KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Міне, қызық! – деп пристав алақанын шапаттады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айбар мырза кеңк-кеңк күлгенде жуан қарны селкілдеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Апыр-ай, Тайтақай ғой! Байғұсқа «қой!» деп айтар ешкім табылмағаны ма? Елдің есі шығып кеткені қалай?» – деп Тұрар қысылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлдекім дәл өзін жалаңаштап жатқандай жаны алқымға келіп, шыдай алмай барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мүмкін, бұл бейшараның есі ауысты ма екен?! Мұның несі қызық, несі күлкі! Көпе-көрнеу қорлау ғой бұл адам баласын! Ана жылы ауылына барғанымда есі дұрыс еді ғой!!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл ойын дауыстап тұрып айтайын деп бір оқталды да, пристав пен Айбардың мәз болғанын, Бектеннің ешкінің құйрығындай шыжбыңдап тұрғанын, тергеуші мырзаның сазарып қалғанын аңғарып, біраз тосылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ойбай, мына масқарапаз кімнің қатыны?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, әлгі Маңырақ Тайлақтың Тайтақайы ғой, құдай ұрғыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көтек, дамбалын шеше бастады! Ойбу, сорлы-ай...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы бір у-шу, ию-қию дабыраны қоғадай жапырып, бір айқай саңқ ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тоқтат! – деді әлгі адам Тайтақайға ұмтыла беріп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өле қалғыр, Тайтақай! Бұл не сұмдығың сорлы, елге күлкі, өсекке таң болып?!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайтақай баж етіп оның бетінен алды:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Немене, намысың келе ме? Намысшыл болсаң, менің аш-жалаңаш отырған алты баламды асырап бер! А? Жалғыз атыңнан басқа түгің жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Маған неңді бересің, а? Жардай түйе жерде жатқан жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әбирімді бір ашып, бір түйе тапсам, түгім де кетпейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күлген ақымақ күле берсін!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайтақай басынан кір-кір орамалын алған жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған әбиірін ашқаннан гөрі, басын ашқан өлім сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайтақайға тоқтау айтып, топты жарып жалғыз шыққан азамат Ақкөз екенін Тұрар ә дегенде-ақ аңғарып, суға батып тұншығып бара жатқан жерінен қолы бір бұтаға ілінгендей қуанып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Айналайын ағатай-ай, шын батыр екенсің ғой, асқардай азамат екенсің ғой», – дей берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мына бүлікші кім тағы? – деп пристав кенет қаһарланып, қасындағы урядникке:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тез қайтар! – деп бұйырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қылышы салаңдаған қисық аяқ урядник Обров Ақкөзге жетіп барып, жағасынан ала түсіп, жұдырығын мұрнына тақап, көзі ақшаң-ақшаң етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайт, оңбаған!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шалғайын тістеген қанден ғұрлы көрмей, Ақкөз урядникті иығынан бүре ұстап шиіріп кеп жіберіп еді, приставтың алдына келіп тыраң ете құлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөз приставқа енді өзі бетпе-бет келді:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ей, ұлық! Тоқтат мына сұмдықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адам баласы саған маймыл емес күлкі қылатын! Бектен мырза, құс қондырып, келін түсірген тойыңды масқарапазға айналдырайын деп пе едің? Айбар құдаңнан мен ақыл күтпеймін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сенін есің бар емес пе еді?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл жақта жанжал жалындап жатқанда, Тайтақай түйенің шиелеп байланған бұйдасын тісімен шеше алмай жанталасып бақты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жерге бір аунап түскен урядник ұйпа-тұйпасы шығып, шашы қобырап, шіңкілдеп, наганын қынабынан суырып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тұтқында бұзықты! – деп бұйырды пристав.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір жақта жанжал, бір жақта жалаңаш әйелдің жанталасы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұрт бір өрттің тұтанғалы тұрғанын сезіп, үрпиіңкіресіп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Осының өзін жалаңаштап, арқасына дүре салыңдар, мына халықтың көзінше! – деді пристав көмекке келген екі урядникке.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үш урядниктің оқтаулы қаруларының ортасында қалған Ақкөз ызадан жарылып кете жаздады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұны оттың ортасында қалдырып, Тайтақай тілін алмай райдан қайтпай, тісімен бұйда жіпті шеше алмай құр сорлап ол тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тісімен шешіп алмаса, түйе жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұншама арсыздыққа адамның барғанына түйе екеш түйе шыдай алмай, бух! – деп пысқырып жібергенде Тайтақайдың үсті-басына түйенің аузынан көбікті жын шашырап кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үш урядникті Ақкөз үш жаққа итеріп тастап, бой бермей-ақ тұр еді, мас пристав өз наганын суырып алып, аспанға қарай тарс еткізді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұрт шу ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Байлаулы інген «бух!» – деп тапырақтап қаша жөнелді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәмбі тал иілсе де сынбап еді, түйенің жібі үзіліп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мылтық дауысы шыққан соң Ақкөз урядниктерді ары-бері лақтырғанын қойып, екі қолды солардың еркіне беріп, ендігі қаруы тіл мен жаққа басты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ей, ұлық, ол бейшара қатынның ауылының жерін тартып алғаның аз ба? Қаңғыртып, қу тақыр жардың басына көшіріп тастағаның аз ба? Ендігі істеген қорлығың мынау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол байғұстың мұқтаждығын пайдаланып, өлімнен ұят қызыққа батқың келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүйте берсең бір күні өзің жалаңаштанасың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оны ойладың ба? Дүние кезек деген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көп асқанға – бір тосқын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біліп қой сен де, Бектен! Сен де Айбар!