Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сен күнәдан пәк, нағыз періштесің, – деді Тәңірі кеуілжірігі жібіп кеткен дәу мұрнын бір тартып қойып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қаласаң, осындағы періштелердің бастығы етіп қояйын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қаласаң, сені тірілтіп, жарық дүниеге қайта жіберейін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Таңдағаныңды ал. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жо-жоқ, қайтпаймын! – деп Тайлақ шар-шар етті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сонда қалай? – деп Тәңірі сарсаң, екі қолын екі жаққа жайып жіберді,– «Уа, Тәңірі, тірі қыла гөр, өлтіре көрме!» – деп жарық дүниеден келіп жатқан арыздардан менің құлағым керең болып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал сен ғой, қайта тірілгің келмейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ей, Тәңірі! Жақсылық қылсаң – мен жарық дүниеде жүргенде қайда қалдың! Мен саған сонда жалынбады дейсің бе?! – деп Тайлақ ашына айқайлап жіберді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тәңірі қызыл жиек, ақ шел көзін тайқытып, төмен қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аппақ періштелер ұялғаннан қып-қызыл болып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әзірейіл, Жәбірейілдер өз бастарын өздері тоқпақтап, беттеріне тырнақ салды... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
* * * |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мерке приставының тарбиған, жалғыз қабат үлкен қызыл үйі көшенің тау жақ бетінде еді де, түрме соның қарама-қарсысында болатын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аралары жақын-ақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол түрмеден пристав кеңсесіне қарай келе жатқан үшеуге ары-бері өткен халық қалт тұрып қарай қалысты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үшеудің алдынғысының қолдары артына байлаулы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Еңсесін биік, басын тік ұстап сұсты келе жатқанына қарағанда ана соңғы екеудің қожайыны екен деп те қаласың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ сәлден соң оның қолы байлаулы, артындағылардың мылтықтары кезенулі екенін көріп, біріншінің тұтқын екенін, соңғылардың айдауыл екенін аңғарасың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айдауылдардың бірі – урядник пұшық Обровты Меркенің итіне дейін таниды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Поштаның торлы терезесінен көшеге қарап тұрған Қабылбек Тұрарды бірден таныды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– «Атуға алып бара жатпасын!» – деп қорқып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Не істеу керек? Тез Ковальге айту керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір тапса, амалын сол табады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жігіттерге хабарлау қажет. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрдалы осында, Мақсұт пен Төребек те осында. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Олардың бәрін аралап шығуға жарты күн кетеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жұмысты қайтеді? Пошта бастық рұқсат берер ме екен? – Тұрар үшін қорқа тұрса да, оның соншалықты тәкаппар, сабырлы түрін көріп, Қабылбек бір жағынан сүйсініп те қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзімен бірге оқыған балаларға Тұрар: «Диірменде туған тышқанның баласы дүрсіліңнен қорықпайды» дегенді жиі айтушы еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Рас, – деді Қабылбек ішінен қызыққандай болып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бұл қаршадайынан түрмеде екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біз мұның көргенінің оннан бірін көрдік пе екен... Бірақ батырдың өзі бір оқтық...». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көше бойы кәдімгідей қараң-құраң көбейіп, күбір-сыбыр әңгіме шыға бастады: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мынау Тұрар ғой! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Кешегі соғысты бастаған осы дейді ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ, Ақкөз! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Осы да бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әйтпесе, айдауға ала ма? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Рас болса, мұның әкесі кәдімгі Рысқұл да қатысты дейді кешегі соғысқа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бекер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол қайда, Сібірге айдалып кеткен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ойбай, қашып шығыпты дейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ақкөздің қолына қосылып, соғысқа қатысыпты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әй, неде болса, әкелі-балалы – екеуі де нағыз ерлер екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкімдердің құйрығын бір бүлк еткізді ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ері бар болсын, ел қырғынға ұшырады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ана үлкен жолдың бойы түгел өлік дейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бүлік қой бұл! Өстіп тұрғанда бәлеге қалмайық, қой тарайық... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ай, өзі де қасқыр екен, қасқайып бара жатқанын қарашы! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үркек қауым осылай деп сыбыр-сыбыр сөйлесіп, қипақтап қала берді де, Тұрарды айдауылдар пристав кеңсесіне алып кіріп кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
|
