KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Лопе де Веганың өзі жасаған тізімде оның ХҮІ ғ.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Ондайдан тек денсаулыққа зиян, құдайға күнә.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ойлап көріңізші: дулыға киген адамды жақын уақытта жолықтыра алмасақ неттік?

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сол бұрынғыша мұқтаждық мехнатын шеккен күйіңізде антыңызға адалдық сақтап қала бермексіз бе?

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Өйткені, әлгі алжыған шал маркиз Мантуанский өзіне міндет қылғанның бәрін өз мойныңызға артқаннан кейін сізге енді сырт киіміңізді шешпей ұйқтауға, ашық аспан астында түнеуге және басқа да көп машақатты бастан кешуге тура келеді ғой.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оныңыз қалай, сеньор, мына жолдардың ұзына бойымен қарулы адамдар емес, арбакештер мен мал айдаушылар ғана жүреді ғой, олар басына дулыға кимек түгілі ондай сөзді өмірі естімеген жандар.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Қателеспе, — деді наразы Дон Кихот.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Арада екі сағат өтпей-ақ әлдебір жол айырығынан бізге Анжелика сұлуды тартып алу үшін Альбракаға беттеген әскерден де көп қисапсыз қарулы адам жолығады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Жә, құрысын, сіздің айтқаныз-ақ бола қойсын, — деді Санчо.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Тек құдай сәтін салып, ісіміз оңынан келіп, өзім сонша арман етіп жүрген әлгі аралды жаулап алатын күн тезірек туса екен, одан кейін күл болмаса бүл болсын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бұл жайында алаң болма деп айттым емес пе саған, Санчо: арал болмаса Дания немесе Собрадиса секілді әлде бір мемлекетті табармыз — бұлар сені шынымен қуантары кәміл, өйткені бұл мемлекеттер құрлықта орын тепкен ғой, сондықтан онда өзіңді суда жүзген балықтай сезінетін боласың.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, әзірше бұл әңгімені қоя тұрайық, — одан да қоржыныңда талғажау етерлік бірдеңе бар ма, соны қара: жүрек жалғап алайық та, қонып шығуымызға болатын, сосын жаңа өзіңе айтқан бальзамды, — құдай атымен ант етейін, құлағым ауырып шыдатпай барады, — дайындап алатын қамал-сарайды іздеуге қолма-қол аттанып кетейік.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Менде бір бас пияз, аздаған сүтсірне және нанның бірнеше қатқан қабығы бар, — деп мәлімдеді Санчо, — бірақ өзіңіз секілді айбынды рыцарьға мұндай тағамды жеу онша жараспайтын секілді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бұл жайында түк ешқандай түсінігің жоқ екен-ау!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— деп дауыстап жіберді Дон Кихот.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Сен жақсы біліп қойғын, Санчо, кезбе рыцарьлар тұтас бір ай бойы нәр сызбай жүргенді өздеріне зор абырой санайды немесе қолға не түссе соны қанағат етеді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Егер мен оқыған кітаптың бәрін сен де оқыған болсаң, онда бұл саған тосын нәрсе көрінбес еді, ал мен өзім соншама көп кітап оқығаныммен, бірде-біреуінен кезбе рыцарьлардың, — тек ілуде бір, өз құрметтеріне арналған ас та төк той-думандарда болмаса, — тойынып тамақ ішкені жайындағы ескертпені таба алмадым, ал басқа уақытта олар не болса соны қорек ететін болған.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Әлбетте, оларды мүлдем тамақ ішпеген және басқа да түрлі табиғи қажеттіліктерін өтемеген деуге тіптен де болмайды, өйткені олар да өзіміз секілді адамдар болған, бірақ, екінші жағынан, олар бүкіл өмірін дерлік ормандар мен шөл далаларда өткізген, қастарында аспаз болмаған — ендеше, олардың әдеттегі азығы мына қазір өзің маған ұсынып отырғандай тым қарапайым болған деп жорамалдаудың ешқандай сөкеттігі жоқ.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сол себепті де, достым Санчо, жаным рақат табатын нәрсе үшін басың ауырмай-ақ қойсын, білмейтін нәрсең жайында билік айтпа, кезбе рыцарьды тура жолдан таюға итермелеме.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Кешіре көріңіз, тақсыр, — деді Санчо, — бірақ өзіңізге айтқанымдай, мен оқи да, жаза да алмаймын, сондықтан рыцарьлық салт-дәстүр ережелері дегеніңіз маған бір мылқау дүние.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алайда, алдағы уақытта, рыцарьлар санатында болуыңыз себепті, сізге тек кептірілген жеміс-жидекті ғана беріп, өзімді, рыцарь болмауым себепті, әртүрлі етті тағамдармен және жалпы басқа да құнарлы азықпен қамтамасыз ететін болам.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Кезбе рыцарьлар жалғыз тек кепкен жеміс-жидекті ғана қорек етуге тиіс деп отырған жоқпын саған, Санчо, — деп қарсылық білдірді Дон Кихот, — мен тек жемістер де рыцарьлардың әдеттегі азығы саналғанын айтқым келген, сондай-ақ олар далада өсетін шөптерді де талғажау еткен: өзім секілді олар да ондай шөптердің мән-жайын жақсы білген.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Шөптердің қадір-қасиетін ажырата білу дегеніңіз — бір ғанибет нәрсе, — деп тұжырды Санчо, — сондықтан біліміңіздің қашан да болса бізге әйтеуір бір көмегі тиері кәміл!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сол арада ол азықтарын алдарына жайып, екеуі ың-шыңсыз отырып тамақ ішуге кірісті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оның да, бұның да қоналқаға жетіп алуды ойлап тынышы кетіп отырғандықтан, әрі жұтаң, әрі құрғақ азықтарын әп-сәтте жеп бітірді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сосын қайтадан көліктеріне отырып, елді мекенге күн жарықта жетіп алмақ боп алғыр аяңмен жүріп кетті; алайда ұзамай күн сәулесі күңгірттеніп, онымен бірге саяхатшыларымыздың ойға алғандарын орындау жөніндегі үміттері де күңгірт тартып сала берді — дәл осы кезде бұлар ешкі бағып жүргендердің лашығы жанынан өтіп бара жатқан-ды, сондықтан осы араға қона кетуді ұйғарды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Селоға жете алмағанына Санчо Панса қаншалықты өкініште қалса, бұл түнді ашық аспан астында өткізетіні жайындағы ой Дон Кихот үшін соншалықты қуанышты болды — бұндай жағдайлар оған нағыз рыцарь екендігінің тағы бір дәлелі секілді көрінді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

