Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сені менің сағынышым желеп-жебеп жүргей, Тұрар... Жарық дүниенің жүзінде көрісуге жазсын тағдыр екеумізді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкең – Рысқұл. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
I |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ташкенттен аттанғалы бері де екі күн болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бекет-бекетте ат ауыстырып, аз тыныстап, аялсыз салып ұрып жүріп отырғанның өзінде араға екі күн салып Әулие-Атаға әрең жетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Атшабардың астындағы Керуен сарай бекетінде ауыстырар ат жоқ болып шықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ташкенттен келе жатқан ротмистр бекетшіні жағасынан алып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тез тап аттарды! Мен генерал-губернатор Куропаткиннің төтенше тапсырмасымен Меркеге асығып бара жатқан ресми адаммын! – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бекетші о да құдайдың пендесі ғой, ә дегенде ротмистрдің қолын жағасынан жұлқып тастап-ақ еді, екі иығына екі кісі мінгендей бадырақ көз дембелше қазақ генерал-губернатордың есімін естіген соң желі шыққан торсықтай солып сала берді: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әлгінде ғана тың аттарды ояздың өкілі жегіп жүріп кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
О да Меркеге бара жатыр... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ояздың мекемесі қай жерде? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Кауфман көшесінде, мырза. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үлкен сары үй. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жүріңіз, мен ертіп апарайын, – деп елпеңдей қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қан сорпа болған аттарын Шақпақтан шыққан арбакеш атқорадағы ақырға апарып байлады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күймедегі жолаушылар жерге түсіп, аяқ-қолын жазды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ташкенттен мінген ғалым-этнограф саквояжын ашып, тамақ жеуге кірісті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар өзінің өзегі талғанын сонда барып шын сезгендей болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аш өзек үзіліп кетердей сазып тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Соны байқаған этнограф дәмге шақырып еді, Тұрарды намыс жібермеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Онсыз да жол-жөнекей тамағын осы ғалымнан асырап келді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қашанғы масыл бола береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Рақмет. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тамаққа тәбетім жоқ,– деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жоғарыдағы Атшабарға шығып қайтпақшы болып бір тұрды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Іс Түлкібастан, не Меркеде базарлап келген ағайын кездесіп қала ма деген дәме. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түлкібастықтардан бәлендей біреуді жыға тани қоймас, бірақ жөн-жосық сұрастырса, өзінің аты-жөнін айтса бұл тарапта мұның әкесін білетін қазақ-қырғыз табылар да ма еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал меркеліктердің бала-шағасына дейін біледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкесі Атшабарда кезінде талай болған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әттең, із қалмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әйтпесе түйе табан қисық етіктің ізі Рысқұлдың өмірінің жолындай бұралаңдап жатар еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Із қалмайды, сөз қалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Уақыт – қалбыр елек сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның көзінен ұсақ-түйек, майда-шүйденің бәрі түсіп кетеді де, ірілері ғана қалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ел аузында сөз сол ірілер туралы ғана сақталады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түлкібаста – Тұрардың әкесі туған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бабасы Жылқайдар жатқан шығар әне бір қырдың астында. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Періштенің түсіндей, пейіштің төріндей қайран Түлкібас! Саған, сірә, мына дидарыңа қарағанда жаманшылық жуымас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мынау заңғар алқаракөк аспан, анау асқар Тәңірідей таулар, айдаһардай шапшып аққан асау ақжал өзендер, қанық жасыл жапырақты әулие жаңтақ ағаштар, түпсіз аспан шырқауында қалықтап жүрген тәкаппар қырандар; төскейдегі шүйгінде семіздіктен мамырлап қалған шыжандай мал... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Иә, бұл жәннатта тек Адам-Ата мен Хауа-Ана тектес адамдар ғана тұрса керек еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ пейіштің өзінде де өтірік-өсек, қызғаныш пен қастандық, жауыздық пен қараулық бағзы заманда, адамзаттың бозала таңында бой көрсетсе, бүгінгі пенделерге не жорық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әйтпесе, Адам-Ата мен Хауа-Анадан туған Қабыл өзі інісі Абылды қызғаныш қырсығынан таспен ұрып өлтірер ме еді? Жауыздықтың төркіні пейіштің төрінен шыққан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Адам-Ата мен Хауа-Ана өмір сүрген жұмақ та дәл осы Түлкібастай-ақ болған шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұнда да Абылдар бар, мұнда да Қабылдар бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл жерді жайлаған елдің арғы бабасы Шілмембет деген кісі екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Содан тараған ұрпақтан батыр да туған, қатын да туған, дана да шыққан, шала да шыққан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Періште жүрген жерді шайтан аңдиды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Періштесіз жерде шайтан жұмыссыз қалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әйтпесе, жиырма үй Сәлік бұдан отыз жыл бұрын Түлкібасты тастап, ұлардай шулап, үдере көшер ме еді? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұлдың ағасы Бердіқұлдың қаны төгілер ме еді? Аспандағы Алатаудан құлап аққан мөлдір бұлақтар Дәу-Бабаның бауырына келгенде қызғылтым тартатын сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бердіқұлдың қаны емес пе екен? Әлдеқашан, бұдан отыз жыл бұрын төгілген қан әлі күнге дейін жуылып бітпесе, мөлдір бұлақ қызармасқа не шара! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дауылбай болыс ұрғызып өлтірткен Бердіқұлдың мүрдесіне жылда көктемде қаулап көк шығады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қорғансыз зиратқа кіріп кетіп мал жайылады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бердіқұл моласының үстіндегі шүйгін шөпті тілімен талмап, сиырлар қомағайлана жалмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Зәңгі-бабаның құныққанына қарағанда сол жетім төбешіктің шүйгіні шырын болар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шөп шырын сүтке айналар Бердіқұлдың сүйегінен нәр алған сүтті адамдар ішеді, Дауылбай да ішетін шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Содан бері отыз жыл өтіпті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тау да орнында, тас та орнында. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жиырма үй Сәлік-Сары жырақтап кеткені болмаса, ел де орнында. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қанды су ішіп, қайғысыз қара құлдай жүріп жатқан жайы бар көрінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Теңбіл-теңбіл қаракөк орман, ойдым-ойдым жасыл аралдар арасынан тоқал тамдар да, ақ шаңқан шалқақ ақ үйлер де кездесіп қалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ала-құла дүние. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Анау бай, мынау кедей деп пешенесіне жазып қойғандай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкесі Алматының түрмесінде отырып айтқан әңгіме бойынша шамалайды: мына қара қабылан таудың ар жағы – Иірсу, Келте, Масат, шығысын ала Ақсу-Жабағылы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұлар ұшып, арқар жүгірген, қыран қалықтап, аю мекендеген, жүз жылдық ағаштары ит мұрыны өтпес көр болып кеткен қара орман, аршалы тау. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Киік оты, құлан оты, көкемарал сияқты асыл шөптер өсетін қасиетті топырақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Күмісбастау қай тұста екен? – деп қойды Тұрар жол бойы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Дауылбай әлі бар ма екен? Сол Дауылбай болмаса жиырма түтін Сәлік-Сары жел аударған қаңбақтай жер жаннаты Түлкібастан ауып, Алатау бөктерін жебелеп, алысқа кетер ме еді?». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әділетсіз жеңіс – рухани жеңіліс. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұлды елден айырғанмен Дауылбай мұратына жете алды ма? Мәселе қайда? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түлкібастың үстінен өтіп бара жатып, Тұрар өз әкесінің жан дүниесін енді терең түсіне түскендей болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мынандай жұмақтан жырақтап кету үшін себеп оңай болмасқа керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жұмақ бар да, тамұқ бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жұмақта тек періштелер ғана тұрмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бір күні түрменің терезесінен қияқтай болып жаңа туған ай көрінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Көке, көке! Ананы қарашы! – деді саусағын шошайтып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұл баланың қолын қатып жіберді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жаңа туған айта саусақ шошайтпайды! – Қолыңа сүйел шығады, – деп еді сонда әкесінің үні жұмсарып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкесі де бала болған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Анау Дәу-Бабаның қырқасынан қылтиып жаңа туған ай көрінген шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бала Рысқұл: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әне, әне! Жаңа туған айға қараңдар? – деп саусағын шошайтқан болар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда әкесі Жылқайдар: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Шошайтпа саусағыңды! – деген-ау, сірә. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Содан соң: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ай көрдім – аман көрдім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке! – деп бата қылып, бетін сипаған шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар әкесінің бала көзін байқағандай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Не көп, ағаш көп екен: нау теректер, қаракөк қайсар емендер, жаңғақ пен жабайы алма... Анау еменді бұл топырақтан ешкім де ажырата алмас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тіпті алай-түлей Шақпақтың дауылы да мызғыта қоймас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкесі сонда ағаштан осал болды ма? Тамыры қопарылып, ебелектей ел кезіп кеткені қалай? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ Рысқұлдың жүрек қылының бір ұшы Түлкібаста жатқанын Тұрар біледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол нәзік те болса, болаттай берік қылды ешкім де үзе алмас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қандай алысқа кетсе де, тіпті Сібірге айдалғанда да ол қылды қияр құдірет табылған жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әкесінің туған жерге деген махаббат жалыны Тұрарды да жылытып, Түлкібасты еріксіз жақсы көріп кеткендей. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әттең Мерке болмаса, Меркеде күтіп тұрған істер болмаса, Тұрар сонда күймеден түсіп қалар еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәу-Баба, Күмісбастау, Шәңкібастау, Иірсуға барар еді. |