Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Тұңғыш рет көкірегімде үлкендік сезім оянып, Светаны оттан құтқарып алған баладай бауырыма қысып, иығынан сипаймын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сірә, бірінші рет менің панамды сезгені осы болар, Света да менің құшағымнан босанып кетуге асықпады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— «Сен үлгермегенде ол атып тастайтын еді» — деді аздан кейін, жайымен сұлық қана |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Осы оқиғадан кейін Николай, әйтеуір мен білгенде, Светамен тілге келген емес, бір отрядта жүріп екеуі қайткенде де бір-бірімен кездеспеудің, кездесе қалса бір-бірін байқамай өтудің амалын табады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Света тұрсын ол менімен де, тек кездесін қалғанда бас изегені болмаса, тілдесуден қалды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Светаны қалай жалғыз тастаймын, көбіне екеуміз бірге болған соң, Николай енді бұрынғыдай қолы бос кезінде біздің зілмәнкемізге келін карта ойнап, мәслихат құру былай тұрсын, тіпті бас сұғуды да қойды, Қасымбек те екі әйелдің ортасында не бітірсін, бөлектене бастады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Өңшең бойдақтардың ішінде жалғыз ерлі- зайыптының жүргені ерсі екен, өзім де оның еркектердің арасында көбірек болғанын жақсы көрем |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Света мен Николайды татуластырғым келіп талай ойландым да, бірақ соның жолын таба алмай-ақ қойдым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Николай деген, бұрын адам сияқты елгезек, кейде бір-ақ жарқын мінезі болушы еді, енді суға салып, шиелеп байлап тастаған қайыстай түйілді де қалды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Оны шешетін айласын таба алмай, Қасымбекке қыңқылдап көріп едім, о да еш нәрсенің ретін келтіре алмады, «осындай нәрседе араға түсудің өзі қиын», — деп қиналды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бұл жағдайды, егжей-тегжейіне дейін тінткілеп, оңашада көп ойланам, бірақ өзім де дұрыс шешімін таба алмай қиналам |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ес білгелі құлағыма сіңген қасиетті бір ұғым бар-ақ некемен қосылған жұбайыңның көзіне шөп салу үлкен қылмыс |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Еркек намысы деген қиын болады, еріңді масқара қылып жерге қаратпа |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Осы күнге дейін осы сенімім, осы өзгермес шындық көңілімде қобалжып көрген жоқ-ты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірақ Светаның жағдайы бөлек қой, мына жан алып, жан беріп жатқан заманда адамның бір оғаш басқан қадамы, қасіретті қателігі |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ау, бәріміз де сағат сайын өлім күтіп, оқтың астында жүрміз ғой |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірақ өмір деген құрғыр ажалдың аузында, оқтың астында жүрсең де сол өмір екен, қолың тиіп кетсе ойын-күлкің, әзіл-оспағың, түк болмағандай, қайтып оралады; бір-біріңе ренішің, өкпе-назың, ұрыс-керісің, о да қабаттасып жүреді, әркімнің құдай берген мінезі мен бойына сіңген ұғымы, бұ да қалмайды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қандай тірлікке салсаң да адам пенделігін істемей қоймайды екен, жай кезде болса бір сәрі-ау, дәл мына жағдайда келіп еркек намысы насырға шауып, онсыз да қиын тірлігімізді тіпті ауырлатып жіберді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Айтып отырмын ғой, тіпті сыпсың сөз, өсегің де сумаңдап қалмайды екен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Света мен Николайдың арасындағы жағдай сыбыр-күбір сөз арқылы жетті ме, әлде ерлі-зайыптының арасы күрт үзілгесін өздері аңғарды ма, әйтеуір бұл жағдай партизандарға да жеткен тәрізді, мен оны жұрттың томсырайған түрінен танимын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Светамен ешқайсы танысып, біліскісі келмейді, бойларын аулақ ұстайды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Әрине, осы бір жағдай болмаса олар, жаудың қақ ортасында жансыз болып, астыртын жұмыс жүргізіп, партизандарға керек ақпар беріп тұрған мықты барлаушы Смуглянкамен танысып білісуге, тіпті оны көруге қандай құштар болар еді, қазір оны білсе де білмегенсіп, көрген жерде байқамағансып жүре береді, Светаның халін әбден сеземін, бірақ тағы да сол, оған жұбаныш айтар, жәрдем етер қайраным болмай, оның қасіретін көкірегіме құйып алып, қосарлана қиналам |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Біреудің Светадан теріс айналып кеткені де, не айыптай қараған сұқ көзі де жүрегіме қылқандай қадалады, кейде шап етіп ондайлардың бетінен алуға аз-ақ қалам |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