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Генерал-губернатор жандармериясының ротмистрі Аркадий Приходько ендігі Тұрардың жүні жығылған шығар деп күткен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қанша қайсар болсаң да, өлім алдында қобалжымас адам жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өмірге келген екенсің, анаңның құрсағынан шыр етіп түскен шақтан бастап, барар жолыңның ақыры бір өлім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оны тірі жанның бәрі біледі және мойындайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ сол қаһарлы сәтпен бетпе-бет кездесер шақ, әсіресе, жас азамат үшін аянышты шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал бірақ табиғат заңын жақсы білетін ақылды адамдар өлімнен қорықпайды деседі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өйткені олар бұл зауалдың ақиқат екеніне көздері жетеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сократқа біреу: «Сізді отыз озбыр өлім жазасына бұйырды», – депті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда Сократ саспастан: «Ал оларды өлімге табиғаттың өзі бұйырып қойған», – деп жауап беріпті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ажалдың азу тісінде тұрғанның өзінде өлім туралы ойламаудан абзалы жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өлген пристав Сокольскийдің креслосында Тұрардың келуін күтіп, шалқайыңқырап, өзін-өзі дүрдитіп отырған ротмистр тұтқын кіріп келгенде еріксіз қопаңдап, орнынан көтеріле берді... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар ротмистрге қарама-қарсы бір жайдақ табуреткеге отырды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Екеуінің арасын көк мәуіті үлкен шомбал үстел бөліп тұрды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айдауылдар әрірек шегініп, босаға жақта қатып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ал, енді еркін сөйлесейікші. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біз көріспегелі он жыл болыпты ғой, – деп сөз бастады қайтадан шалқақтаған ротмистр папирос тұтатып, аузын қисайта түтін шығарып болып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Он жыл ішінде мен гимназия бітірдім, Ташкенттегі кадет корпусын бітірдім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда қызметте қалдым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал сен... Егер сол жолы қашып кетпей, біздің үйде жүре бергенінде, мүмкін сен де офицер болып шығар ма едің... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ, Аркаша, сенің сүйікті әкең мені діни оқуға дайындаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен мұсылмандарды христиан дініне уағыздайтын миссионер болуым керек еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Орысша айтқанда оны: «шило – на мыло» дейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аркадий Приходько басын шайқап, қолын ербеңдетіп, түтінді қуалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– О да жаман болмас еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Білесің бе, қазір Ресейде патшадан кейінгі ең мықты адам кім? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Білемін, – деді Тұрар жұлып алғандай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Гришка Распутин. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сібірден шыққан поп сымақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ сол патшаның өзінен де мықты ма деп қорқамын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өйткені государь өзі соның айтқанына көніп, айдауында жүретін көрінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Но-но! Тарта сөйле! Государь сенің ойыншығың емес! – деп Аркадий Приходько лезде өзгере қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жарайды, ескі достарша біраз әңгімелестік. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді негізгі мәселеге көшейік. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ ескертемін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен бұрынғы «Аркаша» сен бұрынғы «Турарка» емеспіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұлы империяның адал сақшысы мен оның жауы, қарама-қарсы отырғандар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сондықтан тек ресми сөйлесеміз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен сұраймын, ал сен түзу жауап беруге тырыс. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал сонымен жолдасың Ақ... Ақкөз қайда жасырынып жүруі мүмкін? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Оны бұрын айтқанмын, қосып-аларым жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Так. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қасарысасың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ біз тіліңді шығара аламыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бала емессің, түсінесің ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Айтарымды – айттым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сұрақ қатая, жауап қасарыса түскен сайын босағадағы айдауылдар да ширыға бастаған сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Қап!» – десе, «арс!» ете түскелі тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ротмистр креслодан тұрып, терезе жаққа барып, омырауына қолдарын айқастыра ұстап, біраз тұрды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сыртта телеграф сымына қарлығаштар қаз-қатар тізіліп, күн шуақтап отыр екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сен білесің бе, қолға түскендерді біз қалай жазалағанымызды? – деді ротмистр өкшесімен қалт бұрылып, хром етігінің сірісін сықырлатып. |