Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Ой, бауырымдап» азандата бастап еді, Шәкінің түкіс баласы Дүрмен: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жә, болды! Өшір үніңді, жаугершілік кезінде кісі өліміне өтірік жылап, түкірікпен көз шылап не керек! Соғыста біреу құласа, оның қасына опыр-топыр жиналмаңдар деп ескерткен жоқ па Тұрар сендерге! – деп елді жасқап тастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұндай дәндігі үшін Дүрменді мынандай қаза үстінде айыптауға ешкімнің батылы бармады да, күңкіл-күбірге көшті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Осы сым темірге тиіспей-ақ қою керек еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тілсіз сым сөйлегені тегін дейсің бе? Мұның киесі бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бекер ұрындық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әттесі-ай! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мұны құлатпай-ақ өртеу керек еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Болары – болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бояуы – сіңді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ажал сені мен маған ақылдасып келмейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кәне, марқұмның иманын салауат қылып, жүзін жасыралық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дүрмен бұл әңгімеге араласпай, әкесінің атының тізгінін ердің қасына кегжите байлады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көп болып, жабылып, Шәкіні найза керегеге ұзынынан салып, Мерке түбінде тұрған негізгі қолға қарай қаралы топ қозғала берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тер сасыған аттар аяң жүріске түскен соң, ашығып, шөл қысқаны естеріне түскендей, қайта-қайта пысқырынып, мойындары салбырап, жылқы баласының өзінше бір терең ойына шомғандай, ілбіп бара жатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аспараның Алатауы күрсініп салғандай, аңғардан аңқылдап жел соқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жол жағасында гүлі түсіп қурай бастаған атқұлақ пен сиырқұйрық, шоңайна, шырыш сол желмен ырғатылып, ызыңдап жоқтау айтып тұрған сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жылға бойындағы биік қамыстың бопақ үкілі бастары иіліп, қияқтарынан сыбызғы үні естілгендей болады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Батпақты көлшіктің жағасынан бақалар шуылдап, жабайы қарала қаз қаңқылдайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Терістіктегі ылди жазықтың үсті шаңытып даладан көтерілген тозаңды батар күннің сәулесі шалып, Мерке атырабын қызғылтым шымылдық тұтып алғандай болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қабақтары қарс жабылып, қастарының ортасынан тіке сызық түскен жауынгерлер біреуі ақ қалпағын, біреуі жарғақ бөркін маңдайларына түсіре киіп түнеріп алған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жайраған жаудай жапырылып жатқан қарағай бағандар әлі өлмегендей сымдары гуілдейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына сарбаздар баған қирату ісіне кешігіп кіріскенін қазір сезбей келеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жазалаушы отрядтың командирі Аркадий Приходько әу баста-ақ Әулие-Ата уезінің бастығы Кастальский мырзамен сөйлесіп үлгірген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Телеграф сымдары сол сөйлесуден кейін барып үзілген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көп кешікпей топалаң қырғын боларын жүз басысыз қалған жігіттер дәл осы шақ ойламап еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тамыздың түнгі аспаны – түндігі шұрқ тесік киіз үйдің шаңырағындай екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар көпке дейін көз іле алмай, аспандағы жыбырлаған жұлдыздарға қарап жатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оң жақ қанаттан үрпиісіп Үркер дірілдейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір орыннан қозғалмай Темірқазық қалтырайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Темірқазықтан алыстай алмай, айналшықтап Жетіқарақшы жылжып бара жатқан сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аспандағы тілсіз тілеулестер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тоқым төсеніп, ер жастанып, бел шешпей жатқан жауынгерлерге жұлдыздардың жаны ашитын тәрізді-ау, бірақ тым алыста болған соң жәрдемі жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Неге ұйықтамай жатырсың, Тұрар? – деді Ақкөз шалқасынан жатқан қалпы қозғалмай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Төсек жайсыз ба? Әлде жыланнан қорқасың ба? Аттың тері шыққан жерге жылан жоламайды, қорықпай ұйықтай бер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қорқып жатқан жоқпын, Ақа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Диірменде туған тышқанның баласы дүрсіліңнен қорқушы ма еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Баяғыда түрмеде көкеммен бірге тас еденге де жатып едім ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қандаласы көп болушы еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оны қойшы, атжалманын айтсаңшы... Жыланнан Ахат атам жаман қорқушы еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біз жыланды тірідей ұстап алып атамды қорқытатынбыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жарықтық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Жәкетайлап» жалынатын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарттығына қарамай, балаша қарғып қашатын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біз сонысын қызық көретінбіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Иә, Тұрар, ұйықта, балам. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көз шырымын ал. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алда бізді не күтіп тұр, бір Аллаға аян. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлденіп алғанымыз дұрыс-дүр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Иә, құдай қуат бер, біз сияқты бейбаққа... – Қарт қор ете түсіп, ұйықтап кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар ояу. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түнгі аспанда – ертедегі адамдар ертедегі әріппен жазып кеткен кітап сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оны оқу қиын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оқыған адам – Тәңірінің өзімен бетпе-бет сөйлесе алар еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жәудіреген сансыз жұлдыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар оның ішінде Жетіқарақшыны, Құс жолын, Үркерді, Темірқазықты, Ақбозатты таныды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әр адамның жұлдызы болады дейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өз жұлдызы қайсысы екенін Тұрар біле алмады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол қашан ағып түседі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кейде жұлдыздар әлемді жарқырату үшін, қараңғылықты ысырып өзін өзі өртеп жіберетін көрінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына жатқан Ақкөз, мына Тұрардың өзі де сол жұлдыздармен тағдырлас тәрізді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жақсылық үшін жалаңаш барып жауға тиіп, өздерін осы таңда оққа байламақшы... Қилы-қилы ойлармен Тұрардың кірпіктері айқаса бастап еді... Өң мен түстің арасында Тұрар аулақтағы Мықан бойының иірім тұсынан көлбақаның үрейлі үнін, мәжнүн талға ұя салған зорғалдақтың жылауық нәзік дауысын естіп жатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
* * * |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ақжал сарының тоқымын астына төсеп, күміс ерді басына жастанып, даладай, кең боз шекпенін жамылып ұйықтап жатқан Ақкөзді таңға таяу қарауыл асығыс оятты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Меркенің батыс жағына кеткен барлаушылар келіп тұр екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жайсыз хабар, Ақа, – деді барлаушылардың бастығы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әулие-Атадан шыққан әскер таяп келеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Құланнан бері қарай құлады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сәскеге жетпей келіп үлгіретін түрі бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жүрістері суыт. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қанша қол? – Ақкөз күміс ердің үстіне жүресінен отырып, ұйып қалған аяқтарын қоныштың сыртынан сипалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Екі жүз қаралы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ зеңбіректері кешегіден де көп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бесеу яки алтау. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәл санауға қараңғыда көз жетпеді, Ақа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сондықтан тізе қосып күш біріктіру керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ротмистр Приходько келісімен есеп айырылысады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сәл сабыр етіңдер, мырзалар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал, Бектен мырза, сен осында бола тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бізге керексің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әуелгі әңгіме Маңырақтан басталады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бастап алып баратын сен боласың, – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Маңырақта не әңгіме басталмақ? Жар басында жәрбиген жаман ауыл нендей әңгіменің түйіні болып жарытпақ? Бұл жағы Бектен болысқа әлі беймәлім еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Міне, Маңырақ, – деді Бектен болыс атының тізгінін тарта тоқтап. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Реті келсе, болыс енді әрі қарай барғысы жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осы жерден кері қайтпақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жазалаушы отряд жарды жағалай тақыр тастаққа қоныстанған қотыр ауылдың іргесіне таяп келді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Маңырақ ауылына бұл қоныстың жайсыз екені сонша, мына тұрысы жауыр есекке қиғаш мініп отырған адамды елестетеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Бір ауыл елді асырай алмаймын-ау», – деп тастақ жер ыңғайсызданатын сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Тақыр жердің тасын теріп мазасын алдық-ау», – деп ел қысылатын тәрізді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әйтеуір бір үйлесімсіздік сонадайдан көзге ұрады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жылы-Бұлақтың бойынан айырылып, Маңырақтың шаңырақ көтерген жері осы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қайран Жылы-Бұлақтың жәннаты жерін переселендерге беру жөнінде қағазға қол қойып, мөр басқан мына Бектен болыс. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қанша пара алғанын өзі біледі, мына Кузьмин кулак, бәлкім пристав Сокольский біледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Пара жөнінде документ тігілмейді, архивте сақталмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жылы-Бұлақты Кузьмин бастаған кулактарға сатқанда адасып қалған ар-ұят Бектеннің шұбар бетін енді қытықтап тұрған шығар, өйткені Маңыраққа жақындағысы жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлде әлсіз елден сескене ме екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өйткені Маңырақ халқы таңның атысы – орнынан Бектенді қарғап түрегеледі, күннің батысы – Бектенді қарғап, жатар орынға қонақтайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Рұқсат болса, мен енді қайтайын, – деді Бектен тоқпақ жал торы айғырдың тізгінін ептеп бір езулей тартып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жұмыс бастан асып жатыр, мырза. |