KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Артынша жамаулы жыртық көйлегінің етегін ышқырына қыстырған, омырауы алқам-салқам, басын дағардай қалың жүн орамалмен шаңдып алған, қызыл бет ақсары ажарлы әйел ілесе-мілесе екпіндеп шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Босағадан тағы да екі-үш баланың басы қылтиып-қылтиып көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тысқа шығуға әлденеден бата алмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар байқап қалды: балақайлар жалаң бұт екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек қызылала көнетоз сәндіп көйлегі бар, өзі тұстас қыз бала табалдырықтан бері шығыңқырап, бір қырындап, жалаң бұт інілерін босағадан әрі итеріп тастап, оларды көлегейлей береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қыз баланың рең басы шешесіне тартқан қызылшырайлы, сүйкімді ғана екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұлымшағын өріп, ұшын шуда жіппен түйіп, селтитіп қойыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адам көркі – шүберек, үстіндегі көнетоз сәндіп көйлектің өзін медет тұтып, жалаңаяқ та болса, тұла бойындағы бір жапырақ қызыл ала матаның арқасында, бейтаныс алдына бүгежектемей еркін шыққан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үй иелерін көргеннен-ақ Тұрар өзінің жолы ауыр болатынын аңғарды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жоқшылық зары тұла бойларынан азынап тұрған мына адамдарға келген шаруасын айтудың өзіне бата алмай күмілжіп, самайынан тер тамшылады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аласа тамның боғатындағы қамысқа дейін қарайып, шіріп кеткен көне.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үйдің сыртқы сылағы түсіп, жел мен жауын мүжіген қам қыштары жұт жылы өлген малдың қаңқа қабырғасындай арса-арса.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұзын бойлы Тайлақ екі бүктеліп, еңкейіп шығатын жалғыз есіктің өзі кедейліктің заржақ куәсіндей шиқылдап ашылып, бажылдап жабылып, топсасына әрең ілініп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы бір сіңірі шығып, ыңыршағы айналған жоқ-жұтаң жұртты жат көзден жасырғысы келгендей, тамның төбесіне дейін көк шығып, есік алдындағы қоқысты шытыр жауып, түп-түп шилер үйдің алды-артын қымтап, қара құрымға жасыл барқыт жамау салғандай кереғар бір дүние.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жар жағалауда бір топ бала істік ағашпен қартаң-құлақ қазып, жуа теріп жеп жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына Тайлақтың балаларының да езулеріне ніл жаққандай жап-жасыл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сірә, бұлар да жуа теріп жеп келген болар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдай да, патша да, ұлық та, болыс та талақ тастаған осы бейбақ ауылды кем тұтпай, қоңсы тұтқан қарлығаштар ғана сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Киелі құс Тайлақтың тапал есігінен зып беріп кіріп, лып етіп шығып, кембағал шаңырақтың астынан ұя салып, мына құлағалы тұрған тамды тіреп қалғысы келгендей, бір тамшыдан балшық тасып тынбайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бала, қайдан жүрсің? – деп бұрқ етті үй иесі қабағы қарс жабылған күйі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайлақ өзіне жақындаған сайын Тұрар сескене бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі мұны аттың үстінен жұлып алатын тәрізді сыңайы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Торы атқа екі көзі ежірейіп тесіле қарайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Атымды тартып алмақшы ма?» – деп те қауіптенді бала.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы ойдан ол келген шаруасын тұтығыңқырап әрең айтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Атты танып тұрмын – Қырғызбайдың торысы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал өзің қай баласың? Қырғызбайдың баласымын деймісің? Е-е.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жөн-жөн.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Солай-ақ болсын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

