Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Айдап осы Хатынь жағалауына алып келген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ауылдан шыққан атты адам екі-үш қонып әрең жетер осыншалық алыста жатқан тегін жердің шабындығына дәніккеніне екінші жыл. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жаз шыға тауды шыр айналып, машина жолымен келетін, ай бойы пішен дайындап, маялап үйетін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сонан соң жер қата машинамен тасып жеткізіп алатын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан Хатынь жаққа алғаш рет күздің қара суығында келген... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Машинамен шөп тиеуге келген... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ ала жаздай арпалысып дайындаған шөптің тең жартысын ғана тиеп үлгерді, ізінше жаңбыр жауып кеткен... жаңбыр жауып кеткен соң, шөптің біразы алынбай қысқа қалып қойған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Енді мінеки, тау асып, трактор шанасымен тасып алуға келе жатқан беттері. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Көк түнек Аспанда, сонау қарлы адырларды жиектей батысқа жылыстаған жарықтық күн салқын сәулемен жасқана қарайтын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үш жігіт таңертең шалдың үйінен шыққалы ләм деп тіл қатыспаған еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Түнеп шыққандарына рақмет айтып, қара су ұрттамастан ерте тұрып аттанып кеткен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әсіресе іштері қалтырап, жылан жұтқандай тіс-тісіне тимей сақылдап келе жатқандары – ыстықты аңсаған асқазанның көтерілісі еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұрынғыдан әлдеқайда аласарып, қол созымда ғана тегенедей төңкеріліп тұрған Аспан, ол да бір түрлі көңілсіз, өз-өзінен жүдеу, өз-өзінен жабыңқы тартқан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өз-өзінен жүдеу тартқан Аспан ғана емес, таң атқанша бір-бірімен төбелесіп шыққандай тоң теріс томаға-тұйық отырған үш жігіт те. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әрқайсысы өз ойын малта ғып сорып отыр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қазір Нұржанның орнына трактор айдап келе жатқан Аманжанның ашаң тартқан екі жағы жалғыз-ақ күнде суалып, түгі едірейіп, жансыздана бастаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал оның қасында қысқа мойнын шолақ қара тонының жағасына тығып, ұйқылы-ояу мәңгіріп отырған Бақытжан тіпті баяғыда өліп, қатып қалғандай құр сүлдері, жайнап тұрар дөңгелек беті қан-сөлсіз бозаң, бұрынғыдай емес, сопайып ұзарып кеткен секілді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Оларға қарсы қарап, темір жәшіктің үстінде отырған Нұржан достарының тіршілік оты қоламталана, сөнуге айналған дидарына тесіліп ұзақ қарады: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
жиырмадан жаңа ғана асқан жас жігіттердің жүзінде уағына жетпей қартаюдың алғашқы белгілері бар еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сырттан гөрі трактордың кабинасы әлдеқайда суық, төрт бұрыштана – камера іспетті қоршаған көк темірге саусағың тисе қарып түседі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мотордан шыққан болымсыз жылу әлгі дүмбілез темірдің астында тұншығып, алқынғандай еді, деміккендей еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бу болып ұшады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Дүниенің ызғарынан гөрі, жігіттердің өз арасындағы суықтық жаныңды қарығандай еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ұрсып-таласпай осыншалық бітеу мінезбен оңаша отыру жүйкелеп, жалықтырды білем, қос рычакты кезекпе-кезек тартқылап, газды азайтып, көбейтіп, толассыз қимыл үстінде келе жатқан Аманжан жын соққандай айғай салды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал қалған екеуі оқыс үнге селк етіп есі шыға шошынып қалған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аманжан тағы айқай салды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ау-у-у...а... Аюдай ұйқтап жатқан алып дөңдер қыбырлап, ерекше үн қосқандай. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Газдыбасып-басыпқалып, жынұрғандайайғайлаған жігітті Нұржан жынданып кетті деп ойласа керек: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Тоқта! Тракторды тоқтат! – Солқ етіп барып тоқтаған ДТ-ның ішіндегі үш жігіт қопақ қаға екпінге еріп, изектесіп қалды да, арқаларын темірге соға солқ етіп қайта отырды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сәл үнсіздік басты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сосын Нұржан Аманжанға аса бір қажыспен қарады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Не болды? Бұл сұрақты естімегендей меңірейіп отыра берді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Суалған, түк-түк ат жағындағы қырау шалған түгі бұрынғыдан ары қалыңдап, қорқынышпен үрпиеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кіреукеленген көзінде сәуле жоқ, жараның орнындай шүңірейеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал қоңқақ мұрны мен өрескел үлкен аузы ол да жансыз, ағаштан ойып жасай салғандай ебедейсіз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Түйіліп біраз отырды да: – Не дедің? – деп, Нұржанға қайыра сұрақ қойды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Неге айғай салдың деймін? – Қашан? Нұржан өзін-өзі зорлағандай еріксіз күліп жіберді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұдан соң бір-бірінің иығынан май сіңіп, тот басқан зілдей алақандарымен салып-салып қалып, жамырап бәрі күлді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Міне, екінші түн тоң болып қатқан көңіл жіпсіп, трактор ішіне жеңіл нұр тараған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алып-қашпа сезім ол да қаймақшып қата бастағанды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әне, жібігендей болды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Себепсіз, айтпай түсіндірген күлкінің маздаған отына жылынған үшеуі алдарында не күтіп тұрғанынан бейхабар, осы сәттің шуағына таласа ұмтылған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұдан соң Нұржан неге айқайлағанын айтпады, қалғандары тақаулап сұрамады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жым-жырт, жұмбақты сапарға қайта аттанған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ дүние бірте-бірте тағы да суына бастады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Суықтың ең қаттысы – үнсіздік екенін енді ғана ұққандай Нұржан ыңылдап әлдебір әннің әуенін айтқан болды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Оның мұрнының астынан ғана сыздықтап, бір түрлі түсініксіздеу шыққан үні ана Аманжан мен Бақытжанға естілмеді білем, назар аударып елеңдеместен, не қосылыперместен ой орманына сіңіп, жалғызсырап адаса бастаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Айнала аппақ қар, ұшы-қиыры таусылмайтын ақ шаңқан қар, жансыз Аспан, жанарсыз күн... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Олар сүрлеу, жолсыз бағана, жалғыз үйлі жалғыз шал Қоңқай сілтеп жіберген бағытпен тұспалдап қана келе жатқан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әзірше қар астында жасырынып жатқан ұры тас, жықпыл-ұрасыз еш нәрсеге ұрынбай аман-есен келеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сонау... оу, айыр өркеш ақ таудың арғы етегінде иен қыстақ, пішен үйілген жер бар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Пәле-жаладан сақтап, дәм тартып жете қалса, трактордың шанасына тотияйындай көкпеңбек шөпті тиеп алады да, кері боздақтатады, асығады... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ауылда ай мен күндей жары күтіп, қойғаны суып бара жатқандай асығады... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Осындай шаттыққа толы шақта тракторға қос қанат бітсе дейсің, бірақ ол жарықтық өмір бақида ұша ала ма?.. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұ жалғанда ұша алмайтындар қандай көп еді... Нені және неге ыңылдап отырғанын өзі де білмейді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мүмкін, жан дүниесін жайлай бастаған жалғыздықтан (үшеуі болса да) азар да безер екі қолын төбесіне қойып қашып, мұңлылау әуенмен маңайына жолатпай, айдап, қуғысы келгені ме; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
әлде ой деген түпсіз тұңғиық жылымнан құтылып шығудың соңғы амалы осы ма, әйтеуір, көңілінде тобықтай болып, түйнектеле қатқан мұз тоңдырған сайын ызың-ызың әуенге басады-ай... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржанның көңіліндегі тобықтай әлгі мұз дәл бүгін де, кеше де, тіпті былтыр да емес, анау бір жылы – шілденің ми қайнатар ыстығында қатқан еді... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Содан бері ызғар шашып, еңсесін басады да жүреді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өзі күлгенімен, көзі күлмей, қуанғанымен, уана алмай дүниедегі ең қимасын мәңгілікке жоғалтқандай бұйығы тартып, өз-өзінен қорынатын, өз-өзінен шошынатын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол жоғалтқан заты – өзі екенін сезді ме? Сезбегені ғой, әйтпеген күнде ел көшкендей болған жанын жарылқар алданыш іздемес пе еді, өз-өзін алдамас па еді? |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әскерден есен-сау оралып, тракторға мінгеніне екінші жыл толды, бәрібір осынау шалғайдағы Европада, Шығыс Германияда жүргендей өн бойын сағыныш билеп, әлденеге асығады, әлдекімді сарыла күтеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мынау кең-мол пішілген кең-мол дүниеге сыймағандай өзін артық сезінген немесе осына далиып жатқан жап-жалпақ жапАннан құйрық басып демалар, ентігін басар жер т |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
