KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бейбітшілік, бақыт, қуаныш – деген ұғымның нағыз мәнін де, сәнін де мен осы қыздың бойынан таптым: қарабарқындана бастаған көктем кешінде екі тізесін құшақтай отырған осынау қыз, мүмкін, жылдар бойы тылсымнан, ертеңімнен немесе ертегіден іздеп жүрген махаббатым ба еді:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мен сонда дүниеде дәл осы қыздай сұлу, дәл осы қыздай әнші, дәл осы қыздай бақытты адам жоқ деп білдім;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

оқыстан пайда болған күнәсі жоқ мөлдір сүйіспеншілігімнен шошындым да;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

енді қалған өмірімнің мәйегі, жер қойнына кіргенше айтып өтер дұғасы – тек сенсің, намаздыгер-намазшам арасында ғайыптан туған көктем – қыз деп едім-ау;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

сен маған бұдан екі жыл бұрын неге жолықпадың... жүрегім тоқтап қалған секілді:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

әлдекім түпсіз зынданға тастап жіберген секілді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

көзімді жұмдым – бәрібір қарабарқын кешті нұрландырған көк көйлекті көктем-қызды көрдім, әне, қос қанаты бар қалықтап ұшып барады, әне, оқыстан киліккен қара құс іліп алды да көз көріп, құлақ естімейтін алысқа алып ұшып кетті...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

шошынып барып көзімді аштым: көктем-қыздың періштеге балаған иығына қолын салып, жыртың-жыртың күліп тұрған дарақы жас жігітті көрдім, икеміне беріліңкіремеген қыздың қолынан жұлқа тартып, мен үшін белгілі әрі белгісіз жаққа өзімсіне жүр-жүрлеп, қоюлана бастаған қараңғылыққа сіңіп бара жатты, орнымнан атып тұрып, соңдарынан қуғым келді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

қызғаныштан өртенген жүрегімді жұлып алып, солқылдап тұрып ағыл-тегіл жылағым келді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бірақ кейінгі кезде орныққан ақыл меңдеді ме әлде ежелгі дәрменсіздігім тұсау болды ма

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– көкірегім қарс айрылып, өкінгенім болмаса, батылым жетпеді: шалқамнан түсіп қара көк Аспанға қараймын;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жұлдыздар жыпырлап молайған, тым биіктен қызықтырып, көз қысады, әне, жұлдыз ақты – еш нәрсе ойлап үлгере алмадым; тағы да...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Маған жұлдыздар жауып тұрғандай болып сезілді: ұстайын дедім – Аузымды аштым, алақанымды жайдым – маңайламады:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

салқын да саябыр тартқан дала бейқам, төсінде болып жатқан сан қуаныштан, сан өкініштен бейхабар;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жаңа ғана бар жастығымды, бар махаббатым мен базарымды ұрлап, көз алдымда қолтықтап кеткен танымайтын сары ауыз жігітті күні бүгінге дейін өлердей жек көремін, менікі әншейін жалған құмарлық емес, көктемгі бейуақытта туған шыншыл сезімнің айында-жылында, не басыма іс түскенде, не көрер таңды көзіммен атқызып сырқаттанғанда, санамда жалқы сәт сәулеленіп, сонсоң ғайып болар рухани пірге деген ұлы ынтызарлық болар...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мен білемін – «құмарлық кеме желкендерін кеулейтін жел секілді – кейде, ол да суға батырады, бірақ ол онсыз жүзе де алмас еді» – менің ойым мен бойымды билеген әсте де ондай сезім емес, іңірдің өзіндей келте де кемеңгер, мәңгі толастамас жұмбақ сүйіспеншілік;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аспанға қарап шалқамнан жатырмын: мұрынға кепкен шөптің иісі келеді, жұлдыздар ағып тұр;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ауыл жақтан: «Нұржан...» – деп шақырған анамның үйреншікті айқайы естілген, «Нұржан... үйге қайт... құлыным...» – Иә, сонда Аспан не деген түпсіз еді, көкжиек не деген шексіз еді... шексіз еді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қайда қарасаң да аппақ қар сеңдей сірескен, тұтаса қасаттанған суық дүние...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Алыстан – тым шалғайдан қыздың сыңсыта салған әні келді құлаққа...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Күндізгі дүрдараздықтан соң Аманжан да кірпігіне кірпігі айқаспай бадырайып жатыр еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әбден май сіңді болған сабалақ жүнді шолақ қара тонды қаусырына түсіп сонау бір шақтағы... жадыраған жаздағы оқиғаны есіне алды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Есіне алып еді, бойына жылу тарап, екі тізесінің тоңғаны бәсеңсігендей болды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Адамның ойына осындайда тек естен кетпес өмірінің әдемі сәт елестері қандай жақсы...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Иә, онда жайма-шуақ жаз еді-ау, жаз болатын, жайлау болатын: «Тақымымыздағы ат арқырай кісінеп қоя берді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Кешкі сауын бітіп, ағытып жіберген құлын енесімен табысып, жылқылардың алды қарағайлы беткейге жосыла өріп барады екен;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

