Қазақ тілінің Диалектілік ішкорпусы сайтына қош келдіңіз!
Диалектілік ішкорпус – қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктері бар ауызша және жазбаша мәтіндердің Іздеу жүйесі арқылы жұмыс істейтін электронды жиынтығы. Диалектологиялық ішкорпус жасаудың мақсаты – зерттеу және оқытудың It-ресурсы ретінде қазақ тіліндегі жергілікті сөйлеу тілінің мәтіндік базасын жасау. Жалпы лингвистикада диалектологиялық корпустар өңірлерден таспаға жазылып алынған ауызша тіл мәтіндерін жинақтау негізінде жасалған. Қазақ тілінде Диалектологиялық ішкорпус әзірлемесінің 1-кезеңінде 2005 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі» ( Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев) материалдары негізге алынды.