KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Олар сіздің малыңызды жемегенде, жел оппайды той, – деді ротмистр маузердің үңгісін үрлеп тұрып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Одан да тезірек Ойталды шабуылдайық, мүмкін малыңыздың біразы әлі желінбеген шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына қарғыс атқан ауылда топырлап тұра бергеннен ештеңе өнбейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал ана жабайы қызға көзіңіз түсіп тұр екен, залогқа ала қойыңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарашы, шыңғыруын, бұларда да туысқандық сезім бар, таң қаламын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мырзалардың ишарасымен екі солдат Күләй қызды байлап атқа өңгермекші еді, ойламаған жерден бейшара жетім өлі анасын құшақтап, сол жас әруақтан ғаламат күш алғандай, еңгезердей еркектерді бұлқына-бұлқына лақтырып-лақтырып жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баяғыда мына Бектен баласын Айбардың қызына үйлендіріп, ұлан-асыр той болғанда, осы Күләй мына өліп жатқан шешесі Талбүбіге ілесіп тойға барамын деп жылап еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Барғызбасың барғызбас, байғұс балам, – деп шешесі со жолы оны ілестірмей қойған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Онда бұл тұлымшағы селтиген нәресте еді, үстіндегі көйлегі ескі еді; қазірде сол көйлегі түскірдің оңып тұрғаны шамалы: қызыл ала шыт көйлек мына солдаттармен алыс-жұлыста бір жеңі қолтығынан қақырап кетті де, сызылып атқан таңдай жаңа көтеріліп, томпайып тұрған алмасы жарқ ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Солдаттардың есірігі қозып, қайта жармасып, қармай бергенде, қыз қаша жөнелді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайда қашып құтылады, мисыз жабайы, – деп ротмистр езуін қисайтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі екі солдат далақтап қуа жөнелді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аттылар да аңтарылмай, солай қарай беттеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр қынабынан қылышын суырып алып, пысықтығы ұстап, Тайлақ кепесінің жанында үюлі тұрған шөмелені қылышпен сұққылай бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлдебіреулер жасырынып жатқан жоқ па деген дегісі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Не болғанын ә дегенде өзі де түсінбей қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Албастыдай әлдене атылып келіп, қара санын қапқанда, ротмистрдің астындағы ат үріккеннен жалт беріп еді, Приходько бұрқ етіп жерге аунап түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шөмеледе жанадан күшіктет төрткөз қара қаншық жатыр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ауылда осынша ойран болып тұрғанда, төрткөз қара қаншық өз күшіктерін бәледен жасырып, үн шығармай жан сауғалап-ақ жатқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал енді пішенді жалаңдаған қылыш тінткілеген кезде, оның да өз балаларын, өзін қорғап, әрекет қылғандағы түрі жанағы... ротмистрдің қара санынан бір-ақ алып түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Солдаттар қара қаншықты атып өлтірді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Отрядтың фельдшері жалма-жан ротмистрдің шалбарын жыртып жіберіп, санына ине тығып, дәрі бүрікті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұл ит құтырған болуы мүмкін, сақтық керек, – деп шіңкілдеді фельдшер өз әрекетін ақтамақ болып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өртеңдер қарғыс атқан ауылды, ауру таратады әйтпесе.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тез өрте! – деп бұйырды жантайып жатқан ротмистр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шық етіп тасқа тас тиіп, арасынан иненің жасуындай от шықса, лап ете қалайын деп тұрған қау лезде қара түтіні бұрқ-бұрқ етіп, жалқын сары от ойран дүниенің жалауындай желбіреп шыға-шыға келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үйлердің төбесін жапқан қу қамыс, үйме тезек жаппай жанып, Маңырақ тамұқпен таласып, тірі жау мен тілсіз жау тізе қоса тасыраңдап кедей ауылды лезде орап алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл кезде солдаттардан жанұшыра қашқан Тайлақтың қызы өздерінің бұрынғы бұзылған тамының орнына келіп жетіп артына бұрылып қарап еді, ауылдың үстінде сары жамау қара жалау желбіреп тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өрт қызуы мұнда да жеткендей, тозақы аптап алып барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі екі солдат таяп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда қыз байғұс басқа амалы құрыды да, жар қабақтан төменге өзін-өзі тастап кеп жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жарқабақтың асты биылғы су тапшылықтың өзінде түйе бойламайтын терең иірім еді, қыз көпке дейін зым-зия көрінбей кетті де, бір кезде су бетіне шашы жайыла шығып жанталасып арғы жағаға қарай малти берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қабаққа келіп жеткен солдаттар ойланып жатпай, жаттығу кезінде қарақшы көздегендей, асықпай-саспай гүрс-гүрс ата бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қыздың ербеңдеген қол-аяғы тына қалып, қайтадан көрінбей кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек су бетінде жайылған қара шашты толқын шіркін, балдырдай шұбатып, ағыстың ығымен ырғалтып, бұлаңдатып әкетіп бара жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иттер, неге аттыңдар? Оның тірі болғаны керек еді ғой! – деп ротмистр ақырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайтадан атқа қонып алыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына түріне қарағанда, зор майданнан жеңімпаз болып шыққан кемеңгер қолбасшыдай, жарқабаққа атының басын тіреп, үзеңгіге аяғын шіреп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Наполеоннан кейін басы адам, денесі арыстан пішінді Сфинкстің мұрны түсіп, сәңкиіп қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр Аркадий Приходькодан кейін Сыпатай күмбезінің төбесі қара шешек шалғандай, шұрқ-шұрқ тесік, шұбар ала болып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дүние қызық қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол Наполеон топан судың ортасында, Әулие Елена аралында айдауда жүріп өлді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Асқазан рагінен азаппен өлер алдында мүмкін оның көзінің алдында мұрны түсіп, сәңкиген үрейлі Сфинкс жаналғыштай болып тұрған шығар, кім біледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Наполеонның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал сәңкі пұшық Сфинкс әлі тұр Мысыр шаһарында...