KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Психология

Алмажай Егенисова

Өзін-өзі бақылау осыған негізделген.

Психология

Алмажай Егенисова

Адамның өзін-өзі байқауы үшін байсалды, қалыпты жағдай неғұрлым қолайлы болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Психикалық іс-әрекеттің сылбырлығы немесе оның шамадан тыс шиыршық атуы өзін-өзі тану мен өзін-өзі байқаудың мүмкіндігін кемітеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Жүрек алып-ұшып, тым өрепкіген сәтте, бір нәрсемен құштарлана әуестену немесе бір нәрсені шоғырландыра көру кезінде өзін-өзі бақылау мүмкіндігі тарыла түседі.

Психология

Алмажай Егенисова

Мұндай жағдайда адамның өзінің көңіл-күйі туралы өзіне-өзі есеп беруі толыққанды болмайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Сондықтан өзін-өзі байқау неғұрлым толық және әрі айқын болуына жеткізетін шекара табалдырықтар деген болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Тұлғалар іскерлігі мен дағдылануына қарай өз психикасын әр түрлі деңгейде байқай алады.

Психология

Алмажай Егенисова

Өзін-өзі бақылау және өзін-өзі тәрбиелеу.

Психология

Алмажай Егенисова

Өзін-өзі тану - адамға өз басын жетілдіру үшін, сондай-ақ өмір және еңбек жоспарларына сәйкес өз іс- әрекетін жолға қойып отыру үшін қажет. Адам өз күшін біле отырып, оны еңбекте барынша тиімді пайдалануға ұмтылады.

Психология

Алмажай Егенисова

Бұл үшін ол өзінің қимылы мен әрекетін, қылығы мен мінез-құлқын бақылап және талдап отырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Адам өзін-өзі бақылау арқылы іс-әрекетіндегі қателіктерін байқайды, еңбегін дұрыс ұйымдастыра алады.

Психология

Алмажай Егенисова

Өзін-өзі бақылау жедел сипатта болады және сол сәтте өтіп жатқан әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Психология

Алмажай Егенисова

Демек, ол өз бойыңдағы жақсы мен жаманды аңғаруға, сол арқылы болашақ өмір жолыңды құруына көмектеседі.

Психология

Алмажай Егенисова

Егер ешқандай күш салу іс-әрекетті жақсарта алмаса, онда адам өз бойында белгілі бір қажетті қасиетті дамытудың немесе қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Өзін-өзі тәрбиелеу адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

Психология

Алмажай Егенисова

Өзін жетілдірумен айналыса бастаған адам тәрбиелеудің объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісіне де айналады, яғни оны тек қоғам тәрбиелеп қана қоймайды, ол өзі күш жұмсап та тәрбиеленеді.

Психология

Алмажай Егенисова

4.

Психология

Алмажай Егенисова

Жануарлар психикасының даму жолдары.

Психология

Алмажай Егенисова

Психиканың қарапайым түрі - нерв жүйесінің болмашы қасиеті бар тіршілік иелері, мәселен, құрт тағы басқа насекомдар дүниесінде кездеседі.

Психология

Алмажай Егенисова

Бұл жәндіктерге тек сыртқы ортаны шамалау, бағдарлау ғана тән.

Психология

Алмажай Егенисова

Олар тек биологиялық мәнді зат пен әсер етуші объектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілетті.

Психология

Алмажай Егенисова

Психиканың бұл сатысы сенсорлық (сезімдік) деп аталады.

