KZ | RU | EN
Қазақ тілінің Негізгі корпусы сайтына қош келдіңіз! Негізгі корпус – ғылыми зерттеу және оқыту IT-ресурсы ретіндегі қазақ тілінің 5 стилінен (көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ісқағаз стилі, сөйлеу стилі) алынған мәтіндердің электронды жиынтығы.Негізгі корпустың мақсаты – бір тілдің біртұтас бейнесін танытатын қазақ тіліндегі барлық стильдік қабаттарды қамтитын мәтіндер дереккөзі болу. Жалпы көлемі – 31 105 900 сөзқолданыс. Негізгі корпус сөз, сөзформа (сөз түрленімі) бойынша іздеу жүйесінен тұрады. Негізгі корпуста морфологиялық, семантикалық, лексикалық, фонетика-фонологиялық белгіленім түрлері жұмыс істейді. Бұл белгіленімдер іздеу жасалған сөз туралы тілдің барлық деңгейі бойынша ақпарат береді: Морфологиялық белгіленімде анализатор сөзді/сөзформаны автоматты түрде түбір мен қосымшаға бөліп (лемматизация), түбірге (леммаға) сөз табын қояды. Қосымшалардың грамматикалық сипаттамасын береді. Лексикалық белгіленім сөздердің түсіндірме сөздіктегі барлық мағынасын көрсетеді. Фонетикалық белгіленімде сөз орфоэпиясы беріліп, автоматты түрде буынға бөлінеді, буын түрлері сипатталады. Фонологиялық белгіленімде сөз құрамындағы дыбыстардың фонемалық сипаттамасы беріледі. Негізгі корпусқа енгізілген әрбір мәтіннің дереккөзі (метабелгіленімі) бар. Метабелгіленім терезесі курсорды авторға нұсқаған кезде екінші беттен ашылады. Корпусты пайдаланушы метабелгіленім түрлері (мәтін авторы, мәтін аты, автор жынысы, мәтін стилі, аудиториясы, таралым типі, мерзімі, тақырыбы, толық дереккөзі) бойынша қажетті сөзді іздей алады.

Морфологиялық белгіленімдер (Морфологические разметки) (Morphological markings):

Шартты белгілері (Условные обозначения) Сөз табы (Части речи) Орысша атаулары (названия на русском языке) Халықаралық шартты белгісі (Международный стандарт разметки)
1 зт. зат есім существительное noun
2 сн. сын есім прилагательное adjective
3 са. сан есім числительное numeral
4 ес. есімдік местоимение pronoun
5 ет. етістік глагол verb
6 үс. үстеу наречие adverb
7 шл. шылау служебные слова syntactic words
8 ел. еліктеуіш сөздер звукоподражательные слова onomatopoeic words
9 од. одағай междометия interjections
10 мд. модаль сөздер модальные слова modal words
Шартты белгілері (Условные обозначения) Сөз табы (Части речи) Орысша атаулары (названия на русском языке) Халықаралық шартты белгісі (Международный стандарт разметки)
1 ӨАС Атау септік именительный Nominative case
2 ІС Ілік септік родительный Genitive case
3 БС Барыс септік дательный Dative case
4 ТС Табыс септік винительный Accusative case
5 ЖС Жатыс септік местный Locative case
6 ШС Шығыс септік исходный Ablative case
7 КС Көмектес септік творительный Instrumental case
Шартты белгілері (Условные обозначения) Сөз табы (Части речи) Орысша атаулары (названия на русском языке) Халықаралық шартты белгісі (Международный стандарт разметки)
1 Ж Жекеше единственное число singular
2 К Көпше множественное число plural
3 КЖ Көптік жалғау окончание множественного числа plural ending
Шартты белгілері (Условные обозначения) Сөз табы (Части речи) Орысша атаулары (названия на русском языке) Халықаралық шартты белгісі (Международный стандарт разметки)
1 ТЖ-1 Тәуелдік жалғау, 1-жақ ПО-1 PP-1
2 ТЖ-2 Тәуелдік жалғау, 2-жақ ПО-2 PP-2
3 ТЖ-3 Тәуелдік жалғау, 3-жақ ПО-3 PP-3
4 ТФ Тәуелдік форма ПФ PF
Шартты белгілері (Условные обозначения) Сөз табы (Части речи) Орысша атаулары (названия на русском языке) Халықаралық шартты белгісі (Международный стандарт разметки)
1 ЖЖ-1 Жіктік жалғау, 1-жақ ЛО-1 PP-1
2 ЖЖ-2 Жіктік жалғау, 2-жақ ЛО-2 PP-2
3 ЖЖ-3 Жіктік жалғау, 3-жақ ЛО-3 PP-3
Шартты белгілері (Условные обозначения) Сөз табы (Части речи) Орысша атаулары (названия на русском языке) Халықаралық шартты белгісі (Международный стандарт разметки)
1 СШ Салыстырмалы шырай СС CD
2 КШ Күшейтпелі шырай ПС SD
Шартты белгілері (Условные обозначения) Сөз табы (Части речи) Орысша атаулары (названия на русском языке) Халықаралық шартты белгісі (Международный стандарт разметки)
1 ӨШ ЖӨШ Өткен шақ ПВ PT
2 ОШ Осы шақ НВ PT
3 КШ Келер шақ БВ FT
Шартты белгілері (Условные обозначения) Сөз табы (Части речи) Орысша атаулары (названия на русском языке) Халықаралық шартты белгісі (Международный стандарт разметки)
1 ӨАР Ашық рай Изъяв Ind
2 БР Бұйрық рай Пов Imp
3 ҚР Қалау рай Жел Opt
4 ШР Шартты рай Усл Con
Шартты белгілері (Условные обозначения) Сөз табы (Части речи) Орысша атаулары (названия на русском языке) Халықаралық шартты белгісі (Международный стандарт разметки)
1 БЖ Болымсыздық жұрнақ Отрицательный суффикс NS
Шартты белгілері (Условные обозначения) Сөз табы (Части речи) Орысша атаулары (названия на русском языке) Халықаралық шартты белгісі (Международный стандарт разметки)
1 ТЕ Тұйық етістік ИФ VN
Шартты белгілері (Условные обозначения) Сөз табы (Части речи) Орысша атаулары (названия на русском языке) Халықаралық шартты белгісі (Международный стандарт разметки)
1 Е Есімше П P

1 К Көсемше Д Adv
Шартты белгілері (Условные обозначения) Сөз табы (Части речи) Орысша атаулары (названия на русском языке) Халықаралық шартты белгісі (Международный стандарт разметки)
1 СФ (-дай/дей) Салыстыру формасы СФ CF
2 ҰФ (-ша/ше) Ұқсату формасы ҰФ AF
3 ЖФ (-сыз/сіз) Жоқтық форма ОФ NF
4 ИФ (-лы/лі) Иелік форма ИФ PF
5 ҚФ (-ғы/гі) Қатыстық форма ҚФ RF
6 СУФ (-лық/лік) Субстантив форма СФ SF
7 АТР (-лық/лік) Атрибут анықтағыш форма АТР ATR
8 ӨФ (-шы/ші) Функционалды қосымшалар (Өтіну формасы) ФП FR
9 СБФ (-сы/сі; -сын/сін) Субъектив форма СФ SF