Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бәлкім, табиғатқа қайтадан жақындау дегеніміз осы шығар... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Осы шығар... Есік ашылып, сыртқа қақырынып-түкірініп шал шықты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан далада көбірек айналып қалған соң, жасаған сақтығы болар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Неғып айға қарап телміріп тұрсың? – деді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жәй, өзім, ақсақал. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ұйқтар алдында өстіп, таза ауа жұтып, бой сергітетінім бар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Жөн-жөн, бар, ұйықта, – деді де үйге жапсарлас салынған қораның ішіне кіріп кетті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан әрі-бері тосып еді, шықпады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әуестік жеңіп, білдірмей есігінен сығалады, бәрібір ештеңе көре алмады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қараңғыға көзі үйренгенде ғана барып, сонау төменнен – жер астынан жарық сәулеленгенін байқады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сөйтсе, қораның ішінен қазылған жертөле бар ексн. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шешінген судан тайынбас дегендей, тәуекел деп жақындай түсті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жертөленің қақпағы ашылып, төмен түсер саты бар екен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Май шам онда да жанып тұр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қоңқай шалдың көлеңкесі абажадай болып көрінеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өзі самогон ба, сыра ма, әйтеуір, сарғыштау сусынды, дәу ағаш шелектің шүмегінен ағызып алып, сіміріп отыр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Байлықтың көкесін Нұржан, осы жер астындағы үйден көрді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Адамның жанынан өзгенің бәрі бар сықылданды көзіне. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тіпті шындап іздесе, адамның жаны да табылар ма деп қалды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сонда оның есіне баяғыдағы бір ауылда естіген әңгіме оралып еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өзі құралпы Орынбай деген жас жігіт, бөлімшеде есепші болып істейтін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Осы өткен жазда өздері келе жатқан Айыртаудың арғы бетінен пішен дайындаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сонда әңгімеден әңгіме шығып, Орынбай бір сырдың шетін қылтитқан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Айыртаудың асуында бір жұмбақ шал бар екен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өзі талай кісінің, атуға болмайтын аңның обалына қалған жауыз көрінеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Керек десең паспорты да жоқ. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ ешкімнен қорықпайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қорықпайтын себебі, оны бүкіл аудан, облыс басшылары жақсы біледі-мыс. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Білетін себебі, әлгі шал оларды аңның терісі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді екен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бір үлкен қызметтегі кісі аты жаман аурудан өлгелі жатқаңда, вертолетпен ұшып келіп, әлгі шалдың үйінде ай жатып емделіпті... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жазылыпты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Егер шын ниет қылса, өлген адамды тірілтіп алатын көрінеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әуелі... шамасы тайып, қуатынан айрылған дөкейлер ептеп әлгіден... қоздыратын бір пәле бар екен ғой, содан да алып тұрады дейді... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әрине, содан соң ол шал құдайдың өзін тыңдамайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ өзі керемет қатыгез, қанішер көрінеді... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– «Бұл сол шал болды» – деп ойлаған Нұржан шегіне берем дегенде, жер үйдің ішіне жылқының тоң боп домаланған қиын құлатып алды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шал селк етіп, жоғары қарады да, май шамды үрлеп сөндіре салды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ «бұл кім?» – деп дауыстамады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кім екені бесенеден белгілі... Осы күні түнде Нұржан да, Нұржанды аңдыған шал да көз ілген жоқ. