KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Ажал тартады» деуші еді қазақ, сол көпірдің түбіне бұрын шала өлген жанын сүйретіп қайта барыпты, енді сол ит жанның сілімтігін алып қалмайын дегені ме екен? Жаны ғана емес, сол көпірмен бірге аспанға ұшып, күл болып кеткен тәні де сол топырақта қалды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

16

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өлімсіреген күңгірт сәуленің де жарығы әр түрлі болады екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Аузы-мұрны бітеу, есік-терезесі жоқ қараңғы жеркепенің жоғарыдан жылап түсетін жарығы әлі жеткенше ұлғайып болған-ау деймін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мана бір оянғанда төңірегім тас қараңғы еді енді зілмәнкенің іші кәдімгідей кеугімденіп қалыпты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қараңғылық бұрыш-бұрышқа сырылып, күңгірттеніп, қабырғалар көрінеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл үңгірде бұдан артық жарық болмайды, сондықтан да ертеңгі уақыт па, әлде мен көбірек ұйықтап қалып, сәске не түс таянып қалды ма, ажырата алмадым, бірақ әзір екі бала ояна қойған жоқ, соған қарағанда уақыт ұзай қоймаған шығар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Аш балалардың ұзағырақ ұйықтағаны да пайда

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әйтеуір бір әдет те, әйтпесе уақыт есептейтін мен қай шаруамнан қалып бара жатырмын, қайта күткен адамға уақыттың көбірек өткені олжа емес пе

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Екі жылдан асты — өткізе алмай жүргенім осы уақыт

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қойны-қонышым қуанышқа толып, жастықтың буына мас болып, көңілім алып-ұшып күннің, айдың қалай өтіп кеткенін білмей қалатын шағымда әрбір азапты күнім мен сағатымды өткізе алмай қиналатын жағдайға түстім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өмірдің есігін жаңа ғана ашқан жас адамның жауының уақыт болғаны да ақылға сыймайтын нәрсе ғой

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Уақыт бәрін жалмап жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кейде, соғыс тым болмаса бір күн ерте бітсе қанша адам тірі қалар еді деп ойлаймын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ соғыстың әзір бітетін ойы жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жалмап жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Жақындап қалды, ұзамай келіп қалар» деген майданның өзі бізге жетпей-ақ шаршатты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол майданды біз күткелі қашан, мен отрядқа келген алдыңғы жылдың ақырынан құлағымыз елеңдеп күтіп келеміз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Енді осы келіп-ақ қалды деп еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

одан бері де талай шығынға ұшырадық

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біздің отрядтың да сілімтігі шығып еді, әдейі әскер жіберген жаудың шабуылына қайдан төзсін, басқа бір жаққа жалтарып кетті ғой, тек қоршауға түсіп қалмаса

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Біздің отряд» деймін, демегенде қайтейін, екі жылға жуық бірге болып осылардың ішіне әбден сіңісіп кеттім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өліп тұрамыз, жаңарып тұрамыз, бірақ әйтеуір әріден келе жатқан қара шаңырақ сияқты сол отряд болып қала береді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен келгенде отрядта жүз қаралы адам бар еді, олардың қатары сиреп Николай Топорков, Абан Бұдашев сияқты жиырма шақты жігіт қалды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Екеуміздің орнымыз да өзгеріп кеткен сияқты — бұрын көбіне менің аузыма қарап, ығымды алып жүpce, енді өзі бас болып менің тізгінімді қолына алған

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Соғыс өткен қазаны кейінгі көп қазамен ұмыттырып, өлген адамды көп жоқтатпайды; бұл соғыстың қияметі мені де шашымды жайғызып, қара жамылдырып отырғызып қойған жоқ, дереу тіршілік қамына араластырды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Екі жетімекті жетелеп, саябыр болса партизандардың қазаң-ошағының маңында, қым-қуыт ұрыс болып кетсе көптің ішінде жан сауғалап, бас бағып кете бардым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қияметсініп жүрген партизандардың бұрынғы өмірі қазір көзімізден бір-бір ұшты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Былтырлары үлкен орманның терең түкпірінде орнығып алып, айлап тұрушы едік, биылғы жазда байыз таппай кеттік

