Қазақ тілінің Диалектілік ішкорпусы сайтына қош келдіңіз! Диалектілік ішкорпус – қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктері бар ауызша және жазбаша мәтіндердің Іздеу жүйесі арқылы жұмыс істейтін электронды жиынтығы. Диалектологиялық ішкорпус жасаудың мақсаты – зерттеу және оқытудың It-ресурсы ретінде қазақ тіліндегі жергілікті сөйлеу тілінің мәтіндік базасын жасау. Жалпы лингвистикада диалектологиялық корпустар өңірлерден таспаға жазылып алынған ауызша тіл мәтіндерін жинақтау негізінде жасалған. Қазақ тілінде Диалектологиялық ішкорпус әзірлемесінің 1-кезеңінде 2005 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі» ( Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев) материалдары негізге алынды.
ҚТҰК-ның негізін қалаушы — Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов

Қазақ тілінің ұлттық корпусының негізін қалаушы Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов (13 қараша 1937 – 11 маусым 2020) – филология ғылымдарының докторы, өз өмірін математикалық лингвистикаға арнаған. Әкесі, Құдайберген Жұбанов – қазақ тілінің ғылыми-теориялық негізін қалаушы, тіл білімінің тұңғыш профессоры.

Image 1
Image 2
Image 3
Image 4