Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Басқа емес, тап осы хикаяның шыншылдығына күмән келтіретін жалғыз ғана нәрсе бар, ол — авторының араб екендігі; ал енді суайттық бұл тайпаның өзгеден ерек қасиеті екені мәлім; жалпы алғанда, арабтар — біздің ата жауымыз, сондықтан автордың өсіріңкіреп айтудан гөрі кемітіңкіреп айтуға бейімдік білдіретінін болжау қиын емес. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Және, меніңше, тап солай болған да секілді, өйткені осынау өте бір ізгі ниетті рыцарьды мақтауға әбден болатын және мақтауға міндетті де жерде оның ұнамды істері жайында әдейі үндемей қалатын тәрізді; бұл оның арам ойлылығын аңғартады, егер ол мұны қасақана істеген болса, онда тіптен жаман: өйткені, дұрысында, тарихшылар анығы мен шындығын айтатын және бас пайда да, қорқыныш та, қастық та, достық та ақиқат жолынан тайдыра алмайтын барынша әділ болуға тиіс әрі міндетті де ғой; ал, ақиқат дегеніміз — уақыт бәсекелесі, қарекет қазынасы, өткеннің куәгері, бүгінгінің өнегесі, болашаққа арналған ескертпе боп табылатын тарихтың туған қызы емес пе. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бұл хикаядан қызғылықты кітап атаулыдан талап етуге болатынның бәрін де табатыныңызға сенемін; ал кемшіліктеріне келсек, егер ондай нәрсе байқалып жатса, оған кінәлі, меніңше, әсте де хикаядағы әңгіме аясы емес, оның ит мінез авторы ғана болмақ. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сөйтіп, енді аудармаға сенер болсақ, оның екінші бөлімі былайша басталмақ. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қайтпас-қайсар, қатты ашулы сайыскерлеріміз қылпылдаған семсерін сілтемекке оқталған сәттерінде олардың қатулы жүздеріне қарап-ақ көктен де, жерден де және тозақтан да айыл жимайтынын аңғаруға болатындай еді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Алғашқы боп қызуқанды бискайлық соққы жасады, оның бар күшпен және соншалықты ашу-ызамен ұрғаны сонша, қолындағы семсері тайқып кетпегенде осы бір ғана соққының өзі-ақ мына қатыгез айқастың да, ана рыцарымыздың барлық шытырман оқиғасының да ақыры осы болған болар еді; бірақ Дон Кихотты бұдан гөрі маңыздырақ істерге сақтап жүрген мейірбан тағдыр дұшпан қолындағы семсерді тайқытып, соққысы сол жақ иығына ғана тиетіндей, онда да елеулі зардап шектірмей, тек сауыты сол жақ бүйірінен сөгіліп, жол-жөнекей құлағы мен дулығасы ғана шекіліп кететіндей етіп бұрып жіберді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сол бойда сауыты зәрені ала гүрс етіп жерге құлап түсті де, рыцарымыздың сықпыты адам аярлық боп қалды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Құдай сақтасын, өзінің қандай кепке тап болғанын көрген ламанчалығымыздың қалай құтырынып кеткенін суреттеуге лайықты сөз табар адам бар ма екен бұл дүниеде! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қой, одан да әңгімемізді әрмен жалғағанымыз жөн шығар. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сөйтіп, Дон Кихот қайтадан үзеңгіге шіренді де, семсерін қос қолымен бұрынғыдан да бетер қатты қыса ұстап бискайлықты көпшігімен қоса басынан құлаштап тұрып бір перді, оңдырмай қатты ұрғаны сонша, әлгіндей әжептәуір қорғауышы болғанына қарамастан бискайлық құдды бір төбесінен тау құлағандай сезінді, танауынан, аузынан, құлағынан қан шүмектеп ағып, теңселіп кетті, егер қашырын мойнынан құшақтай алмағанында, сөз жоқ, жерге жалп ете түсері анық-ты, бірақ келесі сәтте үзеңгіден аяғы шығып кетті де, құшағы жазылып сала берді, сол сәт сұрапыл соққыдан шошынған қашыры да төрт аяқтай тебініп алға қарай атқақтай жөнеліп, ұзамай иесін жерге атып ұрды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот бұл жайларға былқ етпей безере қарап тұрды; бискайлық жерге құлаған сәтте атынан секіріп түсті де, жауының жанына жетіп барып, семсерінің ұшын көзіне кезеп тұрып берілуге әмір етті, өйтпеген күнде басын шауып тастайтынын ескертті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Зәресі зәр түбіне кеткен бискайлықтың бір ауыз тіл қатуға әдді келмеді; егер осы уақытқа шейін күймеде не істерді білмей абдырап, қақтығыстың артын бағып отырған әйелдер рыцарымыздың қасына жүгіріп келіп, өздеріне қайырым көрсетіп, мейірім жасауын — малайларына аяушылық білдіруін қоярда қоймай жалынып сұрай бастамаса, бискайлықтың шынымен бір пәлеге ұшырайтыны кәміл еді (өйткені, ыза буған рыцарьдың ештеңеден тайынатын түрі жоқ-ты). |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот болса, олардың өтінішіне тәкаппар кейіпте маңғаздана жауап қатты: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сүйкімді сеньоралар! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Әрине, өтініштеріңізді қуана-қуана орындаймын ғой, бірақ бір шартым мен ескертпем бар: мына рыцарь маған Тобосо аталатын қалаға, асқан сұлу донья Дульсинеяға баруға, оған өзін менің жібергенімді айтуға уағда берсін, ал бұған не істейді, оны ханымның патша көңілі біледі. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Зәре-құты қалмаған әйелдер мынаның өздерінен не талап етіп тұрғанын да түсінбей, тіпті Дульсинея дейтіннің де кім екенін сұрап білместен, малайдың бұйрықты бұлжытпай орындайтынына уәде берді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Ендеше, бопты, сөздеріңізге сендім. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Жазаға әбден лайықты болса да, бұған енді ешқандай жәбір көрсетпеймін, — деді Дон Кихот. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Х тарау |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот пен атқосшысы Санчо Пансаның арасында болған аса қызықты әңгіме жайында |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Монахтардың малайлары жақсы сый-құрмет көрсете қоймаған Санчо Панса бұл кезде әреңдеп бойын тіктеген, сөйтіп жекпе-жекті зейін сала бақылап тұрып құдайға ойша жалбарынумен болған: ол құдайдан Дон Кихотты жеңіске жеткізуін және аралды жаулап алуға жәрдемдесуін сұраған-ды, рыцарьдың уағдасы бойынша аралдың губернаторы болып атқосшысы тағайындалуға тиіс-ті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қақтығыс аяқталып, Дон Кихот Росинантқа қарай бет алған бойда Санчо үзеңгісін аяғына тоспаққа ұмтылды, сөйтіп рыцарымыз атқа қонғалы жатқанда дереу оның алдына тізерлей кетіп, қолынан шап беріп ұстап, сүйіп алды да: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Қайырымды мырзам, сеньор Дон Кихот, осынау қатыгез айқаста жеңіп алған аралыңызға мені губернатор етіп қойыңызшы. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ол арал қаншалықты үлкен болсын мейлі, бәрібір мен онда жер жүзіндегі қай губернатордан да кем губернаторлық етпеймін, — деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот оған былай деп жауап қатты: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Есіңде сақта, Санчо бауырым, бұл арал үшін айқас емес, бұл да, осы секілді басқалары да, жол бойындағы шытырман оқиғаларға жатады, мұнда сені күтетін қашанғы сыбаға — бас сүйегіңді опырып жібереді немесе құлағыңды кесіп алады, саған тиетін басқа үлес жоқ. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Кішкене шыдай тұр, |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
сені аралдың губернаторы етіп тағайындап қана қоймай, одан да жоғарырақ көтеруіме мүмкіндік беретін талай шытырман оқиға жолығады әлі бізге. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Санчо Дон Кихотқа қайта-қайта алғыс жаудырды, сосын тағы бір мәрте қолынан және сауытының етегінен сүйген соң оны Росинантқа отырғызып жіберді де, өзі есегіне қарғып мініп мырзасының соңынан тепеңдеп тартып берді; ал анау болса, саяхатшы әйелдерге бір ауыз тіл қатпастан, тіпті олармен қоштаспастан борт-борт желдіртіп жақын жердегі тоғайға барып кірді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Санчо есегін барын сала көсілткенімен, Росинанттың тұяғына тұтқиылдан жел біткендей атқосшыға жеткізер болмады, ақыр соңында анау мырзасына өзін тоса тұруын сұрап айқайлауға мәжбүр болды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот сілесі құрыған атқосшысының тілегін орындап тізгін тартты, анау оны қуып жеткен бойда: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сізге мына нәрсені айтқым келеді, сеньор: бір шіркеуге барып бой тасалай тұрғанымыз жаман болмас еді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Өйткені, жаңа өзіңіз айқасқан адамды өте бір қасіретті жағдайда қалдырып кеттік емес пе, сондықтан жаман айтпай жақсы жоқ, Қасиетті ағайындық сап ете қалып бізді ұстап алуы мүмкін ғой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Одан қашан еркіндік алғанша, ақ-адал сөзім, көзімізге көк шыбын үймелері кәміл, — деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Тоқтай тұр, — деді Дон Кихот. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Қан төккені үшін кезбе рыцарьды, ол қанды қанша мәрте төксін мейлі, сотқа тартқанын қайдан көрдің әлде бір жерден оқыдың ба? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Қан төгіс жайында ештеңе де естіген емен және өмірімде ешкімнің қанын төгіп байқап көргем жоқ, — деп жауап қатты Санчо. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Білетінім біреу ғана, күре жолдың үстінде шатақ шығарғандарды Қасиетті ағайындық арқасынан қаға қоймайды, қалғанында шаруам жоқ. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Қапа болма, достым, — деді Дон Кихот, — сені Ағайындық түгілі халдейлердің де қармағынан құтқара алам. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бірақ, сен маған ақ-адал шыныңды айтшы: өзімізге мәлім елдердің бірі болмаса бірінен менен асқан жау жүрек рыцарьды кездестірдің бе өзің? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Әлденендей бір рыцарьдың менен де гөрі батылырақ шабуылға шыққанын, өжеттікпен қорғанғанын, асқан шеберлікпен соққы бергенін, дұшпанын лезде төңкеріп тастағанын кітаптардан оқығаның болды ма? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Несін жасырам оның, өмірімде бір де бір кітап оқыған емеспін, өйткені оқи да, жаза да білмеймін, — деп мойындады Санчо. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Құдайдан тілерім, тек сол жау жүректігіңіз үшін бір жайсыздау мекенжайда орын теуіп қалмасаңыз етті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал, енді менің де айтқанымды бір тыңдаңыз, тақсыр, сізге міндетті түрде емделу керек, — құлағыңыздан аққан қан тиылмай тұр, қоржынымда корпия мен аздаған ақ май бар. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Егер Фьерабрас бальзамы салынған құтыны жолға ала шығуды ұмытып кетпегенімде соның бәрінің еш қажеті болмас еді: әлгі бальзамның бір тамшысы бізге уақытты да, дәрі-дәрмекті де үнемдер еді, — деді Дон Кихот. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Ол неғылған құты және ол неғылған бальзам? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп сұрады Санчо Панса. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұл бальзамның рецептін жатқа білем, — деп жауап қатты Дон Кихот. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Ол жаныңда болса өлімнен де қорықпауға болады, қандай жарақат та қауіпті емес. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Мен соны дайындап, саған беріп қояйын, ал сен қызу шайқас үстінде мені белімнен қақ бөліп шауып түсіргенін көрсең, — ал мұндай жағдайлар кезбе рыцарьлар басында жиі болып тұрады, — көп ойланып жатпастан, денемнің жерге құлап түскен бөлігін абайлап көтеріп ал да, қан ұйып қалмастан бұрын тездетіп ердің үстінде қалған бөлігіне барынша сақтықпен апарып қондыр — бұл арада бәрін орын-орнына құйып қойғандай етіп жымдастыру үшін едәуір еңбектенуге тура келеді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сосын маған аталмыш бальзамнан бар болғаны екі жұтым ғана ішкіздір — сонда көз алдыңда құр аттай боп шыға келем. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Олай болса, — деді Санчо Панса, — аралды басқарудан үзілді-кесілді түрде бас тартам және ыждағатты да адал қызметімнің өтемі үшін өтініп сұрайтыным біреу ғана: маған тек осынау ғажайып сұйықтықтың рецептін беріңізші, тақсыр. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оның бір унциясына қай жерде болсын екі реалдан кем төлемейтініне кепілмін, ал бұл ақшаға қалған өмірімді қайғы-мұңсыз өткізе аларым анық. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Әрине, әуелі оны әзірлеу қаншалықты қымбатқа түсетінінін біліп алған жөн-ақ. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Үш ассумбрасының бағасы үш реалға жетер-жетпес, — деді Дон Кихот. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Не десем екен сізге, тақсыр! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп дауыстап жіберді Санчо. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— О не болғаныңыз сіздің, неге оны өзіңіз дайындамайсыз және мені неге үйретпейсіз? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Асықпа, достым, — деді Дон Кихот, — талай құпияның сырын ашам әлі саған, басыңа талай жақсылықты үйіп-төгем әлі сенің. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал, қазір, қане, емделейік — құлағым ауырып шыдатпай барады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Санчо қоржыннан корпия мен майды шығарды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бірақ сол арада быт-шыт болған дулығасына көзі түсіп кеткен Дон Кихот алай-түлей сезім кешіп, естен танып қала жаздады; сосын қолын семсерінің тұтқасына қойып, көкке көз тігіп отырып: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Аспан мен жерді жаратушының атымен және құдды бір қарсы алдымда |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
