KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол болып жүрмесін?! Апыр-ай, сонда Иван Владимирович мұндай құпия жұмыстарды маған сенбей, Қабылбекке сеніп тапсырғаны ма? Бірақ менің істейтін жерім – мұндай астыртын жұмыстың орны емес қой».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар келесі куәлікті Қабылбек Сармолдаевтың атына нөмірі екінші деп толтырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұдан кейін «аттандамай» қалай шыдап тұрасың, құдай!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда Тұрар Махамбеттің өлеңін жатқа білгеніне мың тәубе айтып, сол өлеңмен таныстырған ташкенттік достарына, ұстаздарына мың алғыс бағыштады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көпірген көп сөзден гөрі, бір ауыз отты өлеңмен мына топтың қанын қыздырып, жігерін қайрап, бірден тіл табысқан тапқырлығына өзі де дән риза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді Тұрар бойын еркін билеп, ойын түзеп, біржолата құлшынып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Міне, ағайын! Ақын деген осы! – деді Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақынның сөзі найзадан да, оқтан да өткір.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жаңағы мен айтқан жыр Махамбет деген батыр ақындікі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол әрі жауынгер, әрі ақын болған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осыдан жетпіс-сексен жыл бұрын патша мен бай-сұлтандарға қарсы көтерілісті бастаған кісі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалай, халайық, араларыңда ақын бар ма деп сұрағаным енді түсінікті болды ма?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Түсінікті болды, Тұрар шырағым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына мен Сауытбек деген ақын ағаң боламын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ана жаныңда тұрған Ақкөздің Мырзабай деген баласы да ақын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Заман бейбітшілік, ел тоқшылықта екеуміздің ептеп айтысқа түсетініміз де бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді «көппен көрген ұлы той» деп қолға қару ұстап тұрысымыз мынау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саңқылдаған, бидай өңді, мосқал кісі атын тебініп алға шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рақмет, Сәуке! Жаңа біреу осы жиында «домбырамен соғыспайды» деп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол дұрыс па, Сәуке? Дұрыс болмаса, сіз қолыңыздағы найзаға қоса домбыраны да тастамаңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына халыққа кешегі Сыпатайдың ерлігін жырлаңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзіңіздің Ақбөпеден қалай айырылғаныңызды айтыңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Не себепті айырылдыңыз? «Мал бергені барады алып кетіп, кедейшілік қолымды кесіп отыр», – демеп пе едіңіз? Мына халықтың көтерілісін толғаңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көтеріліс тек Меркеде ғана емес, сонау өзбек, түрікмен елінде де, мына қырғызда да, анау Алматыда да, сонау Сарыарқа, Торғай даласында да қаулап келе жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауыл тұрды, халайық! Бұл күллі қоқысты, ызғарды алып кететін алтынкүрек дауылы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз мына жақта Жетісу көтерілісімен, мына қырғыздағы Қарақол, Тоқпақ, Сусамыр көтерілісшілерімен, тіпті сонау Торғай сарбаздарымен ұштасып, солармен ұрандасып бір мезгілде қимылдауымыз керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әр жерде шашырап жүрсек, патша бізді оп-оңай соғып алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бес саусақ жеке-жеке тұрғанда әлсіз, ал бесеуі бірдей жұмылғанда – жұдырық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жалғыз Мерке көтерілгенмен біз қанша ер болсақ та жеңіске жету қиын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мерке ғана емес, ана Қордай, мына Шу, ар жағы Әулие-Ата, Сырдария, Ырғыз...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, шырағым! – деп үлектей өңкиген біреу қабағынан күн шілдеде қар жауып, жаяулап алға шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айтып тұрғаныңның бәрі алтын сөз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тым сылдыратып жібердің сол алтыныңды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына маған анау Сырдарияңның, сонау Ырғыз бен Торғайыңның қанша қажеті бар? Маған Күзменке керек, білдің бе? Күзменке! Яғни Жылы-Бұлақ керек! Білдің бе! Ол менің ата-бабамның қонысы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің кіндігімнің қаны тамған жер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әне, сол жерді, сол Жылы-Бұлақты пристав бастап, Бектен болыс қостап Кузьмин деген орыс байына, соның сыбайластарына сатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал бізді Бектеннің таз басындай қылпықсыз тастақ қырқаға айдап тастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Не жаздық? Бізді құдай жаратпап па? Неге жерімізден, анамыздың емшегінен айырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жылы-Бұлақтың суы анамыздың сүтіндей емес пе еді? Әне, шырақ, шапсақ біз сол Күзменкені шабамыз да жерімізді қайтарып аламыз, білдің бе?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ағатай, атыңыз кім? – деді Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Осы сіз Тайлақ емессіз бе?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, мен Тайлақпын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына тұрғандардың бәрі біледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы келісте мен ана Пахом деген орыс досыммен бірге Кузьмин байдың малын айдап келдім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мен сізді таныдым, ағатай, ана жылы үйіңізде болғанмын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қырғызбай атамның малын алып қайтқанмын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ой, сондағы бала сенсің бе?! Қайтарып бер Кузминкені ендеше!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кузьминнің малын айдап кеткеніңіз бекер болған, Тайлақ ата.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді Кузьмин қарап отырады деп ойлайсыз ба? Енді ол сіздің ауылдағы малды сыпырып алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мал тапса – алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үрерге иті, сығарға биті жоқ ауылдан несін алады?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұлардың сөзін естігендер қарқылдап күліп жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайлақ жан-жағына алара қарап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Несіне күлесіңдер! – деп гүр етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ей, Ақкөз! – деді ол енді төбе басында тұрған сардарға қарап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мен саған мына әскерлеріңе азық болар деп Күзміннің малын айдап келдім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ана Пахом орыс екен деп жатырқама.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

