KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Соғыста, тіпті одан да қиын құтылмас пәлеге кездескен адамдардың құтылып кететін таңғажайып жағдайлары бола беретін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ақыры жаманат хабар анықталды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күні бойы үмітімді үзіп жалғап, өшіріп әбден ит сілікпемді шығарған болу керек, енді келіп маған арнайы естірткенде көзімнен жас шықпай қалды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір түрлі дүние құлазып, мына сұрықсыз өмір одан бетер сұрқай тартып, бір жиренішті сезім-жалғыздық пен қорғансыздық сезімі тұла бойымды кеулеп, құлазытып бара жатты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Көңіл айта келген үш-төрт еркек те осы сұрғылт дүниеде өздері де сұп-сұр болып менен алыстап кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Қасымбек Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, ерлікпен қаза тапты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Капитан Гастеллоның ерлігін қайталап өз жанын құрбан етті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Халық оны ұмытпайды»

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Селк ете қалдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл Носовецтің даусы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жаңа Носовецтің қарасын көргенде комиссар арнайы келе жатқан соқ-ақ, жаманат хабардың расқа шыққанына көзім жетіп, шошынып буын-буынымнан жан кетіп қалған

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оның мына сөзіне неге селк ете қалғанымды білмеймін, әлде өлім деген сұмдыққа сонша әдемі сөз қосқанына — ащыға бал тамызғандай тітіркеніп қалдым ба

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір кезде байқасам жалғыз өзім отыр екем, жұрттың қалай тарап кеткенін де аңғармай қалыппын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Шамасы есіттіргеннен ойбай салып, шыңғырып жылаған әйелге басалқы айтып жұбатуға келген кісілер, мен, көзімнен жас шықпай, бедірейіп үнсіз қалған соң, өздерінен өздері ыңғайсызданып, қипақтап аз отырып, біртіндеп тарап кеткен болар, мазасын алмасын дегендері шығар, екі баланы да ала кетіпті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өзім сірә, табиғатымнан тас бауыр, қатыгез боп жаралған пәле болармын, қазақтың әйелі сияқты ойбайымды салып, шашымды жұлып, кеудеммен жер соққылап дауыс қылудың орнына безеріп, үнсіз отырып қалыппын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Енді келіп есімді жиғанда алдымен өзімнің хәлімді ойладым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Шынымды айтсам бұл ажал өзім күтпеген жерден, тура төбеден түскендей болған жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Соңғы кезде үдеп кеткен күдігім мен қобалжуымды былай қойғанда, жұрттың бәрін сыпыра жалмап жатқан мына сұмырай соғыс өзімді ала-бөле ажалдың тура әдетінен суырып алып, ол аз дегендей аспаннан түскендей күйеуімді тауып беріп, бауырыма баламды бастырып, төрт құбыламды түгелдеп алшақтатып қояды дегенге сенбеуші едім: енді келіп сол артығын алып кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әлі де алмағаны бар шығар бұл жауыздық

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деуші еді, Қасымбектің қазасының салмағы да маған кейінірек барып жетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күн асқан сайын күйеуімнің орны үңірейіп барады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күйеуім қасымда жүргенде оның қадірін білмеген сияқты болып көрінем де, көкірегімді өкініш билейді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің бар едім, салмағымды ауырламай қиын кезде де қабағын шытпай көтеріп еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жаудың тылында, партизан болып соғысу — салт басты, сабау қамшы ер азаматтың өзі әзер шыдайтын қиямет нәрсе

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қасымбек болса бір қолымен соғысып, бір қолымен жөргектегі баласы мен әйелін сүйретіп жүрді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол ғана ма? Күйеуім қасымда жүргеніне мәз болып, мен оның халін, ар жағында не болып жатқанын ойламаған екем

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біздің Қасымбекке түсетін салмағымыз, тек жорық үстіндегі ауыртпалық, тіршіліктің салмағы деп ойлаушы ем

