KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сөйтіп мен өмірдің алғашқы мектебін өткенмін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Түсіндің бе? — деп Света иығыма қолын салды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Мен өзі түсініп те, кей жерін түсіне де алмай отырмын, — деп шынымды айттым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Мен де кейбір шындықтарды кейінірек түсінгенмін, — деді Света

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Содан аз іркіліп, бетіме қарап мырс етті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Әйелдің аты әйел емес пе, кейде бір іште жатқан шеріңді сыртқа шығарып алғың келеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Білесің ғой, біздің әйелдерге айтсаң неше саққа жүгіртіп ала жөнеледі

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сен тұйықсың

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Байқаймын, ішіңде жатқан бір сыр сандығың бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Естігеніңді шашау шығармай, сонда жинай бересің, — деп Света көңілсіз әңгімесін күлкімен бітірді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Света серпілгесін мен де сергіп қалдым, тек сондайда бір орынсыз сөзді қойып қалатыным бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Осыны Николай біле ме? — деппін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жаздың ұзақ күнінде өңшең әйел қаламыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әйел деген халық, айналып кетейін, жақсы ғой, тек өздері бірыңғай қалған жерде шаң-шұңы да көп болады екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ біз жабайы әйелдер емес, қызыл армия командирлерінің әйелдеріміз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біздің де өзімізге лайық бастығымыз, тәртібіміз бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Полктың әйелдер советі — деген ұйымымыз бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оның бастығы полк командирінің әйелі Елизавета Сергеевна дәрежесі үлкен болғанмен, өзі кішкентай адам

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Аузы, мұрны, қол-аяғы бәрі де шағын ғана келген, ып-ықшам

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кішілеу ғана шүйке бас, сопақ бет, қоңырқай жүзді кісі, ұшы шошайыңқырап көтерілгені болмаса, мұрны да пістедей

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сөйлегенде, жұқалаң ерні тісіне жабысып, аузын шымшып сөйлейді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл әйел сырт адамға, бір қарағанда, қораш көрінер, бірақ біз үшін аруағы асқар таудай

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кішкентай кеудесі шошайып, аяғын нығыз басып, ол келе жатқанда, өзіміз қаймығып, етек-жеңімізді жия бастаймыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кісіге кейігенде, тәкаппар жүзінен ызғар тепсініп тұрады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Сіз неге бүгін саяси сабаққа келмедіңіз?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Даусын көтермесе де, әр сөзін шегелеп, нығарлап айтады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кішілеу тарғыл көзінде сұс пен қабат ащы мысқылдың ұсқыны суық жылтырап, өзі де, шегелеп тастағандай, нығыз тұрады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Meн бір үйдің ішінің кір-қоңын жуам деп

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Саяси сабақтан қалуға ешқандай дәлел қабылданбайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ал кір жуу деген тіпті де дәлел емес

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мәселеңді әйелдер советінде қараймыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Көбіміз-ақ Елизавета Сергеевнадан мықтап қаймығамыз, шүйкедей болғанымен, алды қатты кісі

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біздің арамызда да әскери қатал тәртіп орнатпақ ойы бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Біздер командир әйелдеріміз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әскер бөлімінің жанында тұрамыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сондықтан бізге де әскери тәртіп керек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Салдыр-салақтықты жою керек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тәртіпке бағынбаған әйел жолдастарға қатал шара қолданамыз, — деп талай сөйлеген

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күйеулеріміз ертеңгі асын ішіп қызметке кетіп, үй-ішін жиыстырып болған соң, сәске түсте Елизавета Сергеевна бәрімізді жинап алады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Көбіне үлкен беседкаға жиыламыз, небәрі жиырмаға тарта әйел дөңгелек кең беседкаға түгел сыямыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бүгін де айтқызбай жиналдық, Елизавета Сергеевнаның төрде председательдік орны бар, ол соған барып отырды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оған жалғас оның орынбасары, полктың штаб бастығының әйелі Алевтина Павловна келіп отырды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Алевтина Павловна ақсары, сұлу келіншек, оның аты қандай құлаққа майда жұмсақ болса, кісінің көзіне өзі де сондай әсер етеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Денесі аршыған жұмыртқадай жұп-жұмыр, сәл ғана ұрты білініп, бұғағы үлбіреген дөңгелек жүзді, үш жағы қайқайған кішілеу ғана «ерке мұрын»

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мұның да шертіп тұрған әсем кеудесі мен жас баланың білегіндей тамағын, әсіресе сүйіске құштар үлбіреген ернін көргенде, талай еркек тамсанар еді, бірақ бұл маңда оған өресі жететіндер жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол штаб бастығының, майор Масловтың әйелі