Психология

Алмажай Егенисова

Мұнда тікелей әсер етуші, оның үстіне, түгелдей зат емес, оның кейбір қасиеті ғана бейнеленеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, өрмекші өрмек пен тамақтың (өрмекке түскен шыбын) арасындағы байланысты бейне-лендіреді, бақа жейтін қоректік затын түсі мен формасына қарап ажыратады, ара тағамның түсі мең иісіне, ал жылан болса, тек формасы емес, сонымен қатар өз жемтігінің денесінің температурасына реакция жасайды т. б. Тіршілік иесінің, әсіресе нерв жүйесінің құрылысы неғұрлым күрделіленіп әр түрлі органдардың атқаратын қызметі мейлінше ажыратыла, сондай-ақ организмдердің интеграциясы (организмдер қызметінің бірігуі) белсенді бола түскен сайын, психиканың бейнелеу функциясы да күрделілене түседі және оның басқару әрекеті кемелдене береді.

Психология

Алмажай Егенисова

Бұл, әсіресе нерв жүйесінің жоғары бөлігінің қалыптасуы кезінде анық байқалады.

Психология

Алмажай Егенисова

Осыдан психикалық іс- әрекеттің перцептивтік деп аталатын екінші сатысы басталады.

Психология

Алмажай Егенисова

Барлық сүт қоректілердің әрекеті осы екінші сатыдағы ерекшеліктермен сипатталады, олардың бәрінің де миы жақсы дамыған.

Психология

Алмажай Егенисова

Бұл саты үшін, бір объектінің кей кездері тіпті күрделі объектінің де әр түрлі қасиеттерін синтетикалық тұрғыдан бейнелей алу қабілеті тән.

Психология

Алмажай Егенисова

Осы жерде енді заттық бейнелей алу туралы айтуға болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, ит өз иесін даусы, киімі, иісі тағы басқа көптеген белгілері арқылы тани алады.

Психология

Алмажай Егенисова

Алайда, арнайы жүргізілген зерттеулердің көрсеткеніндей объектілерде қайсы бір қасиеттері жануар үшін өте маңызды болса, (сигнал ретінде), ал екінші біреулерінің маңызы аз болуы мүмкін.

Психология

Алмажай Егенисова

Жануарлардың бір белгілерді түсіне қоюы, оны дұрыс ажырата алуы, ал екінші бір белгілерді ажырата алмай, қателесуі осыдан.

Психология

Алмажай Егенисова

Инстинкт, көбінесе, дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.

Психология

Алмажай Егенисова

Мұны қазақша "соқыр сезім" деп атайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Инстинкттер табиғи сұрыпталу жолымен жасалады.

Психология

Алмажай Егенисова

Жануарларда болатын инстинкт - организмнің белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез құлықтың түрі.

Психология

Алмажай Егенисова

Мысалы, араның омартасы, құстың ұясы, көртышқанның іні, т.б. өте "шеберлікпен", "ептілікпен" жасалынады.

Психология

Алмажай Егенисова

Бірақ, осы мысалға қарап, бұл айтылған жәндіктер мен құстарда сананың саңылауы бар деуге болмайды, өйткені, инстинктік амалдардын бәрі - тұқым қуалау жолымен жасалынады.

Психология

Алмажай Егенисова

Жануарлардың биологиялық дамуы мен нерв жүйесінің түрліше құрылымына қарай оларда мінез-құлықтың әр түрлі түрлері байқалып отырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін өтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы өзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Жоғары сатыдағы сүт қоректілерге қарапайым тұрғыда ойлау қасиеті тән.

Психология

Алмажай Егенисова

Бұлардың ішінен, әсіресе маймылдар, бәрінен бұрын антропоидтар немесе адам тәріздес маймылдарды айту керек.

Психология

Алмажай Егенисова

Олардың миы мейлінше дамыған, өзінің құрылысы жағынан адам миына өте ұқсас, әрі басқа жануарларға қарағанда, олардың психикалық іс-әрекеті анағұрлым бай және күрделі.

Психология

Алмажай Егенисова

Психиканың бұл сатысын интеллект сатысы деп атайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Маймылдар тек қана заттың белгілі бір қасиеттерін, не бүтіндей өзін, синтездеу арқылы бейнелеп қоймайды, сонымен қатар заттардың арасындағы байланысты да бейнелей алады.

