KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сары айғырдың үсті оған дүние-әлемнің шоқысындай сезілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айнала төңірек бәрі көрінеді, бәріне көз жетеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Биік дуалдың ар жағында қоңыраулары күңгірлеп шіркеу тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алматыдағы кафедраль собордай салтанатты болмаса да, қоңыраулары сондай сазды, жан-жағына сағыныш сәулесін шашыратып жатқандай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баланың есіне Приходько мырза түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Биік жардың жағасынан ұшып кете жаздағандай бойы дір ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иван Владимирович айтып еді: артыңа бұрылып қарама, артың құлама құз, оған қарасаң басың айналады деп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұмыта береді байғұс бала, абайламай өткенді есіне ала берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Хан базар, ығы-жығы жандар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әне, ана жерде қобыз тартқан соқыр дуана отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қобыз үні қайғылы, қабырғаңды сөгіп, соның арасынан жүрегіңді суырып әкетердей зарлы әуен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған шіркеу жақтан күмбір-күмбір қоңырау үні қосылғанда, мына адамдардың қыбыр-жыбыр күйбің тіршілігі құмырсқаның күн көрісіндей тым ұсақ көрінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ала тақия киген өзіндей бір бала қабақ көтеріп, тостағандап су сатып жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өрісінен айырылған тегене құйрық қызыл қой судың исін сезіп, іші солықтап, мекіреніп қояды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Базар шайыр сасиды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Семіз қойлардың пысынаған исі ауаны әлем деп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Базар–шопан-атаның абақтысы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ қойдан жуас мал жоқ, тым құрыса ешкі құсап бақырмайды да, пысынап, іші солықтап, көзі бозарып тұра береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Базар шіркін адамға қызық, атқа түк қызығы жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Келеді – қақшитып байлайды да, содан сауданың сарсаңында жүріп, бұларды мүлде ұмытады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек базар қазан болып, ауылға қайтарда ғана аттары естеріне түседі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сары айғырдың да иесі сол сауда сарсаңына түсіп кеткен болар, атының үстінде бөтен бала отырғанын әзір байқаған жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осындай жылқыны да ұмытуға бола ма екен?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Байлаулы аттар ауыздықтарын шайнап, пысқырынады, тезек тастайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол кезде мұрынға даладағы көктің кермек исі келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Верный түрмесіндегі атқораның таныс исі аңқиды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көңіл жүйрік, бала бір мезгіл сары айғырды азынатып, Сахалинге сапар шегеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иван Владимирович айтып еді, жаяу адам Сахалинге жүз алпыс, жүз жетпіс күн жүріп жетеді деп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал, сары айғыр болса ше? Бірақ жолда өткел бермес асау өзендер, теңіз бар деді-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мүмкін, сары айғыр Тайбурыл сияқты бір таудан бір тауға дейін қарғи алатын шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қызыл Жебенің ұшқанын Тұрар өз көзімен көрген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аяғы жерге тимеген сияқты еді сонда Қызыл Жебенің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шәйхана жақтан самаурын кернейлерінің түтіні будақтайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кәуап пен самсаның исі бұрқырайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір күні Иван Владимирович сыныпқа ұп-ұзын орама қағаз алып кірді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бояу түрлі-түсті қалың қағаз дәке сияқты матаға жапсырылған екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иван Владимирович әлгінің орауын жазып, қара тақтаға асып іліп қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұл географиялық карта, – деп түсіндірді ол аң-таң болып отырған аңқауларға.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мынау – Азия, мынау – Еуропа, міне – Африка, мына бөлігі – Америка, Австралия, Антарктида... Біз Ресей империясының азиялық бөлігінде тұрамыз: Міне, мына бір тұста.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рас, Мерке қартаға түспеген, шамамен мына бір тұста.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мынау – Мәскеу, мынау Ресей империясының астанасы – Санкт-Петербург.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мынау жатқан жолақ – Орал тауы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның ар жағынан Сібір басталады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Сібір» дегенді естігенде Тұрар елең ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әдеттегі сабыры кетіп, орнынан қозғалақтай берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мынау Байкал көлі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына аймақ – Қиыр Шығыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына жатқан бөлшек – Сахалин аралы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иван Владимирович! – деп Тұрар орнынан қолын көтере түрегелді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, Қырғызбаев.