайтының дизайны мен интерфейсі жаңартылып, www.qazcorpus.kz домен атауымен қалың көпшілік пайдалануына ұсынылды.