Психология

Алмажай Егенисова

Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, делфиндер) "ақылды" деп айтуға тұрарлықтай мінез-құлық көріністерін байқауға болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Мінез- құлықтың осындай түрі маймылдарға жасаған эксперименттен сан peт байқалған.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді, бірақ оған қолы жетпейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Бір кезде оның көзі қасында жатқан жәшікке түседі.

Психология

Алмажай Егенисова

Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып көреді де, әліде де қолы жетпейтіндігін байқайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып биіктеткеннен кейін, бананды алуға шамасы келеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Маймылдың осы қылығында қандай да болмасын бір мәселені шешуге ұқсас көрініс бар.

Психология

Алмажай Егенисова

Маймыл интеллектісінің өрісі тар, олардың интеллектісі, көбінесе, көзге көрінетін нәрселерге байланысты ғана туып отырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, қасында жатқан таяқты "құрал" есебінде кездейсоқ пайдаланады, оны кейіннен керек болып қалар деген "мақсатпен" сақтап қоюды да білмейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Майылдарда кездесетін осындай интеллект оның мандай бөлігінің жақсы дамуына байланысты.

Психология

Алмажай Егенисова

Егер маймыл миының осы бөлігін алып тастаса, бұрын білгенінен асып ештеңе істей алмайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Сонымен, жануарлар психикасының қандай түрі болмасын сыртқы отаның жағдайына бейімделуді қамтамасыз етеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Бұлардың бәрі биологиялық сипатта болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары 1.

Психология

Алмажай Егенисова

Нерв жүйесінің атқаратын қызметі қандай? 2.

Психология

Алмажай Егенисова

Орталық нерв жүйесінің құрылымы және оның жеке бөліктерінің атқаратын қызметі қандай? 3.

Психология

Алмажай Егенисова

Шартты рефлекстер қалай жасалады? 4.

Психология

Алмажай Егенисова

Бірінші және екінші сигнал жүйелері туралы не білесіз? 4 дәріс: Психологиядағы қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар Жоспар: 1.

Психология

Алмажай Егенисова

Психологиядағы бихевиоризм бағыты 2.

Психология

Алмажай Егенисова

Гештальтпсихология 3.

Психология

Алмажай Егенисова

Фрейдизм бағыты 4.

Психология

Алмажай Егенисова

Генетикалық психология 5.

Психология

Алмажай Егенисова

Когнитивтік және гуманистік психология 1.

Психология

Алмажай Егенисова

Психологиядағы бихевиоризм бағыты.

Психология

Алмажай Егенисова

ХХ #жиырмасыншы# ғасырдың басынан психология ғылымы екі жолмен дами бастады: 1) #бірінші# механистік материализм;

Психология

Алмажай Егенисова

2) #екінші# субъективтік идеализм.

Психология

Алмажай Егенисова

Америкада механистік материализммен байланысты бихевиористік яғни қылық психологиясы дамыды.

Психология

Алмажай Егенисова

Психологияның бұл ағымына негіз салған белгілі Америка психологтары Торндаик, Уотсон, т.б. субъективтік психологияға қарсы шығып объективтік психологияны дамытты.

Психология

Алмажай Егенисова

Олар жаратылыстану ғылымдары заттарды, болмыстарды қалай зерттесе психология ғылымы да, адамдардың қылығын сондай объективті түрде зерттеу керегін айтты.

Психология

Алмажай Егенисова

Психология ғылымын табиғи ғылым деп біліп, олар адамның қылығын, сана әрекеттерінен бөліп қарады.

Психология

Алмажай Егенисова

Қылық психологиясы адамдардың «қылығын басқаруды» ойлады.

Психология

Алмажай Егенисова

Олардың ойынша: адамның қылығы бүтіндей сыртқы дүниедегі стимулдердің әсерінен пайда болды;

Психология

Алмажай Егенисова

адам әсер етуші заттардың құлы, сыртқы әсерлер қандай болса, адамның қылығы да сондай болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Адам машина.

