Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Отқа лақтырыңдар оны! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Шаштараз сөреден тағы бір томды алып: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мынау Рыцарьлық айнасы деген кітап екен, — деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Білемін бұл құрметлу кітапты, — деді священник. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мұның кейіпкерлері сеньор Ринальд Монтальванский мен оның Кактың өзінен де асып түсетін алаяқ дос-жолдастары және Францияның Он Екі Пэрі мен олардың шыншыл жылнамашысы Турпин боп табылады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Солай бола тұрса да, шынымды айтсам, бұлар атақты Маттео Боярдо туындысының өмірге келуіне ықпал еткендіктен мен оларды мәңгілік қонысқа аттандырған да болар ем. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал, Боярдоның шығармасына келсек, ол, өз тарапынан, шынайы христиандық сезімге басы бүтін берілген ақын Лодовико Ариостоға арқау болды, бірақ егер осы бөлмеден маған Ариосто ұшыраса қалса және оның өз ана тілінде сөйлемей, басқа тілде сөйлеп тұрғаны анықталса, онда мен оған ешқандай құрмет белгісін көрсете алмаған болар ем, ал егер өз тілінде сөйлеп тұрса, онда оны төбеме көтерер ем. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Менде оның итальяншасы бар, бірақ оны түсінбеймін, — деді шаштараз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Түсінбегеніңіздің өзі жақсы, — деп іліп әкетті священник, — егер Ариостоны Испанияға алып келмесе, одан кастильдік адам жасап шығармаса, біз әскербасы сеньорды да кешірген болар едік: себебі осындай әрекеті арқылы ол бұның талай тартымды табиғи қасиетінен жұрдай етті ғой; ақиқатында, бұл поэтикалық туындыларды аударуға талап қылатындардың бәрінің басында болатын жай, өйткені өз жұмысына айрықша жауапты қарайтын және айрықша шебер деген аудармашының өзі де аталған дүниелердің түпнұсқа түрінде көтерілген биігіне ешқашан шыға алмайды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Тоқ етеріне келгенде, француз шығармашыларының қиыннан қиыстырған басқа да дүниелерімен қосып, бұл кітапты да кеуіп қалған құдықтың түбіне тастау керек, кемел оймен қайта үңіліп, бұларға қандай шара алу керегін ойлап тапқанымызша сонда жата берсін; ал енді маған салсаңыздар, мен Бернардо дель Карпьоға кешірім жасамас едім, оның осы арада бір жерде бұғып жатқаны кәміл, сосын Ронсеваль деп аталатын тағы бір осындай кітап бар: осы екі кітап, қалай қолыма түссе солай дереу күтушінің қолына тапсырылады, ал күтуші болса оны еш шімірікпестен отқа жібереді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Шаштараз священниктің пікірін қоштады — өйткені, оны ізгі ниетті христиан және дүниедегі бар жақсылықты басыңа үйіп-төгем десең де айнымайтын ақиқаттың адал досы санайтын, сондықтан оның байламдары оған әрі әділ, әрі өте орынды көрінді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сосын ол тағы бір кітапты ашты: бұл Пальмерин Оливский еді, ал оның қасында Пальмерин Английский тұрған. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Аттарын оқып шыққан лиценциат: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мына оливаны16 аяқпен таптап, отқа өртеп, күлін желге ұшырып жіберу керек, бірақ ағылшынның пальмасын көздің қарашығындай қорғап, Александр Македонский Дарийден түскен олжаның арасынан тауып алған, сосын оған Гомер туындыларын салып қойған қол сандық секілді арнайы сандықшада сақтаған жөн, — деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұл кітапты қадір тұтудың мынадай екі себебі бар, қадірменді достым: біріншіден, ол өзі соншалықты жақсы дүние, ал, екіншіден, егер аңызға сенетін болсақ, оны португалдық бір данагөй король жазған көрінеді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Байқа-бақыла қамал-сарайындағы қым-қуыт оқиғалар өте тартымды — мұның бәрі авторының асқан шебер екенін айғақтап тұр. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Байқампаз автор кейіпкерлерінің қоғамдағы өз салмақтарына орай пікірлері де көңілге қонымды болуын және өз ойларын ажарлы сөзбен айқын жеткізе білуін қатаң бақылап отырады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сонымен, сеньор маэсе Николас, рақымшылық етсеңіз, бұл роман да, сондай-ақ Амадис Галльский де отқа жағылуға жатпайды, ал басқалары ешқандай тергеу, тексерусіз-ақ құри берсін. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сәл кідіре тұрыңыз, қадірменді достым, — деп қарсылық білдірді шаштараз, — мына арадан әйгілі Дон Бельянисті тауып алдым. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Екінші, үшінші және төртінші бөлімдерінің зәрін шамалы азайту үшін, — деді священник кесіп-пішіп, — оған рауғаш берген артық болмас еді, сосын қалғанының бәрін лақтырып тастау керек; ал, Даңқ қамал-сарайына және одан да өткен өрескелдіктерге келер болсақ, соттың талқылауын біраз уақыт кейінге қалдыра тұрайық, сөйтіп оның түзелген-түзелмегеніне қарап жұмсақ немесе қатаң үкім шығара жатармыз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал, әзірше, қадірменді достым, оны өзіңіз ала тұрыңыз, бірақ ешкімге оқуға бермеңіз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Алғанда қандай, — деп салды қуанышты шаштараз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Рыцарьлық романдарды одан әрі парақтауға кежегесі кейін тартқан священник күтушіге барлық үлкен томды алып, аулаға шығарып тастауға әмір етті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Күтуші болса бұл әмірді ықыласпен ылдым-жылдым орындады — кітаптан алау жағу оған кенептің сала құлаш кездемесін өте жұқа етіп тоқып шығудан әлдеқайда жеңіл шаруа көрінді, сондықтан бір дегенде сегіз томды бір-ақ көтеріп ала жөнелді де, терезеден сыртқа атып жіберді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бірақ, бұл оған онша жеңіл жүк болмағандықтан, біреуі шаштараздың аяғының астына құлап түсті — анау мұның нендей кітап екенін білгісі кеп бетін ашып: Атақты рыцарь Ақ Тиранттың өмір жолы деп оқып шықты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бізді шайтан айналдырып жүр! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп өзеуреді священник. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Апырай, Ақ Тирант та осында ма? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қане, маған бере қойыңызшы оны, қадірменді достым, бұл деген жан рақатының қазынасы, ләззаттың көмбесі ғой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Мұнда айбынды рыцарь дон Кириэлейсон Монтальванский, оның інісі Томас Монтальванский және рыцарь Фонсека бейнеленеді, мұнда ержүрек Тиранттың догпен шайқасы суреттеледі, мұнда бойжеткен Сүйкімдінің аярлық әрекеттері, жесір әйел Жылмақайдың жезөкшелік айла-шарғылары, сондай-ақ, ақыр аяғында, императрицаның өз атшысы Ипполитке деген сүйіспеншілік сезімі баяндалады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осы сөзіме сеніңіз, қадірменді достым, сөз саптауын бағалар болсақ, бұл әлемдегі ең тамаша кітап. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Рыцарьлар мұнда ас ішеді, ұйықтайды, төсектерінде жатып дүние салады, өлер алдында өсиет қалдырады, мұнда осы іспетті өңге кітаптардан табыла қоймайтын басқа да көп нәрсе бар. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Солай бола тұрғанымен, авторы оған саналы түрде не қилы қисынсыз нәрсені тықпалай беріпті, сол үшін оны өмірбақилық каторгаға жіберуге жаза кескен жөн болар еді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ала кетіңіз оны, оқып шығыңыз, ақиқат шындықты айтқаныма сонда көзіңіз анық жетеді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Тап солай істеймін, — деді шаштараз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Ал, мына шағын кітапшаларды неғыламыз? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұлардың рыцарьлық романдар емес, өлеңдер екені көрініп-ақ тұр ғой, — деді священник. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қолға іліккен біреуін ашып, бұның Хорхе Монтемайордың Дианасы екенін көрген ол қалған кітаптар да осы деңгейлес шығар деп ойлады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұларды өртеудің қажеті жоқ, — деді ол, — бұлар рыцарьлық романдар секілді бақытсыздық әкелмейді: зәредей зияны жоқ жақсы кітаптар. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Аһ, сеньор! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп дауыстап жіберді сол кез жиен қыз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұларды да басқаларымен бірге өртеп жіберейікші! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Өйткені, ағатайым рыцарьлық романдарға деген дәнекүстігінен айыққанымен, кім біледі, аяқ астынан өлең оқуға кірісіп, нәтижесінде бақташы балаға айналуды аңсауы да мүмкін ғой: ондай жағдайда ол тоғайлар мен шалғындарды аралап, өлең айтып, сыбызғы ойнап жүрмек, немесе, одан да ең жаманы, өзі ақынға айналмақ, ал бұл, естуімше, тез жұғатын және жазылмайтын дерт деседі ғой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Қыз дұрыс айтады, — деп мақұлдады священник, — досымыздың жолындағы бұл бөгесінді де былай ысырып тастағанымыз жөн. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал, Монтемайордың Дианасына келсек, мен бұл кітапты отқа жақпау керек, тек одан данагөй Фелисье мен сиқырлы суға қатысты нәрселердің бәрін, сондай-ақ барлық ұзын-шұбақ тармақтарды сылып тастауды ұсынамын, бұл кітаптың игілігіне прозасы мен өз қатарлары арасында алдыңғы орынға шығу құрметін қалдырайық. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Оның жанында Саламантинецтің жұрт Екінші Диана деп атап кеткен Дианасы жатыр, — деді шаштараз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сосын міне сол аттас тағы бір кітап — Хиль Полоның шығармасы. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Саламантинец басқалармен бірге аулаға аттансын, отқа жағылуға үкім етілгендердің қарасын көбейтсін, — деп шешті священник. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— бірақ Хиль Полоның Дианасын оны құдды бір Аполлонның өзі жазғандай қастерлеу керек. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қане, әрмен жылжиық, қадірменді достым, кідірістей бермейік, күн кешкіріп барады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мынау он бөлімнен тұратын Махаббат қуанышы, — деп мәлім қылды шаштараз тағы бір кітапты суырып алып, — Сардиния ақыны Антоньо де Лофрасоның шығармасы. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Діни дәрежеммен ант етейін, — деді священник, — Аполлон Аполлон болғалы, музалар — муза, ақындар — ақын болғалы әлі күнге дейін ешкім осыншама тартымды әрі осыншама жүйесіз кітапты әлі жазған емес; бұл өзі бұрынды-соңды жарық дүниеге келгендердің ішіндегі өзіндік болмыс-бітімі бар жалғыз шығарма, өзі рәуіштес барлық кітаптың ішіндегі ең тәуірі, ал оны оқымаған адамды әлі күнге шейін тартымды ештеңе оқи алмаған дей беріңіз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қане, маған бере қойыңызшы оны, қадірменді достым, — егер өзіме флоренциялық жібектен тігілген сутана тарту етілсе мен оған осы олжама қуанғандай қуана қоймаған болар ем. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Керемет көңілденіп кеткен священник кітапты былай алып қойды, ал шаштараз болса шаруасына қайта кірісті: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Ендігілері — Ибериялық бақташы, Энарестік нимфалар және Қызғаныштан сауықтыру. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұларды еш іркілместен зиялы қауымның, яки күтушінің билігіне берейік, — деді священник. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Оның себебін сұрамай-ақ қойыңдар, әйтпесе бүгін бітіре алмаймыз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұлардан кейінгісі — Филида бақташысы. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Ол әсте бақташы емес, — деп ескертті священник, — әжептәуір білімі бар қала тұрғыны. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оны әлденендей бір асыл мүлік секілді сақтап қоюымыз керек. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мына семіз кітап Алуан өлеңдер жиынтығы аталады екен, — деп мәлім етті шаштараз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Ондағы өлеңдер саны аздау болса біз оны көбірек қадір тұтар ек, — деп құлаққағыс етті священник. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Оны отап, жақсы дүниелермен бірге жағаласып кіріп кеткен жасықтарынан тазарту керек болады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Рақымшылық жасайық оған, өйткені, біріншіден, авторы менің дос-жар адамым, ал, екіншіден, бұл оның бұдан да гөрі асқақ, әрі жоғары рухты шығармаларына деген құрметіміз болсын. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Міне, мынау Лопес Мальдонадоның Әндер жинағы, — деп шаштараз жалғастыра түсті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұл автор да менің жақсы достарымның бірі, — деді священник. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Өзінің орындауында бұл әндер жұрттың айызын қандырады, себебі оның дауысындай дауыс жан баласында жоқ. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Эклогтары да біршама ұзақ, әрине, тәттінің дәмі таңдайыңнан кетпейтіні белгілі ғой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Таңдаулылар қатарына қосайық оны. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оның қасында тұрған қай кітап? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мигель де Сервантестің Галатеясы, — деп жауап қатты шаштараз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұл Сервантес дейтінмен баяғыдан жақсы достық қатынастамын, сондықтан оның өлеңдегі жетістіктері тіршілікте басына түскен жайсыздықтардан да аздау екені маған жақсы мәлім. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оның кітабында сәтті ойлап табылған нәрселер баршылық, бірақ жүзеге асырмақ болған ниет-мақсаттарының бәрі де аяқсыз қалған. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Өзі уәде еткен екінші бөлімін күте тұрайық: бәлкім, ол түзелер, сөйтіп дәл қазір өзіміз көрсете алмай отырған рақымшылыққа ақыры бір қолы жетер. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал, оған шейін өз үйіңізде қамауда ұстай тұрыңыз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Қуана-қуана, қадірменді достым, — деді шаштараз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Міне, тағы үш кітапша: дон Алонсо де Эрсильяның Арауканасы, кордовалық сот Хуан Руфоның Австриадасы және валенсиялық ақын Кристоваль де Вируэстің Монсерраты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұл үш кітап, — деді священник, — испан тілінде жігерлі рухта жазылған дүниелердің ішіндегі ең тәуірі: бәрі де ең әйгілі деген итальяндық дастандармен иықтас тұр. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бұларды сақтаңдар — испан поэзиясының асқар шыңы ғой бұлар. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ақыры священник кітап тексеруден қажыды, сондықтан ол қалғанын тексермей-ақ түгел отқа жағуға кеңес берді, бірақ дәл осы кезде шаштараз тағы бір кітаптың бетін ашқан-ды — ол Анжеликаның көз жасы екен. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мұндай кітапты отқа жағуға мәжбүр болсам мен де көз жасымды төгер-ақ едім, — деді священник, — өйткені, оның авторы тек Испаниядағы емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең жақсы ақындардың бірі, оған қоса ол Овидийдің кейбір дүниелерін керемет жатық аударған кісі! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