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Дұшпанның әскерімен жол-жөнекей жүре соғысып, түлкі құйрыққа салып із адастырып, жиі-жиі орын ауыстырамыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мұндай үдере көшіп жүрген жортуылда, көпшілік саған қанша қамқор болғанмен жан алқымға тірелгенде кімнің жанында тұрасың, меншікті азаматың болмаса, қос балалы әйелдің хәлі тіпті мүшкіл болады екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Николай Топорков командир мені Абанға тіркеп берді де хәлімді жеңілдетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жаумен ойда жоқта соқтығысып қалып атысып жатқан кезде де Абанның бір көзі жауда болса, бір көзі бізде болды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Азғана аялдай қалған жерде қарағайдың бұтағынан итарқа-күрке жасап алдымен бізді жайғастырады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Содан обозда тамақтан өтетін бір нәрсе болса тауып әкеліп, алдымен біздің қоста түтін түтетеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Абан былай әңгүдіктеу көрінгенмен епсекті жігіт, тарыққан кезде әйтеуір жүрек жалғар бірдеңе болса қымқырып бізге әкеліп: «мә, мынаны екі балаға талшық қыл, өзіңді де құр қалдырма, емізіп жүрсің ғой» деп тәртіп беріп қояды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әйтеуір тапқанын бізге тыққыштайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір жолы ескілеу одеял тауып әкеліп: «қолың тигенде мынадан балаларға қатырып пальто тігіп бер, қыстың қамын жазда ойламай болмайды» деді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Шынымды айтсам, биылғы күздей нағыз мазасыз қатерлі кезеңде Абан Қасымбектің жоқтығын білдірмеді, иесіз қалған кішкене шаңыраққа өзі қамқор, өзі ие болып, бар ауыртпалығын арқасына салып алды, тіпті сырт көзге де кішкентай екі баласы бар шағын жорық семьясы болып көрінетінбіз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осы хәліме өзім де үйреніп алдым, Абансыз күнімнің не боларын білмеймін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сөйтіп жүргенде Абан маған бір күні сөз салды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өзі көп ойланған болар, «Дулатжанды жетім қалдырғым келмейді, бар дозақты бірге кештік қой, тірі болсақ қалған өмірімізді де бірге өткізгім келеді» деп өте орынды да, жанды жерден ұстайтындай өтімді айтты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен оған бірден жауап қайыра алмай үнсіз қалдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Абаннан ондай сөзді күткен жоқ едім, тас төбемнен түскендей болды» деп көлгірситін жайым жоқ, ол маған көзін сүзіп, телміре қарап жаутаңдамағанымен, жанашырлық жай қамқорлықтан басқа да бір ықыласының бар екенін ішім сезген

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қайраты тасыған еңсегей бойлы апталдай жігіт екі жыл бойы қу тізесін құшақтап келе жатса

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Қара ешкіге жан қайғы болғанда» мен өзге ешнәрсені ойламадым» десем де бекер: «жан қайғысы» бір күн емес, бір ай емес, жылдап созылса ойлайтын нәрселерің де көп болады, мен де біраз нәрсе ойлағанмын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Абанның осы сөзді айтарын алдын ала сезгенмін де, шынымды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

айтсам күткенмін де

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жесірліктің несі жақсы болсын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осы бір маған өзінен өзі сүйеніш болып, бар ауыртпалығымды арқалап алған жігіттің кейін де арқасынан түскім келмейтін бір бойкүйез тілек көңіл түкпіріме кіріп кеткен, бірақ осы тілегімді өзім оғаш көріп іштей қысылып жүретінмін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Білмеймін, ұрлық ойымның үстінен түсе қалғанға ма, әлде көлгір төңіректің қаңқуынан құдайдың қаһарынан бетер қорқатын, қазақ әйелінің мүләйім жандылығы ма, әйтеуір Абан әлгі сөзді айтқанда үнсіз қалдым, бетімді бір нәрсе қыздырып баратқанына қарағанда қызарып кетсем керек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Meн тілсіз қалған соң Абан да қысылды ма, одан әрі қыспақтап жауап сұрамай, жаңағы батылдығы мен орнықтылығынан айрылып, қипақтап аз отырды да, мені өз ойыммен оңаша қалдырып, сыртқа шығып кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұған не деуім керек? Мұндай сөзге қамсыз болмасам да дағдарып қалдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Алдымен келген ой: «Қасымбектің жылын бермей жатып

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

» Бірақ мына соғыс кімнің жылын бергізіп жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күйеуімнің қайтыс болғанына екі айдан асыпты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сол екі ай, екі жыл емес, бейбіт кездегі жұрттың жиырма жылда көрмейтінін көрсетіп, тауқыметін тартқызған жоқ па? Алдымыз және неғайбіл