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дүре салыңдар итке! – деп ақырды пристав.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Урядниктер Ақкөздің қолын артына қайырып байлап, желкесінен тұқырта басып шөкелетіп отырғызды да, көйлегін басына қарай сыпырып жіберіп, қамшымен осып-осып жібергенде ақ тәнге қызыл-қызыл жолақтар айқыш-айқұш түсе бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Халық күңіреніп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ойбай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

бұл Ақкөз ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арысымызды дүреге жыққызып қойып қарап тұрамыз ба?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– «Тек жүрсең – тоқ жүресің» деген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұлыққа ұрынып несі бар?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Оның тәніне тиген таяқ, біздің Ботбай, Қоралас тәніне түскен таңба!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы кезде әлгі Тайтақай сорлы аптығып алқын-жұлқын жүгіріп келіп, Ақкөздің қан-жоса болған арқасын алпамсадай денесімен бүркеп жата кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Урядниктер не істерге білмей аңтарылып қалып еді, пристав:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ол қаншықты да соғыңдар! Қарашы, дамбалын шешпей, шартты бұзып, бізді алдамақ болғанын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соғыңдар!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Андрей Павлович, ара түсіңізші, құдай үшін,– деді Тұрар көзінен жасы ыршып кетіп, шыдай алмай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сокольский мырза, тым алыс кеттіңіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тоқтатыңыз! – деді тергеуші сазарып тұрып.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Араласпаңыз, тергеуші мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл соттың ісі емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұзықтарды тәубасына келтіру менің ісім, – деп пристав айылын жимады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мырза, қателесесіз, қызмет бабыңыздың правосын асырып тұрсыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл қылмыс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал қылмыс атаулының бәрі соттың ісі, – деді тергеушінің жанындағы жас бала дауысы ызадан дірілдеп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мынау қайдан шыққан күшік? – деп пристав түксие қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кәне, кәне фамилияң кім? Мен сені көрген сияқтымын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Иә, иә, мына тергеуші мырзаның кеңсесінде істейсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Фамилиясы Қырғызбаев!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауыс шыққан жаққа Тұрар жалт қарап еді, Айбар әкесінің тасасына тығылыңқырап тұрған Атамырза екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мына күшікті мен сіздің кеңсеңізден енді көрмейтін болайын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өйтпейді екенсіз, уезд начальнигіне мәлімдеуге мәжбүр боламын, Семашко мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сокольский енді бұларды назарына ілмей, дүре соққан жаққа бұрылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Урядниктер Тайтақайды бір шетке сүйретіп тастап, Ақкөзді қайтадан қамшымен осқылап жатыр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арқасы қып-қызыл етке айнала бастапты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адамдар аяусыз таптаған жасыл көктің жапырағы қанға боялды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дәл көз алдында өз әкесін сойылға жығып жатқандай, Тұрардың жаны шыдамай, бір-ақ қарғып, урядниктің қолындағы қамшыға сілеусіндей қатып жармасып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл баяғы базарда теңіз шошқасына бал аштыратын пұшық урядник Обров еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құр едіреңдегені болмаса, ішкіш неменің қауқары шамалы екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Балаға шамасы келіңкіремей, сасқанынан приставқа «мынау қалай?» дегендей қолын жайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қамшы тыйылып қалғанда Ақкөз қан жуған басын көтеріп еді, Тұрарға көзі түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Таныған сияқты, ақырын ғана езу тартты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Апыр-ай, бұл елде де еркек кіндік бар екен-ау? Айналып кетейін-ай, бұғанасы бекімеген бала едің, саған кесірім тиіп кетпесін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шатаспай-ақ қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екі дүниеде де ризамын! Құдай тілеуіңді берсін, қарашығым!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ә дегенде абыржып қалған урядниктер Тұрарды желкеден бүріп ұстап, шеттетіп әкетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тимеңіз оған! Ол біздің жолдасымыз!– деп топ ішінен Қабылбек пен Тұралы суырылып шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қоя бер, әкеңді... өлеміз бе тегі! – деп қалыңның ішінен әлдекім ышқынды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Халықтың толқи бастағанын сезіп, Бектен болыс шыж-быж болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тергеуші Семашко приставқа:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Енді ойыннан өрт шығарайын демесеңіз, тоқтатыңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жабыңыз сахнаны.
Көрсетілді: 12000 / 47388