О да мен сияқты жалшы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал мен арызымды айттым: Жылы-Бұлақты бізге қайтарып бер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мынандай қолмен Күзмінкені ғана емес, жердің жүзін жаулап алуға болады ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күзмінге алдымен өзім шабамын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақа, рұқсат етсеңіз, жауабын мен берейін, – деп қалды Тұрар қол көтеріп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айта ғой, Тұрар, айт, қуатым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айтсам, былай ағайын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әуелгі мақсат: патшаға адам бермеу.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Барлығыңды осы жерге жетелеп келген – сол мақсат.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түркістан мен Қазақстан даласында көтерілген мың-мың қолдың діттегені осы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал бұл қарсылыққа патша қол қусырып отыра береді деп ойлайсыз ба? Жоқ, ағайын, патша әсте қарап қалмас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Генерал-губернатор Түркістан өлкесін соғыс жағдайында деп жариялады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл не деген сөз? Бұл – бүгін болмаса, ертең жер-жерге әскер шығады деген сөз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеше Ташкенттен сол генерал-губернатордың көмекшісі Приходько деген келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүгінгі базарда болғандар көрді оны.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол енді Меркеге әскер шақыртады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оны жазалаушы отряд дейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Міне, сол әскерге төтеп беру үшін бізге қол жию керек, қолды мол жию керек және қарулану керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Зеңбірекке қарсы бақан алып шабу – көпе-көрнеу басты оққа байлап, тектен-текке қырылу деген сөз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бізге мылтық керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шама жетсе, зеңбірек керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әне, әлгінде мен араларыңызда ұста бар ма деп сұрағанымның сыры сол.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйтіп, біз патшаға адам бермейміз, әрі патшаны ішінен әлсіретеміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Майданға жіберетін әскер-күшін көтерілісшілерге бөлуге мәжбүр болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал біз болсақ, Кузьминка сияқты бейбіт орыс селенін емес, Мерке сияқты әкімшілік ордасын басып алуымыз керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біздің жауымыз әсте орыс кедейі емес, біздің жауымыз – пристав және оның урядниктері, жергілікті патша әкімшілігі, өзіміздің байлар мен болыстар, патша әскері.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз бүгін Кузьминканы орыстардан тартып алсақ, ертең патша әскерлері қазақ-қырғыз отырған жердің бәрін тартып алып, еліңнің күлін суырып, шаңын аспанға ұшырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз бүгін Кузьминканы жауласақ, ертең бүкіл орыс шаруасының, орыс кедейлерінің сенімінен айырылып, оларды да өзімізге қарсы қойып аламыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал егер біз орыстың ұлықтарына және қазақтың байларына қарсы күш жұмсасақ, онда ана Пахом сияқты кедейлер біздің жағымызда болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осыны түсін, ағайын!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аттылы қамалдың алдында жаяу тұрған жалғыз Тайлақтың жұдырығы түйіліп, шықшыты бұлтылдап кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түнеріп тұрып, тағы да гүр-гүр етті:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сонда қалай, «таспен жапалақты ұрсаң да жапалақ өледі, жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ өледі» болды ғой? Жылы-Бұлақтан айырылған аз ел Маңырақ аңырап қала бер дейсің ғой?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

III

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қанқұйлы соғыстар тарихта бұрыннан бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жендет атаулы да бұл дүниеге жаңалық емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жаугершілік шапқынында тұтас қалалар, тайпалар, ауыл-қыстақтар, жермен-жексен болып, тып-типыл кеткенін кәрі тарих ежелден біледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Маңырақ сойқаны дегенді... Мың-мың жылдық тарихта жердің бет-жүзі топалаң төбелестен талай-талай көкала қойдай дәл-дәлесі шыққан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір жарасы жазылып болмай жатып, екінші жарақат пайда болып, шекесі ісіп шыға келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сондықтан шығар, әйтеуір Маңырақ сойқаны тарихтың назарынан таса қалған да, еш жерде жазылмаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ Маңырақта шыжғырылған жас бала етінің иісі мұрнынан кетпеген куәлер мұндағыға дейін тірі жүрді, ал енді бірен-саран сексеннен асып селкілдеген көне қариялар – сол бір сойқанның бүгін-ертең ғайып болар тірі куәлері ғана.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл өзі басында күштілер мен қорқаулардың қаһарына ұшыраған сорлы ауыл еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бәле бәлені шақыра келді де, ақыр тауыс-тамам болып аяқталды.
Көрсетілді: 12700 / 47388