Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Үстелді олар қақпаның қасына, ашық аулаға орналастырды, сосын бекетші мұның алдына жөндеп жібітілмеген әрі одан да нашар етіп дайындалған нәлімнің бір сыбағасы мен өз сауыт-сайманынан асып түспесе кем түспейтін қап-қара, тап сондай зең басқан қара нанның бір тілімін әкеп қойды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал, енді осы арада әлгі бет жабар қалқаншасы жоғары көтерілген дулығасын шешуден үзілді-кесілді бас тартқан Дон Кихоттың осының қырсығынан аузына бір түйір бірдеңе сала алмай әбігерге түсіп жатқанын көріп күлмей көр! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Басқа бір адам қол ұшын беріп, аузына тамақ салып тұрмаса болмайтын болды, сөйтіп бұл шаруаны бикештердің бірі өз міндетіне алды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Алайда оған бірдеңе ішкізудің еш мүмкіндігі жоқ еді, егер бекетші бір тұтам қамыстың екі шетін үңгіп түтік жасап, бір ұшын мұның аузына салып, екінші ұшынан шарап құя бастамағанда оның бұл қызықтан да құралақан қалмағы кәміл-ді; рыцарь болса бауды кестірмеу үшін осы жайсыздықтардың бәріне шыдамдылықпен төзіп бақты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осы екі арада бекетке торай тарттырмақ оймен оташы келе қалған және аулаға кірген бойда ысқырығын бірнеше мәрте қышқыртып-қышқыртып жіберген, соны естіген Дон Кихоттың өзінің әлденендей бір керемет қамал-сарайда отырғанына, оның құрметіне арналған ұлан-асыр тойда музыка ойналып жатқанына, нәлімнің — бақтақ екеніне, нанның — ақша қардай ұннан пісірілгеніне, жезөкше бикештердің — жібі түзу зиялы әйелдер, бекеттің қожасы — қамал-сарайдың иесі екеніне еш күмәні қалмады, сөйтіп осынау алғашқы аттанысы да, сондай-ақ, жалпы, осындай сапарға шығу жайында пайда болған ойдың өзі де оған өте бір оңды іс болған секілді көрінді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оны өкіндіріп тұрған бір ғана нәрсе — рыцарьлар қатарына әлі қабылданбағаны еді, ал кімде-кім әлдебір рыцарьлық орденге мүше болмайтын болса, ондай адамның, оның ойынша, шытырман оқиға іздеуге де қақы жоқ-ты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
ІІІ тарау |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Мұнда Дон Кихоттың рыцарьлар қатарына қандай тамаша тәсілмен қабылданғаны жайында айтылады |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осы ой желкелеумен болған Дон Кихот трактирдің ауыз жарымайтын кешкі асын тез ішіп алған соң, бекетшіні шақырып алып онымен бірге атқораға оңаша шықты да, жерге тізерлей кетіп: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Айбынды рыцарь! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ілтипатыңызға құлдық, өтінішімді қашан орындағаныңызша осы жерде тырп етпей отыра берем, — ал сұрағалы тұрған нәрсемді орындауыңыз сізді мәңгі өшпес даңққа бөлейді, сонымен бірге күллі адамзат баласының игілігіне қызмет етеді! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қонағының қарсы алдында тізерлеп отырғанын көрген және әлгіндей сөздерді естіген бекетші абдырап қалды: не істерін де, не айтарын да білмеді, сосын орнынан тұруын өтіне бастады, бірақ анау бекетші өтінішін орындауға уәде еткен соң ғана бойын тіктеді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Шектен тыс кеңпейілділігіңізге қарап, осылай болатынын білген де едім, қайырымды мырзам, — деді Дон Кихот. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сөйтіп, енді біле беруіңізге де болады, өзіңізге айтқан және өзіңіз үлкен адамгершілікпен орындауға сөз берген өтінішімнің мәні — ертең таңертең мені рыцарьлар қатарына қабылдауыңыз керек; бұл түнді мен қамал-сарайыңыздың зияратханасында қару-жарақты күзетумен өткізем, ал ертең, қайталап айтайын, көксеген арманыма қолым жетеді, сөйтіп әлемнің төрт бұрышын аралап, шытырман оқиғалар іздеу және жәбір шеккендерді қорғау, сөйтіп күллі рыцарьлар қауымының қарызын өтеу, сондай-ақ кезбе рыцарь ретіндегі өз парызымды орындау қақына заңды түрде ие болам; ал кезбе рыцарь болуым себепті әлгінде өзім атап шыққан ерліктерді іске асыруға барымды салуға міндетті екенім екібастан. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Алдында айтып өткеніміздей, бекетші иісті алыстан сезетін сұм адам болғандықтан, қонақтың есі кемдеу екенін әу бастан-ақ аңғара қойған, ал мына сөздерден кейін соған әбден көз жеткізді де, бұл түнді ойын-күлкімен көңілді өткізу мақсатында ыңғайына жығылып, ойына келгенінің бәрін орындамаққа ниеттеніп, Дон Кихотқа мынадай әңгіме айтты: түр-сымбаты мен тәкаппарлау кескініне қарап-ақ тануға болатын осынау асыл затты рыцарьдың мұндай ниет білдіруі де, өтініш айтуы да ақылға әбден қонымды, табиғи әрі заңды; тіпті бұл да, бекетшінің өзі де, жас кезінде осынау абыройлы кәсіпке басы бүтін берілген болатын: әр-алуан елді кезген, шытырман оқиға іздеп Малага іргесіндегі Перчелесте, Риаран аралдарында, Севильядағы Компаста, Сеговиядағы Асогехода, Валенсиядағы Оливерада, Гранададағы Рондильяда, Сан Лукардағы жағалауда, Кордовадағы Потрода, Толедодағы құмар ойын отауларында, тағы басқа жерлерде бола жүріп аяқтың жылдамдығы мен қолдың ептілігін жетілдірген, не түрлі сотқарлық жасап, жесір келіншек атаулыны құр жібермеген, қыздардың абыройын төгіп, жасы жетпегендерді зорлаған, сөйтіп испан соттары мен үкім шығару орындарында бұның аты ауыздан түспейтін болған; міне, ақыр соңында, тыныс таппаққа мына өзінің қамал-сарайына келіп орын теуіп отыр, өз есебі мен жұрт есебінен күн көреді, айрықша құрмет тұтатындығы себепті атағы мен байлығына қарамастан барлық кезбе рыцарьды қабылдаумен айналысады, тек бір ғана шарты бар: қонақжайлылығы үшін олар қолда бар қаражатымен бөлісуі керек. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бұл айтқан сөздеріне бекетші қамал-сарайда қару жанында күзетте отыратындай зияратхананың жоқтығын, өйткені, жаңасын тұрғызбақ оймен ескісін құлатып тастағанын қосып қойды; бірақ, өзінің білуінше, айрықша мұқтаж жағдайда қаруды қай жерде болсын күзетуге рұқсат көрінеді, сол себепті Дон Кихоттың бұл түнді аулада өткізуіне болады, ал ертең, құдай сәтін салса, салтқа лайық салтанаттың бәрі атқарылады, сосынғы жерде ол нағыз рыцарьға және жай емес, бұл дүниеде бұрын-соңды болып көрмеген рыцарьға айналады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Одан соң ол Дон Кихоттың ақшасы бар-жоғын сұрап білді; анау қалтасында соқыр тиын да жоқтығын, өйткені кезбе рыцарьлардың бірі болмаса бірінің қалтасында ақша болды дегенді ешбір рыцарьлық романнан оқып көрмегенін мәлім етті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бекетші оның қателесетінін айтты; романдарда ол жайында жазылмағанымен, — себебі авторлар ақша немесе таза көйлек сияқты осынау қарапайым да қажетті нәрселер жайында ауызға алуды керек қылмайды, — бұған қарап рыцарьларда бұл екі нәрсенің екеуі де болмаған деудің еш қисыны жоқ; керісінше, ерліктері жайлы қыруар роман құрастырылған осынау кезбе рыцарьлардың барлығының да әмияндары қай қажетін де өтеуге жетерлік ақшадан тырсиып тұратындығы оған бек жақсы белгілі және оған зәредей күмәні жоқ; олар өздерімен бірге таза көйлектер де алып жүрген, сондай-ақ, жарақаттарын емдейтін май салынған құйттай құтылары да болған: өйткені, өздері шайқасатын және жарақат алатын маң дала мен шөлейтті жерлердің бәрінен бірдей емші табыла бермейді ғой, тек іштерінде данагөй сиқыршымен дос-жар біреулері болып, ол әлдебір қызды немесе ергежейліні дереу бұлтқа отырғыза қойып, ерекше емдік қасиеті бар су құйылған, ол судың бірер тамшысын ішкен бойда рыцарьдың барлық жарасы мен жарақаты қас қағымда жазылып сала беретін шағын сауытты әуемен жеткізіп бермесе; ал енді бұл сияқты көмекке иегі қышымайтын бұрынғының рыцарьлары атқосшыларының қоржынында ақша да, таңғыш пен емдік май сияқты басқа қажетті нәрселер де молынан болуына алдын-ала қам жасағанды жөн көрген; егер рыцарьлардың әлдебір себептен атқосшысы жоқ болса, — бұл енді сирек, тіпті ілуде бір кездесетін жағдай, — онда мұның бәрін кішкене дорбаларға салып, оларын ат сауырына байлап, құдды бір асыл мүліктей мүмкін болғанша көз таса жерге жасырып, өздері алып жүретін болған; бірақ, ақиқатын айтқанда, өзімен бірге дорба тасып жүру дәстүрі кезбе рыцарьлар арасына онша кең тарай қоймаған. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сөзінің соңында бекетші Дон Кихотқа ендігі әрі қаражатсыз және әлгіндей дәрі-дәрмексіз, — өйткені, бұлардың бір күні болмаса бір күні пайдасы тиеріне әлі-ақ көзі жетеді, — жолға шықпауға кеңес берді — ал, шындығында, оның бұған бұйрық беруіне де болатын еді, өйткені бұл таяу болашақта оның кіндік баласына айналғалы тұрған. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот бекетшінің айтқан кеңестерін бұлжытпай орындауға уәде беріп, мал қамайтын кең аулада қару-жарақты күзетумен өткізетін түніне әзірлік жасау қамына кірісті; сауыт-сайманын жинап, құдық жанындағы мал суаратын астаудың үстіне апарып жайып қойды да, найзасы мен қалқанын қолына ұстап мейлінше паң кейіппен әрлі-берлі теңселіп жүре бастады; ол осындай серуенге кіріскен сәтінде қараңғылық қоюланып та кеткен-ді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бекетінде қонып жатқан меймандарына қожайын Дон Кихоттың есі кемдігі, бұл түнді қару-жарақты күзетумен өткізуге ниет қылғаны және оны рыцарьлар қатарына қабылдауға қатысты алдағы ырың-жырың жайында баяндап берді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Жиналғандар ақыл-ойдан адасушылықтың мұндай да түрі болатынына таңырқасып, Дон Кихотқа алыстан көз жібермекке аулаға шықты, ал Дон Кихот болса бұл кезде біресе кекірейген кейіпте әрлі-берліс қадам басып, біресе найзасына сүйенген күйі сауыт-сайманына сүзіле қарап тұра қалатын да, одан ұзақ уақыт бойы көз аудармайтын. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оқиға түннің бір уағында өтіп жатқан-ды, бірақ шарасы толық ай өзінің сүттей аппақ сәуле шашуына шарапатын тигізіп жатқан күндізгі шырақтың өтеміне әбден жарап тұрған, сондықтан жаңада пайда болған рыцарьдың барлық қимыл-әрекеті көрермендердің көз алдында еді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бекетте қонып жатқан мал айдаушының бірі осы екі арада қашырларын суаруға құлшына қалды, ол үшін рыцарымыздың сауыт-сайманын астаудан алып тастау қажет еді; малшыны көрген бойда Дон Кихот қатты дауыстап үн қатты: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұрынды-соңды беліне семсер байлаған күллі кезбе рыцарьдың ішіндегі ең айбындысының қару-жарағына жанасуға батылы барған, оу, қиямпұрыс рыцарь, сен, мейлі, кім болсаң ол бол! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Өзіңнің не істеп жатқаның жайында ойлан, оған жақындаушы болма, әйтпесе шамадан тыс әдепсіздігің үшін жаныңмен қош айтысасың! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Малшы оның сөзіне пысқырып та қарамады, — ал, дұрысында, пысқырып қарағаны жөн болатын: әйтеуір, аз дегенде, аяусыз тоқпақтан аман қалатын, — сауыт-сайманды алды да, бар күшімен алысқа лақтырып жіберді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сол сәт Дон Кихот көкке көзін тігіп, шамасы, әміршісі Дульсинеяға ойша жалбарынған болуы керек: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Жүрегіме, — өзіңіздің басы байлы құлыңызға, — алғаш көрсетілген жәбір үшін кек қайтаруға көмектесе көріңіз маған, мейірбан аяшым. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қазір маған алғашқы сынақтан өтуге тура келеді — қамқорлығыңыз мен қорғауыңыздан тыс қалдыра көрмегейсіз мені! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Аяулы аяшын көмекке шақырудан танбаған Дон Кихот қалқанын былай қойып, найзасын қос қолымен көтеріп ап, мал айдаушының басына бар күшпен қондырғаны сонша, анау тіл тартпастан тырайып түсті; егер осы соққыдан кейін іле-шала тағы бір соққы жасалғанда, онда оның дәрігерге қаралмай-ақ қоюына да болатын еді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бұдан кейін Дон Кихот сауыт-сайманын орнына әкеп орналастырып, түк ештеңе болмағандай қайтадан әрлі-берлі теңселіп жүре бастады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Арада аз уақыт өткенде, серігі қандай бақытсыздыққа ұшырағанынан бейхабар екінші бір малшы, — өйткені анау әлі күнге шейін ес-түссіз жатқан-ды, — қашырларын суармақ болды; сөйтіп, астаудың жанына келіп, орын босату үшін сауыт-сайманды былай шығара бастаған кезінде, соны бағып тұрған Дон Кихот, бұл жолы бір ауыз тіл қатпастан, ешкімнен көмек те сұрамастан, қалқанын тағы былай тастап, найзасын тағы жоғары көтеріп, бар күшпен малшыны бастан періп қалды, қатты ұрғаны сонша, найзасының сабы быт-шыт болды, малшының бас сүйегі үш емес, төрт жерінен жарылып кетті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Айқай-шу шыққан жерге бекетте қонып жатқандар, ішінде бекетші де бар, жүгіре басып жинала бастады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Соны көрген Дон Кихот, бір қолына қалқанын, екінші қолына семсерін ұстай алып, қатты дауыстап: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Беу, сұлулық падишасы, жадау тартқан жүрегімнің қуаты мен қамалы! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Айтып жеткізгісіз қатер бұлты басына үйірілген сәтте өзіңнің шын берілген рыцарыңа кеңпейілдікпен көңіл аударатын кезің келді ғой! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп салды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осы сәт ол бойына айрықша бір қуат дарығанын, бұл араға жер бетіндегі мал айдаушы біткеннің бәрі түгел жиналса да, бәрібір, бір адым кейін шегіншектемейтінін сезді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Жаралы малшылардың ауыр халде жатқанын көрген серіктері Дон Кихотқа алыстан тас жаудыра бастады, — анау мүмкін болғанынша қалқанмен қорғанып бақты, бірақ сауыт-сайманын иесіз қалдырмауға тырысып, астаудан онша алшақ кеткен жоқ. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бекетші мал айдаушыларға бақырып-шақырып, рыцарьға тиіспеуді өтінумен болды: оның ауыш екенін өздеріңе ескертпеп пе едім, ал жынды адам осы жердегі жұрттың бәрін түгел жайратып салса да, оған ешкім ешқандай шара қолдана алмайды, деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бірақ, Дон Кихоттың айқайы одан да гөрі басым түсіп жатты: мал айдаушыларды — опасыздар, сатқындар деп сөкті, ал қамал-сарай қожасын, — кезбе рыцарьларға осындай қарым-қатынас жасауға жол бергені үшін, — қорқақ та қайырымсыз кавальеро деп айыптады, онымен қоймай, егер ол, Дон Кихот, рыцарьлар қатарына қабылданған болса, онда қамал-сарай иесі осынау екіжүзділігі үшін оның алдында жауап берген болар еді, дегенді де қосып қойды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Ал, мына пасық та жексұрын қара тобырды мен иттің етінен жек көрем. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Лақтырыңдар тасты, бермен жақындаңдар, тап беріңдер, қолдарыңнан не келсе соны қылыңдар, — ессіздіктерің мен есерліктерің үшін қазір сазайларыңды тартасыңдар! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оның үнінен ештеңеден тайынбайтын дүлейлік демін сезген дұшпандарының бойын жаман қорқыныш биледі: содан, бір жағынан, үрейге бой алдырған, екінші жағынан, бекетшінің уәжіне құлақ асқан олар оған тас атуды тоқтатты, ал Дон Кихот болса, жараланғандарды алып кетуге мұрсат бергеннен кейін сол баяғыша тәкаппар, кекірейген қалпын сақтаған күйі сауыт-сайманын күзетуге қайта кірісті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қонақтың қырсықты қылықтары бекетшіні діңкелетіп те тастаған, сондықтан ондайдың қайталануына жол бермеуді әрі бұдан да зор тақсіретке тап болмауды көздеп, әлгі қарғыс атқыр қабылдау рәсімін осы қазір қолма-қол жасап жібермек болды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихотқа таяп келген ол өзін бейхабар қалдырған мына сілімтіктердің осынша дөрекілік көрсеткені үшін кешірім сұрап, есерлерді есін тандыра жазалауға уәде берді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Одан соң қамал-сарайда зияратхананың жоқтығын және оған деген мұқтаждықтың да қалмағанын қайталап айтып, рыцарьлыққа қабылдау салтанаты мен рәсімі желкеден бір қою мен семсермен арқадан бір салудан ғана тұратыны өзіне бек жақсы мәлім екенін хабарлады, бар-жоғы тек осы ғана, мұны ашық далада да ойдағыдай өткеруге болады, ал қару-жарақты күзетуге келсек, оның әңгімесі әлдеқашан аяқталған, өйткені күзетуге бар болғаны екі-ақ сағат беріледі, Дон Кихот болса төрт сағаттан астам күзетте тұр, деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот бұл сөзге сеніп қалды; бәрін бұлжытпай орындауға әзір екенін, тек рәсімді мүмкіндігінше тезірек атқаруды тілейтінін мәлім етті, сосын өзін, Дон Кихотты, рыцарьлар қатарына қабылдағаннан кейін оған қайтадан шабуыл жасалған жағдайда бұл арада бірде бір жан иесін тірі қалдырмайтынын — дегенмен, қамал-сарай қожайыны біреулерге ара түсетін болса, тек соларға ғана аяушылық білдіретінін ескертіп қойды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Зәресі зәр түбіне кеткен қамал-сарай қожасы, негізі ақымақ адам емес қой, сол бойда жүгіре жөнелді де, мал айдаушыларға қанша сұлы мен пішен берілгенін жазып жүрген кітапшасын алып, қолына май шамның тұқылын ұстаған малайы мен жоғарыда аталған екі бикешті ертіп Дон Кихотқа қайтып оралды; сонан соң оған тізесін бүгуге әмір етті де, өзі әлденендей бір қасиетті дұғаны оқуға кіріскендей түр жасап, іле оны бар күшімен желкеден қойып кеп қалды, бұдан кейін дұға оқыған секілді боп бірдеңені міңгірлеуін одан әрі жалғастыра жүріп, рыцарьды арқасынан өз семсерімен жақсылап тұрып бір қонжитты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сосын жезөкшелердің біріне семсерді оның беліне ілуге бұйырды, оны әлгі қатын айрықша ептілікпен және әдептілікпен атқарып шықты: өйткені, бұл рәсімді орындау үстінде кез-келген сәтте тырқ етіп күліп жібермеу үшін әжептәуір күш керек болатын; алайда, жаңада рыцарь аталғанның жаңағы ерліктерін еске түсірудің өзі-ақ қаумалап тұрғандардың күлкісін күмірә қылуға жеткілікті еді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Күллі рыцарь атаулының ішіндегі ең бір ақжолтайы болуыңызға жаратқан иеміздің жәрдемі тисін, барлық айқаста да жеңіске жеткізіп отырсын! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деген лебіз айтты оның беліне семсер байлап жатқан қадірменді сеньора. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот кімнің өзіне осыншама жақсылық жасағанын білуге тиіс екенін жария етті, осы себепті одан өз есімін айтуын сұрап, онымен болашақта айбынды білегінің күшімен ие болудан үмітті абырой-атақпен бөліскісі келетінін мәлім қылды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Келіншек монтаны ғана кейіппен өзінің аты Ұшқалақ, Толедода туып-өскен, қазір Санчо Бьенайдағы сауда орамында тұратын етікшінің қызы екенін, осы қазірден бастап, қай жерде жүрмесін бұған қызмет етуге және оны өзінің мырзасы ретінде құрметтеуге дайын екенін айтты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот одан бір бұйымтайы барын, атап айтқанда: өзіне деген құрметі рас болса, аты-жөніне донья атағын тіркеуін, сөйтіп алдағы уақытта донья Ұшқалақ атануын өтінді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Келіншек уәде берді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сол арада