KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Айыртауда Қар қызы бар екен, қыста қарлы шағылдардың арасына көзге көрінбей ән салып жүреді екен де, жаз шыға жетіқат жер астына сіңіп кетеді екен,

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– деген аңызды талай-талай естісем де, іштей иланбаушы едім.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Енді міне, өзіңді көріп отырмын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қандай сұлусың».

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қар қызы: – «Қандай сұлу болсам – сондай суықпын».

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан қыздың алақанын бетіне басады: – «Рас суықсың.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Неге солай екен?» Қар қызы: – «Мені адамдар мәңгілікке өкпелеткен».

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан: – «Адамдарың кім сонда?» Қар қызы: – «Қоңқай шал...»

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан: – «Ол адам емес, Қоңқай ғой».

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Адам бойындағы асау қан түйіршіктері қозып, жауыздықтың сойқанды соғысына шақырады екен-ау.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Зұлымдық әр адамда, әр ұлтта барын байымдаған Нұржан жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Досының екінші соққысы тигенде өзінің де қаны тасып, басына шыққаны сонша, сонсоң өне бойы қалшылдап, қарсы ұмтылғаны, ұп-ұзын құрдасын ішінен періп, ыңқ етіп ауырсына еңкейіп қалғанда, әскерде үйренген тәсілі бойынша көк желкеден ұрғаны, сонсоң өзі құламай тәлтіректеп тұрған жігіттің қылтасынан теуіп құлатып, құлап бара жатқан сәтінде секіріп барып қос аяқтап бөкседен тепкені, бұдан соң көзіне қан құйыла долданып, әлі құрып бүк түскен бейшара Аманжанды бір теуіп кеткені есінде; тек ашуы сабасына түсіп, өлердей өкініп еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үшеуінің де ұйқысы қайтып келмеді не тіл қатысқан жоқ, сұлап-сұлап дүмбілез күй кешкен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Енді үш күн бойы ұйқтамауға жетерлік олжалы ой тауып еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Дүние ақ шаңқан... Кешелер соғып өткен ақ түтек боранның сарқындысы, сеңдей сірестіріп қасаттап тастаған ақ сіреу кіреуке... ақтаулар... алысқа... әлдеқайда бірін-бірі қуа жарысқан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ербең етер тіршіліксіз, салқын сазарған қалпы адырлар ұлы өмір шуылынан бейхабар

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Айқара жамылған ақ кебінін бүрісе бүркенеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Айлы түннің астында аруақтай созылған суық...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аса қытымыр дүние... түн ортасы ауғанша жақ ашпастан жайрап неге төбелескендерін, кімді-кім ұрғанын уайымдап жатты да, басқа... бұған дейін кешкен өмірдің, тәтті бір ләззатты сәтін есіне алысқан... Ондай қымбат минуттар Нұржанда жоқ-ты, сыпыра жайдақ, тіршіліктің қамымен өте шыққан сұрқайлау еді... Әлі күнге ешбір қыздың бетіне қарап күйдім-жандым деп ғашық болып көрген жоқ-ты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Емірене еске алар енді несі қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мынау қалтарыста қаңғыған иен жерге қарашаның қара суығында, бұдан бұрын да бір рет дәм тартып келіп еді-ау.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Онда олар көп жігіт болатын, машинаға мініп, тау айналып, қара жолмен келген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Иә, онда олар көп еді, сойталдай-сойталдай он жігіт... шөп тиеуге келген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Алғашқы күні бес машинаға тиер-тиеместен күн жауып кеткен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сонсоң, барлық машинаны қайтарып, ең соңында өздері жаяу қайтқан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Иә, сонда өздері мінген автомашина белуардан батпаққа батып қалып, қайтып шығара алмап еді... Сіркіреп қара күздің ақ жаңбыры толассыз жауған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Не паналар үй, не ағаш жоқ, құдайдың қу мекиен даласында қалған он жігіт екі кештің арасында он шақырым алыстағы Огневка деген селоға жаяу тартқан...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қарсыдан шаба жауған желді нөсер өңменінен өтер суық еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үстерінде тек күпәйкесі ғана бар жігіттер керзі етіктерін қорқылдатып, түбі тесіліп кеткен Аспанды, биылғы қуаңшылық жылды, жаздай бір тамбай қойып, күзде сорғалаған жаңбырды, ауданнан жүз шақырым шалғайдан шөп дайындаған басшыларды оңдырмай балағаттаған...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шелектеп жауған жанбырдың астында көзге түртсе көрінбейтін қараңғылықты жамылып, батпақ кешкен жігіттер сонадайдан сығырая шақырған болымсыз жарықты бетке ала безектеп еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әудем жерде ғана көз қыса қылымсыған Огневканың бұлар асыққан сайын алыстап, жеткізбей қашқаны, ал қарашаның ең соңғы желді нөсері сабалап, мойнынан кірген су қойын-қонышын қуалап етігіне сорғалағаны, тісі-тісіне тимей сақылдап сұмдық тоңғаны, осына сүңгілескен азапты халдің қайтіп қайталанбауын, мынау кері баққан ішкері жақта ат басындай алтын бар десе де қайта айналып келмеуін тілеген өз-өзіне ант еткен, сылп-сылп басып, жолсыз, жөнсіз жортқан он жігіт ауыл шетіндегі тілдей көпірді әрең дегенде сипалап тауып, құндыздай шұбап өте береміз дегенде кеңірдектен келетін өзеншеге Нұржан аяғы тайып кетіп, оңбай құлап еді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жар жиегіндегі талды паналап, жүзіп жүрген тамам үйректі үркіте былш етіп құлаған Нұржанды Қайкен мен ақай зорға дегенде шығарып алып еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Құйрық басып отырып, етігіне толған суды төгіп тастар құрғақ жер жоқ, ылжыраған сусіңді дүниені тағы да лағынеттеуде, шылпылдатып ілгері тарта берген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бұлар келіп жеткенше ауылға сіңіп үлгерген қалған жетеуінен айрылып қалған да, мұқым Огневкадан есігін қақпаған үй қалдырмаған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірақ көше-көшені жездей қақтап, аралап шықса да, бірде-бір үй түнеуге рұқсатын бермеп еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Су тышқандай сүмірейген үш жігіт адамдардан осыншалық мерездік, жатпейіл, масқара қатыгездікті бұрын әсте байқамай, тіпті мүлдем күтпей келіп, өз бастарына сарт етіп тигенде ғана барып, суына түңіліп еді-ау.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жоқшылық кезінде, тіпті күні кешегі соғыста адамдар дәл осылайша қатыбастанып, жат бауыр болған жоқ шығар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әлде бұл жұрт тым-тым тойынып кетті ме, кекірігі азып, кекіреледі ме, мүмкін, жеті қат түн ішіндегі ұрылар деп сенбеді ме?!

