Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Білмеймін, не пәле болғанын, әйтеуір көңілім бір орнына түспей-ақ қойды, күйеуім менің илікпеген денемді қос қолымен құшақтап өзіне қарай тартып алды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Аузынан арақ исі шығады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ал, менің хәлім |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Аңқау Қасымбек ар жағында қалтқысы жоқ, ертеңгі қауіпті ойламайды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ертең өзім көріп жүрген көп өліктің бірі болып сұлап жатса |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Апырау, мен не боп кеттім, шошынып қалған жүрегім қашан орнына түседі құрғыр |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қасымбек мені қаттырақ қысып алып, бетімнен, көзімнен сүйіп жатыр, демі де жиілеп, құшырланып барады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Екеуміз қайта кездескелі жыл жарымнан асты ғой, өмірдің қанша қауіп-қатер қиыншылығы болғанмен ерлі-зайыпты екі жас қарап жүре алушы ма еді, тағы да менің аяғымды ауырлатып аламыз ба деп қорықсақ та, амалдап есебін табушы едік, осы жолы мен Қасымбекке жіби алмадым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бұрын осындайда құштарлығымды әзер тежеуші едім, қазір екеуміздің арамыздан мұздай бір сызық тартып қойғандай тәнім жиырыла берді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бір кезде өн бойымды дір еткізіп бір жаман сезім қарып өтті: астапыр-аллау, екеуміздің арамызға, баяғы Қасымбекке ұқсас өліктің елесі кіріп кетіпті |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қараңғыда мазаңды алған үрей-сезімдер жарқырап күннің көзі шыққанда ертеңгі тұмандай ыдырап кететіні бар ғой — таң ата көппен бірге үйреншікті тіршілікке кіріскен соң алаң болып біраз сергіп қалған сияқты едім |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қасымбектен ертерек оянып шай-суымды қамдадым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қазақша, сүт құйып күрең шай ішетін заман қайда, әйтеуір ішіңе ыстық барсын деген далбаса ғой |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Шайдың орнына ұсақтап турап, кәдімгі сәбізді қайнатамын, әрине сәбіз шай болып жарытсын ба, бірақ әйтеуір күреңітіп қара судың түсін өзгертеді, аз да болса дәмі бар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Кешегі тойдан Света екеуміздің жымқырып қалған нәрселеріміз де жоқ емес-ті, соның шетінен шымшып шығарып ертеңгі асымызды іштік |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Абзалы, Света екеуміздің партизандардың там-тұмдаған болымсыз қорегінен кішкене бір нәрсені қымқырып қалғанымызды сезсе де, жұрт оған ренжімейтін, қайта өз қолдарындағы тойғызбай, тек қоңқылдата беретін кішкентай несібесінен бір үзімін ауыстыруға тырысатын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Әсіресе Кузьмич шал, соның нені қорек қылатынын білмеймін, әйтеуір қолында бір нәрсесі болса екі баланың аузына тосады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бергенін ішім жақсы көріп бара жатса да: |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Оныңыз не? Өзіңіз жесеңізші, тіпті тамақ ішпейсіз, — деп кейіген болам |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Сәби жесін, қызым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сәбиге қорек керек |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Маған еш нәрсе етпейді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Кәрі адамның жұтқан тынысы да тамақ, — дейтін |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Түс қайта Қасымбек жолға қамданды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Үлкендігі кір сабындай, түрі сары шақпақ тастарды санап, қапшықтарына салып жатыр, бұрын да көргенім бар — мұның атын тол дейді, кәдімгі жарылатын дәрі |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Осы шақпақтармен темір жолдың көпірін бұзып, эшелонды қиратуы керек, соған қарағанда күші жойқын бір пәле болар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қасымбек тәптіштеп санап тық-тық еткізіп бірінің үстіне бірін қойып жатқанда, осы құрғыр жарылып кетер ме екен деп қыпылықтап болдым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Абан Қасымбекпен бірге барғысы келіп сұранып еді, күйеуім оның бетін қайтарып тастады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Абанды неге ренжіте беретінін білмеймін, реті келген жерде, оны өзіне ертпей қалдырып кетуге тырысады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Кешке қарай Қасымбек, қасына екі ғана партизан ертіп тапсырмаға кетті |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Прошканың осы халін сол сөзді естігенде-ақ көз алдыма елестеткенмін, бізге ұстап әкелгенше сол құрғырды біреу қисайта салса екен деген үміт-тілегім де ішімде жүрген |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірақ өз ойымды Носовецке айтуға бата алмадым: екі араға салып Қасымбекті қинауға да |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Носовецтің жоспарын оның да бұздыра алмайтынын ішім сезді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Біраз нәрсені ақылға салып түсінгім келсе де затым әйел болғанға ма, ақылымды әлсіздігім, жанашыр сезімім жеңе берді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Соғыстың