Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
тым жырақтан ұлыған аш қасқырдың үні де... Азапты жүріс, азынаған ой да – бәрі-бәрі, бәрі-бәрі жоқ, тек өзі ғана... тек өзі ғана... тек өзі ғана ма еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Баяғыда аспан не деген түпсіз, көкжиек не деген шексіз еді: өз ойымменен өзім арпалысып жатып, күннің еңкейгенін, енді түнгі ұйқысы – ұясына бататынын, сонымен бірге бүгінгімен бақилыққа қоштасатынымды, бірақ жылдар сусып өткен сайын дәл осылай қыстан қалған маяның үстінде көкке қарап шалқамнан жатқан жалқы сәттік оңаша күйімді сағынатынымды байқадым ба сонда; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ой дегенің сол Аспан, сол көкжиек сияқты шексіз де шетсіз емес пе; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ендеше, жүз рет ойлағанша, көз шалқыған, батар күннің нұрына балқыған көктемнің кербез келбетіне бір рет қарағаным ғанибет емес пе; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
араға талай жылдар салып, туған аулыңа қайтып оралсаң, көзіңе көрінгеннің бәрі-бәрін аймалап сүйіп, айналып-толғанып, жылтырап айрылып қоштасарсың; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
әмбе мынау көктем сені дүниеге тағы бір тудырып, бұдан бұрынғы, бұдан кейінгі өміріңнің айтып өтер әсем әніндей, жүрегіңнің нәзік қылын шерткен; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
жаңа ғана қаушағын ашқан қыр гүлі, жапырақ жайған жас қайың, мөңкіп ағар таудың ерке бұлағы, тәй-тәй басқан үкілі жас бота, енесін қақтай емген қара қасқа құлын, туған жеріне қайтып оралған аққу-қаз мазасыз тірліктен шаршаған жанымды жаңғыртқан: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
даланың балдай тәтті ауасын кеуде кере жұтып жіберсең, сарайың ашылып, өз-өзіңнен, мейлі мақау болсаң да, әйтеуір, бір әнді емін-еркін шырқағың келер, таласып байып батар күн мен жатқан маяның көлеңкесін ұзартып, көгі енді ғана тебіндей бастаған төбелерді маздатқан; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
таласып байып батар күн бар аймақты алтынмен аптап, өмір шаттығының салтанатты шатырына айналдырады; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
таласып байып батар күнге қарсы жүріп келе жатқан Қыз шөп үстіндегі мені байқамай көзінде күннің қып-қызыл алауы секіріп ойнап, мен өмір бақида естімеген, әрі нәзік, әрі сыршыл әуенді ыңылдаған еді; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ауылдан қырға ұзап шығып, сұғанақ көздер тұтқынынан босап, оңаша қалған жас Қыз алтын ағыстың ортасында жүзген аққуға ұқсайды; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
мынау көктемнің бір бөлігіндей болып өзінің алаңсыз көңіл күйіне еркелегендей еді-ау; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ол жаратушысын да, жарылқаушысын да білмейді, тек қана, әйтеуір, бір ғайыптан пайда болған, ессіз қуаныш құшағына алып, әлдилеп тербейді, әлдеқандай сұлу һәм сыршыл дүниеден сыбырлап әңгіме айтады; рақаттың, бақыттың буы өне бойын қытықтайды; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
мен ғана кереметпін, мен ғана асқан сұлумын деген тәкаппар сезім жетегіндегі ару өң мен түстің екі арасындағы бейкүнә масаң халде еді; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ол әндеткен күйі мен жатқан маяның жанына келіп тоқтады; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қыздың осынау оңаша алаңсыз еркіндігін үркітіп алмас үшін иісі бұрқырап жатқан сарғылтым шөпке бұға түсіп едім ғой; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
жас Қыз күн нұрымен шағылысып, сынаптай толқыған бұлақ суын ішкен алтын киікке айналған; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
жұқалаң көгілдір көйлектің тарлау тігілісі балғын дененің әр мүшесін айқындап, алқына соққан жүректің лүпілінен жыртылардай болады; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
