KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Достар!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Деревняда нендей оқиға болғанын білесіңдер ме?

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— деп сұрады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Оны қайдан білейік!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— деп үн қатты бақташылардың бірі.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Білмесеңдер біліп қойыңдар, — деді анау сөзін жалғап, — бүгін таңертең Хризостом есімді баршаға мәлім бақташы-студент қайтыс болды, жұрттың айтуынша, Гильермо байдың қызына, әлгі ана бақташы боп киініп, тау-тасты кезіп қаңғып жүретін Марсела деген сепелекке ғашықтықтан баз кешкен көрінеді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Марселаға деймісің?

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— деп қайталап сұрады біреу.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Иә, Марселаға, — деді бақташы нықтап.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бірақ, бәрінен ғажабы, ол өзін, құдды бір маврға ұқсатып, жартастың етегіндегі ашық далаға, әлгі тұма жанындағы емен өсіп тұрған маңайға жерлеуге өсиет етіпті, өйткені, жұрттың айтуынша, тіпті мұны өз аузынан естігендер де бар деседі, ол қызды тұңғыш рет сол жерден жолықтырған көрінеді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ол бұдан басқа да бір нәрселерді өсиет етіпті, бірақ жергілікті дін басылары марқұмның тілегін орындауға болмайды, тіпті оны орындаудың да еш қисыны жоқ — бұдан мәжусилік нышаны сезіледі, депті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, марқұмның айрылмас досы, онымен бірге бақташы боп киініп жүретін студент Амбросьо болса Хризостомның өсиеті сол қалпында бұлжытпай орындалуы керек дегенді айтыпты, осыған байланысты деревня у-шу болып жатыр.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Дегенмен, егер қауесетке сенер болсақ, Амбросьо мен оның бақташы достары айтқан сөздерінде тұрып, ертең айрықша салтанатпен Хризостомды жерлеуге далаға алып шығатын тәрізді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Менің ойымша, мұны барып көрген жөн секілді — егер ертең тағы да азық-түлікке аттануыма тура келмесе, өз басым, әйтеуір, соған қалайда баруға тиіспін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Өй, жерлеуге біз де барамыз, — деп іліп әкетті бақташылар, — тек әуелі ешкіні кім күзетерін білу үшін жеребе тасталық.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Мынауың жөн сөз, Педро, — деп мақұлдады бақташылардың бірі.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Ал, енді сендер босқа әбігер болмай-ақ қойыңдар — сендер үшін отарды мен-ақ күзетейін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бірақ мені ақпейіл немесе ештеңеге қызықпайтын біреу екен деп ойлап қалмаңдар, оның себебі бар — жуықта аяғыма тікенек кіргізіп алғам, содан аяғымды баса алмай жүрмін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Қалай болған күнде де, саған алғыстан басқа айтарымыз жоқ, — деді Педро.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Дон Кихот Педродан марқұмның қандай адам болғанын, сосын әлгі бақташы қыздың кім екенін сұрады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Педро оған, өзінің білуінше, марқұмның дәулетті идальго болғанын, жақын маңайдағы таудағы елді мекендердің бірінде туып-өскенін, көп жыл Саламанкада оқығанын, сосын туған жеріне қайтып оралып, аса білімдар, оқымысты адам ретінде танылғанын баян етті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Жұрттың айтуынша, ол әсіресе жұлдыздар жайындағы ғылымды жетік меңгеріпті, күн мен айдың аспанда не істейтінін жақсы біліпті: өйткені, ол күн мен айдың қашан тұтынатынын бізге дәлме-дәл айтып беретін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бұл екі ұлы ғаламшардың қарауытуын тұтыну демейді, тұтылу дейді, достым, — деп түзетті оны Дон Кихот.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ондай түкке тұрғысыз нәрсені елең қылмаған Педро әңгімесін әрмен жалғады:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Одан соң ол жылдың қандай болатынын: түсімді ме әлде түсімсіз бе, соны да дәл болжап бере алатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Сен шығымды ма әлде шығымсыз ба, дегенді айтқалы отырсың ғой, достым, — деп ескертті Дон Кихот.