ХІ тарау

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Дон Кихоттың бақташылармен не жөнінде әңгімелескені туралы

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бақташылар оларды жылы қабақпен қарсы алды; Росинант пен есегін көңілдегідей етіп жайғаған Санчо қазанда пісіп жатқан ешкі етінің иісі бұрқырап шығып тұрған жаққа қарай бет алмаққа оқталған: қазандағыны қарынға аударатын мезгіл болған-болмағанын білгісі кеп аңсары ауған, бірақ ниетін жүзеге асырудың орайы келмей қалды, өйткені дәл осы мезетте бақташылар қазанды оттан түсірді де, қой терісінен жасалған бөстекті жерге төсеп жіберіп деревнялық ас-тағамдарын асығыс-үсігіс дайын қыла қойды, сосын мейлінше қонақжай кейіппен қос саяхатшыны тамаққа шақырды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Төңкерулі жатқан мал суаратын астаудың үстіне отыруды Дон Кихотқа қолпаш көрсете нұсқағаннан кейін қашаны күзететін алты бақташы түгел бөстекті қоршап алқа-қотан отыра қалды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Дон Кихот сол орынға келіп жайғасты да, Санчо шарап құйылған мүйіз құтыны әперіп тұрмақ боп мырзасының арт жағында түрегеп тұрды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Дон Кихот оған былай деп тіл қатты:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Кезбе рыцарьлық деп аталатын құрылымның қаншалықты ізгілікті екенін және оның мүддесіне хал-қадарынша қызмет етіп жүргендердің мейлінше қысқа мерзімде, тіпті кез-келген минутта, көпшіліктің сый-құрметіне бөлене алатынын ұғынуың үшін, Санчо, сені мына ақпейіл адамдармен бірге өз қасыма отырғызғым келіп тұр, — мен, өзіңнің қожайының әрі туа-бітті сеньорың және сен, атқосшым, — екеуіміз бір ыдыстан ас жеп, бір құтыдан сусын ішетін боламыз, өйткені, әдетте сүйіспеншілік жайында айтылатын: жалғанда ол теңгермейтін ештеңе жоқ, дейтін сөзді кезбе рыцарьлыққа да бағыштауға болады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Мың да бір рақмет, — деді Санчо, — алайда, тақсыр, сізге мынадай жайды айтуға тәуекел етіп тұрмын: егер де жейтін бірдеңем болса, оны түрегеп тұрып-ақ және өзіммен өзім жападан-жалғыз тұрып-ақ, бейне императормен бір дастарқанда отырып тамақ жегендей, тіпті одан да зор сүйсініспен жеген болар ем.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал енді күлбілтені қойып ашығын айтсам, мен, әрине, қонақта отырып күркетауық етін жегенше, — ол жерде тамақты асықпай шайнауың керек, әлсін-әлі аузыңды сүртіп қоюың керек, шарапты қорғалақтай ішуің керек, түшкірмеуге, жөтелмеуге, яғни, еркіндік пен оңашалық ерік беретін басқа да бірдеңелерді істемеуге тиіссің, — сөйтіп күркетауық етін жегенше дейім-ау, тәлімсімей-ақ, қысылып-қымтырылмай-ақ үйде отырып пияз бен нанды соғып алғанды жөн көрген болар ем.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сондықтан, мархабатты мырзам, кезбе рыцарьлыққа азды-көпті қатысы бар және оған қызмет көрсетіп жүрген адам ретінде, оған қоса, тақсыр, өз атқосшыңыз ретінде маған көрсетпекке ниет қылған сый-құрметіңізді әлденендей бір кіріс кіретін әрі пайдалы нәрсемен айырбастағаныңыз жақсы болар еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, енді сый-құрметіңіз үшін сізге әбден ризамын, бірақ одан мәңгі бақиға бас тартамын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Қалай болған күнде де, саған отыруға тура келеді, өйткені өзін-өзі қор еткенді, құдай зор етеді деген ғой.