KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тізімнің шатағы әлі біткен жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Іздеген Маңырақтарыңыз міне.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді менің керегім жоқ шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьмин гүж ете қалды:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Постой, тамыр, постой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы Маңырақтың бір сүмелегі менің малымды сыпырып айдап кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сен әуелі соны өндіріп бер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан соң баратын жағыңа бара бер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарай гөр, қайтып кетпекші!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кузьмин мырза дұрыс айтады, – деп қостады ротмистр Приходько.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Осы ауылдың тізімге іліккен еркектері кімдер? Олар қайда? Менің дерегім бойынша, олар көтерілісшілерге қосылған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сіз управитель мырза, әуелі соларды түгелдеп шығыңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мал жағын онан соң көре жатармыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бектен, сен немене, бәрімізден ақылдымын деп ойлайсың ба? – деп пристав ежірейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қазір бұл кәззап ауылдың күлі көкке ұшады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған мына біз кінәлі де, сен адал болып шыға келмекшісің той.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жоқ, Бектенка, не көрсек те, бірге көреміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтпесе, біз бұл Маңыраққа сенсіз де жол таба аламыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айда, әуелі Тайлақтың үйін көрсет! Содан соң ротмистр мырза айтқандай, тізім бойынша, жігіттерді түгендейміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бектен болыстың үстіндегі жадаң қат боз камзолдың жауырыны қарауытып суланып бара жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мейіздей қатқан денесін қазанға салып қайнатқандай, қара тер тұла бойын жауып жүре берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Байқаусызда басындағы әшекейлі ақ қалпағын астындағы тақиясымен қоса сыпырып ала жаздап, лезде басынан өз қолын өзі үрейлене тартып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басынан тақиясын алғанын әлі күнге жан баласы көрмеп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жылда-жылда жазғытұрым су тасқыны мүжи-мүжи кемерленіп кеткен жар қабақтың басында құлаған үйлердің морыған дуалдары тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына Маңырақ ауылына төніп келген тажалдай дәрменсіз елді қорғағысы келгендей әлгі дуалдар бүгін ерекше сұсты көрінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басындағы байғыздың да дауысы ащы, қаза бойын аза тұрады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ескі дуалдың көлеңкесінде жусап жатқан ешкілер ғана қайғысыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл ауыл – ешкілі ауыл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ешкіден басқа малдың Маңыраққа мәйегі құтаймаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірлі-жарым арыған тулақ жылқы тұяғын ауылдың жігіттері қақпайлап мініп, Ойталға түсіп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тіпті өгіз мініп кеткендері де бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Піл мініп, түйе мініп соғысқандарды тарих біледі, ал өгіз мініп сарбаз болғандарды кәрі құлақ тарих жарықтық ести қойды ма екен...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ер-азаматы, қараң-құраң малы кеткен ауыл – көшкен елдің жұрты сияқты жұтаң.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кәрі-құртаң, бала-шаға, қатын-қалаш қазір ауылды қамалап келген қарулы әскерді көріп, індеріне кіріп кетіп, терезелерінен баспалап қарайды! Балалар әскерді қызық көріп, жеркепелерінің сора басып кеткен төбесіне шығып, қарап тұр еді, шешелері: «Жүгірмекші – жүгірмек, жуадай солып, қыршыныңнан қиылғыр! Өлетін бала молаға қарай жүгіреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өлейін деп пе едің! Түс, ойбай!» – деп балаларын желкелеп-желкелеп, кепелеріне қуып тыққан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүкіл ауылда жалғыз қара көзге түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл Тайлақтың немере ағасы Жапарқұл дуана болатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бетінің әжімі еменнің қабығындай айғыз-айғыз, сақал-шашы қара құманды ұнға тығып алғандай аппақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақ пен қара осы адамның бір басында бір-бірімен жарысқа түскендей: терісі тым қап-қара да, сақал-шашы тым ақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жапарқұл кілең мылтық асынып, қылыштары салаңдап, жарау ат мінген әскерді көзі көрмесе де, тамашалағандай, қолымен көзін көлегейлеп, басын шайқап, таңдайын қақты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұтындағы жүнін сыртына қаратып киген қаудырақ тері шалбарды алақанымен бұрқ еткізіп бір ұрып қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жапарқұл бұл шалбарды қыста жүнін ішіне қаратып, жазда сыртына қаратып киеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қыстығы да, жаздығы да осы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ой-хой, мынау баяғы Сыпатайдың асындағы көкпар ғой! – деп айдалаға айқайлап сөйлей, таңдайын тағы да тақылдатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аттылар таяна бергенде, қаһарлы дүбірден Жапарқұл жамандықты енді сезгендей күл төбеден төмен қарай қорбаңдап қаша жөнелді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аяғындағы қолқылдақ кебісіне шалынып, етбетінен жығылды да, тұруға шамасы келмей, иегі селкілдеп, ақ шел көзі аспанға қарап қолын ербеңдетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалың қол тоқтады да, Бектен алға дара шығып, шалға:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тайлақтың үйі қайсы? – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шал тілі күрмеліп қалған шығар, селкілдеген иегін үнсіз бұрып, ауыл шетіндегі жартыкеш жеркепені нұсқады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жеркепенің жарты төбесі жабылып, жартысы жабылмай қалған екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ауылдың адамдары қайда? Аманбай, Аманқұл, Жаманқұл, Кенжелер қайда? Қоқанбай қайда?