ҮІІ тарау |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ізгі ниетті рыцарымыз Ламанчалық Дон Кихоттың екінші мәрте аттануы жайында |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дәл осы мезетте Дон Кихоттың дауысы естілді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мұнда келіңдер, мұнда, жаужүрек рыцарьлар! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп айқайлады ол. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Жүректің айбаты мен білектің қайратын көрсетер шақтарың келді, әйтпесе сарай маңындағы рыцарьлар турнирде жеңіп кеткелі тұр! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Кітап қоймасын тексеруді доғарып, тасыр-тұсыр дыбыс шығып жатқан жаққа қарай тұра жүгірулеріне тура келді, — кейбіреулер Карлиада мен Лев Испанскийдің, сондай-ақ дон Луис де Авиль жазған Императордың іс-әрекетінің, — ал бұлардың сұрыпталмаған кітаптар арасында жатқанына еш күмән жоқ-ты, — тергеусіз-тексерусіз отқа лақтырылғанына осы жайдың қырсығы тиді дегенді айтады, себебі егер священник көрген болса, бұлардың осыншалықты ауыр жазаға тартылмауы да ықтимал еді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот жатқан бөлмеге келіп кірген достары мен жақын-жуықтары оның төсектен тұрып кеткенін көрді; ұйқыдан енді оянған жан сияқты емес, өте сергек: сол баяғысынша айқайын салып, алақтап, семсерін анаған да, мынаған да бір сұққылап жүр. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Келгендер оны шап беріп ұстап, күштеп төсекке әкеп жатқызды — содан кейін ғана ол азды-кем сабасына түсіп, священникке қарап бәсең үнмен былай деп тіл қатты: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Әлгі Он Екі Пэр дейтіндердің турнирдегі жеңісті сарай маңындағы рыцарьларға тектен-тек қолдан бергені масқара нәрсе ғой, солай емес пе, сеньор архиепископ Турпин? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал, біз, кезбе рыцарьлар болсақ, үш күн бойы қатарынан жеңістен жеңіске жетумен болдық қой! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Жә, болар, жарқыным, жетер енді, қадірменді достым, — деді священник оған. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Құдай сәтін салса, бәрі де орнына келеді — бүгін құралақан қалғанның орнын ертең толтыруға әбден болады; ал енді, жарқыным, өз денсаулығыңызды ойлаңыз: меніңше, сіз қатты қалжыраған секілдісіз, бәлкім, тіпті жарақаттанған да болуыңыз мүмкін. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Жарақаттануын жарақаттанған жоқпын-ау, — деді Дон Кихот келісіңкіремей, — әйтсе-дағы мені оңдырмай төмпештеп, соққыға жыққандарында шүбә жоқ: антұрған Роланд маған шоқпар ала жүгірді ғой — қызғаныштан ғой бәрі де, өйткені, жүректілік жағынан оған дес бермейтін адам жалғыз мен емеспін бе. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бірақ, енді төсектен тұрған бойда дабыра-даңқына қарамай одан кек қайтармасам, Ринальд Монтальванский деген атым құрысын. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Әзірге маған жейтін бірдеңе беріңіздер, дәл қазір тамақтан басқа ештеңеге зәру боп тұрғаным жоқ, ал өз намысымды өзім-ақ қорғай алатыным кәміл. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихоттың тілегі орындалды: оған тамақ әкеп берілді, содан соң ол ұйықтап қалды, ал өңгелері оның есалаңдығына тағы қайран болысты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сол күні түнде күтушінің асқан ықтияттылығымен барлық кітап — аулада шашылып жатқандары да, бөлмеде қалғандары да — бірі қалмай өртеліп, күлі ғана қобырап қалды, солармен бірге, шамасы, мәңгілік сақтау үшін архивке тапсыруға лайықты дүниелер де кеткен болу керек, бірақ бұған тағдыр мен сұрыптаушының селқостығы сеп болған шығар — “күнәкардың кесірі тақуаға да тимей қоймайды” дейтін мақалдың шығуы тегін емес қой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Священник пен шаштараз екеуі өздерінің дос-жар адамын меңдеп алған сырқаттың мың да бір емі — кітап қоймасының есігін бітеп тастау деген шешімге келді (себептің көзін құртсаң салдар да өзінен-өзі жойылуы мүмкін ғой, деген дәмемен), ал төсектен басын көтерген анау кітаптарын таппай қалғанда, оған әлдебір сиқыршы барлық кітабымен қоса бөлмені де ұрлап кетті деп айтпақ болысты; және мұның бәрі кереметтей ыждағаттылықпен іске асырылды. |