қатал заңына аяныштың әлі келмейді екен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Мұнда жүрегіңді тастай қылып жұмып алмасаң ит талағандай ырық-жырығы шығады, Соны білемін, бірақ қолыңнан келмеген соң білгеніңнен не пайда |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Носовец маған сом темірден соғылғандай болып көрінеді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Осы әсерім дұрыс-ау деймін, соңғы кезде жұрт оны темір комиссар деп атайтын болды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бұл өзі, мен әлі ұғынып болмаған үлкен шындыққа, бұлтарысы жоқ жападан-жалғыз шындыққа көзі мықтап жеткен адам, соны жұрттың бәрі түгел ұғып, қалтқысыз қабылдағанша тыншымайтын сияқты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Өзінің сенген нәрсесіне шек келтірмейтін адам ең бақытты жан, ондай адамның көңіліне күмән дегенің ұрланып кіре алмайды, сондықтан да ол күшті, өзгеден өктем болмақ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қашан да өзіңдікінің дұрыстығын сезініп, бір демің жоғары тұрмаса өзгелерді қалай бағындырмақсың |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Өз бойымда болмаған соң ба, Носовецтің осы бір бітеу жаралған тұтастығынан қаймығамын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
11 |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Meн осы землянкаға жасырынғалы, топшылауымша бес-алты сағат уақыт өтті, шамасы түс қайтып, күн де еңкейген шығар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Манағы талып естілген атыс бірде күшейіп, бірде талмаурап барып үзіліп, қайтадан естіледі; соған қарағанда орман шетіне бекінген партизандар бірден шегініп кетпей, неміс шабуылын әзірге тежеп қалған түрлері бар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Атакаға шығып, лап берген жаудың алғашқы қарқынын бір тойтарып тастауға шамасы келсе, екпіні бір қайтып қалған жау жылжып, үңгіп кірмек болып көп шығынға ұшырап берекесі қашады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Соғыс даусынан аңғарғаным дұшпан осындай халге душар болған сияқты еді, мүмкін тіпті тойтарыс берер, енді жылжымас деген тәтті үміт те көкірегімді жылыта бастады, кенет атыстың іргеме жақындап қалғаны сонша тіпті бұршақтай шашылып пытырлаған автомат пен дүрсілдеген пулемет дауыстарының жігі ажырап естіледі, әрі кеткенде үш-төрт жүз метрден алыс емес |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Соғыс тура менің үстіме келер ме екен, әлде бір бүйірден жанап өтер ме екен? Ойым әр саққа жүгіріп, үміт оты бір тұтанып, бір сөнеді, әйтсе де көңілі түскірім сезеді: көбелек қуып келе жатқан жау бұл орманды партизандардан арылтпай, сірә тыным таппайды, бірақ партизандардың да бұл орманды тастап кететін ойы жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Өздері әр шұқырын жатқа білетін орманның ішінде қашқақтай ұрысып, тереңге тартып, із адастырып, әрі-беріден соң немістердің өтіп кеткен жеріне қайта оралып естерін тандырмақ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Биылғы көктемгі қырғында, партизандар көп шығынға ұшыраса да, осындай әдіспен жан сақтап қалған-ды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Олардың осындай түлкі құйрық соғысына еруім қиын болғандықтан екі баламен осы үңгірде жатырмын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Соғыста жүргендерге қарағанда үңгірде тығылып жатып күту онша қиын емес-ау, тек азық жағы көбірек қинайды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Әсіресе биыл қырық үшінші жылдың жазы өте ауыр болды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ел де әбден титықтаған, өздері аштан ісіп-кеуіп отыр, қолға ілінер еш нәрсе жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Майдан жақындаған соң немістердің әскері қоюланып, күзеті күшейіп, олардың обозын тонау да қиындап кетті |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Осы қалың орманның ішінде біз дәмін татып көрмеген шөп те қалмаған шығар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Саңырауқұлақ пен жеміс-жидек табыла берсе жақсы ғой, ол түгіл қымыздықтың өзі кездесе бермейді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Кішкене су кездессе барып тартамыз, бірақ бұл жақтың суларында қамыс қоға аз болады екен, далада өсетін тәтті тамырлар да жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Кейде көзің қарауытып кез келген жапырақ пен шөптің сабағын шайнайсың, олардың жеуге жарамайтын сабағы ішек-қарныңды бүріп, жүрегіңді айнытып құсқыңды келтіреді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Аш өзекке лоқсығанда ішіңді сыртқа айналдырып шығарғандай суырып, көзіңнен жасың парлап, құрсын айтары жоқ, ит азапқа түсесің |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Аштық шіркін қарата ма, кейде партизандар командирлерінің бұйрығын аттап көлік етіп жүрген жалғыз аттарын да сойып алады, орыстардың жылқы етіп жемейтіні жайшылықта екен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Дулатым екіге жуықтаса да емшектен айырғаным жоқ, тамақтан өтетін түйір таппай қалған кезде өз сүтіммен асырап келем |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Оған енді міне, кішкентай Света қосылды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ал Светаның бізге келгелі өмірі тіпті қиын болды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Тіршілік