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Түсімді немесе шығымды деген де бір — төбеңе ұрған да, төбеңнен ұрған да бір ғой, — деп наразылық білдірді Педро.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Сөйтіп, оның осындай болжалдары арқасында Хризостомның әкесі мен дос-жарандары әбден байып алды — олар оған имандай сенетін және айтқанын бұлжытпай орындайтын, ал Хризостом болса оларға әдетте: “Биыл бидайдың орнына арпа себіңдер.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, биыл бұршақ себіңдер, арпа сеппеңдер.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алдағы жылы зәйтүн майы малтып жүретіндей мол болады, одан соң үш жыл бойы қатарынан бір тамшы да табылмайды”, дейтін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бұл ғылым астрология деп аталады, — деп қосып қойды Дон Кихот.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Оның қалай аталатынын білмеймін, — деді Педро, — бар білетінім, әйтеуір, ол бұдан да, сондай-ақ басқа нәрселерден де өте жақсы хабардар болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қысқасы, Саламанкадан оралғаннан кейін арада бірнеше ай өткенде, ойда жоқта бір күні ол студенттік ұзын етек киімін лақтырып тастады да, үстіне тұлып киіп, қолына таяқ ұстап, бақташы сияқтанып шыға келді, оған ілесіп жан досы және өзімен бірге оқыған жолдасы Амбросьо да бақташы боп киініп алды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сізге айтуды ұмытып кетіппін, марқұм Хризостом өлең шығару жағынан да асқан шебер еді: рождестволық әндерді де, Христос тәні мейрамына арналған, деревнямыздың жастары қоятын ойынның көріністерін де өз жанынан шығаратын және жақсы шығаратыны сонша, көрген жан айран-асыр қалатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осы екі оқушы аяқ астынан бақташы боп киініп шыққан кезде бүкіл деревня абдырап қалды, бұлайша құбылудың оларға не үшін қажет болғанын ешкім түсіне алмады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сол шамада біздің Хризостомның әкесі дүние салып, оған жылжитыны бар, жылжымайтыны бар біраз құнды мүлік, қыруар ірі қара мен ұсақ жандық және едәуір мөлшердегі ақша мұраға қалған-ды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осының бәріне ол өз білгенінше қожалық ете алатын болды және, әділін айтқан жөн, ол бұған лайықты да жан еді: Хризостом ілтипаты мол жақсы жолдас болатын, ақ ниетті адамдарға үйір еді, ал сымбатына көруге көз керек-ті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, ұзамай мәлім болғанындай, Хризостом бейшараның киім өзгерткен жалғыз себебі, әлгінде бақташыларымыздың бірі осы жерде есімін атап кеткен бақташы қыз Марселаға ғашық боп қалыпты да, соған ілесіп біздің мына қу медиен түкпірімізді кезбекке ойы кетіпті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Енді сіздің әлгі бойжеткеннің кім екенін біліп алуыңыз керек, оның жайын сізге қазір айтып берем: мүмкін, — мүмкін емес-ау, шыны сол, — тіпті ана дүниеге кәрі ағаш жасында жетсеңіз де мұндайды ғұмыры естімейтініңіз кәміл.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Кәрі ағаш емес, кәрі шөңге, — деп түзетті оны Дон Кихот: бақташының бөтен сөзді орынсыз тықпалай беретініне шыдамы таусылып еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Кәрі ағаш деп отырғанымның себебі кей ағаш қай қариядан да ұзақ ғұмыр кешеді, — деп түсіндірді Педро.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бірақ, егер сіз, сеньор, әр сөзіме бір жармаса берсеңіз, әңгімемді биыл аяқтап бітіре алмасым анық.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Кешір, достым, — деді Дон Кихот, — бірақ сөзіңді бөлгенімнің себебі, ағаш пен шөңгенің арасында бірқыдыру айырмашылық бар.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, жалпы, ескертуің орынды-ақ, кейбір ағаштың қандай қариядан да ұзақ ғұмыр кешетіні рас.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Әңгімеңді айта бер, енді саған бөгет жасамаймын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Сөйтіп, мархабатты мырзам, — деп ешкі бақташы қайта сөйлеп кетті, — деревнямызда Гильермо есімді бір шаруа болған: ол Хризостомның әкесінен де бай болатын және шамадан тыс шылқыған дәулетке қоса құдай оған бір қыз берген-ді, ал қыздың шешесі, біздің өңірдегі аса қадірменді әйел еді, босану үстінде қайтыс болған-ды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Дәл қазір де көз алдымда: жанары аспандағы жұлдыздай ұшқын шашып тұратын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, ең бастысы, үй шаруасына керемет ұсынақты еді, кедей-кепшікке қарасып тұратын, сондықтан, менің ойымша, қазір жаны жұмақтағы жақсы орынға жайғасқан да болар.