KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күзде жан тәсілім еткен сары жапырақтар қыс бойы жерде жатып, топыраққа сіңіп, жер астындағы тамыр арқылы ағаш басына қайтадан өрмелеп шығып, анасынан қайта туып, өліп-өшу деген ұғымды тәрк етіп, мәңгілік өмірдің жырын сыбырлай бастаған шақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дүниеде ешнәрсе ізсіз-түзсіз кетпек емес деседі философтар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Таудың бөктерлері жасыл тақия кигендей жаңарып шыға келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Желкілдеп шыққан жасыл шөп ықылым замандарда өліп-өшкендердің шашы деседі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол шөпті мал жейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адам малдың сүтін ішеді, етін жейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айналып келгенде, көп заман бұрын қураған сүйек топыраққа айналса, одан шөп өсіп, оны мал жеп, оны адам жеп, қазіргі тірі жүргені сол бір кездегі өлгендердің арқасы сияқты да.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақтеректің ашаң жасыл жапырағына қарап, ойланып отырған Тұрар сыныпқа бөтен адамның кіріп келгенін кейін аңғарды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сыныптағы шәкірттер орындарынан үдере тұра келгенін соңынан байқап, өзі де ұшып тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сұлу мұртты, бойы тіп-тік әскери кісі Иван Владимировичпен күңкілдесіп біраз сөйлескен соң, мұғалім балаларға:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көне, жаңа диктант жазған дәптерлеріңді парталарыңа жайып қойыңдар, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Келген мейман екі қолын артына ұстап, бір-бір басып, парталарды жағалап жүріп, шәкірттердің дәптерлеріне үңілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атамырзаның тұсына келгенде, оның дәптерінің, тысына қарап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– А, сен Айбар мырзаның баласысың ба? – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, иә, – деді Атамырза тым асығыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына жолдастарының көзінше мәртебелі мейман өзіне бөлекше назар аударғанына риза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мейман Атамырзаның дәптерін қолына ұстап, басқалардікінен гөрі, көбірек шұқшиды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзінен бір елі қалмай ілесіп келе жатқан Иван Владимировичке бұрылып қарап, басын шайқады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұғалім оны құптағандай көзін жұмып, басын изеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл келген Мерке участогінің тергеушісі Семашко мырза еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мерке сынды түкпірдегі участокте сауатты адам саусақпен санарлық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал прокурордың жұмысы жылдан жылға көбейіп келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қылмыстылар көбейген сайын іс те көбейеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол істі жүргізуге көмекші керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сауатты көмекші керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Меркеде ондай адам теберікке табылмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әрине, Айбар сияқты атақты адамның баласы бұл жұмысқа лайықты-ақ болар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ Айбар мырзаның ұрпағы әрі сауатсыз, әрі айбақ-сайбақ, сойдақтатып жазады екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тергеуші оның жазуындағы быжынаған қателерді қызыл қаламмен шимайлайын деп тұрды да ол райынан тез қайтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қанша дегенмен Меркедегі сыйлы кісілердің бірінің тұқымы ғой, тиіспейін деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы тәуір-ау деген бір-екі дәптерді иелеріне қайтармай, қолына ұстаған күйі, парталарды жағалай берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шәкірттер қыл көпірдің үстінде тұрғандай демдері тынып қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұндай мәртебелі адам сыныпқа тәпе-тәннен кіріп келер деп ешкім ойламаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтпесе «Әкемнің өлерін білсем талқанға айырбастап жіберер едім» деп бір бейбақ айтқандай, мына балақайлар бұл диктантқа барын салар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тергеуші тұтқиылдан келіп, тұяқ серпуге мұрша бермей, діңкелетіп тұрғаны... Тергеуші тексерерін білсе, көк жалқау Атамырзаға дейін сабаққа деген діні өзгерер еді... амал нешік, тосыннан келген зауал болды бұл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Семашко мырза жолай тағы бір дәптерді қолтығына қыстырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сыныптағы қос терезенің артқысының тұсына тақала бере әуелі Қабылбектің дәптеріне үңілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оны да алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның қатарында жатқан қағазға қарап, едәуір тұрып қалды да, енді оның иесіне көз тастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басқалардың өздерінен гөрі дәптерлеріне көп көңіл бөлген тергеуші бұл жолы шәкірт балаға зейін тоқтатып, шамадағыдан ұзағырақ тұрып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың көңіліне күдік кіріп: «Мені іздеп жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұстамақшы», – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ сыр бермейін деп тым сіресіп қалғанын соңынан аңғарып, еркінірек болуға тырысты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Фамилия? – деді Семашко жәй ғана.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қырғызбаев,–деді Тұрар орнынан асығыс көтеріле беріп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Отыр, отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тергеуші Иван Владимировичқа бұрылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Басқа сабақтардан үлгерімі қалай?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өте жақсы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иә, өте жақсы, – деп директор елеңдеңкіреп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Семашко Тұрардың тұлғасын: қоп-қою қара шашынан бастап, көнетоз ботинкалы аяғына дейін жеке-жеке талдап тұрғандай көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Денсаулығы?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әбден шыныққан,– деп лезде жауап қатты директор.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ қандай жағдайда шыныққанын салалап жатпады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мектепке үйден қатынай ма? Интернаттан қатынай ма?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Интернатта тұрады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әлеуметтік тегі?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Орта шаруалы киргиз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аспара болысына қарасты төртінші ауылдан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тергеуші төртінші ауылдың қай тұста екенін есіне түсіргісі келгендей, терезеден әрі қарап сәл кідірді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың көңіліне аш шиебөрідей сумаңдап неше алуан ойлар келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шыққан тегіме дейін, денсаулығыма дейін тәптіштеуіне қарағанда, түбі тегін емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Шынымды айтып жалынсам ба екен? Жоқ! Тіліңді тісте!» – деп өзіне өзі бұйырып, аспай-саспай ол да терезеге қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жауқазын жасыл жапырақты ақ терек көңілге сабыр ұялатқандай болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұл баланы кабинетіңізге алып жүріңіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оңаша сөйлесеміз, – деді де тергеуші ешкімге қарамай, есікке беттеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шығып бара жатып, артына бұрылып, ауыздарын ашып аңқиып қалған балаларға:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сау болыңыздар, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үлкендердің соңынан ілескен Тұрарды балалар состиысып, үнсіз шығарып салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың ойында «Енді қайтып бұлармен бірге боламын ба, жоқ па?» – деген сұңғыла сұрақ тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірнеше жыл болған, бір бұлақтан білім алған, бір қазаннан ас бөліскен, интернат деген шаңырақтың астында қилы-қилы күндерді бірге кешкен бауырларына бір бұрылып қарағысы келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол тіпті қазір