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күйеуімнің балажандығына ішім жылып, мәз болатынмын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жаның қалмай жақсы көретін бал мінезді киттей балаң мен әйелің көздері жәудіреп қасыңда тұрғанда басыңды оққа байлап соғысу

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің өзім қандай болып едім? Күйеулері алыста, көз кермес жерде соғысып жүрген елдегі әйелдердің хәлі менің қасымда ойыншық екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күйеуіңді құдайдың құтты күні өз қолыңнан, алыстағы көз көрмеген майданға емес, көріп жүрген тікелей соғысқа, ажалға аттандырып тұрсаң

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен өз хәлім, өз қорқыныш, күдігіммен әуре болып Қасымбектің ішінде не болып жатқанын ойламаппын да

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ұрысқа кірген адам алдымен жаумен соғыспайды, өзімен, өз ішіндегі ажалдың үрейімен соғысады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Барлық қажыр-қайратын, жан қуатын жұмсап, ең әуелі сол сұмырайды жеңіп алады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қасымбекке осы екеуі аз болғандай, қиналған сәтінде баласымен екеуміз барып шаужайына жармасқан екеміз-ау

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қанша батыр болсаң да көзі жәудіреген кішкентай сәбиің мен қорғансыз әйеліңді қалың жаудың ішінде қалдырып, басыңды оққа байлау

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Соғыста жүргенде көп нәрсені ойлап басымды қатыpa бермейтінмін, ой деген пәле қай-қайдағыңды қоздырады да шықпайтын шырғалаңға салып қояды, сөйтіп жүріп Қасымбектің де халін ойламаппын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өзін жоғалтып алып, оның халін енді ғана түсініп келем

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Баламыз екеуміздің күнделік тұрмыстағы масылдығымыздан «артымда қалса қайтем» деген уайымы анағұрлым ауыр болған екен ғой оған

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қатын-баласы елде қалған еркектерге ештеңе емес-ау, ал әйелің мен кішкентай сәбиіңді қанжығаңа байлап жүріп соғысу деген

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Артыңдағы оқ астында жатқан қатын-балаңа қайрыласың ба, я болмаса алдыңдағы алқымыңнан алған жаумен соғысасың ба? Өзге жұрт әйтеуір, басқа түссе «өзекті жанға бір өлім» деп тәуекел етеді, ойлап қарасам, тағдыр бұған тәуекелін де түгел бермеген екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Баласын еркелетіп сүйе беретін, сонда оның көңілінде не тұрғанын аңғармаппын-ау мен жетесіз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осы баланың есін білмей жатып жетім қаларын іші сезіп, бар мейірімін сарқып бермек болғаны ма екен? Түнгі тапсырмадан қайтқанда белін шешпестен төсектің шетіне отыра қалып, ұйықтап жатқан Дулатты кеудесіне қысып алып, құшырланып иіскейтін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Түн аспай баласын сағынып қалыпты» деп соған мәз болатынмын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Содан кейін, қара көлеңкеде маған телміре қарап, мені бір бейне бала сияқты шашымнан, маңдайымнан, бетімнен сипалап қоятын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Құр сипалай бергенше құшақтап, қысып сүйгенін жақсы көріп тұрсам да, күйеуімнің маған бата алмай, жасқана аялағанына көңілім марқайып, іріленіп қалатынмын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қойнындағы жары болсам да, мені әлдеқандай көріп еркінсіп кете алмайды-ау, деп ойлаушы едім; енді күйіс қайырып, қайтадан ойлап қарасам оның сыры басқа екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Түнгі соғыста басына қатер төніп, жаны алқымға тірелген сағатта панасыз көр бала екі жетімек қайда қалады деп үрей билеп, ышқынып

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

енді аман-есен қайтып оралғанда әлгінде ғана жетім қала жаздаған баласын енді айрылмастай бауырына қысып алып, жесір қала жаздаған әйеліне шүкірлік етіп, аянышпен қарағаны екен ғой ол