не ұзын, не қысқа емес қою шаш бұйралана қобырап, ашық маңдайды қызғана жасырады; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ал енді ғана мүсіндене бастаған тіп-тік балтыр миуа ормандарда сирек кездесетін қос қайыңның сүмбіл бітіміндей; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ал тал шыбықтай бұралған талдырмаш бел үп етіп самал тұрса майысатындай; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ал батар күннің батсайы бояуын жағынған жібек мойын, баян төс пен қара көз – менің де, сенің де тек түсіңде ғана көріп, эпостық жырлардан ғана оқитын ертек сынды, сиқырлы әмбе сымбатты теңдесіз сұлулық; күн батты, сонда да оның қара көзі мен садақтың оғындай кірпіктеріндегі нұр жоғалған жоқ, күн әулиенің түнді сәулелендіруге қалдырған Аманатындай, мен демімді ішіме алып, қыбыр етпестен жатқаным; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
қыз күліп аққан бұлаққа аяғын салып, тәтті арман, биік қиял қанатында отырған; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ол енді ыңылдап айтқан әуенді доғарып, өзгеше әдемі мұңға бөленген; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
бейбітшілік, бақыт, қуаныш – деген ұғымның нағыз мәнін де, сәнін де мен осы қыздың бойынан таптым: қарабарқындана бастаған көктем кешінде екі тізесін құшақтай отырған осынау қыз, мүмкін, жылдар бойы тылсымнан, ертеңімнен немесе ертегіден іздеп жүрген махаббатым ба еді: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
мен сонда дүниеде дәл осы қыздай сұлу, дәл осы қыздай әнші, дәл осы қыздай бақытты адам жоқ деп білдім; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
оқыстан пайда болған күнәсі жоқ мөлдір сүйіспеншілігімнен шошындым да; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
енді қалған өмірімнің мәйегі, жер қойнына кіргенше айтып өтер дұғасы – тек сенсің, намаздыгер-намазшам арасында ғайыптан туған көктем – қыз деп едім-ау; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
сен маған бұдан екі жыл бұрын неге жолықпадың... жүрегім тоқтап қалған секілді: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
әлдекім түпсіз зынданға тастап жіберген секілді; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
көзімді жұмдым – бәрібір қарабарқын кешті нұрландырған көк көйлекті көктем-қызды көрдім, әне, қос қанаты бар қалықтап ұшып барады, әне, оқыстан киліккен қара құс іліп алды да көз көріп, құлақ естімейтін алысқа алып ұшып кетті... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
шошынып барып көзімді аштым: көктем-қыздың періштеге балаған иығына қолын салып, жыртың-жыртың күліп тұрған дарақы жас жігітті көрдім, икеміне беріліңкіремеген қыздың қолынан жұлқа тартып, мен үшін белгілі әрі белгісіз жаққа өзімсіне жүр-жүрлеп, қоюлана бастаған қараңғылыққа сіңіп бара жатты, орнымнан атып тұрып, соңдарынан қуғым келді; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
қызғаныштан өртенген жүрегімді жұлып алып, солқылдап тұрып ағыл-тегіл жылағым келді; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
бірақ кейінгі кезде орныққан ақыл меңдеді ме әлде ежелгі дәрменсіздігім тұсау болды ма |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– көкірегім қарс айрылып, өкінгенім болмаса, батылым жетпеді: шалқамнан түсіп қара көк Аспанға қараймын; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
жұлдыздар жыпырлап молайған, тым биіктен қызықтырып, көз қысады, әне, жұлдыз ақты – еш нәрсе ойлап үлгере алмадым; тағы да... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Маған жұлдыздар жауып тұрғандай болып сезілді: ұстайын дедім – Аузымды аштым, алақанымды жайдым – маңайламады: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
салқын да саябыр тартқан дала бейқам, төсінде болып жатқан сан қуаныштан, сан өкініштен бейхабар; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
жаңа ғана бар жастығымды, бар махаббатым мен базарымды ұрлап, көз алдымда қолтықтап кеткен танымайтын сары ауыз жігітті күні бүгінге дейін өлердей жек көремін, менікі әншейін жалған құмарлық емес, көктемгі бейуақытта туған шыншыл сезімнің айында-жылында, не басыма іс түскенде, не көрер таңды көзіммен атқызып сырқаттанғанда, санамда жалқы сәт сәулеленіп, сонсоң ғайып болар рухани пірге деген ұлы ынтызарлық болар... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мен білемін – «құмарлық кеме желкендерін кеулейтін жел секілді – кейде, ол да суға батырады, бірақ ол онсыз жүзе де алмас еді» – менің ойым мен бойымды билеген әсте де ондай сезім емес, іңірдің өзіндей келте де кемеңгер, мәңгі толастамас жұмбақ сүйіспеншілік; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аспанға қарап шалқамнан жатырмын: мұрынға кепкен шөптің иісі келеді, жұлдыздар ағып тұр; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ауыл жақтан: «Нұржан...» – деп шақырған анамның үйреншікті айқайы естілген, «Нұржан... үйге қайт... құлыным...» – Иә, сонда Аспан не деген түпсіз еді, көкжиек не деген шексіз еді... шексіз еді... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қайда қарасаң да аппақ қар сеңдей сірескен, тұтаса қасаттанған суық дүние... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алыстан – тым шалғайдан қыздың сыңсыта салған әні келді құлаққа... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Күндізгі дүрдараздықтан соң Аманжан да кірпігіне кірпігі айқаспай бадырайып жатыр еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әбден май сіңді болған сабалақ жүнді шолақ қара тонды қаусырына түсіп сонау бір шақтағы... жадыраған жаздағы оқиғаны есіне алды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Есіне алып еді, бойына жылу тарап, екі тізесінің тоңғаны бәсеңсігендей болды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Адамның ойына осындайда тек естен кетпес өмірінің әдемі сәт елестері қандай жақсы... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Иә, онда жайма-шуақ жаз еді-ау, жаз болатын, жайлау болатын: «Тақымымыздағы ат арқырай кісінеп қоя берді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кешкі сауын бітіп, ағытып жіберген құлын енесімен табысып, жылқылардың алды қарағайлы беткейге жосыла өріп барады екен; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
оқта-текте үйірін қызғанысып, алакөз боп тебіскен айғырлардың шаң-шұң даусы шығады; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ондай сәтте төрт қанатты киіз үйдің алдында тұрған жылқышы «ай-үй» деп арашалай айғай салады; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
үйдің қыр жағына қағылған мама-ағашқа атымызды байлап, үйге беттедік; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
жылқышы қонақжай адам екен, ізгі ниет білдіре есендесті; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
киіз үйден сабаға сар-сұр құйып жатқан саумал даусы, аяқ-табақтың сылдыры естіледі; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
бірте-бірте үйіріле берген ымырт ұзап бара жатқан жылқылардың қалың қарасын ғана көзге сүлделендіріп, жерошақтағы бықсып жанған оттың сәулесін айқындай түседі; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
сонау алып бурадай шөгіп жатар таудың қыр желкесіне күміс шеге қағылды, ол түн |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Арудың алғашқы хабаршы жұлдызы – қойшы жұлдыз, өріске беттеген жылқының пысқырынған-осқырынғаны естілмей, ендігі сәтте көзден тасалана бастады, тек анда-санда алакөз боп кетіскен айғырлардың ғана жан айқайы шығады; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
енді үйден гүрпілдете піскен сабаның даусы шықты; алыстан... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Анау бұйығы-бұйығы жүндес жотаның ар жағынан «Жолдаяқ, Жолдаяқ» деп шақырған қыз үні естіледі; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
оның жіңішке де жарасымды даусы қараңғылық ұйып, қалғи бастаған тау аңғарын жаңғырықтырады; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
алаңсыз арманшыл қыздың жалғызсырағандағы бар ермегі – сол Жолдыаяқ-ау деп ойладым; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
екі қолын артына ұстап, жылқылар ұзаған жақтан екі көзін алмай тұрған жылқышы елең етіп: «Ақбілек қой, қойшылардан келе жатқан», – деді; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
біз үйге кірдік; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
саба пісіп тұрған сұңғақ бойлы әдеміше әйел имене есендесті де, іркілместен қымыз құю қамына кірісті; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
бетінде майы жүзген қымызды сыңғыта ішіп жібергенде көзіміз шырадай жанып қоя берді; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
екі-үш кеседен кейін жаздың күшті қымызы бойымызды қыздырып, бүкіл көрініс қайта жасарды, біз өзімізді өзгеше көңілді, сергек сезіндік, үй иесі әңгімешіл адам екен, ауыз жаппай сөйлеп отыр; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