«Бұл әйелдің ерлігі, еңбегі кімнен кем? Қай сағатта, қай минутта ұсталарыңды білмей, қалың жаудың қақ ортасында осының істегенін істеуге қайсыңның жүрегің дауар еді?» деп шақылдап ұрысқым келеді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бізге келген соң көп ұзамай, майдың басында Света босанды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Байғұстың шеккен азабына орай тағдырдың рахымы түсті ме, толғағы менікіндей ауыр болған жоқ, оның үстіне күннің жылынған, лагеріміздің де жау шабуылынан саябыр тапқан кезі болатын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Светадан жасым кіші болса да бұрын босанып, оны — мұны біліп, көзқарақты болған менің де көмегім тиді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Партизан өмірінде де кейде қолың босап қалатын тіпті зерігіп ішің пысатын мезгілдер де болады, тапсырмаға шығып, жортуылға қатыспайтын Света екеуміздің ондай уақыттарымыз көбірек: ондайда әңгіме шертеміз, өткен-кеткенді еске аламыз, баяғы өзіміздің полктың әйелдері есімізге түседі |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Арада сонша ұзақ уақыт өтпесе де, солардың біразын ұмыта бастаппын, мына зобалаңы құрғыр ұмыттырмай қоя ма |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Елизавета Сергеевна мен Алевтина Павловна бірге кетіп еді, байғұстар қазір қайда жүр екен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ұрысқақ Муся қаза тапты ғой |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Алевтина Павловнаның қолында баласы бар еді-ау, бір жерді паналап жан сақтаса жақсы ғой |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Менен гөрі көзі қарақты, оң-солын біліңкірейтін Светаның да олардан хабары жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ираида Ивановна екі баласын жоғалтып, екі баласымен жолда қалып қойып еді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Мына сапырылысқан соғыстың ішінде қаңғалақтап бір жерде жүр ме екен? Олармен енді қайтып қауышуымыз екі талай |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Света екеуміздің қайта ұшырасып, одан ерлерімізбен кездесуіміздің өзі таңғажайып нәрсе, бірақ бұл кездесу маған қайыр болғанымен, Светаға қайғы болды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Айттым ғой, қасында қара демесең менің кісі қайғысына жұбаныш, медет болар септігім шамалы, Света өз қайғысын өзі арқалады да, соны қайыспай көтерді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сонау сай бойында мылтық кезегеннен кейін ол Николаймен тілге келген емес |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Әрине Николайдың да сөйлескісі жоқ, бірақ кім біледі, кездесіп қалғанда айыбын сезіп бұны түсініп, жалынышты кейпімен жаутаңдай қарап, бір ауыз жылы сөз дәметіп, тіл қатысудың амалын іздесе, еркек намысы қанағаттанып, көңілі жібіп, беті бері қарар ма еді, Света өйткен жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Күйеуінен көңілін бірден үзіп тастады да, онымен арасында түк болмаған, жай таныс адамдай қаннен-қаперсіз жүре берді, Николайға сірә осы мінезі қаттырақ батты ғой деймін |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Біраздан кейін Светаның келгендегі мінезінің өзгеріп кеткенін аңғардым: босанғаннан кейін бір қатерден құтылып, көңілі орнына түсіп, денесі сергіді ме, әлде жан дүниесінде күшті өзгеріс болды ма, енді бастапқы жабырқау, бұйығы халінен серпіліп, зіл басқан еңсесін көтеріп алды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Баяғы жақсы күндердегісіндей жылы шырайлы, майда қоңыр нәзік мінезді Светам қайтып оралғандай қуанып едім, аңғарыңқырап байқасам бұрынғы балғындығы мен ұяңдығы жоқ, өз мінезіне өзегі қатайып өзгеріп оралған сияқты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Hұp ұялаған жұмсақ жүзі өткірленіп, өңіне қатқылдық кірген, ішкі пружинасын қаттырақ бұрағандай ширатылыпты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Николайға көрсеткен мінезін өзгелерге де көрсететін болды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Байқамағансып кемсіткендерді бұ да байқамайды, айыптай қараған сұқ көздерге айылын да жимайды, тіпті елемейді; ондайда аналардың өздері қорланып қалады екен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Әдепкіде Светаның айыбын бөліп арқаласып, жүзім төмендеу болып жүрсе, енді досым үшін көңілім іріленіп, мен де марқайып еңсемді көтеріп алдым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Осының бәрін Света әдейі ерегіспен істесе, онда мінезі ерсі болып, өзі кішірейіп қалар еді, бірақ зорланбай өзінен өзі солай боп шығып жатқан соң, өзгелерден биіктеп іріленіп кетеді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Соны сезген төңірек те Светаға қырын көзқарасын қойып, беттері түзелді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Босанып есін жиып, өзіне келгеннен кейін, тұрмыстың ауырлығына қарамастан Света қайтадан түрленіп, ажарланып кетті |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қаңсып жүрген сүр бойдақ партизандар емес пе, енді кейбіреулер бұл келіншекке