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жыл жарымнан артық қақ ортасында жүрген соң соғыс деген сұмырайдың да мен білмеген сыры қалмады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тұла бойыңдағы қажыр-қайратың мен жігер күшіңді түгел бермесең қанағат қылмайтын қомағай мінезі бар оның, бейне қызғаншақ қатын сияқты көңіл алаңыңды ол көтермейді де, кешпейді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Я, жаумен соғысасың, я көңіліңдегі алаңмен, ішіңдегі үреймен соғысасың

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қасымбек болса, біз келіп қосылғаннан бергі жыл жарым екеуімен қатар соғысыпты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жұрттың басында бір қиындық болса, салмағымды ауырламай қиын кезде де қабағын шытпай көтеріп еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жаудың тылында, партизан болып соғысу-салт басты, сабау қамшы ер азаматтың өзі әзер шыдайтын қиямет нәрсе

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қасымбек болса бір қолымен соғысып, бір қолымен жөргектегі баласы мен әйелін сүйретіп жүрді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол ғана ма? Күйеуім қасымда жүргеніне мәз болып, мен оның халін, ар жағында не болып жатқанын ойламаған екем

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біздің Қасымбекке түсетін салмағымыз, тек жорық үстіндегі ауыртпалық, тіршіліктің салмағы деп ойлаушы ем

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күйеуімнің балажандығына ішім жылып, мәз болатынмын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жаның қалмай жақсы көретін бал мінезді киттей балаң мен әйелің көздері жәудіреп қасыңда тұрғанда басыңды оққа байлап соғысу

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің өзім қандай болып едім? Күйеулері алыста, көз көрмес жерде соғысып жүрген елдегі әйелдердің хәлі менің қасымда ойыншық екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күйеуіңді құдайдың құтты күні өз қолыңнан алыстағы көз көрмеген майданға емес, көріп жүрген тікелей соғысқа, ажалға аттандырып тұрсаң

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен өз хәлім, өз қорқыныш, күдігіммен әуре болып Қасымбектің ішінде не болып жатқанын ойламаппын да

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ұрысқа кірген адам алдымен жаумен соғыспайды, өзімен, өз ішіндегі ажалдың үрейімен соғысады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Барлық қажыр-қайратын, жан қуатын жұмсап, ең әуелі сол сұмырайды жеңіп алады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қасымбекке осы екеуі аз болғандай, қиналған сәтінде баласымен екеуміз барып шаужайына жармасқан екеміз-ау

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қанша батыр болсаң да көзі жәудіреген кішкентай сәбиің мен қорғансыз әйеліңді қалың жаудың ішінде қалдырып, басыңды оққа байлау

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Дүрсілдеп поезд келіп қалғанда көпірдің ернеуіне иығын тіреп, рельстің астына құрып қойған дәріні сипалап, жаны мұрнының ұшына тіреліп, сол бір шиыршық атқан сәтінде ет қызуымен жарып жібермек болып ұмтыла бергенде

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

есіне баласы мен әйелі түсіп кетіп

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Гүрс етіп аспанға ататын мұп-мұздай ажалды қолымен ұстап тұрғанда ол бір өліп тірілді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сол түні оны ажалдың салқыны шалды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сол салқынды бойынан шығара алмай-ақ кетті ғой азаматым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қасымбектің бір айтқан әңгімесі есіме түседі

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Адам деген қызық нәрсе ғой, кейде түсінбейсің» деп бастап еді ол

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Кейде бір қорқу дегеннің не екенін білмейтін, жауып тұрған оқ қыбына кірмейтін адамның аяқ астынан қоян жүрек болып кеткенін көресің

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тіпті қорықпайтын нәрседен қорқып, қаңғыма оқ зың етсе жата қалып, қиырдан самолет көрінсе шұңқырға тығылып