оқта-текте үйірін қызғанысып, алакөз боп тебіскен айғырлардың шаң-шұң даусы шығады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ондай сәтте төрт қанатты киіз үйдің алдында тұрған жылқышы «ай-үй» деп арашалай айғай салады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

үйдің қыр жағына қағылған мама-ағашқа атымызды байлап, үйге беттедік;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жылқышы қонақжай адам екен, ізгі ниет білдіре есендесті;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

киіз үйден сабаға сар-сұр құйып жатқан саумал даусы, аяқ-табақтың сылдыры естіледі;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бірте-бірте үйіріле берген ымырт ұзап бара жатқан жылқылардың қалың қарасын ғана көзге сүлделендіріп, жерошақтағы бықсып жанған оттың сәулесін айқындай түседі;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

сонау алып бурадай шөгіп жатар таудың қыр желкесіне күміс шеге қағылды, ол түн

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Арудың алғашқы хабаршы жұлдызы – қойшы жұлдыз, өріске беттеген жылқының пысқырынған-осқырынғаны естілмей, ендігі сәтте көзден тасалана бастады, тек анда-санда алакөз боп кетіскен айғырлардың ғана жан айқайы шығады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

енді үйден гүрпілдете піскен сабаның даусы шықты; алыстан...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Анау бұйығы-бұйығы жүндес жотаның ар жағынан «Жолдаяқ, Жолдаяқ» деп шақырған қыз үні естіледі;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

оның жіңішке де жарасымды даусы қараңғылық ұйып, қалғи бастаған тау аңғарын жаңғырықтырады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

алаңсыз арманшыл қыздың жалғызсырағандағы бар ермегі – сол Жолдыаяқ-ау деп ойладым;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

екі қолын артына ұстап, жылқылар ұзаған жақтан екі көзін алмай тұрған жылқышы елең етіп: «Ақбілек қой, қойшылардан келе жатқан», – деді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

біз үйге кірдік;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

саба пісіп тұрған сұңғақ бойлы әдеміше әйел имене есендесті де, іркілместен қымыз құю қамына кірісті;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бетінде майы жүзген қымызды сыңғыта ішіп жібергенде көзіміз шырадай жанып қоя берді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

екі-үш кеседен кейін жаздың күшті қымызы бойымызды қыздырып, бүкіл көрініс қайта жасарды, біз өзімізді өзгеше көңілді, сергек сезіндік, үй иесі әңгімешіл адам екен, ауыз жаппай сөйлеп отыр;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

сырттан ат дүбірі естілді де, әлдебір әннің әуенін ыңылдап, әлдекім кірді үйге;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ол күпәйкесінің жан қалтасына қолын салған күйі босағаға сүйеніп, қалт тұрып қалды;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

сымдай ғып киіп алған қара шалбар, басына ораған жұқалтаң қызыл жаулық, күпәйкесінің жағасынан әнтек көрінген ақ кеудешенің жағасы – бәр-бәрін сұмдық шапшаң әрі тінте шолып шықтым да от қызуы мен ондық шамның сәулесі нұрландырған жүзіне үңілдім;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

білмеймін, мүмкін, қымыз қыздырып, көзім бұлдырап отыр ма, әлде ес білгеннен бермен ойша қиялымнан, әсіресе алдағы күндерімнен толассыз іздейтін,