тамсанып, ұрлана көз тастайтынды шығарды, бірақ одан әріге бата алмайды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Светаның басы бос та, бос емес те сияқты, сондықтан екі ұдай дүдәмалдықтан аттап өте алмай ма, олар да осы келіншектің өздеріне бөлегірек тұрған биіктігінен қаймыға ма, не де болса әйтеуір батып сөз айтпақ тұрсын, қысыр қалжыңмен барлау жасап, сүйкенушілер де болған жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Оларды тежеген осы соңғысы шығар, болмаса безіп кеткен Николайға бола іркіле қоймайтын батыл жігіттер де баршылық қой |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Және нәпсі дегенді соғыс елей бермейді, қайта таяу тұрған ажал оны өршітіп жібереді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бәрін ұмыттыратын да, барлық жараны жазатын да уақыт қой |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Уақыт өткен сайын алғашқы айнудың уыты қайтып, әрқайсы сабасына түсіп, қимастық жеңін, Николай мен Светаның арасы қайтадан жақындасар ма екен, мүмкін тіпті табысар ма екен деген көңіл түкпірінде бұғып жатқан әлсіз үмітім болып еді, ол үмітім сөніп барады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Светаға осы ойымды білдіруге жарасын қасығандай ыңғайсыз көріп, бата алмаушы едім, ақыры шыдай алма тіл тартып көрдім |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Шынымды айтсам әуелі менің де сондай ойым болып еді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірақ қазір енді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— деп Света іркіліп қалды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Неге? Николай сондай қатал жігіт емес қой |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
О да жібір |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Оған күмәнім бар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ол өзі тым намыскер |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірақ өзімнің көңілім қалды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Көңілім қалдысы қалай? — деп таңырқап Светаның бетіне бажырая қараппын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Света маған баланы мүсіркегендей жылы шыраймен сәл жымия қарап, бір күрсініп алды, дүниеде осындай көзқарас жаман, өзің алдыңдағы адамнан өреңнің төмендігін сезіп, кішірейіп қаласың |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Сонда немене менің көңілім ешкімнен қалмауға тиіс пе? Ренжуге де хақым жоқ па? |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Әрине, енді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірақ Николайдың айыбы жоқ қой |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Әрине, айыпты менмін |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Менің өзімнен басқа ешкімге ренжуге қақым жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сонда астын бүлдіріп алған қаншық сияқты аяғына жығылып, етігін жалауым керек пе? — Адамға дөкір сөз айтып көрмеген сыпайы Светаның аузынан «қаншық» деген сөзді осымен екінші рет естідім |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Екеуінде де өзгеге емес, өзіне ғана теліп айтты, бұ жолы да, сонау орман ішіндегідей беті безеріп кетті |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Meн үрпиіп шошына қарап қалсам керек: |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Сен түсінбейсің ғой, Надя, — деп мүсіркегендей сәл езу тартты, безерген беттің жымиғаны да жаман болады екен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жоқ, Светаның ашынып айтқан бір ауыз сөзінен көп нәрсені түсініп қалдым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бұрын байыбына жетіп ойламаппын, шынында да айыпты адам мен айыптаушы адамның арасында қандай теңдік болмақ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірі өмір бойы өзін қорсынып жүрсе, бірі кешіргенін бұлдап, жарылқағандай ерсініп жүрсе |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
сұғанақ көздерге сырты бүтін көрінгеннен басқа не пайда |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Мұндайды бүтіндеу үшін өте күшті махаббат керек, — деді Света аздан кейін, көңілім басып ойлана сөйлеп |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Ондай махаббат менде жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Егер ондай махаббат болса ақылыма әл бермей шашымды жұлдырып, еңіретіп аяғына жығар еді ғой |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ондай махаббат Николайда да жоқ болып шықты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Неге, Николайдың сен дегенде шығар жаны басқа емес пе еді? — дедім мен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Тек әншейін намысы буып |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
еркек емес не? Болмаса ол сені әлі де жақсы көреді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қимайды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Мүмкін |