KZ | RU | EN
Қазақ тілінің Ономастикалық ішкорпусы сайтына қош келдіңіз! Ономастикалық ішкорпус – онимдерді жинақтап, жүйелеп, цифрландырып көрсететін құрал. Ішкорпус арқылы жер-су атауларының өзгерісін, мәтіндегі қолданысы мен кездесу жиілігін айқындауға болады. Сондай-ақ, тілдегі жалқы есімдер тіркеліп, олардың қоры қалыптасады. Онда оним түрлері лингвистикалық ақпаратпен қамтамасыз етіледі, ономастикалық мәтіндер жинағы барынша мол қамтылады. Ономастикалық ішкорпустың мақсаты – Қазақстан Республикасының облыстары бойынша топонимдерді, антропонимдерді және басқа да оним түрлерін жинақтау, географиялық, мәдени-семантикалық, сөзжасамдық белгіленіммен қамтамасыз ету және мәтіндер жинау. Қазіргі кезде Қазақ тілінің ұлттық корпусының «Ономастикалық ішкорпусына» 2 мыңға жуық оним түрлері, 12 000 000 сөзқолданыстан тұратын мәтіндер базасы жинақталды.


ОНОМАСТИКАЛЫҚ ІШКОРПУС ӘЗІРЛЕМЕШІЛЕРІ:



Пашан Дана Мұсабекқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, Ономастика бөлімінің меңгерушісі, Ономастикалық ішкорпус жетекшісі

Рысберген Қыздархан Құрмашқызы

Филология ғылымдарының докторы, Ономастика бөлімінің бас ғылыми қызметкері

Бекжан Әбдуәлиұлы

Филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры (2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында ОІ корпусы базасына мәтін жинақтап, онимдердің мәдени-семантикасын ашты)

Сейітова Шынар Ботайқызы

Филология ғылымдарының докторы, Әлихан Бөкейхан атындағы университеттің филология кафедрасының профессоры (2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында ОІ корпусы базасына мәтін жинақтап, онимдердің мәдени-семантикасын ашты)

Нұрдәулетова Бибайша Ілиясқызы

Филология ғылымдарының докторы, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженеринг университетінің профессоры (2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында ОІ корпусы базасына мәтін жинақтап, онимдердің мәдени-семантикасын ашты)

Бияров Бердібек Нұралдаұлы

Филология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушысы (2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында ОІ корпусы базасына мәтін жинақтап, онимдердің мәдени-семантикасын ашты)

Ғабитханұлы Қайрат

Филология ғылымдарының кандидаты, Лексикология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері (2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында ОІ корпусы базасына мәтін жинақтап, онимдердің мәдени-семантикасын ашты)

Садырбаева Зүбайра Боранбекқызы

Ономастика бөлімінің ғылыми қызметкері

Исаева Гүлсінай Сайлауқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, Әлеуметтік лингвистика бөлімінің меңгерушісі (2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында ОІ корпусы базасына мәтін жинақтап, онимдердің мәдени-семантикасын ашты)

Тлегенова Гүлден Бақытқазықызы

PhD докторант, Қолданбалы лингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері

Садық Дидар Айдарұлы

PhD докторант, Ономастика бөлімінің ғылыми қызметкері

Сейтбатқал Әрлен Берікұлы

PhD докторант, Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

Жұманқызы Алтын

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, Ономастика бөлімінің аға лаборанты