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бірақ ол не – Адам ба, періште ме,– өзім де сезініп білмейтін жұмбақты бейне, сағыныш дейтін буалдыр сағымның арасынан жалт еткені ме;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

аса тұрпайы, әрі жалынышты көзбен қарасам керек;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

екеуміздің де жанарымыз жалт етіп, былайғы жұрт есін жиып алғанша қарасып, һәміштей ұғысып та үлгердік;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

маған оның еш аламанға ұқсамайтын табиғи дидарына енді бір қарауды жазбапты;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

әкесі – Ақбілек, қымыз ішіп ал да, жылқыны Ешкі өлгенге бұрып жібер, – деді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ол қымыз ішкен жоқ, үндемеген қалпы оқыс бұрылып шығып кетті;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мен жаңа ғана жасқанып кеткен кірпігімді қайта көтергенімде босаға бос тұрды;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бірақ Ақбілектің бейнесін ойша елестеттім: маған ол сол босағада қолын қалтасына салып, әлі тұрғандай сезіледі;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

маған ол дүлей таулардың ортасында нажағай отымен түскен көк жасынға, жүрегімді ұстарамен тіліп өткен қасапшыға ұқсады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

неге екенін білмеймін, оны да, өзімді де, тіпті тіршілікшіл әлемнің басы толып, жүрегім айныды;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жылқышының әйелі айтты: Ақбілек оқуға түсе алмады, сосын әкесіне қолғабыс жасап жүргені ғой:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Оқып керегі не деп ойлаймын,– оқып керегі не», егер мен оны осына жайлаудағы қымыз иісі аңқыған киіз үйдің босағасынан емес, қаладан: парктен, театрдан, биойнақтан көрсем, дәл осыншалық тәтті мұңмен әсерленіп, дәл осылай сұлу күйінде елестете алмас едім;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мен оны тіпті басқаша көруге құштар емеспін, онда ол бүкіл таңғажайып жаратылысынан айрылып, үстіне күпәйке емес, әшекейлі жалтырауық көйлек киген сайын жарасымнан жұрдай боп, бетіне опа жаққан сайын қартаятын – сонсоң масқара бұзылып, күнәға бататындай еді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«оқып керегі не, оқып керегі не», бірақ мен мынаған да өкіндім: табиғаттың таза сұлулығын, табиғат өз уысынан-ақ шығармайды-ау, ал көп әдемілікті біз, болмаған соң, қолдан жасаймыз;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ақбілектей қыз, бәлкім, жүз жылда бір-ақ рет туар, әттең, соның өзінде байқамаймыз, не ескермейміз – тағы таудың арасында тасаланып қалар;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мәңгіге ұмытылады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

қимайсың, қиналасың – дәрменің жоқ, дәрмен бар-ау, көзді жұмып көлге секірер ерлігің болмаған соң осылайша санамен ғана сандалып аялайсың...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аялайсың, керегі не осының... сонсоң, сорлықлықтың бәрін табыстырмас тағдырға телеміз;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жылқылы ауылдан ұзап, қалың қарағайлы өңкейген жотаны аса беріп, сонау Ешкіөлгеннің баурайынан сыңсыта шырқаған ән құйылды құлаққа!

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал мен Ақбілектің әнін тыңдап, ойға шомдым;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ал жол серіктерім түнгі әнге әрі-бері құлақ түрді де, бірі «Жылқышының қызына зоотехник қырындап жүрген көрінеді», – деп еді, екіншісі: «Ол иттің әйелі, екі баласы бар емес пе», – деді әлденеге өкінгендей кейіспен; сосын екеуі де терең күрсінді:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аспанға қарадым: жап-жарық секілді, қаланың бір өшіп, бір жанған сансыз оттарына өте ұқсайды екен;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жұлдыз ақты: Ешкіөлгеннің ар жағына асып, ал қараланып жатқан қара жерге қарс кіріп кеткендей болды;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

маған жұлдыздар жауып тұрғандай сезілді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

