Қазақ тілінің Ономастикалық ішкорпус сайтына қош келдіңіз! Ономастикалық ішкорпус – онимдерді жинақтап, жүйелеп, цифрландырып көрсететін құрал. Ішкорпус арқылы жер-су атауларының өзгерісін, мәтіндегі қолданысы мен кездесу жиілігін айқындауға болады. Сондай-ақ, тілдегі жалқы есімдер тіркеліп, олардың қоры қалыптасады. Онда оним түрлері лингвистикалық ақпаратпен қамтамасыз етіледі, онимдер мәтіндер жинағы барынша мол қамтылады. Онимдер ішкорпустың мақсаты – Қазақстан Республикасының облыстары бойынша топонимдерді, антропонимдерді және басқа да оним түрлерін жинақтау, географиялық, мәдени-семантикалық, сөзжасамдық белгіленіммен қамтамасыз ету және мәтіндер жинау. Қазіргі кезде Қазақ тілінің ұлттық корпусының «Ономастикалық ішкорпусына» 2 мыңға жуық оним түрлері, 13 000 000 сөзқолданыстан тұратын мәтіндер базасы жинақталды.