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Болыстың сұраған кісілерінің бірде-біреуі жоқ еді, соған өзі кінәлі болғандай Жапарқұл күні бұрын екі қолымен басын қорғалап, кемсеңдей бастады:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Білмеймін, аттарына жайдақ мініп кетіп қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір жерде көкпар бар ма, қайдам...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өтірік айтады, кәрі төбет! Тұр орныңнан! – деп енді пристав таяп келді де, жерде жатқан жарымжан шалды атпен омыраулатып тұрып, еңкейіп барып, дырау қамшымен жоннан ала тартып кеп жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алғашқы қамшы солдаттарға қу қамысқа тиген шырпы отындай әсер етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек әмір күтіп жалаңдап тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тінтіңдер! – деді ротмистр солдаттардың пейілін танығандай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол-сол-ақ екен, талма түстің тымығында оқыстан құйын үйірілгендей Маңырақтың боз-бораны шыға берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қақылықтап қашқан тауықтар байбалам салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қаңсылап қашқан сабалақ иттер ауылдан әрірек барып, қаңсыған қара тұмсықтарын аспанға қаратып ұли бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жуындыға тоймаған соң иттің де жүні түлемей, бөкселеріне қомыт жамап қойғандай қобырап жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көгенде жатқан лақтар біреу бауыздап жатқандай бұршаққа буынып, кебенек келгендей бақырып ол жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көкпар! Көкпар! – деп қырылдады бет-аузы қан-қан болып, аттардың тұяғының астында қалған Жапарқұл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дода! Дода! Сыпатай! Сыпатай! – Шал байғұс әлі таңқалып, таңдайын қағып жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайлақтың жартыкеш жертөлесінен солдаттар Тайтақайды, бой жетіп қалған қызы Күләйді сүйреп алып шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өңі кеткен боз көйлегінің омырауы жыртылған Тайтақайдың бір мамасы суалған сиырдың желініндей салаңдап кетіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жерге түсіп қалған жыртық жаулығын алайын деп еңкейе беріп еді, солдат мылтықтың дүмімен итеріп жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайтақай бір қолымен шашын басып, екінші қолымен әлгі солдаттың өзін итеріп кеп жіберіп еді, солдат серең етіп құлап қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған басқалар қыран күлкі болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Не деген күшті қатын! – деп бастарын шайқады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайтақайды пристав тани кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, мынау баяғы Айбар мырза мен Бектен мырза құда болатын тойда бізді алдаған қатын ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ах, сайтан! Ах, дию! Әлі тірі екен той.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

О жолы тыр жалаңаш шешінбеп едің, енді шешінесің, кәрі дию! О кезде жасырақ еді, қартайып қалған екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ қарулысың қайтесің әлі! Сенің байың Тайлақ – үлкен қылмыскер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қожасының малын ұрлап, көтерілісшілерге қосылып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол үшін оның үй іші қырылуға тиіс, – деді пристав Тайтақайға ежірейе қарап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Менде бай жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайлақ деген адамды біз білмейміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Не істеп жүргенін және білмейміз, ол үшін біз неге жазаланамыз? – деп әйел бет бақтырмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, болыс, құдайшылығыңды айт мыналарыңа!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Не қыласың, сорлы, қасарыспай, қарсыласпай, жаныңды арашалап қалсаңшы, айтқанына көне бер, – деді болыс аяған болып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қой де, мыналарыңа! Сен ғой, қарабет, осыларды онсыз да шықпа жаным шықпа деп отырған Маңыраққа бастап әкелген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдай бар болса, ана басың жерде шіріп, аруақты аттап атала болған миыңның орнына жылан ұя салсын да! Тіфу, қарабет! – Тайтақай ат үстіндегі болыстың бетіне түкіріп кеп жібергенде, Бектен оған қамшы көтере алмай, бетін жеңімен сүртті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына айылын жимаған адуын қатынның соншалықты алысқа түкіргеніне тан қалған ротмистр атының тізгінін тартып шегініңкіреп кетті де, өзіне өзі:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ат! – деп команда берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оқ Тайтақайдың жыртық омырауына тиген екен, салбыраған мамасының үстімен жылғалай жылжып аққан қан емшектің үрпіне жетіп, жерге тырс-тырс тама берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайтақай дем ала алмай, аузын аптыға ашқан күйі әлдене айтуға аузына сөз түспей қалғандай аңтарылып бір сәт тұрып еді, Күләй қыз:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Апа! – деп шыңғырып жібергенде, есіл Талбүбі – Тайтақай есіктің көзіне жәй ғана сылқ етіп бүктетіліп отыра кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өмір бойы зілмауыр ит тіршіліктен енді бір демалайыншы деп, өзіне өзі тұңғыш рет ерік беріп, тізесін еркін бүгіп, тұла бойы қорғасындай балқып, исініп кеткен емшегінен қып-қызыл сүт саулап, қырқасына өмірі су шықпайтын Маңырақтың үстіне қызыл дария пайда болып, Тайтақай сол теңізде жүзіп бара жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйел өлімі Кузьминді өзгеше күйікке салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол жауға кеткен малды өндіріп алмақ еді, мына Маңырақта тышқақ лақтардан басқа ештеңе көзге түспейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Малы қайда бұлардың? Оу, пристав мырза, ротмистр мырза, бір жабайы қатынның өлімімен менің малымның қарымы қайтпайды той.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына қызды мен залогқа ұстаймын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маған байлап беріңдер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақымақ әкесі көтерілісшілерді көндіріп, малды қайтарсын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өйтпейді екен, бұл иттің қызы ит өлімімен өледі, ол үшін мені жауапқа тарта алмайсыңдар, – деді Кузьмин.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Малыңыз қарақшылардың қазанына түсіп кетті-ау деп қорқамын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біздің дерек бойынша, онда алты мыңға тарта қол бар.
Көрсетілді: 9900 / 47388