Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шала басылып тұрған шүріппе салмақпен түскенде өзінен-өзі тарс етіп атылып, қоянның құмалағындай оқ шалды жанай өтіп есікке тиген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ағаш есік шалқасынан ашылғанда, аядай үйге саулап суық кіре бастаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шал оқ тиіп ашылып кеткен есікті қайта жауып, тиегін салды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Осы қақбасты бір жерден көрген секілдімін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қайдан? Жүзі өте таныс. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Аманжан шөкелеп отыра кетті де, өз тізесін өзі ұрғылады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Неге ата алмадым, құдай-ау, неге? Әлгінде мылтық саңқ еткенде Нұржан жанарын жаба қойып еді, көзін қайта ашқанда шал тірі, ағаш кебеженің үстінде трубкасын сорып жайбарақат отыр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бақытжан бүк түсіп солқылдап жылап жатыр: «Тәңірім-ау, көрсетпегенің көп екен ғой. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Енді қайттік?» Сәл тыныштық орнады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тыныштық орнату үшін бейне бір мылтық атылуы керек секілді... жарасымды, жуас тыныштық. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан: – Сіз кімсіз, ата?! Шал: – мен – Қоңқаймын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан: – Аты аңызға айналған қатыгез Қоңқай бұдан елу жыл бұрын жер жастанған еді ғой. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шал: – Ол үлкен – Қоңқай, ал мен – кіші Қоңқаймын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Біздің ұрпақ ешқашан да құрымақ емес... Нұржан: – Үлкенінен тұқым қалған жоқ. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өмір бақи жалғыз өтіп, көмусіз қалды деп естігенмін... Шал: – Қоңқайлар ұлын жасырын өсіреді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өйткені ұлы жорықшылар мен атақты байлардан қалған ендігі тұяқ біздерміз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан: – Ал, сіз ше, сіз жалғызсыз ғой... Шал: – мен де ұрпақсыз емеспін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Оны уақыт көрсетер. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Иә, солай шырағым, текті тұқым тентіреп жүрсе де, өз тегін айналып табады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мынау ағаш лашықтың оты сөнбейді ешқашан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Анау Айыртаудың қос өркешін – Ата Қоңқай, Бала Қоңқай деп мен емес, ел атайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Трубканы сорған қалпы орнынан тұрып, ағаш нардың ірге жағына қол жүгіртті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Транзистор алып шығып әрі-бері бұрап, әр түрлі тілде сөйлеген түрлі толқындарды ұстай бастады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ақсақал, – деді Нұржан шалдың бала секілді қолындағы транзистормен шұқыланып отырған сықпытына қайран қала қарап. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ақсақал, дүниенің төрт бұрышында не болып жатқанын біле, сезе отырып, осыншалық саяқ, оңаша тірлік кешуіңізге не жорық? |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Өйткені мен адамдар жиналған тобырды иттің етінен ары жек көрем, – деді Қоңқай. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өлдім дегенде бір әуен ұстады-ау. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тағы да алла Пугачеваның әндерінің бірі екен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қоңыр мұң, албасты ашу, өкпе-наз, өжеттік – бәрі-бәрі астаса келе, адам бойындағы рухани ауруды айдап шығарар қуатты да нәзік тағы ән, мәдениетті дауысты үй ішіндегі үш жігіт, бір шал ден қоя тыңдап, жалқы сәт тым-тырыс отырып қалып еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сонау ат тұяғы әрең жетер ішкері жақтағы адасқан қаздай жападан-жалғыз ұрлық өмір кешкен Қоңқайдың қыстағында алланың әні тіпті құлпырып, сай-сүйегіңді сырқырата шырқалады екен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шалдың да сүйсіне тыңдайтын жалғыз әншісі, осы «ән салғыш әйел» секілді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әннің аяғы дарақыланған күлкімен аяқталды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Осынысымен құдіретті еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Мықты қатын, – деді шал күрсініп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Содан соң өзі-өзінен шаңқ етіп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Жоқ! Ұлы Қоңқай жаққан от ешқашанда сөнбек емес! – деді жанары ұшқындап. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Пышақпен тіле салғандай жалғыз сызықтанған қысық көздің осыншама аясы кеңіп үлкейгеніне жігіттер аң-таң аңырайып қарап қалған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ол – жалқы да болса жақсылар жаққан от. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Егер шын білгілерің келсе айтайын: Қоңқай орталарыңда, Қоңқай жер шарының түкпір-түкпірінде, |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қоңқай... әркімнің қарақан басында, лүпілдеп соққан жүрегінде, өз шыққан тауым биік болсын дер тілегінде. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тек қана бір-бірінен жасқана жасырады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қолы қалтылдап орнынан тұрып кетті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Осы қалпында жындана бастаған деп ойлауға әбден болар еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ ол сап-сау, сырғауылдай ұзын қарулы саусақтарымен үш жігітті кезек нұсқап саңқылдап тұр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қоңқай дегеніміз сен, – деді Нұржанға. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Мына сен, – деді Аманжанға. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