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осындай мейірбан сыңарынан айрылған Гильермо қайғыдан оңала алмай көз жұмды да, қызын, өндірдей жас әрі асқан бай Марселаны, немере ағасы, біздің деревнядағы священник асырап алды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл қыздың сұлулығы шешесін еріксіз еске салатын, ол кісі аса көрікті адам болғанымен, өсе келе Марсела одан да асып түсетіндей көрінетін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сөйтіп, қыз он төрт - он беске толғанда келбетіне көз жіберген жанның бәрі оны осыншалықты үріп ауызға салғандай әдемі етіп жаратқан құдайдың құдіретіне таңдай қағатын болды, ал көпшілігі естен тана ғашық боп жатты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Немере ағасы оны қия бастырмай, қатаң талап қойып, басқан ізін бағып отырды, сөйте тұрса да бұл қыз асқан сұлулығымен және шексіз байлығымен жалғыз біздің селоға ғана емес, жүз мильдей жердегі айнала-маңайға да кеңінен мәшһүр болып, жігіттің не бір жампозы оны айттырмаққа талаптанып немере ағасының мазасын ала бастады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жасы жетіп отырғандықтан Марселаны күйеуге беруге немере ағасы, шынайы христиан ретінде, өз басы онша қарсы да емес-ті, алайда, кішкене кідіре тұрғанды қош көрген, — оның себебі, әсте де қыздың дүние-мүлкіне неғұрлым ұзақ уақыт қамқорлық жасаса, одан соғұрлым көбірек түсетін пайда мен табыс емес, қыздың бұған әлі келісім бере қоймағаны еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Арыммен ант етейін, осынау қадірменді дін қызметшісі жайында түрлі бас қосулардың бәрінде де тап осылай делінді, ал енді сіздің, сеньор саяхатшы, біздің бұл қуысты мекендейтіндердің кімнің де болсын басына су құйып, абыройын айрандай төге алатынын біліп қойғаныңыз артық етпес деп ойлаймын, сондай-ақ, бұл сөзіме кәміл сенуіңізге болады, егер шіркеуге келіп тауап етушілер, әсіресе деревня тұрғындары, священник жайында жақсы лебіз білдіріп жатса, онда оның шынымен-ақ жақсы адам болғаны.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бұл рас, — деп қоштап қойды оны Дон Кихот, — бірақ сенен әрмен жалғастыруыңды сұрағым келіп отыр, өйткені әңгімең қызықты екен, оның үстіне сен, қадірменді Педро, әңгімені аса шебер айтатын адам екенсің.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Жаратқан ием, өле-өлгенше шапағат-мейірімінен айырмағай — ең бастысы осы.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, енді, білгіңіз келсе, одан әрі мынадай жағдайлар орын алды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Немере ағасы келіп жүрген дәмелілер жайында құлағына қанша құймасын және айттыра келгендердің әрқайсысының қадір-қасиетін қанша түсіндірмесін, жүрегі қалаған біреуін таңдап, соған күйеуге шығуға қанша үгіттемесін, Марсела тұрмыс құрғым келмейді, әлі жаспын, жұбайылық өмірдің ауыртпалығын көтере алмаймын, деп жалтарумен болды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оның бұл уәжі ағасына өте орынды көрініп, есейе келе өмірлік серік етер адамды өзі-ақ таңдап алар деген үмітпен мазалай бергенін қойды, өйткені, балаларының тағдырына қол сұғу ата-анаға абырой әпермейді деген байламға келген болатын және онысы өте орынды да еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сөйтіп, арада бірсыпыра уақыт өткенде бір күні ерікті Марсела ойламаған жерден бақташы қыз боп киініп шыға келді де, немере ағасы мен селоластарының жалынғанын құлағына да қыстырмай, бақташы қыздарға қосылып жайылымға шығып, өз отарын бағуға кірісті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қыздың жұрт алдында жүз көрсеткені, ажарына көз сұғын қадауға еркіндік тигені сол екен, байшыкеш бозбалалар мен идальголар, қарапайым диқандар аралас қарақұрым адам иықтарына Хризостом секілді сәнді киімдерін іліп қызға қырындауға кірісті, солардың арасында, әлгінде айтып өткенімдей, біздің марқұм досымыз да болды; жұрт Хризостом қызды жай ғана ұнатып қоймай, оны әулиедей ардақ тұтады екен деген қауесет те таратып үлгерді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Алайда, өзімен-өзі боп оңаша жүруге мүлдем дерлік, дұрысын айтқанда, ешқандай мүмкіндік бермейтін еркіндік пен көңілі не қаласа соны істеуіне болатын еріктілікке қол жеткізген Марсела осы арқылы өзінің тазалығы мен ар-ұятын онша қадір тұтпайтынын көрсетті немесе соған емеурін жасады деп ойлаудың қажеті жоқ, — керісінше, пәктігін кіршіксіз сақтауға барын салатындығы сонша, жарамсақтық жасап, ықылас-ниетін аударып алуға әрекеттеніп жүрген пысықайлардың ешқайсысы әлі күнге шейін бұл қыз өзіне үміт жібінің ұшығын болса да ұстатты деп мақтана алған жоқ және, сірә, ешқашан мақтана да алмайтын шығар.