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр Аркадий Приходько қайтар жолда мұны ойлады ма, ойламады ма – белгісіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ жол бойы жақ ашып, тіл қатқан жоқ, әкесі Приходько өлгендей мәстек аттың үстінде түнерді де отырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол жұрт топырлап тұрған жерде тана басын көтеріп алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Теляшкин тобы соңғы тұтқынды жайғастырып болып, бұларды күтіп тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соңғы тұтқын екі қолы артына байлаулы, екі аяғы да қосақталып таңылған, қарағай бағанның темір құлағына өзінің қам қайыс белдігіне мойнынан ілініп салаңдап қалыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарағай бағанға асылған адам аса ірі көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адам өлгеннен кейін бойы ұзарып кетеді деседі, мүмкін рас та шығар, әйтеуір мына тұтқынның аяғы жерге тиер-тимес салбырайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр салбыраған денеге таяп барып, әлгінің бетіне ұзақ қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұтқын басы ротмистрге жоғарыдан төніп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екі ұртын басқан шалғы мұрттың ұшына тұрып қалғандай бір-бір тамшы жылтырайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жантәсілім алдында көзінен жас шыққан шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Зор денесінде жыртық-жыртық бөз көйлектің сілемі ғана бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басы құлаған төсінен тұмар сияқты бірдеңе көрінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр аласа аттың үстінде үзеңгіге аяғын тіреп тұрып, ерден құйрығын көтеріп, әлгі тұмарға үңілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алақандай ағаш тұмар ала жіппен әлгі адамның мойнына тағылған екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Орысша жазуды көріп, ротмистр бұрынғыдан бетер құмарлық қысып, әлгіні оқи бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ағаш тақтаның бетіне сия қаламмен қисық-қисық жазылған сөз:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Туркестанский край, Аулие-Атинский уезд, Меркенский участок, аул Манрак, Тайлак» деп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Маңырақ қайсы? Өртеніп кеткен ауыл емес пе? – деп сұрады ротмистр Теляшкиннен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дәл солай, мәртебелі мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ауылда жүріп адасып кетем деп ойлады ма, мұны неге тағып алған?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Надан киргиз ғой, мәртебелі мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл киргиз да солдатқа қара жұмысқа алынатын болған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егер солдатқа кетсем, керек шығар дегендегісі ғой, сірә.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұлардың көбісі сөйтеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осындағы орыстарға жаздырып алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр ойланып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Демек, бұл солдатқа баруға бір мезгіл пейілді де болған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ бүлікшілдердің дүрмегіне қосылып кеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кешірім етуге де болатын екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бекер дарға асып жібергенсіңдер, Теляшкин!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дәл солай, мәртебелі мырза! Бұл өзі осындағы құрметті Кузьмин байдың жалшысы еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұны азғырған сол Кузьминнің екінші жалшысы Пахом Петров деген орыс, майданнан мүгедек болып қайтқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соның арбауына түсіп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Соны біле тұра, неге өлтірдің иттің баласы?!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өзіңіздің әміріңіз бойынша мәртебелі мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұлардың ақ-қарасын тексеріп жататын сот болған жоқ қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қысқарт!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал Пахом ит болатын болса, киргиз бүлікшілеріне қосылып кетіп, кеше бізбен соғысты ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ол қайда қазір?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Оққа ұшып өлді, мәртебелі мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен өзім көрдім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алғашқы шайқаста.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маңырақ маңында.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Атама сол қарғыс атқан ауылдың атын!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр әлдеқайда, батыс жаққа көз қадап, басын әнтек шайқап, мырс етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Герман соғысында ерлікпен өлудің орнына, елге оралып, бүлікшілерге қосылып, өз қандастарының қолынан оққа ұшу... неткен масқара!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтеуір мырзаға жағымды бірдеңе істесем деген ниетпен Теляшкин ептеп қана:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мәртебелі мырза, онда бұл киргизді адам сияқты жерлесек қайтеді? – деп сипақтады, бағанды нұсқап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қажеті жоқ, болары – болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұра берсін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осыны айтып ротмистр мәстек аттың тоқ бүйірін торс-торс тебініп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жапқан көзден бастап көрген-білгенін айтқан кезде – о дүниеліктердің бәрі-бәрі Тәңірінің өзі бастап, күллі періштелер, әзірейіл, жәбірейілдер селт етпестен ұйып тыңдап, үнсіз тебіреніп, күйзеліп, күңіреніп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тіпті Тәңірінің де қызыл жиек кәрі көздерінен сора-сора жас парлап, ұзын ақ сақалын жуып ағып жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Апырай-ай, біздің мұндағы тамұғымыз – жарық дүниедегі сұмдықтарға қарағанда жұмақ екен ғой! – деп тіл қатты бас Әзірейіл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, бейшара пендем, көрген азап-тозағың басындағы шашыңнан да көп екен.
Көрсетілді: 10000 / 47388