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қайдам, әйтеуір, Нұржан осы жиырмадан жаңа асқан жасында тұңғыш рет адамдарды жеккөре безініп еді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бар болсаң көре алмас, жоқ болсаң бере алмас ағайын шыр айналып келгенде, қара басының қамын күйттеп кетері рас та...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сонымен, үш жігіт Қайкен, ақай, Нұржан өлген жыландай шұбатыла қоныс тепкен Огневканың басына түсіп, аяғына дейін әр үйдің есігін тартып, терезесін қағып шықты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ешқайсысы қондырмады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ауылдың шетіндегі оқшаулау орналасқан ақырғы үйдің есігін тықылдатып еді

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ар жағынан әйелдің «кто?» деген жіңішке даусы естілді де, ізінше өзі шықты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Пұшпақ-пұшпағынан су сорғалаған үш жігітті көргенде алғашында аңтарыла сескеніп қалды да, «сіздерге кім керек?» деді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ақай ана екеуінен гөрі пысықтау еді: – Өтінемін, жылаймын, құдай үшін түнетіп шығыңыздар, Қарағай ауданының жұмысшыларымыз, машинамыз батып, жаяу қалдық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бармаған үй, тартпаған тұтқамыз жоқ, ешкім жолатпады, бір қайырымдылық жасаңыздар, үсіп өлуге жеттік, босағадан ары аспайық, тек бойымыз жылынса болды,– деп зарлай жөнелді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Төргі бөлмеден ер адамның үні естілді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әйел бұл мәселені жалғыз өзі шешуге батылы бармады білем, қайта кіріп, күйеуі болар, әлдекіммен ақылдасты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Содан кейін ғана есікті айқара ашып: – Кіріңіздер, – деді күлімсірей.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Кіріңіздер» – Нұржан үшін бұл жалғанда осы сөзден құдіретті, осы сөзден ыстық, әрі ардақты ұғым жоқ шығар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Кіріңіздер» – «қандай ғажап! Осы ізгі ниеттен соң өліп кетсең де не арман.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Кіріңіздер» – Адамзаттың қолы жасаған бүкіл арамдықты ақтап қалар ықыласты пейіл-ай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қарапайым жиналған ұядай жылы қос бөлмелі шағын үйге кіргендерінде әбден сілікпесі шыға тоңған жігіттердің су тамшылаған мұрындарын орыс көжесінің ашқылтым иісі жарды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жүз жылға бірақ қартайған мүшкіл хал, жүз жылға қайта жасарғандай қуана толықсыған-ай!

