Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осыдан он жыл бұрын ана ала мақұлығың дәл осындай жазуы бар қағаз тартқан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қызметім жоғарылаған түгі жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бәрі өтірік, оңбаған! Мәртебелі төрелер... Көрсетемін мен саған, Илюша! Алдаушы болма! Көк тиын да жоқ саған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Урядник ашуланып, қыршаңқы болған аттай қисалаңдап кете барды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар Илюша соқырды аяды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Байғұс шыннан қорықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Теңіз шошқасы одан бетер үрейленіп, жиі-жиі демалғаннан бүйірі бүлкілдеп кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Илюша ағай, маған ашыңызшы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Міне, ақшам бар, – деп Тұрар соқырдың алақаныңа қара бақыр салды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қорқып қалған қасқа теңіз шошқасы иесінің итермелеуімен бір қағазды әрең суырып алып шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Сен туғанда аспаннан құйрықты қызыл жұлдыз аққан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бүкіл өмірің алаулаған от, шайқас шығар...» |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Урядниктің қағазы қарапайым түп-түсінікті еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына өз қағазының мағынасы буалдыр... «Қызыл жұлдыз... Қызыл Жебе шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шайқас? Қандай шайқас?». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алда қандай шайқас күтіп тұрғанын ұға алмай, аңырыңқырап келе жатқанда, базардың шетінен шаң-шұң шуылдасып, жемге үймелеген торғайдай шүпірлеген бір топ балаға назары ауды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жақындаңқырап барып еді, балалар кезек-кезек алақандай айнаға үңіліп, ұзағырақ тұрып қалғандарын иығынан тартқылап тұр екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жасамыс бір орыс көрермендерді шақырып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Лондон, Париж, Санкт-Петербург, Рим. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлемнің ұлы астаналарын бір сәтте аралап шығуға болады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кәне, келіңдер! Көріңдер! Небәрі бір тиынға әлемді аралап шығуға болады, – деп шалқып тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айнаға үңіліп тұрған баланың шүйделі желкесі таныс сияқты көрінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бетіне үңіліп қарап еді, Қабылбек екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қуанып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қабылбек, бұл не? – деді Тұрар үш аяққа орнатылған қара қорапты нұсқап. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қызық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көресің бе? Кел, – деді Қабылбек бірден аңқылдап, ашық пейілмен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Басқа балаларды Тұрар танымаушы еді, олар: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ол кейін келді, біз кезек күтіп тұрмыз, – деп кимелей бастап еді, қапсағай тұлғалы, бойшаң Қабылбек: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Шулама, оған мен кезек алып қойғанмын, – деп өктем сөйлеп, басқалардың бетін қайырып тастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Балалар енді таласуға бата алмай, күңкіл-күңкіл қыңқылдасып, амалсыз тоқтады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қиял жетпес ғажайып қалалар бірінен соң бірі жалт-жұлт етіп өте шықты да, арты қап-қараңғы түнек болып, бұлдырап барып бітті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айнадан бетін бұрған Тұрардың жүзінен Қабылбек таң қалған белгі көрмей: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Немене, ұнамады ма? – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар оған жауап бермей, жасамыс орысқа бұрылып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сіз Сахалинді көрсете алмайсыз ба? – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлемді уысында ұстап, лепіріп тұрған адам әуелі сұраққа түсініңкіремей, сәттен соң: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сахалин! – деп саңқ ете түсті де, лезде сақылықтап тұрып күлді келіп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Егер тауық күле білсе, дәл осылай күлер еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жұмыртқалайтын жер іздеп аласұрған тауықтап осылай қақылықтайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрардың тұп-тұнық көздерінен жарқ-жұрқ етіп оянған отты байқап, баланың бір жанды жарасын тырнап алғандай болғанын сезіп, жасамыс орыс күлкісін тия қойды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ, балақай, Сахалинді көрсете алмаймын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сахалин әлі мұндай түрлі-түсті суретке түсіріле қоймаған шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әрі десе ол Париж емес, Рим емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сахалинде, бауырым, Охот теңізінен соққан таудай-таудай толқындар, тіпті біздің приставтың көк шатырлы биік үйін басып қалатын қалың қар, басқа не қызық бар? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Ана бір жолы Иван Владимировичтен Сахалинді бұл шұқшия сұрап еді, тағы да... Мүмкін, жәй қиял шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен де Африканы көрсем деп қиялдаймын ғой». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қабылбек осылай түйді де, Тұрардан Сахалиннің сырын сұрап жатпады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ оның біртүрлі көңілсіз бола қалғанын байқап, өзінше оны алдандырмақ ниетпен: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жүр, Тұрар, біздің ауылға барасың ба? Біздің ауыл Ойталда. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Онша алыс емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен жәкеме ілесіп, қой айдасып келіп едім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ертең сабаққа үлгіреміз, – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар біраз ойланып тұрды да: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ, сабаққа дайындаламын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Онан да сен интернатқа жүр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ауылыңа барып, одан таңертең салпақтап жүресің бе сол. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сабаққа бірге дайындалайық – деп Тұрар өз ұсынысын айтты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қабылбек интернатқа бүгін барғысы келмеп-ақ еді, бірақ Тұрарға «жоқ» дей алмады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрардан еңселі, қарулы бола тұра оның айтқанынан шыға алмайтынын Қабылбек бұл жолы тағы байқады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жарайды, жәкеме айтып қайтайын,– деп мал базар жаққа жүгіре жөнелді де, кешікпей кері оралды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сенің жәкең де Наполеонның генералы ма? – деді Тұрар шаңы бұрқылдаған көшеге шыққан кезде. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қабылбек түсінбей қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар «Наполеон» жайын түсіндіргеннен кейін: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ, ә, қайдағы генерал, – деді Тұрардың зілді мысқылына кек тұтпай аңқылдап. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Он шақты қойымыз бар еді, киім-кешек аламыз деп, соның екеуін айдап келгенбіз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жәкем делдал емес, құдай сақтасын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Делдал Серіктің әкесі ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Көрдім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Серік сияқты құлағы қалқиған сары шал екен, – деді Тұрар борпылдақ топырақты кешкен Қабылбектен шеттеңкіреп арықтың жағасындағы шымдауытқа шығып келе жатып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Арбиған ақ теректердің сарғайған түйетабан жапырақтары үзіліп ұшып, биікті қимағандай, қыбыжықтап қалықтап барып-барып, амалсыздан аяқ астына ың-жыңсыз құлап түсіп жатыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шіркеу қоңырауларының әлі сембеген сарнауық үні сары жапырақтардың жаназасындай естіледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шіркеуден қайтқан кемпірлер оңтүстікке осы кезде оралған қарғалардай кілең қара киініп, топ-топ болып барады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қолдарында таяқтары, ақ шүберекке ораған түйіншектері бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Иса пайғамбар тірілген жексембінің күні бесінге ауып бара жатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мектеп-интернат – бұрын Айбар байдың ғимараты болатын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзі көк түңкелі жаңа жай салдырып, соған көшті де, мына ескі үйін үкіметке пайдасына сатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үкімет қазына қалтасынан тиын шығарған жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жеті болыс Меркенің әр түтінінен бес тиыннан жиналған қаржы тағы да сол Айбардың шанашына түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айналасын ересек адам қолын созса жетпейтін биік домбаз дуалмен қоршап тастаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Интернат жағына кіріп-шығатын жалғыз ауыр қақпаны күркілдек орыс шалы күзетеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол қоритын байлық шамалы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айбар байдан қалған үйдің алдында әр жерінен ағаш тіреу қойған бастырмасы бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол тіреу бөренелерді қағып әкетпесе, басқа ұрлайтын зат жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айтпақшы, ең шеткі бөлмеде азық-түлік, азын-аулақ мүлік сақталады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның кілтін Әліпбектің өзі ұстайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Азық-түлік болғанда, интернаттың балаларына көже пісіретін бірер қап қызыл бидайдың ұны, бірер қойдың еті, бір қап қант, шикідей ақтаған ботқалықтары... Бір бума ақ жайма, моншадан кейін балалар ауыстырып киетін бір десте таза жейде-дамбал, тағысын тағылар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Демалыс күндері интернатта жалғыз қалатын Тұрарға бола мұнда қазан асылмас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аспаз әйел де демалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әліпбектің айтуымен аспаз әйел Тұрарға бір күндік тамақ тастап кетеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жарты бөлке нан, үш-төрт түйір қант, бір кесек ащы ірімшік... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қабылбек екеуі құрғақ тамақты бөліп жеп, қалайы тостағанмен суық суды сіміріп-сіміріп, білтелі шамның жарығымен кітап оқуға кіріскен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгіде ғана тақыл-тұқыл тамақты қомсынып, Ойталдағы апасы асқан еттен құр қалғанына іштей өкініп отырған Қабылбек енді Тұрар Лермонтовты дауыстап оқыған кезде Ойталды да, дәмді етті де лезде ұмытты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өлеңді оқып болып, Тұрар кітаптың бетін тарс жапты да, білте шамның әлсіз сәулесімен көмескі көрінген терезеге көзін қадап, мелшиді де қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оң көзінің алдына жалғыз тамшы жас сынаптай үйіріліп келіп, сол қалпы бір түйір гауһарға айналып қалған сияқты еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қабылбек Тұрардың жаңа ғана жарқылдап отырып, кенет жауар бұлттай түнергеніне таң қалса да, үндеген жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сыныпта екеуі екі жылдан бері бір партада отырып, әбден бір-біріне иісі сіңісіп кеткен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оқтын-оқтын Тұрардың кенет бұлт бүркеніп қалатынын Қабылбек бұрыннан білетін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Терезенің ар жағы қап-қараңғы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына тыныштықта күздің жаңбыры тырс-тырс тамшылап тұрғаны естіледі. |