аузымды аштым, алақанымды жайдым –дарымады, жаздың жанға жайлы жұмсақ түні болса да қалтырап, тоңази бастадым;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ешкіөлген жақтан естілген ән бәсеңсіп, арқырай кісінеген айғыр даусы тау-тасты ұзақ жаңғырықтырады-ай... «Зоотехник қандай адам екен? Жоқ дегенде осының да бақыты бұйырмады-ау» – Астымдағы атты қамшымен сауырлап салып жібердім – жазықсыз сабадым... Қара көк Аспан гауһарға малынып тұр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Амалым не, менен алыс... Менен алыс нәрселер көп, бәр-бәріне қолың жете бермейді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жан дүнием ән салып тұрарын былайғы жұрт біле ме, тоң мойын, ұр да жық деп ойлайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал мен қысастықпен әдейі істеймін, ерегесіп істеймін... ерегесіп... қандай рақат жай... жылы дүние... жылы-жылы...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Құдай-ау, сол жылқышының қызы қайда? Тағы таудың арасында мәңгілікке адасып қала ма? Мынау сай-сүйегіңді сырқырата салған ән, сол қыздың мұң-зары болмасын...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әне, жерошақта маздап от жанды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ыстықтадым... Әне, ол маған сапырып-сапырып қымыз құйды... Неткен жылы дүние...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Адам тоңғанда ғана жылынады екен-ау...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Рақатын-ай... ыстығын-ай...» Қайда көз салсаң да, сеңдей сірескен, қасаттана қатқан суық дүние...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан да көз іле алмады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол енді былтыр қалада қалып қоймай, ауылға бекер оралғанына өкінді, иә, сонда қалып-ақ қоюы керек еді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бекер оралды ауылға...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Онда қоңыр күз еді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бекер оралды ауылға... бекер...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Ағыл-тегіс адам-ағыс.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Арпалысқан адам-ағыстың ортасындағы биойнақ қайрандап қалған кеме секілді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

кеменің үсті толған тағы да адам, быжынаған жастар;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бақтың даңғарадай дарбазасынан кіре сала-ақ ілгерінді-кейінді сабылған жүздеген қыз-жігіттің ортасына түсіп, әп-сәтте басың айналып, есіңнен ауысар едің, әлдеқандай желік пайда болып, шаршы топтың ортасында бәстестердей елігер едің; төбеңнен төнген сансыз шамдар көздің жауын алса, «чачалаған» ышқынды музыка үні құлақ тұндырар;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

барын киіп, бақанын қолына алып шыққан қыз-жігіт жаздың мол-мол қызығы ағаш жапырақтарындай мінтеліп, күздің сұрғылтым жуас күндеріне ойыса бастаған соң, мейлінше ұтып қалуға жанталасқан сыңайлы;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

сәулесімен жарқыраған көздерден жастықтың оты ұшқын атқанымен, ептеп суық сорып бозарған беттер бәрі бір қоңыр күзді еске салады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

оқта-текте теректің сап-сары жапырағы қалбалақтай ұшып, оны әркім жерге түсірмей ұстап алуға тырысады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

осы көрініске қарап тұрып, жас шіркіннің бүкіл сән-салтанаты сұр бұлт, қыраулы ызғардан қашып келіп, мынау аядай баққа жасырынғандай әсерде қаласың;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

әр ағаштың түбінде үйір құрып, шылым шегіп тұрған ақ шалбар, қайыс белбеу бозбалалардың тоқ күлкі, дарақы дауыстарына сыңғырлаған әдемі күлкі араласады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

самаладай самсаған электр шамы Аспан барын, сол Аспанда сансыз жұлдыз барын ұмыттырған;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

адамдардың осыншалық мол болып көрінуі – бақ аядай тар еді, есіктен кірген бетте би алаңын айналып өтесің де, әлгіндегі орныңа қайта келесің, осылайша шыр айнала бересің, айналған сайын жаңа таныс тауып, әрі-беріден соң жүз танысың көбейеді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

менің бұл қалаға оқуға түсуге келгеніме көп болған жоқ, үшінші күн;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

сондығы болар, бәрі бейтаныс, жұрт не істесе соны істеп, биойнақты бір-екі рет орағытып та үлгердім;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

биге зауқым жоқ, байқамай біреудің қызын шақырып қойсам, тәртіпсіз ұлдар сабап та жіберуі ықтимал ғой, сонымен он шақты рет айналған соң, осы ермектің өзі мезі етті, ал жергілікті жастар жалыға қоятын емес;
Көрсетілді: 6900 / 47388