–мынасен, – деді көзі іліне беріп шалдың айғайынан оянған Бақытжанға. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ауыздарыңнан ана сүті кетпей жатып үлкендермен алысасыңдар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Елу жыл бойы осы Айыртауда – Арыстандай айбат шегіп, ошағымның отын сөндірмей отырмын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ешкім де қолымнан қағып, бетімнен алып көрген жоқ... Мені бүкіл аудан, қала берді, облыс басшылары біледі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал сендер білімсіздік таныттыңдар... – Нұржан шалдың сөзін бөлді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ақсақал, кешіріңіз, бірақ сіздің ошақтан жалғыз-ақ түтін ұшпай ма?.. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қоңқай: – Жалғыз түтін де – түтін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мені, әйтеуір, бір күні бір Қоңқай өзі іздеп келіп табады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бірақ ол қандай түтін,– деп күрсінді Нұржан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
–Если бы от – горя дым шел, как от огня, мраком был бы мир сплошным – не было бы дня. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Баяғыда, – деді Бақытжан өзінің әлі де тірі екенін дәлелдегісі келгендей есінеп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Біздің ауылда бір шал: «Қазаққа ассалаумағалейкум деп Амандассаң бір самаурын шайым кетеді», – деп ешкімнің сәлемін алып, есендеспейтін... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жарықтық өлгенде үш-ақ адам топырақ салды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шал кебеженің қақпағын аңырайта ашып, ішінен құндыздың, бұлғынның, суырдың, тиінның, қасқыр мен аюдың терісін сілкіп-сілкіп шығара бастады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Осыншалық байлықты бұрынды-соңды көрмеген жігіттер кебеже ақтарып отырған Қоңқайдың қасына қалай барып қалғаңдарын өздері де сезбеп еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Елдің алды болып, еңбектеп келген Бақытжан: – міне байлық,– деді басын шайқап. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аманжан ысқырып жіберді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Міне осылар барда, – деді шал қолыңдағы бұлғынның түгі жылт-жылт еткен терісін сипап. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Көктен Құдай, жерден шұнай алмайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Білгілерің келсе аудан, облыстардағы мұқым қаратаяқтың басындағы бөрік, әйелдерінің жағасы – мен атқан аңның терісі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал тері-терсектің барған сайын алтынға айналып бара жатқаны белгілі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Түсінік-те-е-ее, – деді Аманжан ысқырып. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Пара деші, п-а-а-ра! – Иә, пара, шырағым. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Шал терілерді орнына қайта жайғастыра бастады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бергенді, алғанды кім жек көрсін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Егер осы үшеуіңді өлтіріп тастасам да, осы терілердің күшімен сотталмай құтылып кетеріме кәміл сенемін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бақытжан: – Ты – мне, я – тебе дейсіз ғой. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шал: – XIX ғасырдың орта кезінде Көкшетау дуанының аға сұлтаны болған Зілқараның Әлібек есімді баласы қылмысты болып, абақтыға түссе, атасы Тұрлыбек Петерборға барады да, «ақ патшаға» жолығып, сұлулығы сүліктей меңсіз қара қырық сәйгүлікті параға өткізіп, інісін итжеккенге айдатудан Аман алып қалған екен... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан: – Кісі өлтірген адамды пара алып, айыбын кешірген патшаның өзі соучастник болып қалды ғой қылмыстыға. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шал: – Ондай соучастниктерді есептей берсек, есеп-шоттың тасы жетпейді, шырағым. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бақытжан: – Сонда қалай, бізден алғаныңыз да пара ма? |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шал: – Баламысың деген, менің алғаным жамбас ақы. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол пұлды өкіметтің қонақ үйіне де төлемейсіңдер ме... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Егер осы Кіші Қоңқай асуында, жалғыз үй мен отырмасам, баяғыда үсіп өлмес пе едіңдер. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өрімталдай өмірлерің үшін берген пима мен сағатты бұлдасаңдар, мә, өздерің алыңдар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қайтер екен деп, әдейі сынап едім, тым-тым дүниеқоңыз екенсіңдер. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Орнынан атып тұрды да, пима мен сағатты жігіттердің өзіне лақтырып жіберді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Содан соң «мені де сағынатын күн туар»– деп күбірлеп, нарға қисайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қайтқан малға – береке, – деп, Аманжан сағатын құлағына тосып тыңдап көрді де, қолына тағып алды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қорықсақ – үшеуміз де барайық. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Суықтан үсіп өліп қалмаса, тірі жан бар шығар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үшеуі де отырған орындарын қимағандай самарқау қозғала бастады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Тракторды өшіреміз бе? – деді Бақытжан қипақтап. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ондағы ойы кабинадан ең соңы болып түсу еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Әзірше тұра берсін, – деді Нұржан омбы қарға секіріп – түсіп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қондырмай жатса кері қайтуға тура келетін шығар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Күйбеңдеген Бақытжанды артынан итеріп жіберген Аманжан іле өзі де қарғыды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұлар топ-топ етіп түскен тұстың қары тізеден асады екен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірінің соңынан бірі еріп жүре беріп еді, ең артта тартыншақтап келе жатқан Бақытжан: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Әй, осы жұмбақ үйіңнен қорқамын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Терезесі сығырайып, үндемей қабатын ит секілді жымсып жатысы жаман екен... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мен... тракторды күзете тұрсам қайтеді, – деді желкесін қаси қипақтап. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Былжырама, – деді Аманжан арс етіп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Темірді қасқыр жемейді. |