KZ | RU | EN
Қазақ тілінің ұлттық корпусы сайтына қош келдіңіз! Корпус сайтында қазақ тілінің электронды мәтіндік қоры жинақталған. Корпустағы мәтін көлемі – 40 миллион. Мәтіндер қазақ тілінің 5 стиль түрінен (көркем стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ісқағаз стилі, сөйлеу стилі) жинақталған. Корпустан сөз, сөзформа (сөз түрленімі) бойынша іздеу жүргізіп, іздеген сөзіңіз қолданылған сөйлемдердің тізімін және олардың дереккөзін көре аласыз. Табылған сөз/сөзформа немесе мысалдардағы кез келген сөз туралы тілдің барлық деңгейіне қатысты ақпарат беріледі. Корпусты қазақ тілінде сөйлеушілер мен қазақ тілін үйренушілер қолдана алады.


ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ



Ахмет Байтұрсынұлы ішкорпусы – Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-көпшілік, ағартушылық шығармашылығының туындыларын ғылымның әртүрлі саласы аспектісінен зерттеуде, қазақ әдеби тілінің тарихын, сөз тарихын, сөздік қордың толығу жолдарын, функционалды стильдердің саралануы мен жетілу жолдарын, алаш мұрасын зерделеуде деректер базасы ретінде қолдануға мүмкіндік беретін, ішкі және сыртқы белгіленім қамтылған электронды деректер базасы.