Қазақ тілінің Мақал-мәтел ішкорпусы сайтына қош келдіңіз!
Мақал-мәтелдер ішкорпусы – қазақ тіліндегі қордаланған мақал-мәтелдердің Іздеу жүйесіне бағындырылған, лингвомәдени/этнолингвистикалық ақпарат (түсіндірме) беретін электрондық база. Мақал-мәтелдер ішкорпусын жасаудың мақсаты – мақал-мәтелдерді сақтау және жас ұрпаққа, мақал-мәтел іздеуші кез келген қолданушыға түсіндірмесі берілген мақал-мәтелдер легін тез әрі оңай тауып беру. Мақал-мәтелдер ішкорпусына академик Әбдуәли Қайдардың «Халық даналығы» еңбегіндегі және жүзтомдық «Бабалар сөзі» сериясының ішіндегі мақал-мәтелдер алынды.
Қазіргі кезде мақал-мәтелдер корпусында 3000-нан аса мақал-мәтел уәждік түсіндірмесімен енгізілген. Сөзқолданыс саны - 138 647.
МАҚАЛ-МӘТЕЛ ІШКОРПУСЫ ӘЗІРЛЕМЕШІЛЕРІ:
Жаңабекова Айман Әбділдәқызы
Филология ғылымдарының докторы, Қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, Мақал-мәтел ішкорпусының жетекшісі
Кемелхан Ұлбану Ахатқызы
Филология ғылымдар магистрі, Фонетика бөлімінің аға лаборанты
Арайлым Жорабаева
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
Толғанай Демен
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
Жұманқызы Алтын
Гуманитарлық ғылымдар магистрі, Ономастика бөлімінің аға лаборанты