аба алмағандай өгейсіген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Екі жастың біріне толмай, осыншалық қожырап, ерте... тым ерте түңілуі, ешкімге – өмірге де, өзгеге де салмақ артпайтын, тек бар кінәні өзінің қара басынан іздеп, мінез-құлқының ауырлығынан көретін, басқаны емес тек өзін – Нұржанжанды ғана жазғыратын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Балалық шаққа бәрі-бәрі жарасымды екен: асыр салып ойнады, күлді, жылады, алаңсыз, жоқтан өзгеге қуанды да, алғы күндерінен асығып үлкен жақсылық, оқыс жаңалық күтті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алғашында он жылдықты бітірсе болды, қирататындай деміге, әскерді өтеп келсе болды, тасып-шалқып ғұмыр кешетіндей үміт емшегін және де армансыз еміп еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Енді міне, анау айыр өркеш ақ тауды асса, арманына жететіндей тұнжырап, тұп-тұнық Аспанның астында қар теңізінің жалғыз жетім қайығындай – ескексіз; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
желкенсіз қайығындай қалықтап жүзіп келеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мынау аппақ дүниенің... Мінсіз бетіндегі жалғыз ноқат – меңі іспетті трактор шынында да қар теңізінде малтып келе жатқандай еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шынжыр табаны көрінбей, тек түтіні ғана жіңішкелене будақтап, көгілдір Аспанға сіңіп, лезде жоқ болады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Баяғыда Нұржанның апасы айтып отыратын: бұл дүниеде қуған да алда, қашқан да алда деп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сол бір астарлылау сөздің мәнін енді түсінгендей-ді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қуып жете алмас, қашып құтыла алмас тағдырдың айтағына үріп, айдағанына көнген көнтері тірліктен тізгін үзді құтылып көрші, жоқ болмаса жан ұшыра ұмтылшы – жақындасаң алыстап, алыстасаң жақындайтын сағым бақыттың ұшпағына шықтым деген тірі пенде бар ма тәйірі: өмір бойы бір нәрсе жетпей өте шығар адам баласы – өзінің аз ба, көп пе ғұмырында зар еңіреп іздегені қанағат, тоқтам екенін ылғи да кеш түсініп, көзін жұмады-ай... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан болса өмірдің бірде-бір жұмбағын шеше алған жоқ әлі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тек әрбір ірілі-уақты оқиғаға таңдай қағып, таңданып, «неге олай екенін», яғни ақ деп жүргені – қара, ал қара дегені ақ екенін түсіне алмай басын қатырып ойлай берер еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қар жамылған айнала күн сәулесімен шағылысып жанарды жейді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ессіз, иесіз тау-таудың бәрінен өлдім-талдым деп құдайдың зорына ассаң, екіншісі тұрады кел-кел деп шақырып. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үш жігіт енді келе жатқан бағыттарының дұрыс-бұрыстығына күмәндана бастаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жолдың осыншалық ұзақ болуы мүмкін емес... – Тоқтатшы, – деді Аманжанға. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Аздап аялдап, оң-солымызды танып алайық. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Трактор тоқтады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ моторы толассыз соққан жүрек секілді дамыл таппай жұмыс істеп тұр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қонақтаған тауықтай бүрісіп отырған Бақытжанға да жан біте бастады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Талықсып барып ұйқы жеңді ме екен, аздап қалғып алған-ау. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Екі көзі қанталап, не болды дегендей аналарға жалтақ-жалтақ қарайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алғашқы сөзі: – Жеттік пе? – болды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ежелден ұрт мінезді Аманжан шам шақыра жауап берген: – Атаңның басы жеттің! |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Дегенмен қай тұста тұрмыз өзі, – деді құрдасының сөзін ауыр алмаған ол жан-жағына қарап. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Білсек – тұрамыз ба? Ит біле ме, тоңқайып-тоңқайып – – етегін түріп тастап, артын көрсетіп жатқан таудан өзге қыбыр еткен жан, ербиген бұта жоқ, |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– деді Аманжан әлі де өз-өзінен ашуланып. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Адасыңқырап кеткендерін ол бағана сезгендей. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тек анау екеуі кәперсіз отырған соң пысықсымаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Енді екі жігіт жарыса Нұржанға қараған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бір күн болса да трактордың нағыз иесі, жолбасшы жігіт осы-тын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол болса үнсіз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кабина тұтқынынан босап шынжыр табанға шықты да, ақ қардың бетіне қос сызық тастаған артқа, сонсоң жан-жағына сығырая қарады-ай... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қырдан ойға түсіп кеткен соң, нысаналап келе жатқан Айыртау да көзден тасаланып көрінбей қалған-ды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал Аспан мелшиіп, табалағандай, міз бағар емес. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Етекке түскен соң күн де ақ жиек тау иығына тым-тым тақалып, енді болмаса батып кетердей мінбелеп тұр. |