KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Оу, мынау Атамырза ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Е, Наполеон оның әкесі болды ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иван Владимирович айтып еді-ау, сірә.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Серік ылғи Атамырзаға жарамсақтанып жүруші еді, әкесі де сондай екен ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әне, Наполеон қойнынан алған шүберегін шешіп, Атамырзаға ақша беріп жатыр...».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ең жақсы атқа мініп отырғанымды Атамырза көрсін дегендей кенет Тұрар:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ей, Атамырза! – деп айқайлап жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ана жолы төбелесіп қалғаны есінен шығып кеткен сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атамырза естіп келсе, оны Қырғызбай атасының торы атына мінгізіп, екеуі қатар отырмақшы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өз ойы – оған мына базар Бородино демекші.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Анау ақ шапанды сенің әкең Наполеон демекші.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен Кутузов болайын, сен Багратион бол демекші.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ниеті дұрыс-ақ, өздерінше бір бала болып, бөлесіз, жанжалсыз ойын құрмақшы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалың нөпірдің басынан асыра тағы да:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ей, Атамырза! – деп айқайлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атамырза елең етіп жан-жағына қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлден соң барып, биік сары айғырдың жарқыраған күміс ерінің үстінен өзіне қол бұлғап тұрған Тұрарды көрді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкесін жеңінен тартқылап, Тұрарға қолын шошайтып бірдеңе-бірдеңе деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әкесі ренжіп қолын бір сілтеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мазамды алма деген болуы керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Наполеонның ойы қазір балада емес, мына далада.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Генералдары бірі келіп, бірі кетіп жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар Атамырзадан көз жазып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді бір сәтте оның шәйханадан еңгезердей бір кісіні ертіп шыққанын көзі шалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атамырзаға сары айғыр таныс болатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның иесін де білетін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иесі шәйханада қымыз ішіп, қызу әңгіме үстінде отыратынын да білетін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақа, сіздің айғырыңызды бір бала мініп, қашқалы тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұстап алып ұрыңыз, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атамырзаның опасыздығын сезген Тұрар аттан домалап түсе бергенде, әлгі еңгезердей кісі де таяп қалып еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар тұра қашса, қалың топтың ішіне кіріп үлгірер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ тұрды да қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі адамның кескін-келбеті, жүрісі өз әкесі Рысқұл сияқты екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әуелі жүрегі бүлк-бүлк ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аттың иесі мүлде жақындағанда оның нарттай қызыл бетін, алақандай шегір көзін көріп, әкесі емес екенін ұқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атамырза топтың арасына кіріп кетіп, баспалап қарап тұр еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аттың иесі Тұрарға бағжия қарап, құлқынан шап беріп ұстай алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кімнің баласысың? Айт шыныңды, атты ұрламақшы ма едің?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ,– деді Тұрар құлағы ауырып бара жатса да саспай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мен ұры емеспін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Онда танымайтын біреудің малында нең бар?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жәй, қызығып кеттім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қызыл Жебе сияқты екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Не дейді? Қызыл Жебең не?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сондай жүйрік ат болған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның қанаты бар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол есіме түсіп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құлағымды қоя беріңізші енді...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жөніңді айтшы, сен кімнің баласысың өзің?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қырғызбайдың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қай Қырғызбай? Әлгі делдал Шілмембет пе? Өтірік айтсаң өлесің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кәне, жүрші Қырғызбайға.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әй, оның баласы бар ма еді, ә?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрарды қолынан мықтап ұстап алып, жұртты кимелеп, атасы тұрған жерге алып келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ау, Қырғызбай, мойныңды бұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сатар көбейсін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мынау сенің балаң ба?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е-е, Ақкөз батыр, аман ба, ширағым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Е-е, мына Тұрар ма? Е-е, менің, менің...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбай қалбалақтап қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саудаласып тұрған өзбек пе, тәжік пе – әріптестерін тастай беріп, шетке ығыса берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөзді былай алып шығып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұл бірдеңе істеп... не болып қалды? – деп абдырай жаутаңдады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ештеңе де, тәйірі, дегбірің кетпей-ақ қойсын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әшейін, Қырғызбайдың баласымын деген соң, е Қырекеңде мұндай қасқыр бала бар ма еді деп қалғаным ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әй, ақымақ, бара бер, – деп Ақкөз Тұрардың қолын босатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақкөз батыр, мен саған шынымды айтайын, – деп атасы Ақкөзге сыбырлап жан-жағына қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұрлық қылған адамдай өзінен өзі қуыстанады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың ызасы келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үп-үлкен кісі де осындай үркектейді екен-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұл баяғы өзің білетін Рысқұлдың баласы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аузыңнан шығып кетіп жүрмесін, айналайын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбайып болып осындағы орыс мектебінде оқиды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мені іздеп келген ғой базарға.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бес-он тиын беріп қоятыным бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

А-а, а, Тұрар, мә, күнім, – деп Қырғызбай қалтасынан ақша сылдырлатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Алда, айналайын-ай, – деп Ақкөз өңі жылып сала берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айдауға кеткен Рысқұл жазғанның жалғызы осы де.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

О, шіркін, жалған-ай!..

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді Ақкөз Тұрарды бауырына басып, күректей қолымен баланың басынан сипады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдды өзінің әкесі сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала мына мейірден шала мас, бір көрген бөтеннің бауырына тығыла түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рысқұл қандай еді! О, шіркін, жалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол екеуміз біраз күн дәм-тұздас болғанбыз баяғыда.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына Айбар сидырмай, Алматы ауып кетті ғой сонда.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған да міне, отыз жылдай болып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бабам Әлімбек батырдан қалған көз еді, мені көзіндей көріп жүр деп маған тұла бойы тұлдыры – жалғыз күміс ерін сыйға тартып еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жаңа мына жаман соның үстінде жарбиып отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сірә, таныған-ау деймін әкесінің күміс ер-тоқымын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Таныдың бе-ей, шыныңды айтшы?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайдан танысын, – деді Қырғызбай да қуанып, енді екпін ала сөйлеп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ол кезде бұл ақымақ жоқ еді ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл Алматыда туған бала.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайда-а-а, беріде ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдай қойса, қазір он екіге шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал әкесінен хабар жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өгей шешесі Ізбайша Молдабектің қолында, Түлкібас жақта.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ахат дейтін ағасы бар еді ғой Рысқұлдың, сол туған жерге барып өлеміз деп көшіріп әкеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөзжан, кем-кетікке ықыласың түсіп жүретін ер жігіт едің, – деп Қырғызбай тағы да жалынышты үнге көшті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Аузыңнан шығып кетіп жүрмесін.
Көрсетілді: 11400 / 47388