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Абанды асықтырған да сол неғайбілдік емей немене

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әрине ел ішінде болса: «бетім-ау, күйеуінің топырағы суымай жатып, мына қаншықтың шыдамағаны не масқара» деп талай қатындар бетімді айғыздай қылар еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл арада өйтіп күстана қылып масқаралайтын, тіпті құптамаса айыптай қоятын адам жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ сонау артта қалған ел-жұртым бастарын шайқап, таңдайларын қағып жазғыра қарап тұрғандай бір әсер пайда болды көңілімде, көнгім келсе де осы көрінбейтін көптің көзқарасы кері қарай тартады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірде Абанның сөзіне сенгім де келмейді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әрине бұл айтып тұрған сөзі дәл қазіргі адал, шыны ғой, бірақ өмір деген құрғырың кісіні қай сертінде тұрғыза береді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ертең мына сүргін бітіп, құдай тілегімізді беріп аман-есеп туған жерге оралсақ, қылқандай қыршын жігіттерін мына соғыс жалмап кеткен елде кездері жәудіреп небір қылқиған қиғаш қастар отырған жоқ дейсің

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сонда ол жігіт шыдап тұра ала ма? Ағайын төңірегі де құлынды бие жетелеп келгенін қомсынып, өз теңіңді тауып береміз деп құлағының құрышын жеп жатса

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әлде, мен оған тең емеспін бе? Абаннан жасым кіші болғанмен өзімді одан үлкенсінем

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл әлде Қасымбек тұсында жеңге болып, жолымның үлкен болғандығынан қалған әсер ме екен? Әй, сірә одан ғана емес, кейде өзіме өзім көпті көріп көзі ашылған, тіпті cap қарын тартқан кексе әйел сияқты көрінем

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мына соғыстың ыстығы мен суығы, аштығы мен азабы ажарын алған тәнім ғана емес, небір сорақы сұмдық, ажал мен үрей қарыған жаным да көн болып ескіріп кеткен сияқты, көз сүйсінерге қызығып, көңілім түскенге елп ете қалар елгезек жастық жоқ қазір менде

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Айтылған сөзге алаңсыз сене қалмай астарын ойлайтын, алдымда тұрған адамның бетіне қарап қана қоймай, көбесін сөгіп көмбесіне үңілетін залым мінез тауыппын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Абан маған, өмірдің өзі үйлестіріп келе жатқанда, өз алдыма ашық мойындауға бата алмасам да, көңіл түкпірімде дәметіп жүрген сөзді айтқанда, тоқырап қалу себебім де содан болар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Дұрыс болып шыға ма, бұрыс болып шыға ма, қайдан білейін, Абанның да ар жақ, бер жағын анық көріп отырған сияқтымын өзімше

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Иә, ол ақ көңіл, ашық жігіт, бірақ сол тым ашық деген адамдардың да кейде қалтарысынан бір пәле келуші еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол қалтарыста не жатқанына әзір менің көзім жетпейді, бірақ әйтеуір қазіргі ықыласы түзу, оны білем

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осы ықылас ұзаққа кететін айнымас сезім болып қала ма, әлде заман түзеліп елге барғанда соғыс таңдау бермей қолына іліккеніне ұрындырған ашқарақ мауқы басылып

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өз көңіліме де сене бермеймін, қызуы қайтпайтын ыстық бар ма, ертең аптығы басылған кезде есік-терезесі ашық жиһазсыз бөлме сияқты осы жігіттің жадағайлығы жалықтырып жібермей ме?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Көзі тірісінде Қасымбек туралы сондай бір қауіп көңіл түкпірімде шым ете қалатын, Абан сияқты ашық емес бір тоға, тұйықтау болғанмен ол да бір ыңғайлылау болып көрінетін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ оның қатпары қалыңдау, әлі де ашылмай жатқан көмбелері бар-ау деп топшылайтынмын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қаңқу сөзге ілікпеу үшін қаршадайынан сыртын жуасытып, сырын ішіне бүгіп үйреніп қалған қазақтың қызы емеспін бе, әншейін көлденең күдікті көңілімде қанша күнсіткенмен мына қақаған соғыс та, оның аржағындағы қараша өмір де менің қалауымды беріп қоймайтынын, бөтекесі түскір біліп-ақ тұр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тірі болсам, тұлыпқа мөңіреп отыра бергеннен гөрі, балама әке, өзіме жолдас керек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сонда көз көрген Абаннан артық кімді табам? Анау-мынау бұлталақ ойдың бәрі — бірден құлай кетпей, аз да болса әдеп сақтаудың далбасасы ғой