ауыртпалығын айтпаймын, оған мен де төзіп келем ғой, Николаймен екеуінің арасы барған сайын нашарлай берді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Анау да бір кіп-кішкентай болып алып жібімейтін пәле екен ,тіпті темір шегедей қатып қалды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Алғашқы күні бір жаман мінез көрсетті |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Кешке қарай Света екеуміз оңаша отыр едік, мен кейіген соң, Қасымбек те, өздері оңаша болсын деп, үйге онша жолай қоймаған, бір кезде зілмәнкеге Николай кіріп келді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қайтып оралғанынан үміт етіп бетіне дәмелене қарап едім, көңілім басылып қалды, сол манағы қалпы сызданып тұр, қайта бұрынғысынан да ісініңкіреп кеткен сияқты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— «Әйтсе де біз екеуміздің оңаша сөйлесетін сөзіміз бар сияқты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жүр, сыртқа шығайық», — деді ол Светаға |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
«Ендеше мен сыртқа шыға тұрайын» деп екеуінің оңаша сөзінен үміт етіп оңтайлана беріп едім: |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— «Жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Біздің сыртқа шығып сөйлескеніміз дұрыс» деп Николай мені тоқтатып тастады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Света қорбиған сырмақ күрткесін иығына ілді де, үн-түнсіз Николайға еріп сыртқа шығып кетті, мен неғыларымды білмей аңырып тұрып қалдым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
«Жылды кісінескенше, адам сөйлескенше», мүмкін екеуі сөйлесе келе ұғынысар деген әлсіз үмітім, Николайдың безеріп тұрған түрі көз алдыма елестегенде, сөніп қалды, жаңағы ісініп кеткен кескінінен жақсылық күтуге болмайды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бір жамандықты сезгендей жүрегім мұздап, сасқанымнан не дәрмен қыларға білмей аз уақыт селтиіп тұрып қалыппын, содан сыртқа жүгіре шықтым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Екеуінің қай жаққа кеткенін де білмей қалыппын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Құдай оңдап, сыртта Проша кездескені; ол менің жау қуғандай аласұрған үрейлі ұсқынымнан шошынып көзі бақырайып кетті |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— «Не болып қалды, Надя апай? Түріңіз қашып кетіпті ғой |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Не болды?» дейді үрпиіп |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— «Жаңағы |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Николай |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Николай мен Света қалай қарай кетті?» |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Проша олардың кеткен жағын сілтеп, менің соған бола неге сонша үрейленгеніме түсінбей таңырқап қала берді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Көктемгі дымқыл орманның ішінде қарайып кеткен ескі жапырақты етігімнің тұмсығымен күреп жүгіріп келем |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Әлі көк шықпаған, ағаш, бұталар сидам, орман іші ашық болғанмен әлгі екеуі көрінбейді, «әлде басқа жаққа бір жыраға бұрылды ма» деп алақтап жан-жағыма қараймын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Алдымда кішілеу сай бар екен, соның ернеуіне келгенде ылдида тұрған Николай мен Светаны көрдім, олар мені байқаған жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Екеуінің не сөйлесіп үлгергендерін білмеймін, менің естігенім Светаның: |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— «Жарайды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Білгеніңді істей бер» деген сөзі ғана |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Николай бір-екі қадам шегініп, пистолетінің қорабын ағыта бастады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сайға қалай домалап, жүгіріп түскенімді өзім де білмей қалдым, даусым да қаттырақ шығып кетсе керек, Николайдың қолы пистолеттің қорабында қалды, солай бүйірін таянған күйі маған таңырқап үрпие қарады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Мен келе Светаны құшақтай алдым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сіресіп тұрған Светаның денесі бірден босаңсып, әлсіз қолымен менің мойныма асылды, аяғының да буыны кетіп, бар салмағымен мені төмен қарай тартып барады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Екеуміз жұмсақ дымқыл жерге отыра кеттік, Светаны қорғаштап бауырыма қыса беріппін |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ентігімді басып қайта бұрылып қарағанымда Николай сайдың қабағына шығып барады екен, шымыр денесі сірескен күйі артына қарамай, дік-дік басып әрі қарай асып кетті |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Светаның қаны қашып, бетіндегі секпілдері баттиып, ерні кезеріп, өңі әбден жүдеп қалыпты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ажалы құрғырдың кейде алдындағы қорқынышынан, артындағы қорқынышы күштірек болады, жаңа ғана ет қызуы, ерегіспен оқтан тайынбай тұрған қайсар Света, басына төнген ажалдың бар салмағын енді ғана сезіп, оның сұмдық үрейін де бойына енді сіңіріп, әлсіреп қалды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Құшағыммен сезіп отырмын, бір-екі рет денесін қалтыратып тұла бойында діріл жүгіріп өтті |