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

берекесі кетеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Білмеймін, адамның бір жаман шошынатын, жүрегі шайлығатын кезі бола ма екен? Ондай сорлылар аман қалмайды, абыройынан айырылып, қаңғалақтап жүріп қаза болады» деп еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Астапыр-аллау, Қасымбектің өзі осындай халге душар болды ма екен? Бір адам шошынса, шошынатындай жағдайда болды ғой

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір өліп тірілген адам екінші қайтып өлімге беттей ала ма? Со жолы Қасымбектің ішінде болған бір өзгерісті сезіп едім де, себебіне жете алмап едім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ажалын қолына ұстап, аспанға атылайын деп тұрған

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

ет қызуымен бірден атылып кетпеген соң екінші қайтып оған жүрегің дауай ма? Қатер деген құрғырдың сол сәтіндегі үрейінен, өтіп кеткеннен кейінгі үрейі әлдеқайда жаман

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қасымбектің қабағына айықпайтын бір кірбең терең ұялап алыпты, ішінде де бір зіл жатқанын сезетінмін, енді байқасам, сол ажалды қолына ұстаған сәтінен кейін үрей деген жексұрын күйеуімнің бойына кеулеп кіріп кеткен екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оның үстіне екі адамды өлтіріп алып, тапсырманы орындайтын жерде жанын қия алмай жалтарған үшін бір жағынан ары қажаса

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Апыр-ау, бір жолы байқадым да, тек жай ғана таңырқап қойған екем-ау

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Орман ішінде осы лагерьде тұрғанда аспанда жаудың самолеті көрініп, «воздух» деген айқай шықты да, жүгіріп кете жаздап өзін әзер іркіп, «шық тезірек» деп маған ақырды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Содан екі баланы көтеріп алып, мені дедектетіп қазулы шұқырға алып келді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осы кезде барып асықпай жайбарақат қимылдаған жұрттың сабырын байқап, кейбіреулері алақандарының астынан аспанға қарап көздерімен көктегі самолетті іздеп тұр екен, Қасымбек ыңғайсызданып қалып еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сонда денесінен діріл сезгендей болып едім, өңі де қуарып кеткен-ді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұрын талай орындап жүрген үйреншікті тапсырмасына барғанда да алдында тұрған ажалды ғана көріп, зәресі кетіп, өзімен өзі алысып азап шекті ме екен? Дәл қазіргідей көз алдымда, қабағында бір түңілгендіктің белгісі бар еді-ау, мен оны жамандыққа жоруға қорқып, әншейін жай кірбең шығар деп жүруші едім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бізді де әлпештеп, еркелетуін қойып алған, кенеуі кетіп, қожырап кеткен көңілін босата бермейін дегені болды ма екен шамасы — баласы түскір сүйген сайын қимастығын қоздырып, бекіте алмай жүрген буынын босата береді ғой

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тек соңғы тапсырмаға кететін күні, менің көзімді ала беріп, Дулатжанды бір түрлі ышқынып сүйді де, тез жерге түсіріп жіберді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Meнімен қоштасқан да жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл жерде «сен кеше батыр-ақ жігіт едің, апыр-ай бүгін жүрегің шайлығып қалған екен» деп ешкім маңдайыңнан сипамақ тұрсын, кешірім жасамайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оның үстіне өзің көптің бірі емес, командир болып қарауыңдағылардың алдында қоян жүректік көрсетсең масқараның үлкені сол

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осының бәрін Қасымбек білмей жүрді дейсің бе, бірақ ол бір шайлыққан жүректің енді қайтып орнына түспейтінін, рабайда түсе қалған күнде де ұзақ уақыт керек екенін де білетін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Соғыс оған уақыт берген жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Абыройсыз болмаудың, қор болмаудың жалғыз жолы — оның алдына тек қана ажал тұрыпты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Бұл көпір енді менен құтыла алмас» депті Прошаға

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Соғысқа кіргелі тұңғыш рет соншалықты жүрегін ұшырып, жанын ит қорлыққа салған көпірге өшігіп кетті ме екен? Не де болса ажалы сол көпірдің басында болды
Көрсетілді: 38700 / 47388