Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бәрі де Солтүстік Мұзды мұхитқа барып құяды... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Егде мұғалімнің терезеге қарап мелшиіп қалғанына шәкірттер таң. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал мұғалім болса, Сібірді қазір көңілімен шарлап кетіп еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
О басында Петербург ұлықтары оны Сібірге айдамақшы еді, сірә Сібір жолы түмен тұтқындардан босамай жатты ма, әлде қазақ даласының дәм-тұзы тартты ма – әйтеуір Андреев әйелі екеуі осы Мерке деген шағын селодан бірақ шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Егер Сібірге кеткенімде – қазір қай жерінде жүрер едім?» – деп ойлады мұғалім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Иван Владимирович Алатаудың қарадомалақ балаларын Қиыр Солтүстік пен Қиыр Шығыстың шексіз ақ көрпе жамылған, бұғы мойнындағы жез қоңыраулар мен каторжник аяғындағы кісендер біріне-бірі сыңғыр-сыңғыр, шылдыр-шылдыр үн қатысқан; тұңғиық тыныштығын алтын қазушылардың қайласы қаңқ-қаңқ еткізген; жүз жылдық қарағайлары ақ дауылдан сықырлап, күйзеле тербетілген өңі суық өзгеше бір өлкеге саяхатқа алып ұшады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл әңгімені ұйып тыңдап отырған Тұрар кенет селк ете қалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кісен сылдыры естілгендей болады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сөйтсе қоңырау соғылған екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұғалім қара тақтаға ілулі тұрған картаны жинай бастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Интернаттың тіршілігі: барға – қанағат, жоққа – салауат. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарын тойдырмас, өзек үзілмес, шала құрсақ тамағы бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Иван Владимирович Әліпбекке айтып, Тұрарға киіздей қалың, қолбыраңқыраған қара сукно костюм кигізген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әліпбек әрі мұғалім, әрі интернат меңгерушісі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әулие-Ата оязының Мерке участогінде жеті болыс ел бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ояздың жарлығымен жеті болыс елге түтін сайын бес тиыннан салық салынған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жаңа ашылған мектеп-интернатты асырау үшін, өгіздің терісіндей қара сукно костюмді өкімет кигізіп отырған жоқ Тұрарға. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қалың елдің қаржысы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Демалыс күндері ауылы жақын балалар үйді-үйіне тарайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар әуелі Қырғызбай атасының үйіне барып жүрді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ бала да болса байқайды: атасы айлы түні өз көлеңкесінен өзі қорыққан қояндай қашқақтай береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Соны сезген Тұрар кейін ол үйге сирек қатынайтын болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қайрат – қыран, қайғы – жылан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жанашырым жоқ екен деп жасымай, енді өзін-өзі қайрайтынды шығарды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үзіліс кезі еді, Тұрар дәлізде қаннен-қаперсіз келе жатқан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Екі иығынан екі бала қапталдаса берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оң жағына қарап еді: жұқалтаң шінжау сары, қалқан құлақ Серік екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар қарай бергенде әлгі иығымен итеріп жіберді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Теңселіп кеткен Тұрарды енді сол жағынан біреу қағып қатты итеріп жіберді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар оның Атамырза екенін аңғарып үлгірді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енгезердей Атамырзаның тегеуіріні қатты екен: Тұрар қаңғалақтап құлап бара жатыр еді, Серік иығын тоса қалып, қайта итерді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қақпақыл осылайша созыла берген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Не істеу керек? Ойлануға мына екеуі мұрша берер емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Адам баласын кейде бір жыртқыштық құмар билеп кете ме екен, әйтеуір екеуі осы тәлкектен бір рахат тапқандай әуейленіп алыпты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді осыдан Тұрар тұяқ серіппей қала берсе, бүкіл шәкірттер алдында дәрменсіз, панасыз мүсәпірге айналатынын ойланып жатпай, әлдебір белгісіз түкпірдегі түйсікпен сезген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына тоқ балалардың әділетсіз ойыны әкесінің өмірін еске салғандай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оны да өмір атты ойын осылай қақпақыл еткен, титығына тиген, ес жидырмаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ әкесі қарсыласып бағып еді... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ауыл итінің құйрығы қайқы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жалғыз-жарым бөтен итті орталарына алып талағанда бөтен ит тісін сақылдата ақситып айбат шегіп, қамалаған төбеттердің анауысына бір мынауысына бір тап беріп, жанталасып бағар еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Құйрығын бұтының арасына қысып алып, қаңсылап қаша жөнелетіндері де болады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ ол бәрібір құтылмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұяластар оны кергілеп тастайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шінжау Серік Тұрарды тағы бір итергенде Тұрар қатты ұшып кеткен болып, Атамырзаға бар екпінімен құлап еді, мұнша салмақты күтпеген Атамырза шалқалап барып, басы қабырғаға сақ ете қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осы сәтті пайдаланып, Тұрар оның алқымын езіп-езіп жіберіп, бетін ала бір періп өткенде, тоқ баланын қоңқақ мұрнынан қою қара қан сау ете қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәл осы кезде дәлізге арифметика мұғалімі Александра Сергеевна шыға келіп еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қан жоса болған Атамырзаны көріп шошып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ойбай ұрды! Өлтірді! – деп Серік шіңкілдек байбалам салды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Александра Сергеевна, көрдіңіз бе Қырғызбаевтың не істегенін! Мен куә, өзі тиісті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түк жазығы жоқ Айбаровты сілейтіп салды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Көрдім, көрдім, Серік. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мынау сұмдық екен, – Александра Сергеевна тікбақайлау, қатал кісі еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Иван Владимирович екеуі ерлі-зайыпты бола тұра, екеуі – екі мінездің адамы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әйел мұғалім істің байыбына барып жатпай, Серікке қосыла байбаламдап, Иван Владимирович пен Әліпбекті ертіп келіп, «оқиғаның» үстінен түсірді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Так, – деді Иван Владимирович көзілдірігін мұрнының үстіне нығарлай түсіп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Түсінбеймін, Тұрардан күшті бола тұра, үлкен бола тұра Атамырза қалай таяқ жейді? Тұрардың оған өз бетімен барып соқтығатын не жөні бар? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ваня, сен балалардың көзінше көпе-көрнеу бұзақылықты қуаттап тұрсың, бұдан ары не болатынын білесің бе? – деп Александра Сергеевна өңі құп-қу болып, қалшылдай бастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Дереу мектептен аластау керек! Дереу. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Індет жайламай тұрған кезде, дереу! Верный түрмесінде, Приходько мырзаның жалшылығында жүргенде бір күні Тұрар мырза баласы Аркашадан таяқ жеп, аузы қанап келіп еді, әкесі Рысқұл оны аяудың орнына дүрсе қоя берді: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жылама! Аузымды біреу ұрып қанатты дегенің не?! Әншейін, шие жеп едім де! Білдің бе?! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына Атамырза ақымақ: «Жәй, әншейін шие жеп едім», – деуге жарамады қазір. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жалақор адамның жамандығы – бықсыған көмір секілді: күйдірмесе де, күйе жұқтырады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қараптан қарап тұрған Тұрар демде «бұзық» атанды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкенің тұрмандай тағдыры балаға мирас болғаны қандай сор. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ойға салса, Рысқұл өткен қиямет көпірлер Тұрардың да алдынан шығып келе жатыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әділетсіздікке шыдай алмай ол да осылай қан шығарып алған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл шайқастан Тұрар бір нәрсені сабақ тұтты: төбелестің екен – қан шығармай төбелес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Атамырзаның қоңқақ мұрнына қол тигізіп керегі жоқ еді, әрине. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Атамырзаны бәлеге бастап тұрған қара жүректің қақ басынан ұру лазым еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Асылы, мүлде қол жұмсамай, ақылмен жеңген де абзал. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ашу үстіндегі әрекет әрқашан әбес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол әрекет – дауыл кезінде кемеге мінгенмен барабар болса керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кемеге мінемін десең, дауылдың басылғанын күте тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұның бәрі болашаққа сабақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал қазір Александра Сергеевнаның қаһары жаман. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жұбайының сырын білетін Иван Владимирович: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сашенька, Қырғызбаев кінәлі болса, оны мектептен шығарып жіберу – оңайдың оңайы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әуелі ақ-қарасын анықтайық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал, балақайлар, тараңдар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сыныпқа кіріңдер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қонырау соғылды ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл не тұрыс! Атамырза, бар, жуынып кел. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дардай жігіт те жылай ма екен? О несі! Ал, Қызыл Жебе, сенімен әңгіме басқаша. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сабақтан кейін қал. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ну, Ваня, мен өз көзіммен көрдім ғой, – деп сазарып қалды Александра Сергеевна. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сашенька, сен педагогсың, соны ұмытпа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрардың түбі тегін емес екенін Иван Владимирович әу бастан-ақ, алғашқы сабақта-ақ сезген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді, мына оңаша әңгімеден соң күн ашылып, күдік сейіліп, балаға ықыласы бұрынғыдан бетер ауды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Баланың жүріс-тұрысының, өзгелерге ұқсамайтын мінез-құлқынын, ерен зейінділігінің сыры неде екенін жұмбақтап, көлегейлеп тұратын көзге көрінбес буалдыр перде көтерілгендей болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар жан баласына ағынан ақтарылып, сыр сандығын ашпас еді, бірақ мына ұстаздың өз досы екенін ант-су ішіп, «олла-білле» деспей-ақ, әсіре қызыл, жылтырақ сөзсіз-ақ, сұңғыла сезіммен, түкпірдегі түйсікпен зейіндеген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Иван Владимирович патшаның қатардағы қарғылы чиновниктерінің бірі болса, Тұрардың тұқымын алдақашан тұздай қылар еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Баланың өмірбаянында бір бәленің бар екенін ол Қырғызбайдың үйіне болашақ шәкірттер тізімін ала барғанда-ақ аңғарып, артын бағып қалған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сөйтсе, Тұрардың қып-қысқа, он бір жасарлық өмірінде ұзыннан-ұзақ қиямет хикая бар екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мен сізден қылаудай сыр жасырмай, бәрін айттым, Иван Владимирович. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ендігісін өз еркіңіз білсін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Менің тағдырым өз қолыңызда, – деп бала ұстазының бетіне қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұғалім баланың соншама мөлдір, соншама қайсар көздерінен бәрін ұқты: егер бүкпесі болса, сәл-пәл жымысқысы болса анандай, айнадай ашық көзден көрінбей қалуы мүмкін емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түбіндегі түймедей тасқа дейін көрініп жататын киелі қол көрінісі осындай болар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мен саған жамандық ойламаймын, Қызыл Жебе, – деді мұғалім баланы бауырына тартыңқырап. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Алаңдамай, уайымдамай, оқуыңды пысықта. |