сырттан ат дүбірі естілді де, әлдебір әннің әуенін ыңылдап, әлдекім кірді үйге; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ол күпәйкесінің жан қалтасына қолын салған күйі босағаға сүйеніп, қалт тұрып қалды; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
сымдай ғып киіп алған қара шалбар, басына ораған жұқалтаң қызыл жаулық, күпәйкесінің жағасынан әнтек көрінген ақ кеудешенің жағасы – бәр-бәрін сұмдық шапшаң әрі тінте шолып шықтым да от қызуы мен ондық шамның сәулесі нұрландырған жүзіне үңілдім; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
білмеймін, мүмкін, қымыз қыздырып, көзім бұлдырап отыр ма, әлде ес білгеннен бермен ойша қиялымнан, әсіресе алдағы күндерімнен толассыз іздейтін, |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
бірақ ол не – Адам ба, періште ме,– өзім де сезініп білмейтін жұмбақты бейне, сағыныш дейтін буалдыр сағымның арасынан жалт еткені ме; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
аса тұрпайы, әрі жалынышты көзбен қарасам керек; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
екеуміздің де жанарымыз жалт етіп, былайғы жұрт есін жиып алғанша қарасып, һәміштей ұғысып та үлгердік; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
маған оның еш аламанға ұқсамайтын табиғи дидарына енді бір қарауды жазбапты; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
әкесі – Ақбілек, қымыз ішіп ал да, жылқыны Ешкі өлгенге бұрып жібер, – деді; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ол қымыз ішкен жоқ, үндемеген қалпы оқыс бұрылып шығып кетті; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
мен жаңа ғана жасқанып кеткен кірпігімді қайта көтергенімде босаға бос тұрды; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
бірақ Ақбілектің бейнесін ойша елестеттім: маған ол сол босағада қолын қалтасына салып, әлі тұрғандай сезіледі; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан әрі-сәрі ойда еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шалдың мінез-құлқына түсінбей дал! – Ата, – деді жуас үнмен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Егер шын қызықсаңыз, алыңыз пиманы. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мен сіздің ескіңізді киейін... Тек менікі емес еді деген сөз ғой... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алыңыз... – Рақмет, – деді шал төсегін қамдап. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бұлүйде көрпе-жастық жоқ. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Төр алдына жантая кетіңдер. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үй жылы ғой. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бағанағыдай емес, даусы жұмсақ, қамқорлық байқалған соң жігіттер де мойындарынан мың батпан жүк түскендей жеңілейіп қалған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Май шам өлімсірей жанып тұр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әсіресе Бақытжанның қабағы енді ғана ашылып еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Адамзаттың бүкіл тірлігіне қайранмын,– деді төр алдына еңбектеп жетіп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жіңішке ағаш орындық белін әбден талдырып тастаса керек, бірден құлай жығылды да, екі қолын басына жастап, төбеге телмірген күйі әңгімесін жалғастырды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Әлденеге асығады, әкри, басын қатырып әлденені іздеп келіп жүргені... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сонда деймін-ау, қайда асығамыз, қайда бара жатырмыз? |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Неменені тіміскілеп итше іздейміз? Нұржан: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Жұрттың бәрі сен секілді ұйқылы-ояу өтуі керек пе екен өмірден. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бақытжан: – Әй, қойшы, аяқ астынан абыз бола қалмай, деп қолын бір-ақ сілтеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Басын көтеріп, малдас құра отырды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бозамық дүние, ақ қар, көк мұздың бетімен бос, қаңсыған, – – итаяқ болып қалған ағаш шананы сүйреп тентірегенге мәз боламысың. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бос шана сүйрету үшін ешқандай ақылдың, философияның қажеті жоқ. |