Заманауи поэзия ішкорпус – қазіргі қазақ ақындары шығармаларының ауызша және жазбаша мәтіндерін іздеу жүйесі арқылы тауып, ақпарат беретін және әрбір ақын шығармаларының өлең құрылысының ерекшелігін көрсететін электронды база. Заманауи поэзия ішкорпусты жасаудың мақсаты – ақындардың шығармаларын сақтау және келешек ұрпаққа ақындардың шығармаларын оңай тауып алуына мүмкіндік жасау, әрбір ақын шығармаларының өлең құрылысының ерекшелігін салыстыруға, зерттеуге жағдай жасау. Қазіргі таңда поэтикалық ішкорпус базасына Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Әбділда Тәжібаев, Дихан Әбілов, Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Шаханов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әбіш Кекілбаев, Тайыр Жароков, Иса Байзақов т.б. ақындардың шығармалары енді. Қазір ішкорпус базасына 300 000-ға жуық сөзқолданыстан тұратын мәтіндердің жазбасы мен аудионұсқасы еніп, метабелгіленімі жасалып, просодикалық ерекшелігі көрсетілді. Болашақта ішкорпус базасы әрі қарай кеңейе түседі.