екінші бикеш етігіне шпорын тақты, ол бұнымен де әлгінде беліне семсер байлаған келіншекпен екі арадағыдай әңгіме жүргізді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оның аты кім екенін сұрады, келіншек өзінің аты Қаңғалақ, елге қадірлі антекерлік ұн тартушының қызы екенін айтты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот оған өз қызметі мен қамқорлығын ұсынып, оның да өз аты-жөніне донья атағын тіркеуін, сөйтіп алдағы уақытта донья Қаңғалақ атанып жүруін өтінді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қайтадан атқа отырып, шытырман оқиға іздеу сапарына аттанатын сәттің тезірек тууын күтіп тықыршып біткен Дон Кихот барынша асығыстықпен және мейлінше жылдам атқарылған осынау бұрынды-соңды болып көрмеген оғаш рәсімдердің бәрі аяқталып біткен бойда Росинантты ерттеп мініп алды да, бекетшіні құшақтап тұрып, рыцарьлар қатарына алғаны үшін, — біз бұл жерде жеткізіп беруге шамамыз келмейтін, — шұбалаңқы да шым-шытырық сөздермен алғысын айтты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бұдан құтылғанына қуанған бекетші одан асып түспесе кем түспейтін қызыл сөзбен, бірақ әлдеқайда қысқаша түрде жауап қатып, қоналқа үшін ешқандай ақы алмай, алдыңнан жарылқасын деп аттандырып жіберді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
ІҮ тарау |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бекеттен былай шыққан кезде рыцарымыздың қандай кепке тап болғаны жайында |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Рыцарьлыққа қабылданғанына деген мәз-шат сезімнен көңілі өрекпіп, кеудесін мақтаныш кернеп, қуаныштан ер үстінде қопаң-қопаң етіп отыра алмай асып-тасқан Дон Кихот бекеттен шыққанда таң да қызарып атып келе жатқан болатын. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сөйтіп келе жатқанында бекетшінің айтқан ақыл-кеңесі ойына орала кетіп, ең қажет деген нәрселерді дайындап алу үшін, ең бастысы — ақша мен көйлек үшін үйіне қайтып оралуды ұйғарды; ал өзіне атқосшылыққа өз ауылдасын, баласы көп, кедей болғанымен осындай шаруаларға мейлінше ептейлі бір диқанды сырттай еншілеп қойған-ды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осы мақсатпен Росинанттың басын туған селосына қарай бағыттады, ал Росинанттың үйреншікті атқора иісін алыстан сезгендей шоқырақтап бергені сонша, тұяғы жерге тимей келе жатқандай әсер қалдырды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихоттың шамалы ғана ілгерілегені сол еді, кенет оң жақтан, қалың ағаш арасынан әлдекімнің ыңырсығандай аянышты үні құлаққа шалынды, соны естіген бойда ол тұра қалып айқайлап жіберді: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Рыцарьлық парызымды орындауға, сөйтіп ақ ниетті арман-ойымның жемісін жинауға осыншама жедел мүмкіндік берген мәрттігі үшін жаратқан иеме мың да бір алғыс! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бұл ыңырсып жатқан жанның кім де болса қорғансыз еркек немесе қорғансыз әйел екенінде еш күмән жоқ! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осы сөзді айтып, тізгінді қағып қалған ол жаңағы ыңырсыған үн шыққан жаққа қарай өңмеңдеді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Орман ішімен бірнеше адым жүргеннен кейін емен бұтағына байлаулы тұрған биені көрді, жанындағы басқа бір еменге белуарына дейін жалаңаш, он бестердегі бір бала таңулы тұр екен, ыңырсып жатқан да осы балақан боп шықты; ыңырсыса ыңырситын да жөні бар екен, өйткені әлде бір зор денелі село тұрғыны оны белбеумен аяусыз шықпырта соғып, соққан сайын жазғырып әрі ақыл айтып жатыр екен. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Ендігәрі сақ бол, сосын аузыңа ие бол, — деп қояды ара-арасында. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал, балақан: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Енді сақ боламын, қожайын, Христос-құдаймен ант етейін, енді сақ болам, отардан көз жазбауға уәде етем! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп зар илейді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бұл арада не болып жатқанын көрген Дон Кихот зілді үнмен зірк етті: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Көргенсіз рыцарь! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Өзін-өзі қорғауға шамасы жоқ жанға шабуыл жасауға дәтіңіз қалай барады сіздің! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Отырыңыз атыңызға, алыңыз найзаңызды, — айта кетер нәрсе, әлгі шаруаның да найзасы бар-тын, онысын бие байланған еменге сүйеп қойған-ды, — бұл ісіңіздің қандай пасықтық екенін көрсетейін сізге! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сауыт-сайман киген әлдебір адамның тас төбесінен төніп, тұмсығының қақ алдынан найзасын бұлғаң-бұлғаң еткізіп тұрғанын енді ғана байқаған шаруа өлген жерім осы екен деп қалды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сеньор кавальеро! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп тіл қатты ол жылпылдап. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мен осы арада бір отар қойымды бағатын баланы, өзімнің малайымды жазалап жатырмын; бұл ашықауыздың қырсығынан күн сайын бір қойымды жоғалтып жүрмін. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оны міндетіне немқұрайды қарағаны үшін, дәлірек айтқанда жылпостығы үшін жазалап жатырмын, ал бұл болса маған сараң адамсың, сондықтан еңбегімді бермеу үшін пәле жауып тұрсың дейді, бірақ құдай атымен және жанның жаһаннамнан амандығы атымен ант етейін, ол өтірік айтады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Дөрекі найсап, көзімді бақырайтып қойып ол өтірік айтады деуге дәтіңіз қалай барады? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп айқайлады рыцарь. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Баршамызға бірдей нұрын төгіп тұрған күннің атымен ант етейін, қазір сізді мына найзамен бырқ еткізіп бір-ақ түйреймін. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Былшыл сөзді қойып, оған ақысын төлеңіз, әйтпеген жағдайда, осы сөзіме жаратқан ием өзі куә болсын, быт-шытыңызды шығарып, тұрған жеріңізде мүрдем кетірем. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қане, босатыңыз оны байлаудан! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Жылдам!.. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Шаруа бүгежектеген күйі үн-түнсіз малайын бұғаудан босатты; сол арада Дон Кихот баладан қожайыны оған қанша қарыз екенін сұрады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Айына жеті реалдан есептегенде, барлығы тоғыз айға қарыз, деп жауап қатты бала. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот бәрін қосқанда мұның алпыс үш реал болатынын есептеп шығарды да, шаруаға егер жан керек болса, ақшасын қолма-қол төле, дегенді айтты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Үрейі ұшқан село тұрғыны бұған былай деп жауап қатты: мен өзім ант бердім ғой, — оның қашан ант бергенін ешкім естіген жоқ-ты, — енді қазір бар ақ-адал шынымды ақтарып отырмын, оның алашағы азғантай ғана, өйткені, бақташының киіп тоздырған үш пар аяқ киімінің құнын ескеру керек және оны есептен шығарып тастау керек, оған қоса ол сырқаттанған кезде екі рет қан алуға төленген бір реал тағы бар, деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Солай-ақ болсын, — деп Дон Кихот қарсылық білдірді, — бірақ сіз оны жазықсыздан жазықсыз белбеумен сабадыңыз ғой — бұл аяқ киім мен қан алудың өтеміне кетсін: өйткені, ол сатып әперген башмағыңыздың терісін жыртса, сіз оның өз терісін жыртып отырсыз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Егер шаштараз бұның қанын ауырған кезде ағызған болса, сіз оның қанын дені сау кезде ағызып жатырсыз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ендеше, ол сізге ештеңе қарыздар емес. |