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Рас, ол бақташылармен бірге болудан қашпайды, олармен әңгіме-дүкен құрудан да жалтармайды, әрдайым сыпайылық білдіріп, жылы шырай танытады, бірақ әлде біреуі оған ынтызарлығын мәлім қылса болды, тіпті бұл бас қосу мақсатындағы заңды да бейкүнә тілек болса да бәрібір, сол бойда-ақ оның жанынан сақпаннан атылған тастай ұшып жөнін табады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұның осындай қылықтары біздің жақты бір жаман індет келгеннен бетер шулыған қылып отыр, өйткені сұлулығы мен ақ жарқын мінезі өзін ұнатып, көңілін аулауға тырысатындардың жүрегін қуанышқа бөлесе, салқындығы мен тәкаппарлығы оларды түңілдіріп жібереді, міне сондықтан да олар мұның адамгершілік қасиеттерін сипаттауға келгенде қатыгез, жақсылықты білмейді деген секілді сөздерден басқа теңеу таба алмайды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Егер сіз, сеньор, осында тағы бір күнге қала тұрсаңыз, маңдайы тасқа тиген талапкерлердің сол бұрынғыша әлі де қыздың соңынан жүгіруін қоймай, тау-тасты жаңғыртып қалай зар қағып жүргенін өз құлағыңызбен естір едіңіз.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осы араға жақын маңда жиырма шақты биік шамшат ағашы өсіп тұрған жер бар, соның әрқайсысының жылтыр қабығында Марселаның аты ойып жазылған, ал кей жазудың жоғарғы жағына оған қоса тәж де бейнеленген, бейне бір осынау анық-танық белгілер арқылы ғашық жандар Марселаның сұлулық падишасы екенін айтқысы келгендей.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бір бақташы аһ ұрады, екіншісі өкпе айтады, мына жерде ғашықтық әні шырқалып жатыр, ана жерде күйінішке толы күрсініс.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Біреу жартастың етегінде немесе емен ағаштың түбінде жанары жасқа толып, түні бойы кірпік қақпай шығады, тәтті арман жетегімен қиянға қалықтап кеткен оны таңның қызыл шапағы сол жерден табады, ал екінші біреуді шаңқай түстің жан шыдатпас ыстығы толассыз зар төгіп, рақым-мейірі мол жаратқаннан жәрдем сұрап, күйіп тұрған құмда ұзынынан сұлап жатқан күйінде кезіктіреді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бірақ, басы бос, бейғам Марсела бұлардың жанынан немқұрайды түрде аяңдап өте береді, сонсын, оны өте жақсы білетін біздер өзімізден өзіміз: мұның тәкаппарлығы қашан басылады, мұның асау мінезіне тұсау салып, айтса ауыздың суы құритын сұлулығының рақатын көретін сол бір бақытты жан кім екен деп сұраймыз.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Өзіңізге осы айтып бергенімнің бәрі — айна-қатесіз шындық, сондықтан да, менің ойымша, Хризостомның өлімі жайындағы бақташымыз жеткізген әңгіме де ақиқаттан алшақ емес.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осы себепті, сеньор, жерлеуге міндетті түрде барғаныңыз жөн, онда көретін нәрсе аз болмайды, өйткені, марқұмның достары көп, ал оның өзін қоюға өсиет еткен жері осы арадан жарты мильдей ғана.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Әрине, барғанда қандай, міндетті түрде барамын, — деді Дон Кихот.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Ал, қазір өте қызықты әңгімеңмен жанымды жадыратып тастағаның үшін өзіңе алғысымды айтуға рұқсат ет.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Расында, мен Марселаға ғашықтар бастан кешкен кептің бар-жоғы тек жартысын ғана білемін!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— деп қарсылық айтты ешкі бағушы.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бірақ, ертең жолшыбай бақташылардың біреу-міреуін кездестіріп қалуымыз, сол бәрін түгел айтып беруі әбден мүмкін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, қазір баспанаға барып жайғасып көз шырымын алғаныңыз артық болмас еді: түнгі салқын жарақатыңызға жайлы тимеуі мүмкін, бірақ, шындығында, жапсырмамның жақсылығы сол, жаңа бір дерт жамап алам деп қауіптенбеуіңізге болады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Санчо Панса сөзуар бақташыға әлдеқашан-ақ іштей нәлет жаудырып қойған, енді қазір ол да бір жақтан қабаттасып Дон Кихотты Педроның лашығында ұйқтап шығуға үгіттей бастады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Анау ақыры көніп, түннің қалған бөлегін Марселаның ғашықтарына еліктеп, жүрегінің әміршісі Дульсинея жайында арманға берілумен өткізді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Санчо Панса Росинант пен есегінің екі ортасына жайғасып, күдері үзілген ғашық жандай емес, сілейтіп сабаған біреудей қатып ұйқтап қалды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