Психология

Алмажай Егенисова

Егер машинаны біреу жүргізсе ғана, ол әрекет етеді, ал өздігінен ешбір әрекет ете алмайды, міне адамды да сондай деп білді.

Психология

Алмажай Егенисова

Адамның санасы бар екенін, ол саналы түрде әрекет ететінін, сананың жалғыз ғана әсер етуші заттардың қорытындысы емес екендігін, адамның санасының белсенді болып, айналасындағы дүниені өзгерте алатындығын, оны меңгеріп өзіне бағындырып, билей алатын қылық психологиясы ескермейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Адамның әрекеттерін зерттеуге оның қылығын санадан ажыратып алып, қылықты санасыз деп білу – сананыпсихологиялық зерттеуден шығарып тастаумен бірге адамның әрекеттерін механистік түрде түсіну болып табылады.

Психология

Алмажай Егенисова

Қылық психологиясы эмпирикалық психологиясының сананы қате түсінуіне дұрыс қарсы тұрумен бірге, психиканы типтен алып шығарып тастауы, адамның қылығын санасыз, белсенсіз қылық деп білуі орасан қателік болды.

Психология

Алмажай Егенисова

Бихевиоризмнің пайда болуына американ зерттеушісі Э.

Психология

Алмажай Егенисова

Торндайктің енбектері елеулі ыкпал етті.

Психология

Алмажай Егенисова

Оның өзі бихевиорист болмағанымен, ол ашқан бір қатар мінез-кұлық принциптері кейіннен бихевиоризмнің өзгермес заңына айналды.

Психология

Алмажай Егенисова

Торндайктің негізгі тәжірибелері «проблемалық жәшік» деп аталатын орындарда ұсталған жануарларға жүргізілді.

Психология

Алмажай Егенисова

Жануарлардың одан шығып, азықтануы үшін белгілі бір тақтайшаны басулары тиіс болды.

Психология

Алмажай Егенисова

Торндайк «Проблемалық жәшіктердегі» жануарлардың мінез-кұлқын байқай отырып, жануарлар байқап көру - қателесу әдісі бойынша әрекет ету арқылы табысқа кездейсоқ жететіндігі туралы корытындыға келді.

Психология

Алмажай Егенисова

Үйрету, яғни бейімделу реакциясына дағдыландыру бірнеше рет қайталау (жаттығу заңы) арқылы өтеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Егер реакциядан кейінгі жағдай организм үшін тиімді болса, ол біржола бекіп, стимул мен реакция арасында нактылы байланыс (эффект заңы) орнығады.

Психология

Алмажай Егенисова

Жаттығу және эффект заңдары кейіннен дамытылды әрі толықтырылды.

Психология

Алмажай Егенисова

Американдық психолог Дж.

Психология

Алмажай Егенисова

Уотсонның 1913 #мың тоғыз жүз он үшінші# жылы психологияны, мінез- құлық туралы ғылым түрінде көрсетті.

Психология

Алмажай Егенисова

Бихевиористер мақсаты - психологияны «мінез-құлықты басқаратын және оны болжайтын» ғылым саласына айналдыру.

Психология

Алмажай Егенисова

Дж.

Психология

Алмажай Егенисова

Уотсон адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе жоқ және оның кез келген көрінісі - сырттан ынталандырудың өнімі деп айтты.

Психология

Алмажай Егенисова

Ол мінез-құлық ұғымына бір жақты ғана мағына берді.

Психология

Алмажай Егенисова

Ол ағзаның ортаға қатынасын «ынта-реакция» формуласымен анықтады.

Психология

Алмажай Егенисова

Осылайша бихевиористер психологиялық ғылымды «жансыз психологияға» айналдырды.
Көрсетілді: 33400 / 47388