KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рысқұлдың күміс ері... Мен алай-бұлай болып кетсем, Тұрарға табыстаңдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкесінің аманаты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар қайда? Тұрар!..

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөздің айқайын естісе де, жанындағы сарбаздары артқа бұрыла алмай, жаралы сардарды қаумалап, алыстағы мұнар құмды бет алып, суси берген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы қым-қуыт сүргін сапырылыста Аркадий Приходько өзінің адамдарына екі кісіні: Ақкөз бен Тұрарды қолға түсіруді қатаң бұйырып тапсырған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Бұл дүлей бүліктің қос басы бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол екі басын қағып тастасақ, қалғаны қауіпті емес», – деді ротмистр әскерлеріне.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөз қолға түспей кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзгелерден киім киісі, бітімі өзгеше Тұрар көзге оңай түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

* * *

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маңырақ маңындағы соғыста-ақ көз үйреншікті болып қалған Тұрарды солдаттар жан-жағынан қамалап, әуелі астындағы атын көздеп атып құлатып, құлаған аттың астында аяғы қайырылып қалған Тұрарды бес-алтауы бас салып ұстап, қол-аяғын байлап-матап Аркадий Приходькоға алып келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Таныдың ба? – деді жас офицер сыңар езулеп күліп тұрып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Арада талай жыл өтті ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Танымауың да мүмкін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Верныйды, түрмені, гимназияны есіңе алшы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Танығанда қандай, Аркаша, мен сені Ташкенттен бірге шыққанда, жол үстінде танығанмын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Білесің бе, қалай? «Айда!» деген айқайыңнан таныдым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– А-а...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жас кезінде-ақ есірік едің, иығыңдағы пагон саған ақыл қоса қоймаса керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал сен мені күйме үстінде танымадың, Аркаша.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жанында бөтен адамдар, приставтың орынбасары, солдаттар тұрғанда тұтқынның өзімен мұнша рабайсыз сөйлескеніне шамданып, өз мундирінің намысын қорғап, Аркадий Приходько енді сұстана қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Күйме үстінде танымасам, арада аз күн көрер жарық сәулең бар екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді соңғы сағатың соқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сені ана жабайы қандастарың сияқты сұраусыз атып тастай салсам, менің арым таза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өйткені соғыс жағдайы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Білесің бе сенің қарақшы бауырларыңның қаншасы қолға түскенін? Жүз елу қаралы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұтқынға алмай далада атып кете беру керек еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ киргиздар енді құтырмас үшін оларды жұрт көретін жерге апарып атамыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал, сені әскери трибунал соттайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Трибунал басыңнан сипамас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ату жазасы емес, асу жазасына бұйырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мерке базарында, қалың халық алдында асыласың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған дейін сенен бізге бір дерек керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сенің кәрі серігің, әлгі аты кім еді?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақкөз Қосанов, – деп өлген приставтың орынбасары Теляшкин жалбақтай жауап қатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, сол бізден құтылып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол қайда барып паналауы мүмкін? Соны айт! Жақын жолдастары кім? Қай ауыл, қай болыстан? Соны айт! Азап көргің келмесе, айтасың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айтпасаң, біздің қалай айтқызатынымызды сезетін шығарсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөздің мекені қайда? Қай жерді барып паналайды?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Оны мен қайдан білейін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның мекені – кең дала.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы жердің тау-тасы, әрбір түп қамысы мен қоғасы, әрбір бұтасы – бәрі пана.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жоғары мәртебелі генерал-губернатор Куропаткин мырза Петербургтегі соғыс министріне «Дәл қазір Түркістанға атты әскерлер көп керек... Жаяу әскерді өзім-ақ жасақтап алар едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ шексіз далада киргиздармен атты әскерсіз айқасу өте қиын...» деп телеграмма бергенін сен білмеуші ме едің? Қазаққа кең даланың бәрі пана екенін генерал-губернатор біліп отырғанда, оның сеніп жіберген адамы – сен неге білмейсің? Енді бұл далада Ақкөзді іздеу – бір мая шөптің ішінен ине іздеуден де қиын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сондықтан мені мұндай сұрақ қойып қинама.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар мына топтың ортасында өзінің беделін қайта-қайта түсіре бергеніне тұлданған офицер ақырып жіберді:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сен шпионсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Генерал-губернатордың депешаларын сен қайдан білесің? Демек, Ташкентте, өлкелік өкіметте сенін сыбайласың отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сенің әрбір тарамысыңды жеке-жеке суырып отырып, сол сырыңды да ашу керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жетті әзірге.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкетіңдер! Мықтап қарауыл қойындар! – деп бұйырды ротмистр өз адамдарына.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Аркаша, бір сұрағым бар? – Тәкаппарлықпен аттай беріп қолдары қоса шандулы денесімен тұтас бұрылды Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр тыжырынып қолын бір-ақ сермеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айдауылдар Тұрарды итермелей бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Наташа қайда?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұндай сұрақ күтпеген ротмистр көзі ежірейіп, мынау мені мазақ қыла бастады-ау деп жобалап, жынданып кете жаздады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзінің жауы мұның туған қарындасының бейнесін кеудесінде жылдар бойы сақтап жүргенін қайдан білсін, басқаша жорыды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сандалма! Топас сұраққа мен жауап бермеймін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкетіңдер! – деп жерді бір теуіп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