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Табалдырықтан аттауын аттаса да, не ары емес, не бері емес, ошарылып қалған жасқаншақ жолаушыларға ірге жақтағы нардың үстінде малдас құра отырған шегір көз, сары шашты орыс:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Төрге шығыңдар, – деп қазақ тілінде ілтипат білдірді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Алдымен сырт киімдеріңді шешіп, суын сығыңдар да, пештің ығына жайыңдар, ұялмаңдар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Состиып, ит көрген ешкідей тұра берудің ендігі реті жоқ еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Іштеріндегі ересегі ақай бастап шоланға шығып, сырт киімдерін шешіп, екеулеп бұрап, суын сықты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан жалма-жан отыра қалып керзі етігіндегі шүлпілдеп тұрған суды төкті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Түнгі қонақтарының әр қимылын қалт жібермей баққан үйдің иесі әйеліне тамақ әзірле деп әмір берді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Төргі бөлмеден шаштары үрпиіп екі-үш баланың басы көрініп еді, ұйқтаңдар, кісі көрмеп пе едіңдер – деп зекіді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Буы бұрқыраған жоян табақ борщ алдарына келгенде анасынан қайта туғандай жасады-ай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Пештен жаңа ғана алған ып-ыстық нан, пештен осы әзірде ғана алған ып-ыстық көжені азып-тозып келген үш жігіт мұрындары шуылдап армансыз ішіп-жеді-ай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үнемі қылтылдап тұрар пенде шіркіннің көңілі бағана жақсылық атаулымен қайтып оңалмастай болып зәрезептене жеріген еді, енді міне сол екі қолды төбеге қоя безінген адамдардан айтып жеткізгісіз дарқан көңіл тауып, паналап отыр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жұмыр басты пенденің бәр-бәрі бірдей еместігіне имандай иланды-ай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қаужаң-қаужаң тамақ жеп, ар жағына ел қонып, суық сорған денелері қызына бастаған жолаушылар нардың үстінде қозғалмай отырған орысқа түстеп қарап еді, өз көздеріне өздері сенбей қайран қала таңырқады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірақ ешқайсысы да сездірген жоқ, іштерінен тынып, үнсіз түсініскен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үй иесі орыстың екі аяғы тізесінен жоқ, томардай шолақ екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Дегенмен, ол да жігіттерді ыңғайсыз әсерден өзі-ақ арылтқысы келді ме: – Екі аяқты Гитлер алып қалған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

1 945 жылғы 8 майда минаға түсіп қалдым, – деді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол бұл сөзді немкетті, бүгін күн бұлтты екен дегендей жай айта салып еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мен сол ГДр-да служить еттім, – деді Нұржан тек отырмай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өзін ретивых деп таныстырған мүгедекке қарап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қалай, ұнады ма? – деді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Халқы таза, тиянақты, біздей емес пысық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бірақ дүние жүзіндегі атақты данышпандар да, атаңа нәлет жауыздық та сол сен мақтаған халықтан шығып жатыр-ау, – деп әлдене ойына оралғандай күрсіңді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ал, жатып демалыңдар, шаршаған шығарсыңдар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Биылғы құрғақшылық сендердің аудандарыңа қатты тиді ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Өзі соңғы жылдары табиғат та өзгеріп барады-ау, – деді бағанадан жақ ашпай тосырқаңқырап отырған ақай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жылы үй маужыратып, ыстық көже буынына түсті ме, Қайкен изек қағып, қалғи бастаған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Өзгерген ауа райы ғана ма екен, ел де баяғыдай емес... Құдайын ұмыта бастады, – деді ретивых жұп-жұмыр шолақ тізесін сипап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мүмкін, әлі де сыздап ауыра ма, әлде бұрыннан сипай-сипай әдеттеніп кетті ме белгісіз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ол өзгерісті осы жолы көрдік, – деді ақай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сіз болмағанда таң атқанша жауынның астында қалар едік.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жалпақ жерден қаға беріс, тым шалғайда тірлік құрған – Адамдар тағыланып, бөтен мінез танытары рас.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ауыл-үймен араласпаған семьяның баласы да кісі жатырқағыш келмей ме.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бұл ауылда тек кілең кержақтар ғана емес, кержақ болып кеткен қазақтар да баршылық, – деді де, қонақтар шамданып қалды ма дегендей, әңгімесін әзілге шаптырды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жамандық пен жақсылық адамдардың қанына емес, жанына ұя салған ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Неғұрлым байыған, тұрмысы түзелген сайын тәубесін ұмытқыш келеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Екі аяғым бар болса, мен де қондырмас па едім, қайтер едім, а, Маша?!

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ыбырсыған ыдыс-аяқты жуып, бәкін-шүкін үй ішінің шаруасымен жүрген толық әйел жымиып күлді де: – Уыздай жас кезіңде, иә, сау кезіңде сенен қатал, сенен тәкаппар ешкім жоқ болатын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Патшаға сәлем бермеуші едің.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мені де менсінбегенсің.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Соғысқа дейін соңыңнан ермеген қыз қалып па еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сені қармағыма түсірген соғысқа рақмет, – деді жарасымды, әрі жайдары мінезбен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бәрі жамырап күлді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қалғып отырған Қайкен де түкке түсінбесе де, өз алдына ыржалақтаған-ды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол жатқан соң да көпке дейін ұйқтай алмады.
Көрсетілді: 6200 / 47388