KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл жолғы бәлені Василий Кузьмин бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Малы өрістен уақытында қайтпаған кулак дереу атқа мініп, ары-бері іздеу салып еді, жаман хабар жатқан ба, жоғалғаны қолды болып шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жоқ іздеген кулакқа хабаршылар: «Малың бір тұяқ шашауы жоқ, түп-түгел көтерілісшілердің қолында.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Және оны ешкім зорлап алған жоқ, малшыларың шашпай-төкпей өз еркімен, өз қолдарымен апарып тапсырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек мұсылмандар доңыз етін жемейтін болғандықтан, шошқаларың Мықан қамысында қалып, жабайыға айналатын түрі бар», – десті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьмин ызаға шыдай алмай өз шашын өзі жерден бір уыс көде жұлғандай жұлып алып, шешесінен мықтап тұрып бір боқтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кімнің шешесі екені құдайға ғана аян.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ шаш жұлып, шеше боқтаумен іс тынбайтынын әбден білетін әккі, бір сәт те аялдамай Меркеге шапты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пристав Сокольский мырзаның үстіне рұқсатсыз кіріп келіп, сәлем сөзді тағы да шешеден бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– ... Отырысың оңды, пристав! Ал халқыңның күні қалай? Ақырзаман! Бүлікшілер бізді тапа-тал түсте тонап жатыр! Біздің патша сеніп қойған әкімдердің есінеп отырысы мынау? Бүлікшілер мың-мың қол жинап, бәріміздің тамырымызға балта шаппақшы, ал біздің сенген қожаларымыздың ұйқыдан көзі ашылмайды! Мать твою...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сокольский мырза өз дәрежесін бағалай білетін, беделіне қылау түскенін қаламайтын, бағыныштылардан жан баласын бетіне қаратпайтын айтулы алпауыт болатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ мына тосын тоқпақтан есеңгіреп қалғандай, орнынан атып тұрып, екі қолын ербеңдетіп көзі ежірейіп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Құдай үшін, христос үшін, не болып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Василий Терентьевич, айтып өлтірсеңші! – деп қалбалақтап қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кімге кекірейіп, кімге еңкеюді пристав білмейді емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Василий Кузьмин – Мерке участогіндегі ең беделді атамандардың бірі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Керек десең, Мерке атырабындағы ірі селолардың бірі соның атымен аталады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал өзі пристав бола тұра мұның атында Сокольское дейтін село жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьминдермен санаспауға болмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьминканың атаманы жай-жапсарды айтып болды да:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Саған айтарым, пристав мырза, өз күшіңмен бізді бұл тағы түземдерден қорғай алмайды екенсің, ендеше маған қару-жарақ алдырып бер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүкіл селоның еркек кіндігін қаруландырып, ол қарақшылардың сазайын өзім-ақтарттырамын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қару бер! – деп үзілді-кесілді талап қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұндай патриоттық жалыныңа ризамын, – деп мырс етті пристав.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бірақ, Василий Терентьевич, село халқын қаруландырып керегі жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Онан соң орыстар мен киргиздардың қырғыны туып кетеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Істің мұндай ушыққаны бізге тиімсіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Халықты қырып аламыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сонда қалай, олар оң шекемізден ұрса, сол шекемізді тосып отыра береміз бе?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ, қымбатты атаман, сәл шыдасақ бүгін-ертең жазалаушы отряд келіп жетеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Генерал-губернатор Куропаткиннен әскер сұрап, ротмистр Приходько екеуміз қол қойып телеграмма соққанбыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр қазір Пішпекте.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сондағы гарнизоннан екі жүз солдат, пулемет, зеңбірек алып шығады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рас, Пішпекте де жағдай мәз емес көрінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қаракиргиздар да көтеріліп жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тоқпақта үлкен ұрыс жүріп жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әскер оған да керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек Ташкенттен Әулие-Ата арқылы келе жатқан күшке сеніп отырмыз, көгершінім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал әлгі сенің киргиз-батырағың қай ауылдан еді, соны айтшы? – деп пристав атаман Кузьминнің аптығын әрең басты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жалшы Тайлақ Маңырақ ауылынан екенін білген соң, пристав Бектен болысқа шабарман жіберіп, – тез жетсін! – деп бұйырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маңырақ – Аспара болысына қарайтын болғандықтан енді Бектеннің өзі керек еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Приставқа бұрын онша ыға қоймайтын Бектен бұл күнде бүгежектеу.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Заман бұрынғыдай емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түркістан өлкесі соғыс жағдайында деп жарияланды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пристав әкіреңдесе – қақысы бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аспара болысынан бес жүз адам майдан даласына жөнелтілуі тиіс еді, ол әлі орындалған жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Солдатқа деп тізілген жігіттерінің көбі Ақкөздің қарамағына қашып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл бір.