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Алевтина Павловна өз бағасын жақсы білетін кербез келіншек, бәрімізге де жоғарыдан төмен сәл мүсіркей қарайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ, сонысын өзімсінген еркелігі басып кетеді де, сенің намысыңды шабақтамайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Басына қонған бақыты мен құдай берген ажар, көркі бірдей болса, қай келіншек бұлғақтамайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Алевтина Павловна тек Елизавета Сергеевнаға ғана кішілік көрсетеді, оның алдына шығып сөйлемейді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Елизавета Сергеевнаны сөйлетіп қойып: «Қайтесің, айта берсін», — дегендей, сол ғана езу тартып жымиып, өзі зерігіп үнсіз отырады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Елизавета Сергеевнаның сол жағына әйелдер советінің хатшысы инеліктей қатқан арық, сұңғақ бойлы Маруш Аршаковна келіп отырды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мұның тұлғасы мен келбеті Алевтина Павловнаға қарама-қарсы жаратылған, бірі күн болса, бірі түн сияқты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Маруштың шашы көмірдей қара, жылтыратып ортасынан қақ айырған, биік қабақты, үлкен дөңес мұрынды қатқан қара торы келіншек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әйелге сонша үлкен мұрынның жарасқанын алғаш рет осы Маруштан көрдім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Егер мұрны осыдан кішілеу болды бар ғой, анау биік қабағына, тостағандай қара көзіне, мына жақ бітіміне жараспас еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Арық болғанмен, арсиып тұрған жоқ, денесі де жинақы, сымбатты, тек бір ғана айыбы қушықтау иығына ірі жүзді бас қондырысы үлкендеу

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Орыс тілін басқа бір нақышқа салып, әсем бүлдіріп сөйлейді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оған Алевтина Павловна «Шығыс Мадоннасы» деп ат қойған

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Мен қайдан Мадонна болам

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мадонналар сен сияқты толық болады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Нағыз славян Мадоннасы өзіңсің, — деп күледі оған Маруш

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Маруштың жас шамасын айыру қиын, Елизавета Сергеевна сияқты отыздан әжептәуір асып кетсе де өзі білсін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Елизавета Сергеевна столды тықылдатып тәртіпке шақырды да, сөзін бастады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Жолдас командир әйелдері, мәжілісімізді бастаймыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өздерің білесіңдер, ертең күн демалыс

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірсыпыра жолдастар Брестке барады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қалғандары өз қалауынша дем алады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ал, біздің көптен бері қанша талқылап, шеше алмай

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осы кезде Наташа деген келіншектің емшектегі баласы шырылдап жылап қоя берді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өзім де неғып жыламады деп отыр едім, бұ баланың күндегі әдеті осы — Елизавета Сергеевна сөз бастарда, шырқын бұзады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Шешесі Наташа сидиған бойы болмаса, бір шайнам еті жоқ, адырақ көз, арық келіншек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жас та болса кеудесіне жабысып, солып қалған емшектен не сүт шықсын, содан болар, баласы зар жылауық

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өкшесі қанап көрмеген Елизавета Сергеевна қоңыз жұтып қойғандай тыжырынды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Наташа, Наташа, жұбатсаңызшы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ылғи өстіп жиналыстың шырқын бұзасыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Наташа еш уақытта кісінің бетіне келмейтін келіншек: «І — і — і» деп бебеу қағып, баласын әлдилейді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бала ерегіскендей, одан сайын бақырады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Бері әкелші маған, — деді осы кезде бір әйел

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл — Валя

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кеспелтек, балғадай келіншек, мұның да емшекте баласы бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Баласының екі шекесі торсықтай

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Бері әкел

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен емізіп берейін, — деді Валя

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Елизавета Сергеевна тағы бір қоңызды жұтып қойды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Валя, қалай ғана ұялмайсыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осындай жиналыстың үстінде емізіп отырмақсыз ба? — деді Елизавета Сергеевна, жұқа танауын тыжырып

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Е, емізсе несі бар, басқа ешкім жоқ, кілең қатындар емес пе, — деп, шап ете қалды шүйкедей арық әйел

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл кәдімгі аты шулы ұрысқақ Муся

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Муся

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

э

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мария Максимовна, осы дөрекіліктің керегі не? Қатындар деп

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сіз совет командирінің әйелісіз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Е, немене, қатын демей, «әйел» деп сызылғанда, қайтадан қыз болармын деп не ең? Сені мен біздің қыз дәуреніміз енді айналын келмейді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қатынның аты қатын, — деп, ұрысқақ Муся бастықтың өзін тойтарып тастады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Одан да емізсін ана Валя

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Екі емшегі екі сиырдың желініндей

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жетеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Наташа деген, жас та болса, мен сияқты кеуіп қалған қу шандыр емес пе?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл фәниде Елизавета Сергеевнаның жалғыз қорқатын адамы — осы ұрысқақ Муся
Көрсетілді: 40100 / 47388