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірімен-бірі іштей арбасып, іштей атысып жатыр еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шал ойлады: – «Үш жігіттің ішіндегі ең қауіптісі – Нұржан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қалған екеуі, көзінің алдындағыны ғана көретін дарақылау, ойлары таяз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Не істеу керек? Айыртаудан асатын төте жол бар деп, жөн сілтеп жіберсем ғой, үшеуі де құриды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал айналма жолға түсірсем Аман-есен жетеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аман-есен жеткен соң, менің бүкіл сырымды, байлығымды мұқым елге жаяды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жайғанына қорықпаспын, ұрлыққа түсуі мүмкін ғой. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Не істеу керек?» Жігіттер шаршап келіп қатты ұйқтап қалған еді, таңертең жұлқылап жүріп Қоңқайдың өзі оятты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан да әбден таң сыз бергенде көз іліндірген-ді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Орындарынан атып-атып тұрған трактористер, беті-қолын жумастан далаға шықты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аппақ шағырмақ қардың ортасында меңдей болып қарайып ДТ-54 тұр, қасқыр жемепті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Моторды қыздырып, жанармайды жылыту үшін шалдан отын сұрап еді, қарсылық білдірген жоқ. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Темір пештің үстіне бір шелек су құйып қойып, оны да ысытып радиаторына құйды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Көп әуреленген жоқ, тракторды әп-сәтте от алдырып, енді аттанамыз деп жатқанда, |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан шалдан ендігі бағыттың ыңғайын сұрады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Алдарыңда екі жол бар, – деді шал қабырғасын тырт-тырт қасып. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Біреуі алыс та болса – жақын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Екіншісі жақын – жақын да болса – Алыс. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Егер Айыртауды айналып жүрсеңдер өте ұзақ жүресіңдер... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал мынау бір – Үлкен Қоңқай асуы арқылы жүрсеңдер, екі-үш сағатта іздеген шөптің үстінен түсесіңдер. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шөпті Аман-есен тиеп алып, қайтарда Айыртауды айналып желе-жортып ауылдарыңа барасыңдар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сондықтан менің ақылым – үлкен Қоңқай арқылы асудан өту. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тракторларың мықты, дендерің сау, сайдың тасыңдай жас жігіттерсіңдер, қиындық деген не тәйірі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Олай болса, сіздің сөзіңізге сендік, ақсақал, |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– деді Нұржан трактордың жылан бауыр табанына шыға беріп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тек кабинада орын жоқ, оған картошка тиелген, соқаға отырыңдар, – деген соң, кешелер ғана сүдігер жыртып, бат-пақ қатқан соқаға атша мініп секектеп таудан түсіп еді түн жамылып. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Міне, сол ішкері жақтың дәмі енді қыста тағы да бұйырды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Егер бұйырса... Қайда қарасаң да аппақ қар: сеңдей сіресіп қасаттанған қар; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
қарасаң көз қарықтыратын шаңқан бел-белестер, ербең етер тіршіліксіз салқын бедірейген дүмбілез таулар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тым шалғайдан сарын естіледі... Достарым ұйқтап қалмады ма деп тың тыңдап еді, мұрындарын қайта-қайта тартып, бүрісіп ояу жатыр екен, қуанып кетті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ ешқайсысы да әлгі бір сәттегі ашу-ызадан айыға алмағандай. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
«Төбелесіп алғанымыз тым нәтижесіз болмады-ау», – деп ойлады Нұржан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұдан соң ол сонау бір көктемде, алғаш әскерден келген шақтағы оқиғаны есіне түсірді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Көзін жұма тәтті бір әсермен қайта... қайта елестетті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қандай әдемі көрініс еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қандай ғажап дүние еді... «Иә, онда көктем еді ғой... онда көктем болатын... көк-жасыл әлем болатын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Онда аппақ қар да, аппақ қардың ортасында меңдей болып қарайып тұрған трактор да, мынау бүйірі бүлкілдеп, уайым уыстап жатқан екі досы да, алыстан... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