А бірақ өз әкеңді ұмытпа, ақымақ! Мен білемін сенің әкең кім екенін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қорықпай-ақ қой, ешкімге айтпаймын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұмытпа әкеңді, аруақ ұрады!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар мына түсі суық адамға сонда имандай шынын, бар сырын айтқысы келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Әкеңді білемін» деген адам кездессе, соның садағасы кеткісі келіп тұратын бір осалдық пайда болған балаға.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ойбай, ағатай, әкемді мен неге ұмытайын! Түнде – түсімнен, күндіз – көз алдымнан кетпейтін әкемді мен қалай ұмытайын!» – деп шыр-шыр етпекші еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайлақ мұрша бермей, шаруаға шырғалаңсыз тіке көшті:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қырғызбай атаңа айт: оның малын қыстай бағып шықтым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өткен қыстың қиын болғанын өзі де білетін шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шөп жетпей, мына Мықанның бойынан омбылап қар кешіп жүріп, қамыс орып әрең асырадым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тамның боғатындағы сабанға дейін суырып берген күндерім болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал сөйтіп қиямет қыстан әрең-мәрең алып шыққан малы енді әжетке жарар кезінде Қырғызбай өзі қайтып ала қоймақшы, ә? Тапқам екен ақымақты! Көрдің бе ана қызылшақа балаларды? Қара сиырдың құйрығын аңдып отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүгін-ертең бұзаулайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соның сүті болмаса, бұлар аштан қырылады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түсіндің бе, бала? Әкең есті тентек еді, сен де ақылсыз емес шығарсың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сені азамат деп үлкен жұмысқа жұмсаған екен, құр алақан қайтқаның ырымға жаман шығар, ана ешкілерін айдап қайта ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонымен Қырғызбай бажа жердің жарығын көктей қойсын! – Осыны айтып Тайлақ мырс етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түксиген адамның тұңғыш рет жүзі жылығандай болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соның өзінде әлгі күлкі тым ызғарлы сезілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ойбай, байғұс-ау, сол кебенектердің сүтімен жүрек жалғап отырған жоқпыз ба? Айдап кетің не, ей сенің? Ана тас қапқыр тақыр жалмауыздарыңа мен немді пісіріп беремін сонда? Тас қайнатып берем бе қара қазанға? – деп жамаулы көйлегінің етегі ышқырына қыстырылған, омырауы едірейген қызылбет қатын кенет қаһарлана қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айқайлап сөйлейді екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйтсе құлағының мүкісі бар көрінеді, өйткені күйеуі де оның құлағына тақал дауыстап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Үндеме, сорлы! Қарабай жездең қабырғасын жапсын! Биттің қабығынан биялай тігетін сараң неме, саудагерді қайтесің? Мына баланың меселін қайтармайық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құр қол қайтса – мұны қайбір маңдайынан сипайды дейсің сол сараң шал, – деп енді Тұрарға бұрылды: – Сиыр берілмейді, ешкілерді айдап кет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күн ашық-жарықта аттанбасаң – қаршадай бала екенсің, біреу-міреу жолда саған көз алартып жүрер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ел арасы бұзылды ғой бұл күнде.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Обалды ойламайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әй, Күләй!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бағанадан бері босағаға сүйеніп, торы аттың үстіндегі бейтаныс баладан көз алмай тұрған қызыл ала көйлекті қыз селк ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүкіл маңда бұл сияқты бала жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қою бұйра шаш қойған, екі көзі көріктің отындай ұшқындап тұрған бала, байғұс қызға ертектегі суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін батырлар сияқты көрініп, қиялымен оны өзінше аттан түсіріп алып тұрған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Күләй! – деді әкесі оқыстан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ана өрістен ешкілерді айдап кел!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкесінің айтқанын – Алланың айтқанындай көретін қыз әуелі есіктің көзінен ит қуған мысықтай атып шықса да, бала да болса есі бар емес пе, бөтен аттының алдында берекесіз болғысы келмей, қылықты сұлу аттай, бір қырындап, ойнақши басып бара жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда Тұрарға ол сұлу көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шеттік тікен жырған жалаң аяғы, шуда жіп таққан тұлымшағы сол сұлулықтың бір-бір бөлшегіндей көрінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлі бой жетпеген нәресте қыз өзінің жарлылығын сол табиғи, жарасымды, ойнақы қимылымен жасырғысы келген сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жарлы болсаң да – арлы бол.