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Дон Кихот Санчоны қолынан тартып, қасына отырғызды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бақташылар кезбе рыцарь дегеннен де, оның атқосшысы дегеннен де хабары жоқ жандар еді, — бұның бәрі олар үшін балдыр-батпақ сөз болатын, — сондықтан олар үнсіз ғана тамақтарын ішіп, ешкі етінің жұдырықтай-жұдырықтай кесектерін кереметтей шабытпен әрі сүйсіне қылғытып жатқан қонақтарына көз тастап қойып отырды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ет желініп болғаннан кейін лашық иелері бөстекке тау-төбе ғып шошқа жаңғақ төгіп, әк тастан жасалғандай қатты дөңгелек сүтсірненің жарты бөлігін әкеп қойды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал бұл кезде құты да сапарын жалғастырып жатқан болатын: су шығаратын машинаның шелегіне ұқсап біресе толы, біресе бос күйінде жиі-жиі шеңбер аралап жүргендіктен бақташылар шығарған екі торсықтың бірін қиналмай-ақ түгесіп тастаған.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Тамаққа жақсылап тойған Дон Кихот бір уыс жаңғақ алып, соған зер сала қарап біраз отырғаннан кейін былай деп сөйлеп кетті:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бұрынғылар алтынға балап әспеттеген, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған сол заманға не жетсін, шіркін — әрине, біздің бүгінгі темірге тәуелді боп қалған тұсымызда зор құндылық саналатын алтын сол заманда тегін болды дегеннен емес, сол кезде ғұмыр кешкен жандардың: сенікі және менікі деген екі сөзді білмегендігінен туған ұғым еді бұл.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сол бір құдай жарылқаған заманда барлығы да ортақ болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Күндізге қажет азықтан қамсыз болуы үшін адамның қолын созып, еңселі емендерге қарай ұмсынғаны-ақ жетіп жататын, бұтақтары да оған қарай бұрылып, былбырай піскен тәтті жемісін шаш-етектен тарту ететін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ағысы шапшаң өзендер мен мөлдір бұлақтар қанша ішсең де сарқылмас дәмді де кіршіксіз таза суымен шөлін қандыратын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Данагөй де еңбекқор аралар қуысты жартастар мен кеуекті ағаштарда өз мемлекеттерін орнатып, алақан жайған жанның бәрін айрықша тәтті еңбектерінің тіл үйіретін жемісімен ақысыз-бұлсыз жарылқап жататын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Тығындық жуан емендер өз бойларынан жалпақ та жеңіл қабығын сыдырып беретін — олар мұны басқа бір оймен істемейтін, шарапатын тигізуді көздейтін, сөйтіп адамдар онымен өздерінің қарабайыр бағана-тіреумен ұстатылған құжыраларын жабатын, — жапқанда тек әншейін емес, жауын-шашыннан қорғану мақсатын ғана көздейтін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ол кезде барлық жерде бірдей достық, тыныштық және келісім үстемдік етіп тұрды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ауыр соқаның қисық түрені ол кезде әлі түп анамыздың төсін тіліп, шарапат толы ішкі құрылысын зерттеуге тәуекел ете қоймаған еді, өйткені оның құнарлы да кең шалқар аясы сол тұста өзіне иелік еткен балаларын барлық жерде бірдей және ерікті түрде көңілдері не қаласа соның бәрімен тойындырып, ішіндіріп және шаттандырып отырған болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ол кезде биік төбелер мен жазық далаларда үстеріне ар-ұятымыз қашан да бүркеуді талап еткен және бүгін де талап етіп отырған жерді ғана қымсына көлегейлейтін киім киген, жалаң бас, бас киім орнына иманжапырақ пен шырмауықтың балғын жапырақтарынан гүлдесте таққан, — соңғы кезде бұл сәнге айналып, оны әшекейлеуге алуан сипатта құбылта қолданылатын Тир пүліші мен жібек пайдаланылады, — сүйкімді де аңқау бақташы қыздар қыдырыстап жүретін және осындай киім-кешегімен-ақ олар, біздің не істерді білмей ерігіп, не қилы оғаш нәрселерді ойлап тауып, әурешілікке түсіп жүрген зиялы ханымдарымыз секілді паң да нәзік көрінген шығар.