тым жырақтан ұлыған аш қасқырдың үні де... Азапты жүріс, азынаған ой да – бәрі-бәрі, бәрі-бәрі жоқ, тек өзі ғана... тек өзі ғана... тек өзі ғана ма еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Баяғыда аспан не деген түпсіз, көкжиек не деген шексіз еді: өз ойымменен өзім арпалысып жатып, күннің еңкейгенін, енді түнгі ұйқысы – ұясына бататынын, сонымен бірге бүгінгімен бақилыққа қоштасатынымды, бірақ жылдар сусып өткен сайын дәл осылай қыстан қалған маяның үстінде көкке қарап шалқамнан жатқан жалқы сәттік оңаша күйімді сағынатынымды байқадым ба сонда; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ой дегенің сол Аспан, сол көкжиек сияқты шексіз де шетсіз емес пе; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ендеше, жүз рет ойлағанша, көз шалқыған, батар күннің нұрына балқыған көктемнің кербез келбетіне бір рет қарағаным ғанибет емес пе; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
араға талай жылдар салып, туған аулыңа қайтып оралсаң, көзіңе көрінгеннің бәрі-бәрін аймалап сүйіп, айналып-толғанып, жылтырап айрылып қоштасарсың; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
әмбе мынау көктем сені дүниеге тағы бір тудырып, бұдан бұрынғы, бұдан кейінгі өміріңнің айтып өтер әсем әніндей, жүрегіңнің нәзік қылын шерткен; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
жаңа ғана қаушағын ашқан қыр гүлі, жапырақ жайған жас қайың, мөңкіп ағар таудың ерке бұлағы, тәй-тәй басқан үкілі жас бота, енесін қақтай емген қара қасқа құлын, туған жеріне қайтып оралған аққу-қаз мазасыз тірліктен шаршаған жанымды жаңғыртқан: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
даланың балдай тәтті ауасын кеуде кере жұтып жіберсең, сарайың ашылып, өз-өзіңнен, мейлі мақау болсаң да, әйтеуір, бір әнді емін-еркін шырқағың келер, таласып байып батар күн мен жатқан маяның көлеңкесін ұзартып, көгі енді ғана тебіндей бастаған төбелерді маздатқан; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
таласып байып батар күн бар аймақты алтынмен аптап, өмір шаттығының салтанатты шатырына айналдырады; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
таласып байып батар күнге қарсы жүріп келе жатқан Қыз шөп үстіндегі мені байқамай көзінде күннің қып-қызыл алауы секіріп ойнап, мен өмір бақида естімеген, әрі нәзік, әрі сыршыл әуенді ыңылдаған еді; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ауылдан қырға ұзап шығып, сұғанақ көздер тұтқынынан босап, оңаша қалған жас Қыз алтын ағыстың ортасында жүзген аққуға ұқсайды; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
мынау көктемнің бір бөлігіндей болып өзінің алаңсыз көңіл күйіне еркелегендей еді-ау; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ол жаратушысын да, жарылқаушысын да білмейді, тек қана, әйтеуір, бір ғайыптан пайда болған, ессіз қуаныш құшағына алып, әлдилеп тербейді, әлдеқандай сұлу һәм сыршыл дүниеден сыбырлап әңгіме айтады; рақаттың, бақыттың буы өне бойын қытықтайды; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
мен ғана кереметпін, мен ғана асқан сұлумын деген тәкаппар сезім жетегіндегі ару өң мен түстің екі арасындағы бейкүнә масаң халде еді; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ол әндеткен күйі мен жатқан маяның жанына келіп тоқтады; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қыздың осынау оңаша алаңсыз еркіндігін үркітіп алмас үшін иісі бұрқырап жатқан сарғылтым шөпке бұға түсіп едім ғой; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
жас Қыз күн нұрымен шағылысып, сынаптай толқыған бұлақ суын ішкен алтын киікке айналған; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
жұқалаң көгілдір көйлектің тарлау тігілісі балғын дененің әр мүшесін айқындап, алқына соққан жүректің лүпілінен жыртылардай болады; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
не ұзын, не қысқа емес қою шаш бұйралана қобырап, ашық маңдайды қызғана жасырады; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ал енді ғана мүсіндене бастаған тіп-тік балтыр миуа ормандарда сирек кездесетін қос қайыңның сүмбіл бітіміндей; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ал тал шыбықтай бұралған талдырмаш бел үп етіп самал тұрса майысатындай; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ал батар күннің батсайы бояуын жағынған жібек мойын, баян төс пен қара көз – менің де, сенің де тек түсіңде ғана көріп, эпостық жырлардан ғана оқитын ертек сынды, сиқырлы әмбе сымбатты теңдесіз сұлулық; күн батты, сонда да оның қара көзі мен садақтың оғындай кірпіктеріндегі нұр жоғалған жоқ, күн әулиенің түнді сәулелендіруге қалдырған Аманатындай, мен демімді ішіме алып, қыбыр етпестен жатқаным; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
қыз күліп аққан бұлаққа аяғын салып, тәтті арман, биік қиял қанатында отырған; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ол енді ыңылдап айтқан әуенді доғарып, өзгеше әдемі мұңға бөленген; |