KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дұшпаннан түк тартсаң да пайда, қараң қалғыр Қырғызбай, жезде болмай жерге кіргір! Құдай пейіліңді қуратқыр, пейілі қурап, менің балаларым ішіп отырған бір қасық сүтті ауыздарынан жырып алғанда, несіне көгерер екен? Ертең өле кетсе, осы малды өзімен бірге ала кете ме екен? Әй, бала, айта бар осы сезімді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзің бір орыс сияқты екенсің, қазақша білесін бе өзің? Безіреюін қарашы, орыстың баласын асырап алған ба менің қу жездем?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, Тайтақай, қысқарт тіліңді? Бұл тіл тигізетін кісінің баласы емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тантыма бекер! – деп Тайлақ айбат көрсетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күн болса кешкіріп барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның үстіне баланың қарны аша бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Үйге кір, шәй іш, дәм ауыз ти», – деген жан болмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Битін сығып, қанын жалап отырған мына бейбақтардан ондай ықылас күту де нобайсыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда да болса Тұрар сабыр сақтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның еркіне салса мына ешкілерді тастап кетер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбай атасы күнін көре алмай отырған жоқ, ал мына қу сирақтарға ешкі де болса нәфаха.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ онсыз да сиырсыз қайтқалы тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тым құрыса, ешкілерді айдап барып алдандырмақ Қырғызбай атасын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ауылнайдың салық жинайтын шабарманы құсап, аттың үстінде шіреніп тұра бергенім дұрыс болмас деп Тұрар торыдан түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аяғы ұйып қалған екен, аздап бой жазып, қу ешкілердің жүнін қырқуға қолғабыс етпек болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрарға бірте-бірте бойы үйренген Тайлақтың жалаңбұт балалары ұятты қойып, індерінен шыға бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Aпa, менің бөрте лағымды да әкете ме? – деді мұрын боғы жылтыңдаған біреуі шешесінің арқасына асыла беріп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ары! – деп жүн қырқып өзеуреп жатқан шешесі баланы шынтағымен лақтырып жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– О, құдай сорлы қылған сор маңдай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сенің бөрте лағың бар ма еді?!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, менікі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бермеймін бөрте лағымды, – деп мұрынбоқ бала бөртені ұстап алып, мойнынан құшақтап қатты да қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ешкілердің қылшығын қырқып болып, «ал, енді болды» дегенде әлгі балақай лақтан айырылады деген қайда?! Бақырып жылап, бөртеге жабысып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шешесі барып, шапалақпен тартып жіберіп, қолынан жұлқып еді, бала босатпады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар шыдай алмай:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мейлі, апай, қала берсінші, атам лағын түгендеп жатпас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тимеңізші! – деп жалынды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ қырсық қылғанда ешкілерді енді айдап шыға бергенде, әлгі бөрте лақтың енесі зарлап ала жөнелді де, торы аттың бастырмалатқанына көнбей, үйге қарай қайта қашты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біреуі қашқан соң басқаларының да пейілі бұзылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мейлі, апай, сол бөртенің енесін де алып қалыңызшы тегі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзім бір есебін айтармын атама, – деді әбден ығыр болған Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ойбай, мың болғыр, айналайын, көсегең көгерсін, – деп Тайтақай бір ешкіні көгенге байлады да, қалғанын едәуір жерге дейін өзі айдасып, Тұрарды жолға шығарып салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол жолы Тұрар азынаған азап мекенін, тұлдырсыз кедей елді тағы бір көріп оралды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баяғы Талғардың Бесағашындағы Тау-Шілмембеттің кедейлігінен де өткен, ажал мен аштықтың азуында қалт-құлт еткен мұншама тақыр жоқшылықтың куәсі болып, жас жаны шошынып қайтты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жексенбі күндері интернаттың іші ел көшкендей көңілсіз-ақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұзақ қарғаның балапандарындай қара домалақ балалар шуылдамас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мектепте қоңырау сылдырламас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қораның іші жым-жылас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ауылдары жақын балалар кеше кешке үйлеріне тарап кеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзі үйі, өлең төсегі барлар бақытты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір жұма бойы кермей сағынып қалған апаларына еркелейді, іні-қарындастарымен таласып-тармасып айранға талқан шылап жейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кешке қарай шешесі сақтап қойған сүр еттің сорпа-суына тойып, терлейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қазынаның тамағына қараған бала бір шек болып қалады деген рас екен, құдая, мына бала түк ішпеді, – деп шешелері балапанын шегірткеге шақырған тауықтай қақылықтай бастайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұндай заман Тұрарға арман.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазына саудагерден сатып алған интернаттың әупиген қорасында жападан-жалғыз кітапты ары оқып, бері оқып, енді іш пыса бастағанда Мерке шіркеуінің қоңыраулары күңірене жөнеледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көшеде адам қарасыны көбейеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жексенбі күні үстіне бір киерін іліп, орыстар шіркеуге беттейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күннің жылысына қарамай бастарына қазандай бөрік, үстеріне күпі киіп, қазақ, қырғыз біткені Меркенің қыр базарына бара жатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Базарға бүгін Тұрардың Қырғызбай атасы келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Делдалдыға жүріп, «шіріңке» тапқан күні атасы көңілі түсіп, Тұрарға бес-он тиын берер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Меркенің қыр базары қызған кез.