жатқандай сезініп төрт қасиетті Інжілдің атымен ант етем, ендігі жерде ұлы маркиз Мантуанский жиені Балдуиннің өлімі үшін кек алуға серт бергеннен кейін қандай тұрмыс кешсе мен де тап сондай тұрмыс кешем, яғни, анығырақ айтқанда: өзіме осынша жәбір көрсеткен адамнан кек қайтарғанға дейін ас-су ішкен кезде дастарқан жайғызбаймын, әйеліммен ойнап-күлмеймін, басқа да бірдеңелерді істемеймін — не екені анық есімде жоқ, бірақ соның бәрі осы антыма кіреді, — деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Санчо болса, бұған жауап ретінде: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Ақылға салып көріңізші, сеньор Дон Кихот, егер ана рыцарь бұйрығыңызды орындап сеньора Дульсинея Тобосскаяның аяғына барып жығылса, бұл оның өз парызын орындағаны болып шықпай ма және жаңадан бір қылмыс жасамаса оны қайтадан жазаға тарту обал болмай ма? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мына тұжырымың мен ескертпең көңілге қонымды-ақ екен, — деді Дон Кихот, — сондықтан дұшпанымнан тағы бір мәрте кек алу жөніндегі антымды қайтып алам. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оның есесіне мен рыцарьлардың бірінен тап осындай тәуір дулығаны тартып алғанға дейін әлгінде айтылған ахуалда тұрмыс кешем деп жаңадан ант етем және сол сөзімде тұрам. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Айтқаным айтқан жерде қалады деп ойлаушы болма, Санчо, менің үлгі етерім бар — Сакрипантты айтса сенгісіз әуреге салған Мамбриннің дулығасы да тап осындай кепке тап болғаны белгілі ғой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Әй, мархаббатты мырзам-ай, ант атаулыны түгел суға соқсаңыз етті! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп дауыстап жіберді Санчо. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Мейлінше жуан да семіз, сондықтан мейлінше ақпейіл де ақжарқын бұл кісінің өзі де қарсы алдында тұрған кеспірсіз кейіпті, сондай-ақ салмақты найза мен теріден жасалған жеңіл қалқан, дәл осындай жеңіл тері сауыт пен салмақты ер-тұрман секілді әр қилы заттарды көріп, күлкіден қылғынып жатқан бикештерге қосыла күліп жібере жаздап шақ қалды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Алайда, мына мол сауыт-сайманның сесінен қорқып, бейтаныспен барынша кішіпейіл болғанды жөн санап, оған былайша тіл қатты: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Егер де, мейірбанды мырза, сеньор кавальеро, қоналқа іздеп жүрсеңіз, онда сіз бұл жерден тек кереуетті ғана таба алмайсыз, — менде, шынымен-ақ, бірде-бір кереует жоқ, — бірақ басқасының бәрі де артығымен табылады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Коменданттың, — рыцарымыз бекетшіні комендант, ал бекетті қамал-сарай деп қабылдағанын айта кеткен абзал, — қошемет көрсете сөйлеген үні Дон Кихотты сабасына түсірді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мен неге де болса көнуге бармын, сеньор кастелян, — деді ол, — өйткені, киімім — сауыт-сайманым, қанды шайқас — тынысым, деген ғой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бекетші анау өзін Кастилияның ақ жүрек тұрғыны деп қабылдап қалған екен, сондықтан кастелян деп атаған екен деп ойлады, ал шын мәнінде бұл өзі андалусиялық еді, онда да Сан Лукардан болатын, ұрлық-қарлықта Кактың өзінен, ал алдап-сулауда — шәкірттер мен малайлардан кем түспейтін. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Ендеше, — деп іліп әкетті ол, — мейірбанды мырза, төсегіңіз — қатты тас, таң атқанша көз ілмеу — ұйқыңыз болғаны ғой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Олай болса, осы араға ойланбастан тоқтауыңызға болады: бұл лашықтан бір ғана түн емес тұтас бір жыл бойы көз ілмеуіңізге жетерлік нәрсенің қандайын да болса табатыныңызға кепілмін. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осы сөзді айтып бекетші оның үзеңгісіне жармаса кетті де, Дон Кихот аттан түсті, күні бойы нәр сызбағандықтан бұл үшін оның әжептәуір күш жұмсауына тура келді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Одан соң ол бекетшіден атына қамқорлық пен жанашырлық көрсетуін өтінді, өйткені бұл, оның айтуынша, шөппен қоректенетіндердің ішіндегі ең бір іліп алары көрінеді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Росинантқа көз тастаған бекетші оның бойынан Дон Кихот көріп тұрған ізгі қасиеттердің жартысын да таба алмады, әйтсе де атты қораға апарып кіргізді де, іле қайтып оралып қонақтан көңілі не қалайтынын сұрады; қонақпен татуласып үлгерген бикештер бұл кезде оның сауыт-сайманын шешіп жатыр еді, бірақ кеуделік пен иық жабарды босата алғандарымен, мойын қорғауышты ағытып, жасыл түсті бау тағылған сұрықсыз дулығаны жұлып тастау қолдарынан келмеді; дұрысында, бауды кесу керек еді, өйткені байланған жердің түйінін шешуге бикештердің шамалары жетпеген, бірақ Дон Кихот бұған үзілді-кесілді қарсылық білдірді, сөйтіп, таң саз бергенше басынан дулығасын тастамаған күйі осынау адам айтқысыз оғаш та кісі күлерлік кейіпте жүрді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бикештер оның сауыт-сайманын шешіп жатқан кезде, бұларды қамал-сарай тұрғындары, текті әулеттен шыққан әйелдер деп ойлаған ол ерекше ілтипатпен оларға өлең оқып тұрды: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Өзінің туған жерінен |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Келіп жеткен Дон Кихотты, |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сүйкімді сұлу арулар |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Құшақ жайып қарсы алды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қамқор болды фрейлиналар оған, |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал, сәйгүлігіне — принцессалар, |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
яғни Росинантқа, өйткені менің сәйгүлігім солай аталады ғой, сеньоралар. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал өзімнің аты-жөнім болса — Ламанчалық Дон Кихот; өздеріңізге қызмет етіп, пайдамды тигізу мақсатында болашақта жасайтын ерлік істерімнің өзі-ақ паш еткенше есімімді сіздерге айтпай-ақ қоюға тиісті едім, бірақ Ланцелот жайындағы ескі романсты мына қазіргі жағдайға үйлестіре қоюға деген құмарлықтың қырсығынан кім екенімді мезгілінен бұрын хабарлап қойдым. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дегенмен, шарапатты ханымдар, өздеріңіз маған әмір ететін шақ та туады, мен болсам не айтсаңыздар да орындайтын болам, сөйтіп айбынды білегім сіздерге қызмет етуге дайын екенімді жария ететін болады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Мұндай көпірме қызыл сөзді өмірі естіп көрмеген бикештер жұмған аузын ашқан жоқ; олар тек бұдан тамақ ішкіңіз келмей ме деп сұрады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Әлденендей бір дәммен жүрек жалғауға қарсылығым жоқ, — деп жауап қатты Дон Кихот, — және, былай алып қарағанда, сөйткеннің өзі өте-мөте орынды болатын секілді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бұл оқиға, қас қылғандай, жұма күні өтіп жатқан болатын, сондықтан бүкіл бекетте Кастилияда — абадеко, Андалусияда — бакальяо, басқа бір жерде — курадильо, тағы бір жерлерде — бақтақ деп аталатын нәлімнің азын-аулақ қорынан басқа ештеңе табыла қоймады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Басқа балық болмағандықтан Дон Кихотқа бақтақ шабақтарынан дәм татуға қалай қарайтыны жайында сауал қойылды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Шабақтардың неғұрлым көбірек болғаны жақсы, сонда олар бір үлкен бақтаққа татитын болады, — деп түйді Дон Кихот, — өйткені, ұсақ тиыннан құралған сегіз реал алғаным да бір, сегіз реалдық жалғыз теңгені алғаным да бір емес пе? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оған қоса бұзау еті сиыр етінен, лақтың еті текенің етінен әлдеқайда нәзік болатыны секілді, шабақтың да үлкен балықтан әлдеқайда тіске жұмсақ боп шығуы мүмкін ғой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қалай болған күнде де, тезірек келтіріңдер соларыңды, себебі асқазанның айрықша мұқтаж тілегін қанағаттандырмайынша қара жұмыстың ауыртпалығын да, сол сияқты зілмауыр сауыт-сайманды да көтеріп жүрерлік шамаң болмайды. |