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екінші бір күмілжитін жері – солдатқа алдырмайын деп, әркім-әркімнен, әрине ауқатты адамдардан пара алғаны да бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Приставтың үлесін Бектен әлі бере қоймап еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір жағы содан сескенді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осындай қобалжыған ойлармен келіп жеткен Бектен болысты пристав мүлде басқа жағынан бопсалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тайлақ деген кім? Ата-тегі не?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ата-тегі, руы – маңырақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұрынғы қонысы – қазіргі Кузьминка.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маңырақтың жерін переселендерге алып бер деген өзіңіз болатынсыз, мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан Маңырақ басқа жерге қоныс аударылған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Тайлақ дейтіні Маңырақтағы үй-жайын тастап, ата-бабасының қонысындағы мына Кузьмин мырзаға жалшы болып кеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің білетінім осы, пристав мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бектен болыс қайдағы бір қаңғыбас Тайлаққа бола шақыртып, сұраққа алғанына шамданған сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сенің сол Тайлағың менің бүкіл малымды қарақшылардың қолына апарып берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сен управительсің, қайтарып бер малымды! –деп Кузьмин желке шашын күдірейтіп, көзін ежірейтті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, тамыр, сол қарақшылар менің жылқымды да айдап әкетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қолдарыңнан келсе, көмекті маған көрсетіңдер, – деп Бектен жыларман бола қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тізімге іліккен жалшы, жылқышы жігіттер болыстың бірер үйір жылқысын айдап ала кеткені рас еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көрдің бе, Василий Терентьевич, – деп пристав мұртын ширатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұл бүлікте зардап шеккен тек сен ғана емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Абайлаңдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шауып кетіп жүрмесін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сақтықта қорлық жоқ, мына берданды ала жүріңдер, – деп мылтықты Пахомға ұсына берген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ енді ол мылтық ата алмайтыны есіне түсіп, Тайлаққа ұсынды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Берерін берсе де: «Осы киргиз өз қанына тартып кетіп жүрмей ме?» – деп те шүбәланды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Пахом, байқа! – деп шолақ жалшыға көбірек сенім артып, Тайлаққа абай бол дегендей сыңай танытты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьминнің желіні жер сызған сиырлары, қой-ешкісі аралас – маңырап-мөңіреп өріске бет алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шошқаларын қорсылдатып артын ала Пахом шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түстіктен тау мұнартқан, терістіктен кеңістік керілген бейбіт таң.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Топалаң туар деп қауіптенер нышан жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бақташы мен шошқашы Мықанды жағалай, ел сыртына шыққан соң, малдың алдын орап, көгалды қойнауға иіріп тастамақ еді, Пахом:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айдай түс, – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қожайын ұрсады, алысқа ұзамаңдар деген, – деп Тайлақ ырық бермеп еді, Пахом көнбеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айда, сорлы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ары бармайық, Ақкөздің қолына түсеміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қолыңда мылтығың бар, неменеге қорқасың? – деді шолақ Пахом ызғарлы мысқылмен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өмірі мылтық атып көрген емеспін, маған бұ да бір, таяқ та бір, әйтеуір сес демесең, – деп Тайлақ иығындағы берданды қолына алып, о жер, бұ жерін шұқылап көрді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ата білмесең, шұқылай берме, түсірме иығыңнан, – Пахом зілдене сөйледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қараптан-қарап келе жатып, күндегіден мінезі өзгерді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пахом 1915 жылдың суық күзінде Галиция жерінде жараланды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қаһармандығы көп, қаруы жоқ Ресей армиясының көпшілігі осы он бесінші жылы қатты қырғынға ұшырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Август айында бес жүз сексен бес мың адам, қыркүйекте – төрт жүз он сегіз мың адам, ал Пахом жараланған қазанда – үш жүз алпыс алты мың адам қатардан шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бүкіл Ресей бойынша бұл соғыста он бес миллион еркек кіндік армияға алынса, соның жартысынан көбі үйлеріне қайтпай қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Халықтың қаймағындай кілең қыршын боздақтар босқа құрбан болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына Пахом соны көріп қайтқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мерке тарапында соғыстың қыр-сырын қатпаршағына дейін бір білетін адам осы Пахом.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді сол соғысқа қазақтарды да айдамақшы екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пахом соның үстінен түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Патшаның айтқанына көніп, айдауында жүре беретін момын қазақ бұл жолы өзгеше мінез танытып, атырылып атқа қоныпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басы бірігіп, кәдімгідей елдігін танытып, қаһарланып алыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойтал дейтін жерге Ақкөз дейтін көсемі ат қылынан ту тігіп, жасақ жинай бастапты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал бірақ оның ішінде Тайлақ жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тайлақ мұның қасында.
Көрсетілді: 12800 / 47388