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ол кезде сүйген жүректің аңсары қалай ауса солай, жасанды түрде сәндеп-әрлемей-ақ және астарламай-ақ қарапайым да табиғи түрде жеткізілетін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Шыншылдық пен турашылдықта өтіріктің, екі жүзділіктің және жымысқылықтың жұқанасы да болмайтын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Пайдақорлық пен қараулық бүгінгі күні осынша қорлап, қуғынға салып және пендешілікке итермелеп жүрген әділ сот ол кезде өте қаһарлы болатын, әлгі аталғандардың оны басынуға немесе тура жолдан тайдыруға тәуекел етерлік шамасы жоқ-ты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жазаны көңіл ауанына қарай бере салу деген нәрсе соттың қаперіне кіріп те шықпайтын, өйткені ол кезде біреуді бірдеңе үшін сотқа тарту деген болмайтын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қыздар болса, әлгінде айтып өткенімдей, базары бойында, тиым да, тексеру де көрмей, әлдебіреудің нәпсіқұмар азғындығы салдарынан жәбір көрем деп те қорықпай, қалаған жеріне барып жүретін, ал егер қыз белгісін жоғалтар болса онда бұл тек өз ықтиярымен және ықыласымен ғана жасалатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, бүгінгі залымдық жайлаған заманымызда олардың бәрі қорғансыз, тіпті оларды Криттегі секілді шығар жолы шырғалаң әлденендей бір жаңа қапасқа апарып қамап тастасаң да, — өйткені, нәпсіқұмарлықтың құрты әуеде ұшып жүреді, анау әлгі ант атқыр зиялы ортада жүз көрсетуге құштарлықтың қырсығынан ашпайтын есігі, кірмейтін тесігі жоқ, — тіпті, соның өзінде де әлгі қапастан оларға қайран болмас еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Заман оза келе әлемде зұлымдық көбейген үстіне көбейе түсті, сөйтіп ақыр аяғында оларды қорғау үшін кезбе рыцарьлар ордені жасақталды, оған қыздарды қору, жесірлерге жәрдем беру, қаріп-қасерлер мен жоқ-жітіктерге көмектесу міндеті жүктелді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Міне, сол орденнің бір мүшесі мына мен болам, бақташы бауырларым, сөйтіп енді қазір өз атымнан және атқосшымның атынан сіздерге ас-суларыңыз бен қонақжай көңілдеріңіз үшін алғыс айтуды жөн көріп отырмын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ақиқатына келгенде, кезбе рыцарьға қол ұшын беру жер бетінде ғұмыр кешіп жүрген барша жанның төл парызы боп табылады, бірақ, осынау өз міндеттеріңізді білмегендеріңізге қарамастан мені ақ көңілмен қарсы алып ішіп-жем бергендеріңізді біліп отырғандықтан, еш жалғаны жоқ ақ пейілдеріңіз үшін еш жалғаны жоқ мақтау айтқым келеді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Рыцарымыз осынау ұзын-шұбақ сөзін ақыры аяқтады, расында, бұл сөзді мүлдем айтпаса да дәнеңе етпес еді, бірақ бұған бақташылар әкелген жаңғаққа назар бөлуі түрткі болып, алтын заман ерекшеліктері есіне орала кетіп, сол турасындағы ой-түйіндерін ешкі бағушылармен бөліскісі келген-ді, ал әлгілер болса оған не шатып отыр деген кейіпте беттері бедірейіп үн-түнсіз құлақ салды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Санчо да тіл қатқан жоқ; үнемі жаңғақ жеумен болып, бақташылар ішіндегі шарабы салқындасын деп еменге іліп қойған екінші торсыққа деміл-деміл барып-қайтып жүрді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Кешкі ас әлдеқашан ішілген-ді, бірақ Дон Кихоттың аузына тыным болмай әлі сөйлеп отырған; ақыры бақташылардың бірі оған былай деп тіл қатты:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Мархабатты мырза, сеньор кезбе рыцарь, өзіңізді шынымен-ақ бар ықыласымызбен құшақ жая қарсы алғанымызға көзіңіз анық жетуі үшін қазір көп кешікпей осы араға келіп те қалатын бір бақташыдан ән айтып көңіліңізді көтеріп, құлағыңыздың құрышын қандыруын өтінгіміз келіп отыр.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ол өзі өте зерек, сезімтал жігіт, ең бастысы, оқи да, жаза да алады, ал равельде ойнаудан оған ешкім теңесе алмайды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бақташы осыны айтып ауыз жабуы мұң екен, ойламаған жерден