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күз айларында бұл базар әсіресе аспандап кетер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құйрығы тегенедей кілең қызыл қойға қызыққандар сонау Әндіжаннан, Наманғаннан, Қоқаннан келіп жатады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ала шапан, қара шапан, бейқасам шапан, ала тақия, қазандай қара сеңсең бөрік, дөңгелек құндыз берік, құлақтары салпаңдаған түлкі бөрік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақ сақал, бурыл сақал, қара сақал, қаба сақал, күйек сақал, шоқша сақал... «Сауда-сақал сипағанша», – деп сипалатын сақалдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оралдан, Орынбордан, Сарытаудан келген орыстар; Үфеден, Қазаннан келген башқұрт, татарлар; Тоқпақтан, Пішпектен жеткен қырғыздар; Жәркенттен, Шелектен, Шонжыдан келген дүнгендер мен ұйғырлар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сан түр бар, сан тіл бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ бәріне ортақ – сауда тілі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар Қырғызбай атасын іздеп мал базар жағына барған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалың нөпір арасынан атасын табу онша қиын емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атасы әдетінен айнымаса мұндай қоңыр күзде үстіне шибарқыт бешпет, сыртынан түйе жүн шекпен, басына Рысқұл құсап боз қалпақ, аяғына кебіс-мәсі киіп, белін қос құлаш күлпара белбеумен буып, етбеттеңкіреп, өңкеңдеп жүреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соқыр батырға мінезі тартпаса да, түр-тұлғасы келгендей: бойшаң, қақпақ жауырын, жардай шал.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол ірілігінің арқасында қалың елдің арасынан көзге оңай түссе керек еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айналасы тай шаптырым мал базардың шетіндегі ұзыннан-ұзақ мама ағашқа базаршылардың аттары байланады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әуелі Тұрар солардың арасынан Қырғызбай атасының тобылғы торы, жырық құлақ атын іздейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол тобылғы торыға талай мініп, Мықаннан суарып қайтушы еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қойдан жуас, шабысқа жоқ, бірақ жүрісі жайлы жануар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мал иесіне тартады деген рас шығар, мимырт жүрісі Қырғызбайдың алқын-жұлқынсыз, шықпа жаным шықпа тіршілігіне ұқсайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тобылғы торымен қатар бітімі бөлекше, тұрқы есік пен төрдей, бойы жардай ақ жал айғыр байлаулы тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алтын сары атлас түгі күздің жуас күніне шағылысып жылт-жылт етеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пошымы Қызыл Жебеге ұқсайды, бірақ бояуы бөтен: ойнама отты Қызыл емес, жалқын сары.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ешкім байқап тұрған жоқ па екен дегендей Тұрар жан-жағына қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адамдар алас-құлас, абыр-сабыр саудамен әлек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ботбай мен Қораластың, Аққойлы мен Қарақойлының қызыл қойы көздерінің құртын алып, бәрі қоралы малды айналшықтап, басқа дүниені ұмытып кеткендей екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саудаға түскен малды қызықтаушылар көп: ақшасы бары да, жоғы да қой байғұстың арқасын басып, шарадай құйрығын көтеріп көріп, тірідей жеп қойғысы келіп, ауыздарының сілекейлерін жұтынып жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сары айғырдың үстіне бір шығуға Тұрардың аңсары ауды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бейсеубет іске құлықсыз-ақ бала еді, бұл жолы желік жеңді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сарыға ақырын жақындап барып, күміспен күптеген ап-ауыр үзеңгісін абайлап ұстап көрді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сары айғыр сәл пысқырынып, көзі оқшиып, балаға бір бұрылып қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үзеңгіге аяғы жетпес, биік екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда бала дереу Қырғызбайдың сыр мінез тобылғы торысына қарғып мінді, торы былқ еткен жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонан соң барып, торыдан сарыға ауысып отырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әуелі жүрегі дүрсілдеп, сезіктене берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сары айғыр сайтандай атылып, үркіп жүрер ме екен деп еді, жануар сабырлы екен, баладан жамандық сезбегендей, тыныш тұра берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қақтаған күміспен қапталған қазақы ер тоқымның үстінде көрпеше жоқ, құйрыққа қатқыл тиеді екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шүпірлете қағып тастаған түйме бас жез шегелер Талғар таудан түнде жамыраған аспан жұлдыздары сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күміс ердің қасын Тұрар бүлдіріп алмайын дегендей алақанымен абайлап қана сипап көрді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Heгe екені белгісіз, осы күміс ер оның көзіне жылы ұшырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ бала өзінің батыр бабасының тәні тиіп, тері сіңген ереуіл тақта отырғанын сол сәт сезген жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек бір түйгені: мұндай ат пен мұндай ер-тоқымның үстінде адам жайбарақат отыра алмас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл керемет жорықтың, алапат ерліктің орны сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл ердің үсті ұлы істер туралы жар салатын, сан мың, қолды аузына қарататын дуалы сөздердің қасиетті мінбері іспетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала үзеңгіге аяғын тіреп түрегеп тұрып, мына хан базарға:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ей, бейшара ұсақ тірліктің адамдары! – деп айқай салғысы келіп еді, аттың үстінен аяғы үзеңгі тіреп тұруға жетпеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді бір шамада бұл сары айғыр мен күміс ер-тоқым тегін адамдікі емес екені есіне түсіп, бойын қорқыныш биледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Ұрысың» деп ұстап ала ма деп жан-жағына тағы жалтақ-жалтақ қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жоқ, базар ұлы теңіздің оппалы-оқпан иіріміне түсіп кеткен қара құрымдай, қыбыр-жыбыр құжынап, бәрін бір алып магнит тартып алғандай, содан ажырай алмай қалғандай екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аттың иесі де сол магнитке жабысып қалған шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрарға ешкім назар салмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Секемді секундтар өте шықты да, сәлден соң баланың бойын бір селкеу сезім биледі.
Көрсетілді: 10900 / 47388