ХІІІ тарау

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бақташы қыз Марсела жайындағы әңгіменің соңы және басқа да оқиғалар туралы

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Шығыс көкжиектің жабығынан күн дидары қылаң бергені сол, алты бақташының бесеуі орындарынан тұра-тұра келіп, Дон Кихотты оятып, одан Хризостомның салтанатты жерлеуіне бармақ ниетіңізден айнып қалған жоқсыз ба деп сұрап, оны сол жерге бастап бармақ болысты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Дон Кихотқа керегі де сол еді; ол тұрып, Санчоға ат пен есекті ерттеуге әмір етті, анау ылдым-жылдым қимылдап әмірді тез орындады, аналар да қалыспай жолға шапшаң жиналды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бірақ, олар ширек мильдей де шығып үлгермей-ақ, үстеріне қара тұлып киген, бастарында олеандр мен кипаристен гүлдестелері бар алты бақташының өздері жүріп келе жатқан соқпаққа түскенін көрді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бәрі де жуан таяққа сүйенген.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Олардан сәл әрменіректе әсем де сәнді жол киімін киген екі дворян салт атпен келе жатыр, соңдарынан үш малай жаяу еріп келеді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қатарласқан кездерінде екі топ та сыпайыгершілікпен бас иіп сәлемдесіп, кімнің қайда бет алғаны жайында жол сұрасты, бәрінің де жерлеуге бара жатқаны белгілі болғаннан кейін бірге жүріп кетті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Салт аттының бірі екіншісіне қарап:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Сеньор Вивальдо, осынау әдеттен тыс жерлеуге қатыссақ, уақытымызды босқа өткіздік-ау деп өкінбейтін сияқтымыз: қайтыс болған бақташы мен оның түбіне жеткен бақташы қыз жайында серіктеріміз айтқан таңғаларлық әңгімелерге қарағанда, бұл өзі, шын мәнінде де, елден ерек нәрсе болғалы тұр, — деді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Маған да солай сияқты, — деп жауап қатты Вивальдо.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Осы жерлеуді көру үшін өз басым бір емес, бірнеше күнді арнауға бармын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Дон Кихот олардан Марсела мен Хризостом жайында не естігендерін сұрады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жолаушы оған таң алагеуімде бақташыларды жолықтырып қалғандарын, үстеріне киіп алған қаралы киімдерін көріп, аза тұтуға мәжбүр еткен не жағдай екенін сұрағандарын, сол кезде бақташылардың бірі өздеріне көрікті де кінәмшіл бақташы қыз Марсела жайында, оның сансыз көп дәмелілері жайында және, ақырында, өздері қоштасуға бара жатқан Хризостомның өлімі жайында егжей-тегжейлі айтып, түсіндіріп бергенін баян етті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Тоқ етері, жолаушы Дон Кихотқа өзі бұрын Педродан естіп алғандарының бәрін хабар етті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бірақ, сол арада әңгіме мүлдем басқа арнаға ауып кетті, өйткені әлгі Вивальдо есімді адам Дон Кихоттан осынау ел аман, жұрт тынышта қолына қару алып ел аралауға қандай мұқтаждық болғанын сұрады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оған Дон Кихот былай деп жауап қатты:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Таңдап алған ісім басқадай кейіпте бой көрсетуге жол бермейді және рұқсат та етпейді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жанға жайлы тірлік, сән-салтанат пен алаңсыздық —астананың нәуетек тұрғындарының сыбағасы, ал ауыртпалық арқалау, мазасыз күй кешу мен әскери ерліктер — әдетте жұрт кезбе рыцарь деп атайтындар үшін жаратылып, солар бастан кешуге арналған, мен пақыр өзімді солардың ең соңғысы санаймын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оның жарымес екені сол арада жұрттың бәріне аян болды, бірақ ақылы неден ауысқанына көзін әбден жеткізу үшін Вивальдо оған тағы бір сауал тастап, кезбе рыцарь дегендердің кім екенін сұрады.
Көрсетілді: 900 / 47388