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

равель әуезі құлаққа шалынып, шамалыдан соң оны тартқан адамның өзі де бой көрсетті: бұл жиырма екілердегі, әп-әсем жігіт екен.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жолдастары одан тамақ іштің бе деп сұрады; жігіт іштім, деп жауап қатты, сөйткен соң әлгінде ғана сол туралы әңгіме қозғаған бақташы оған:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Олай болса, Антоньо, бізді рақатқа батыр, бір ән орындап бер, орманда да, тауда да музыкадан хабары мол жандарды жолықтыруға болатынына құрметті қонағымыз көз жеткізіп кетсін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Біз оған қандай қабілеттерің барын хабарлап та қойдық — енді сен өтірік айтпағанымызды дәлелдеу үшін сол қабілеттеріңді көрсетуің керек.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сонымен, сенен сұрайтыным: отыра қал да, немере ағаң, священник өзіңе арнайы шығарып берген, біздің селодағылар қатты ұнататын ғашықтық машақаттарың жайындағы әніңді айтып бер, — деді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Мақұл, — деді жігіт.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жұртты көп жалындырып жатпаған ол еменнің түбіріне кеп отырды да, равелінің күйін келтіріп алған соң соншалықты сүйкімді дауыспен әнін бастап кетті:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сен мені, Олалья, сүйесің,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл жайында маған, әрине,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Білдірмесең де тіпті қабақпен —

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жүректің мылқау тілімен.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Соныңды ішім сезген соң,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Күмәнді қойдым ысырып:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сүйетінімізді жасырып қайтеміз,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Мәлім болса ол өзімізге.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оқтын-оқтын сен мені

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сендіргің әбден келеді-ақ,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жүрегім қатты — қоладай,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қос алмам суық — тастай, деп.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Өзімшіл, менмен пиғылдың

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Шілтерінен қараңғы,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Құпиялап үміт мегзейді,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Киімінің шет-пұшпағын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Дәме ғып соны ентігем,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Білмеймін, бірақ, әлі күн:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сүйінерді де — ұнадым деп,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Күйінерді де — жылағым кеп.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Болса егер шынымен,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сыпайылық — махаббат нышаны,

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сенуіме болар, ұзамай

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Орындалар деп үмітім.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Берілетіні рас болса егер
Көрсетілді: 300 / 47388