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Абан жиырма беске келген соқтауылдай жігіт болса да балаң мінезінен арылмаған ба, мен үндемей қалғаннан кейін енді батып сөз айта алмай, сөз емес-ау бетіме тіктеп қарай алмай жүрді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жауабын тікелей қайырмай араға уақыт салып алған соң енді келіп сөз айтқаным өзім ұрынғандай көрініп қысылып мен жүрдім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мынау күнде қыршын жатқан қырғын соғыстың бетімізден сыпырып алуға әлі жетпеген бір желегі бар ма, екеуміз де қарап жүріп ыңғайсыз халге түстік

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Несін жасырайын, бірден «иә» дей салмағаныма деген өкінішіме, көңілдегі ойын қайталамаған Абанға деген ренішім жалғасып, кезек мазалайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осылай мен әуре-сарсаң оймен әлек болып жүргенде екі күннен кейін Абан түнгі тапсырмаға кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Тапсырма» дегеннің көбі-ақ шарт та шұрт түнгі соғысқа айналып кететін қатерлі нәрсе болғанмен, партизандар өмірінде ол күнделікті атқарып жүрген кезекті жұмыс сияқты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жұрт кетерінде қоштасып, бақұлдасып жаман ырым жасап жатпай: «сау бол, жол болсынмен» қала береді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Абан да: «таң ата оралатын шығармыз, балаларға да тамақтан өтетін бір нәрсе қарастыра қайтармын» деп жүре берді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сол түні ұйықтай алмадым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұрын да, өзіме сүйеніш болған осы жігіттің амандығын тілеуші едім, бірақ сол түні жүрегім діріл қағып, құдайдан ба, тағдырдан ба, әйтеуір дүниеде не құдірет болса содан Абанның аман келуін, сасқаным шығар, тым болмаса дәл осы жолы аман келуін тілеп жалбарына бердім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Егер жазатайым болып кетсе мойнымда Абанның қарызы кететін болды, кеше ап-адал ниетімен пейілін білдіріп алдыма келгенде, жоқ, ол зәредей жалған айтқан жоқ, кежегем кері тартып ықыласын қайтарып тастадым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жауабын ала алмаған соң айтқан сөзін ағат санап, соншама қысылып қалғаны — мені сыйлағаны, тіпті сыйлау ғана емес жақсы көргені шығар, әйтпесе, мына соғыс сызылған сыпайылардың өзін анайы қылып жатқанда ойына келгенін қойып қалатын әпербақандау жігіт, не де болса бір жауабыңды айтсайшы» деудің орнына ұят жасап қойған баладай қыбыжықтар ма?! Мені қатты қинағаны Абан сол ұяты құрғыр жанын жегідей жеген жаман сезіммен жазатайым болып кетсе

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

бар обалы менде емес пе

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің де тілімді байлап қалған сол «ұят» деген құрғыр еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Ұят» деген сөз есімді білер -білместен-ақ құлағымды сарсытқан: қыз балаға үлкендердің үстіне кipген де ұят, секектеп жүгірген де ұят, жігітпен құшақтасып сүйісу тұрсын, оның бетіне қарап күлген де ұят

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қаршадайымнан сұм едім, осының бәрін біреу көріп біліп қалса, қаңқу сөз боп кетсе ұят, ал ешкім көрмесе, ішінде ит өліп жатса да біразының-ақ ұяла қоймайтынын сезуші едім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сол ұятты көп айтатындар өз арының алдында сірә онша ұяла қоймайтын болар; өйткені сөздерінің сықпыты да: «ойбай-ау, біреу көріп қалса ұят қой, жұрт естісе масқара ғой» деп келетін, «жұрт не дейдісі» және бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сонау көз көрмес алыста жатқан жұртым, енді кайтып көрісуім екі талай жұртым «не дейді» деп мен де көңілдегі ойымды іркіп Абанды ренжіттім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Масқара-ау, мына жалғандық жүрмейтін ажал алдында да бойыңа сіңіп кеткен жақындықтың қалмайтын болғаны ма?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Света
Көрсетілді: 38800 / 47388