KZ | RU | EN
Қазақ тілінің ұлттық корпусы сайтына қош келдіңіз! Корпус сайтында қазақ тілінің электронды мәтіндік қоры жинақталған. Корпустағы мәтін көлемі – 40 миллион. Мәтіндер қазақ тілінің 5 стиль түрінен (көркем стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ісқағаз стилі, сөйлеу стилі) жинақталған. Корпустан сөз, сөзформа (сөз түрленімі) бойынша іздеу жүргізіп, іздеген сөзіңіз қолданылған сөйлемдердің тізімін және олардың дереккөзін көре аласыз. Табылған сөз/сөзформа немесе мысалдардағы кез келген сөз туралы тілдің барлық деңгейіне қатысты ақпарат беріледі. Корпусты қазақ тілінде сөйлеушілер мен қазақ тілін үйренушілер қолдана алады.


ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ



Оқу корпусы - тіл үйренушілерге арналған ақпараттық-корпустық ресурс, оқытушылар мен білім алушыларға арналған лингвистикалық құралдармен жабдықталған тіл меңгерту бағытындағы электронды мәтіндер жинағы. Оқу корпусын жасаудың бастапқы кезеңінде көзделетін мақсат – қазақ тілін оқыту мен үйрену үшін қазақ тілұстармандарын оқу мәтіндерімен қамтамасыз ету. Қазақ тілінің Оқу корпусын әзірлеуде деңгейлік оқыту принципі негізге алынып, лингвистикалық құралдары төмендегі ретпен жасақталды: - Практикалық қазақ тілі; - Кәсіби қазақ тілі; - Теориялық қазақ тілі; - Іскери қазақ тілі; - Шешендік қазақ тілі. Оқу корпустарына тіл үйренушілер үшін Сауаттылық құралдары енгізілді: - Жазу сауаттылығы (Орфографиялық сөздік, емле, пунктуциялық анықтағыш) - Оқу сауаттылығы (Орфоэпиялық сөздік, орфоэпиялық конвертор) - Лексика-грамматикалық сауаттылық (Оқулықтар, түсіндірме сөздіктер т.б.) Қазақ тілінің оқу корпусы оқытушыларға (әртүрлі деңгейде қазақ тілі пәнін өткізу кезінде); оқулық құрастырушыларға; екінші тіл ретінде қазақ тілін оқушыларға (Практикалық қазақ тілі); кәсіби тілдесім мен кәсіби терминологияны меңгерушілерге (Кәсіби қазақ тілі); қазақ тілін ғылым тілі ретінде оқитын оқушылар мен студенттерге (Теориялық қазақ тілі); қазақ тілінің дәстүрлі сөзсаптамын жатық меңгергісі келетіндерге (Шешендік қазақ тілі); жалпы тіл (қазақ тілін) үйренушілерге арналған. Оқу ішкорпусының мәтіндік базасы көркем әдебиет стилі бойынша онтомдық Қазақ балалар әдебиетінің антологиясынан, публицистикалық стиль бойынша балаларға арналған журналдардан («Ұлан», «Ақжелкен») алынды. Сөзқолданыс саны – 3 миллион.