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атамырзаның өзін де қимай бара жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тергеуші құсап ол да: «Сау болыңдар», – дей жаздап, алдағы беймәлім болашақтың босағасынан аттай берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

IV

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сен енді маған әрі тілмаш, әрі писарь боласың, – деді Семашко мырза Тұрарға.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баланың жүрегі бүлк ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жаманшылық күтіп еді, жақсылық шіркін жалт етіп елес берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бетіне қан бұрқ қайнап шыға келгенде, баланың қоңырқай жүзі алаулап, от шарпып бара жатқандай көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жеңілтек мінезді адам болса «алақай, алақай!» – деп дауысы оқыс шығып кетер еді, Тұрар мейлінше сабыр сақтап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Құп болады, мырза, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Заң деген кәрі қудың құшағына Тұрар ойда жоқта осылай енді де кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тұрар, жүр кеттік,– деді Семашко есіктен кіре бере.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар алдындағы қағаздарын жинастыра, орнынан тұра беріп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сұрауға рұқсат етіңіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Андрей Павлович, қайда барамыз? – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тойға барамыз, Тұрар, тойға.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Киргиздардың қызығын көреміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айбар мырзаның қызын Бектен мырзаның баласы алып жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аспарада үлкен той.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Киргиздардың тойы қызық болады ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Экзотика.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ат жарыс, тағы не деуші еді әлгі... – тергеуші мандайын ұстап ойланып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әлгі ешкінің еркегіне таласатын ойын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көкпар, – деді Тұрар күліп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, көкпар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өте қызық ойын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеңсенің алдында сүліктей қара қос ат жегілген трашпеңке тосып тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ат айдаушы Семашко мен Тұрарға картузын басынан алып сәлемдесті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жолға шыққанда Семашко мырза Тұрарды қасынан қалдырмайды.
Көрсетілді: 10400 / 47388