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қызбала байғұстың намысшыл екені көрініп-ақ тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Сірә, Наташамен жасты шығар, – деді Тұрар әлі де ат үстінде тұрып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Оған үй иесі «аттан түс» деп айтпады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Наташа гимназияға күнде түрлі-түрлі көйлек киіп барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сабақтан келген киімді тағы өзгертеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның табаны туфлисіз жер басып көрген емес».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осыны ойлап Тұрар өз қиялында Наташаны осында алып келіп, мына қожалақ қотыр үйге енгізіп, ана қызыл шеттік тікеннің арасымен жалаңаяқ жүргізіп көрді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Наташа қызыл тікен арасында жүре алмай шырылдап жылап Тұрарға қолын созады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл жүгіріп барып, оны көтеріп алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Наташа Тұрарды мойнынан тастай құшақтап алып, бетінен шөп еткізіп сүйіп: – Өлгенше ұмытпаймын, Тұрар, бұл жақсылығыңды, дейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кенет бұл әдемі суретті басқа бір көрініс көлегейлеп кетеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Фаэтонға жегілген қос асау жиренді Аркаша ақилана айқайлап құтырта түседі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Фаэтонның дөңгелектері көшеге төселген малта тастарға тиер-тимес, заулап ала жөнеледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Наташа періштенің дауысындай нәзік үнімен шыр-шыр етеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар Аркашаны шынтағымен итеріп тастап, тізгінді бар күшімен шірене тартып, асау жирендердің басымен арпалысып, аптығын әрең басады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Рақмет саған, Тұрар», – деп сыбырлайды шарадай көздері жасқа толған Наташа қолға түскен шымшықтай дір-дір етіп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Қайран Наташа, мені ойлай ма екен?».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар алыстағы Наташаны осылай көріп, мына кедей үйге келген шаруасын да ұмытып тұрған кезде, ешкілерді иіріп айдап Күләй де жетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді өзеннің бір бұлымында жатқан лақтарын алдырып болғанша, Талбүбі әлгі ешкілерді көгендеп қойып, қайыс тегенеге тырс-тырс сауа бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ешкілерді қақтап сауып алған кезде, Күләй айдап келе жатқан бөрте лақтар енелерін көріп, алыстан маңырап құлдыраңдап жүгіре жөнелді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сүті қақталған желінді әлгі шұнақтар ақжем қылып кергілей бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайлақ ешкілерді көгеннен ағытып, енді Тұрардың алдына салып, ауылдың сыртына дейін шығарысайын деп тұрғанда, үйден алқам-салқам аптығып, Талбүбі қайтадан атып шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Асығамын деп абайламай, аласа есіктің маңдайшасына басын тарс дегізіп соғып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Алда қараң қалғыр-ай! – деп ақсары жүзі өрттей қызарып маңдайын сипалап, тыжырынып тұрып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, Тайтақай, не көрінді, сорлы, сонша асығып? – деп Тайлақ артына бұрылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тоқта! Тоқта! – деп Тайтақай көйлегінің жыртық етегін ышқырына қыстыра айқайлап келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Не боп қалды, қу керең?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, байғұс-ау, бұл бұйырмаған кебенектердің жүнін қырқып алып қалайық та.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қыстай бағып, тым құрыса, жүні де бұйырмай ма? Ана ақ ешкінің түбітінен мына қызыңа орамал тоқып берейін деп едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тоқта!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ой, жарымағыр-ай, мына баланы жолынан қалдырасың ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күн ауып барады, бұл жеткенше қашан? – деп Тайлақ құлқы болмап еді, Тайтақай оны естімеді, не естігісі келмеді, қызы екеуі ешкілердің алдынан шығып, қайтадан көгендеп тастады да, әлуетті әйел тұшаларды аяқтарын қосақтап ұстап, жерге атып-атып ұрып, жіппен байлап тастап, қырықтықты қайрап-қайрап, кебенектерді жалаңаштай бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Балпылдап көп сөйлейтіні Салиха апасына тартқан екен, қолы да, аузы да тынбай жүр.
Көрсетілді: 10800 / 47388