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Не айтпақсың?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иван Владимирович, айтыңызшы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сахалинге дейін неше шақырым?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұғалім тосылып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәлден соң:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Шамамен, бес-алты мың шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айтпақшы, өлшеп көруге болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі линейка қайда?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өз үстелінің тұсында ілулі тұрған отыз сантиметрлік линейканы алып тұрып, картаның астындағы жазуға қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кәне, өлшеп көрейік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мерке мұнда делік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Так.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алпыс бес сантиметріміз болады жеті мың бес жүз шақырым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оһо, көрдің бе біздің империямыз қандай байтақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иван Владимирович, – деді Тұрар тағы да қолын көтеріп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жаяу адам Сахалинге қанша күнде жетер еді?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұғалім Тұрарға тағы да үнсіз қарап, біраз ойланып тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан соң:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Несі бар, есептеп көрейік, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Шамамен, кісі күніне елу шақырым ала алар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Елу де елу – жүз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл екі күн.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Так, так... Шамамен, жүз елу – жүз алпыс күн керек, бауырым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал арада ит мұрны өтпес тайға жатқанын, өткел бермес өзендер, теңіз барын есептесек, бұдан да көбірек күндер керек шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Немене, Қырғызбаев, саяхат жасайын деп пе едің?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ, әшейін, – деді бала біртүрлі мұңайып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлдеқандай үміті ақталмағандай, әлдекім алдап кеткендей, нәресте жүзін мұң шалып өткендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Менің әкем жақында соқыр приставқа айтып, бір ұрыны ұстатқызды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкемнің қойларын Қоқанға айдап бара жатқанда ұрлаған екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкем айтады, ұрыны Сахалинге айдатқызамын дейді, – деп сөзге Атамырза араласты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мынау да, – деп Тұрарды иегімен нұсқап көрсетті, – мынау да Сахалинге барғысы келсе, сол ұрыға қосып жіберсе болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айбаров! – Иван Владимирович үстелді алақанымен сарт еткізді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көзілдірігі ыршып түсіп бара жатқанда, қолымен әрең қағып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ашудан аузына сөз түспей булығып, буынып қалғандай болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атамырза мойнын ішіне тартып, мықшиып партаның астына кіріп кетердей бұғып бара жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жаңа ғана жанарын мұңды мұнар бүркеп қалған Тұрардың көзі көріктің алқымынан суырып алған қызыл темірдей лапылдап, жанып тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарашаның суық күзі, сылбыр жауын, тұнжыр аспан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Терезе алдындағы теректің алтынсары жапырағы төгіліп жатқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек ең төбесі ғана әлі жасыл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жауын соңы желге ұласып, тал-дарақтын жапырағы қарақұс бүрген сары балапанның жүніндей бұрқырап ұшты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Таудың бөтеге бөктерлері жауыннан ісінгендей теңкиіңкіреп кетіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шоқылар қанша тәкаппар болса да мұнар буалдырда көрінбей қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы бір көңілсіз көрініске қарап ойланып қалған Иван Владимирович әлден уақыттан соң:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, Қызыл Жебе, Сахалин тым-тым алыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әрі десең міне, біздің жылы жаққа да қыс түсейін деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Сахалинде қазір қақаған аяз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ондағылар ит жеккен шана мініп жүреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ол қайтадан картаның алдына барды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал мына Чукотка мен Якутиядағылар шанаға бұғы да жегеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына күре тамырдай күдірейіп-күдірейіп жатқан Лена, Енисей, Обь өзендері.
Көрсетілді: 11000 / 47388