IV

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Меркенің әкімдері ротмистр Приходько мен Тұрардың бұрыннан таныс болып шыққанына түсінісе алмай, дал болыңқырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соны байқаған офицер Мерке басшыларының алдында өзінің әлгі құлдыраған беделін қайтадан қалпына келтірмек болып, күпіне сөйлеп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұл оңай жау емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұның әкесі де оңай жау емес еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Верныйдан білемін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкесі каторгаға кеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біліп қойындар, бұл каторжниктің баласы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Так это Киргизбаев! – деп Теляшкин өзінің білімпаздығын көрсетіп қалғысы келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді түсіндің бе? – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түсіндім дедім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атамырзаны өздерің білесіңдер ғой, айтқанын істемесең, қыр соңыңа түсіп алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкесіне айтып, менің әкемді сорлатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Білесіңдер ғой...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Серіктің мүсәпір түрін көріп, оның айтқанының бәрі рас екеніне көздері жетіп, Тұрар мен Қабылбек оны аяп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атамырзаның айтағында жүргені болмаса, бұл байғұс қалбалақтап қалған ақкөңіл, қағілез бала.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жарайды, Серік, сен бізді көрген жоқсың, біз сені көрген жоқпыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек Атамырзадан іргеңді аулақ сал.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтпесе, ол сені бәрібір бір күні омақастырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойлан, – деді Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал енді үйіңе қайт.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бізбен бірге болсаң, өлмейсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкеңді де құдай алмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айбар болмаса, аштан қырылатын ба едіңдер? Біз сені жамандыққа қимаймыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осыны түсін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Серік алғысын қайтып айтарын білмей, аузы ыржиып, басын изей берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аш бидайдай бетіндегі күлкі ізі қолдан жапсырып қойған тыртық сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Серік шын қорқыныш пен шын риза сезімді басынан бірінші рет бүгін өткерді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың есіне күндіз соқыр балшының көк қағазындағы жазу түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Шайқас» деген бар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мүмкін, шайқас осы шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атамырза маған бәле ойлап, қиянат жасамақ болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтеуір, абырой болғанда, өзі масқараланды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал оның арам ойы іске асқанда ше? Мен ұрлаған жоқпын деп қалай дәлелдер едім? Дәл басып, қолымнан ұстап алмаса да Иван Владимирович пен Әліпбек ағайдың көңілінде күдік қалар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сұмдық-ай».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар шайқастың мәнін енді-енді түсіне бастағандай еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шайқас – тек жұдырықтасып төбелесу емес, ұрмай жаралайтын зымиян соққы да болады екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осының бәрі күрес екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал, «бүкіл өмірдің бәрі шайқас болатыны қалай?».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

* * *

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жазға салым терезе алдындағы ақ теректердің ашаң жасыл жапырақтары күннен күнге жайылып, сырғалары салбырай бастады.
Көрсетілді: 10300 / 47388